Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 1 семестр



бет24/34
Дата14.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#135942
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34

Оқулықтар

13. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15. Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16. Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17. Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18. Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993

7 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Қозы Көрпеш – Баян сұлу жыры.
Жоспары :


  1. Лиро-эпос жыры туралы.

  2. Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырының идеялық мазмұны.

  3. Жырдағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлер.

  4. Жырдың көркемдік құрылысы.

Лиро-эпос жырларының ішінде тақырыбы, оқиғасы, құрылысы жағынан айырықша орын алатыны және халық арасына көп тарағаны-Қозы Көрпеш пен Баян сұлу жайындағы жыр. Бұл жыр бір-біріне ғашық болған екі жастың өмірін ғана баяндаған дастан емес. Ол, сонымен қатар , қоғамдық мәні бар әңгімелерді қамтыған , халықтың өткендегі тұрмыс – салтын суреттеген жыр.

“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жыры тек қазақ арасында туып, қазақ еліне ғана тараған жыр емес. Ол ерте кезде бір – бірімен қарым – қатынас жасаған, көшіп – қонып көршілес болған , тұрмыс- салты , тіршілігі ұқсас қазақ, башқұрт, барабан татарлары, ұйғыр, алтай елдерінде айтылып жүрген жыр. Аталған халықтардың қайсысы болса да бұл жырды өзінің төл шығармасы деп таниды.

Соңғы кезде “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жыры жайында біраз еңбектер жазылады. М. Әуезов, Х. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев сияқты ғалымдар бұл жырды арнайы зерттеп, бұл жырдың қазақта он алты варианты барлығын анықтады. Және де олар жырдың қазақтағы варианттарын башқұрт, ұйғыр, барабан татарлар арасында, алтай елдерінде айтылатын әңгімелерімен салыстыра зерттеді, қандай ұқсастықтары, айырмашылықтары барлығын көрсетеді .

Қазақ арасында айтылып, ауызша тараған “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырының он алты варианты бар дедік. Оларды зерттеген ғалымдардың мәліменіттеріне қарағанда, бұл жыр ел арасына өткен ғасырдың бас кезінде- ақ жинала бастаған. Бұл ретте игілікті жұмыстар жүргізген орыс ғалымдары болған. Мәселен, шығыс әдебиеті мен араб тілін зерттеуші орыс ғалымы Саблуков жырдың бір варианты 1830 жылы бұрынғы Семей губерниясына қарасты Көкпектілікт бір жыраудың жазып алған.

Өткен ғасырдың өзінде-ақ “Қозы көрпеш – Баян сұлу” жырына талай ғалымдар көңіл аударып, бірсыпыра пікірлер айтқан болатын. Олар жырдың өзін ғана сөз қылып қана қоймай, сонымен қатар Қозы Көрпеш пен Баянның моласы дейтін моланы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген еді. Мәселен, Г. Н. Потанин бұл жырды аса жоғары бағалап, дүние жүзілік эпостық шығармалардың қатарына қояды. “Бұл жыр-дүние жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма”, - дей отырып, Потанин оны Ромео мен Джульеттаға теңейді. Өз тұсында Шоқан да “Қозы Көрпеш” жырын сүйсіне тыңдап, Жанақтан жазып алғаны мәлім. “Алтын айдар Қозы Көрпеш пен сұлу Баянның сүйіспеншілігі туралы шығарылған ақындық аңыз”-деп бағалайды ол.

Академиек Радлов пен профессор Березин “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының ертеден келе жатқан әдебиеттік мұра екендігін атап көрсетеді. И. Безверхов деген кісі “Қазақтың өлеңшілері мен ақындары” туралы жазған мақаласында “Қозы Көрпеш” жырын жоғары бағалап, қазақ халқының ерте заманда туғызған ақындық шығармасы екендігін айтады да, бұл жырды Арыстан ақынның қалай жырлағанын жазады. Түрік халықтарының ертедегі өлең құрылысын зерттеген ғалым Ф. Корш “Қозы Көрпеш” жырына айырықша тоқтап, оның көркемдігін сөз етеді. Бұл шын мәніндегі халық жыры дейді.

“Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жыры жайында пікір айтқан ғалымдардың екінші тобы Қозы мен Баянның моласы дейтін моланы зерттеген. Орыс ғалымдары Н. Абрамов, Н. Пантусов, И. Кастанпье т. б. өткен ғасырдың аяқ кезінде бұл моланы зерттей келіп, оны ерте заманның архитектуралық өнерін көрсететін белгі деп қарайды.

Жанақтың өмірбаяныын, ақындық қызметін баяндайтын деректер өте аз. Шоқанның айтуына қарағанда, Жанақ ірі ақын және асқан қобызшы болған. Оның өлең, жырларын тыңдаған Шоқан: “Жанақ нағыз ақын, жыршы еді”,--дейді. Біржанмен айтысқа түскен Сара да осыны айтады, Жанақтың әрі қобызшы, әрі атақты алғыр ақын екендігін еске түсіреді.

Жанақ ақындар айтысы арқылы ақындық атқа ие болған, ол өз кезінде көптеген ақындармен айтысқа түсіп, талайды сөзбен буған ақын. Оның бір-екі айтысын Сәкен Сейфуллин “Қазақтың ескі әдебиет кұсқалары” (19123 ж.) деген кітабына енгізген. Соның бірі Жанақтың Түбек ақынмен айтысы. Есмағамбет Исмайыловтың мәліметтеріне қарағанда, Түбек “XVIII ғасырдың ақыры мен XIX ғасырдың басында жасаған”.

Жанақ өз кезінде Жетісу, Семей жақтарын көп аралаған, сол маңдағы ақындармен айтысқа түскен және үлкен жырлар айтып жүрген. Бірақ оның “Қозы Көрпеш – Баян сұлудан” басқа да қандай жырлар айтқанын мәлімдеу қиын. Өйткені басқа жырлары сақталмаған секілді.

Жанақтың айтуындағы “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын ел арасынан жинап, 1936 жылы бастырған Мұхтар Әуезов болды. Мұхтардың айтуына қарағанда, Жанаұ бұл жырын Сыбанның төресі Солтабай дегннің үйінде жатып айтыпты деген сөз бар дейді. Содан оны басқа ақын жыршылар үйреніп алып, елге таратыпты, кейінгі айтушы ақындар Жанақ нұсқасына біраз өзгерістер де енгізді. Қозы мен баянды арман-мүддесіне жеткізіп, өлтірмей тірі қалдырады. Мұнысы Жанақ жырына қосылған жамау сияқты дейті Мұхтар.

Жырдың Жанақ айтты дейтін варианты Жанақтың өз аузынан емес, Бейсенбай деген жыршының айтуынан жазып алынған. Жанақтан Шоқан жазып вариант әлі күнге табылған емес. Сондықтан, жырдың жанақ вариантына бергі ақындар қандай өзгерістер қосқанын анықтау қиын. Бірақ та бұл жөнінде Мұхтар Әуезов аса орынды пікір айтады: Ел арасына тараған Жанақ жырының бір түрінде өлетін Көсемсары емес, Қозы Көрпештің өзі, онда жыр аяғы қайғылы халмен бітетін еді, ал жырдың қуанышпен аяқталуы Бейсенбай ақынның қоспасы, өзгертуі болып табылады,-дейді. Біздіңше, бұл дұрыс пікір. Өйткені жыр оқиғасының дамуына қарасақ, Қозының өлмей тірі қалуы мүмкін емес. Демек, бергі айтушы ақындер Жанақ вариантын өңдеп өзгерткен.

Жанақ жырлаған “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” негізінде халықтық жыр. Сюжет құрылысы, оқиғаны дамытуы жағынан болсын, көркемдік-шеберлігі, образ жасау жағынан болсын, бұл-күрделі шығарма. Мұнда да жырдың басты тақырыбы-ескі әдет-ғұрып, тұрмыс-салттан алынады. Ескі рушылдық, феодалдық қоғамда туып белгілі праволық нормаға, дәстүрге айналған, заң болып қалыптасқан салтты, яғни жастарды үйлендіру салтын, жырдың басты тақырыбы етеді. Жырдың қайсысы болса да бұл салтқа қарсылық білдіріп шенемейді, қайта оны бұзбай сақтау жағына көңіл бөледі. Жанақ жырында да осы мотив басты орын алады. Қарабай мен Сарыбай төс түйісіп құда болысып, тумаған балаларын атастырып қояды. Мұны Жанақ табиғи нәрсе, халықтың салты осы деп түсінеді. Сол түсінігін жырына қосады. Қозы мен баян арасындағы махаббат, сүйіспеншілікті де жыр осы салтқа байланысчтырады. Жастардың қайсысы болса да бұл салтты бұзбай, оны құптауға тиісті екедігін ескертеді және мұны орындаған жастар кіршігі жоқ таза махаббатқа ие болады, ынтымағы жарасады деген түйін шығарады....

Қорыта келгенде, жауыздық пен әділет дүниесінің тартысын суреттеген, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” қазақ халқының ертеден келе жатқан көркем шығармасы болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :




    1. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

    2. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

    3. Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

    4. Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

    5. Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967

    6. Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

    7. Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

    8. Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

    9. Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

    10. Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

    11. Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет