Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 1 семестр



бет26/34
Дата14.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#135942
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34

Оқулықтар





    1. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

    2. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

    3. Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша





    1. Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

    2. Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

    3. Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993




    1. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985

    2. Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – А., 1976

    3. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – А., 1985

    4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркологія. – А.,1987

    5. Қазақ фольклористикасының тарихы. – А.,1988

    6. Седеханов К. қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы-А.,1974

    7. Төреқұлов Н. Қазақ совет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері-А.,., 1979

    8. Қоңыратбаев Ә. Қазақтың “Қозы Көрпеш” жыры туралы. –А., 1959

Бердібаев Р. Қазақ эпосы.-А.,1982
9 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Айман – Шолпан жыры.
Жоспары :
1. Айман – Шолпан жырының шығуы.

2.Жырдағы мәселе.

3.Жырдағы кейіпкерлер.

4.Поэманың кейбір ерекшеліктері.


Қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туған жырдың бірі – “Айман – Шолпан”. Жырдың ел арасынан жазып алынған нұсқасы, 1896 жылы Қазан қаласында басылып шықты. Бірақ оны жырлағанның ақынның аты-жөні күні бүгінге дейін мәлім емес. Жырдың қысқаша мазмұны 1901 жылы “Торғай газетінде” (№ 17) басылды. Ал 1902 жылы “Торғай облыстық ведомосы” (№ 62) жырды қазақ тілінде жариялады. Бұлардың бәрі 1896 жылғы басылғанын қайталайды. Бұл жыр 1939 жылы Хажым Жұмалиев құрастырған “Халық поэмалары” деген жинаққа енді. Жазушы М. Әуезов жырда айтылатын әңгімелерді негізгі ала отырып, “Айман, Шолпан” атты пьеса (1934 ж) жазды, ол алғашқы кезде қазақтың Абай атындағы опера театрында қойылды, кейіннен облыстық театрлардың репертуарынан орын алды.

“Айман, Шолпан” жырының оқиғасы реалистік өмірден алынған. Жырдың басты кейіпкерлері – Көтібар мен Арыстан – тарихта болған адамдар. Тарихи деректердің айтуынша, Көтібар Берсеннен, Арыстан Тінәліден туған. Берсен мен Тінәлі бір кісінің баласы. Бұлардың руы – Шекті, оның ішінде Тілеуқабақ, мекені-қазіргі Ақтөбе облысының Шалқар ауданы. Көтібар мен Арыстан өткен ғасырдың ортасын дейін өмір сүрген. Т. Шойғарин: “Көтібар Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының он бірінші аулында туған, ұрпақтары осы күнде де бар”,-десе, Тыным Бірманов: “Ақтөбе облысының Ключевой ауданында Көтібардың моласы бар. Көтібарды бай-сұлтандар, хан тұқымдары Жанқасқа дегенге ақша беріп өлтіртеді. Оның сүйегін Арыстан мен Есет сауын айтып, әзер тауып алады”,-деп жазады. Ал жырдағы Айман, Шолпан, Әлібектер жайында тарихи мәліметтер жоқ.

Х. Жұмалиев “Айман, Шолпан” жырының оқиғасы Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісінен кейін туған,-дейді. Ал филология ғылымдарының кандидаты Ә. Қоңыратбаев “Қазақ әдебиетінің тарихына” (I том, 1948 ж.., 207-бет) жазған еңбегінде бұл жырдың XIX ғасырдың орта шенінде туғандығын айтады. М. Ақынжановтың айтуына қарағанда, бұл жыр өткен ғасырдың екінші жартысының бас шенінде. Яғни Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталған кезде, туған. Бұлардың қайсысы болса да жырдың нақтылы шыққан мезгілін дәлдеп айтпағанымен де, оқиғасы шындық өмірден алынғандығын анықтайды.

“Айман, Шолпан” жырына талдау берместен бұрын, оның мазмұнымен қысқаша таныса кетелік. Онда былай делінеді: Кіші жүз ішініде шөмекейдің өлген бір кісісіне үлкен ас беріледі. Оған таманың бай адамы Маман келеді, ол сән-салтанатымен, өңшең нарға артқан тоғыз саба қымызымен келеді. Шөмекейліктер Маман байды құрметпен қарсы алып, алтындаған ақ үйге кіргізеді. Бұл асқа қант-шай алып және тоғыз нарға тоқаш артып шектінің батыры Көтібар да келеді. Оның жадағай үйге көңілі толмайды да, Маман бай отырған үйді бер шіренеді. Шөмекейліктер сасады да, Көтібарға жауапты өзің бер деп Маман байға барады. Маман бай Көтібардың кедейлігін және өзінің байлығын айтады. Осыдан кейін бай мен батыр ерегіседі, Көтібар күш көрсетеді: “Еліңді шауып аламын”,-дейді. Көтібар өзінің інісі Арыстанның: “Арындама”,-деген ақылына құлақ аспайды.

Аста ат шабысы болады. Бәйгеден Көтібардың күрең аты озып келеді. Бұған масаттанған Көтібар, Маманға алғашқы айтқан сөзін қайталайды да: “Еліңді шауып алам”,-деп аттанып кетеді. Айтқанындай-ақ, Көтібар жеті жүз жігіт алып Үрпекбас деген жерде отырған Маманды шауып алады. Маманның Айман, Шолпан атты екі қызын жайдақ нарға мінгізіп әкетеді. Жолшыбай Айман өзіне Көтібардан бір жорға сұрап алады да, оны Шолпанға береді. Екінші тұлпарды Арыстаннан алады. Айман Көтібардың жігіттерінен: “Шолпан екеуміздің бірімізді елге қайырыңыздар”, деп өтінеді. Бұған Көтібар үндемейді, Арыстан келісім береді, Шолпанды еліне қайырады.Оны Арыстан бастаған жігіттер еліне шығарып салады. Және де Айман еліне қайтып бара жатқан Шолпан иарқылы өзінің атастырған күйеуі Әлібекке сәлем жолдайды. “Алпыс күннен қалмай, келіп жетсін”,-дейді.

Көтібар еліне келеді. Оның Теңге деген тоқалы бар екен. Оны жігіттер әзіл араластырып ашуландырып: “Сені Айманның көрімдігіне береміз”,-дейді. Бұған намыстанған Теңге Айманмен қақтығысады және Айманның алдынан ешбір адамды шығармаймын деп үйіне қайтады. Айтқандай–ақ Айманда қарсы алған адам болмайды, сонан соң ол Арыстанның аулына барып түседі. Айман Көтібардың ұлы Есетпен танысып, оны бауырына тартады, балаға жақсы киім-кешек тігіп береді. Ол Есетке ақыл үйретеді: “Әкеңе бар, киімдеріңе байғазы сұра, Алпыс күнге дейін Айманға үйленбе, берер байғазың осы болсын де”,-дейді. Есеттің тілегін Көтібар орындамайды, сонда бұған Арыстан араласып, баланың тілегін қабылдаттырады. Айман Есеттен Көтібардың күші күрең тұлпарында екенін біледі және айламен тұлпарды қолына түсіреді.

Осы кезде мың төрт жүз жігіт алып Әлібек келеді. Оның алдынан күрең тұлпарымен Айман шығады. Әлібек Айманды танымай қалып найза салады, Айман өзін танытады. Әлібек шекті елін шабуылдайды. Бірақ арашашы Айман болады, ол екі жақты татуластырады. Көтібар өкіл ата болып, Айманды Әлібекпен аттандырады. Шолпанды Айман Арыстанға қосады. Екі жақтың шабуылға түскен малы қайтарылады, ел арасында татулық орнайды. Жыр осымен аяқталады.

Қорыта келгенде, “Айман – Шолпан”- реформа дәуірінен кейінгі кезде қазақ қоғамына енген жаңалық, өзгерістерді шындық тұрғыдан бейнелеген халықтық жыр. Бұл жыр жаңа жағдайға байланысты қоғам өмірінен орын алған талас-тартысты, ескінің жеңіліп, жаңаның жеңетіндігін бейнелейді, әлеумет сахнасынан ығыстырылып бара жатқан және ескілікті қолдаушы адамдарға жаңа заманның жаңа адамдарын, жастарды қарсы қоя отырып, соңғыларын ардақтай жырлайды, үлгі етеді.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1.Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2.Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет