Оқулықтар
-
Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964
-
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974
-
Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977
Қосымша
-
Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964
-
Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988
-
Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993
Анықтамалар, көрсеткіштер, библиография.
-
Рефолюцияға дейінгі қазақ тілінде шыққан әдеби кітаптар./1807-1917/
-
/Аннотацияланған библиогр. Көрсеткіш/-А., 1978
-
Субханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. – А., 1979
-
Ақын-жыраулар. Өмірбаяндық анықтамалар. – А., 1979
Фольклор практикасы
-
Смирнова Н. С., Нұрмағамбетова О. Ә Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинаушыға өмек. – А., 1960
-
Круглов Ю. Г. Фольклорная практика. – М., 1986
Эпостық жанрлар
24. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985
25. Бердібаев Р. Епос-ел қазынасы. –А.,1995
26. Ыбыраев Ш. Қазақ эпосы. – А.,1995
27. Абылқасымов Б. Телқоңыр. –А., 1993
28. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы мен тюркология. –А.,1987
29. Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық
жыры. –А.,1972
30. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тар мәселелері. –А.,1958
31. Жирмунський В. М., Зарифов Х. Т. Узбекский народный
32. Героический епос. – М., 1947
33. Қоңыратбаев Ә. Қазақтың “Қозы Көрпеш” жыры туралы. –А.,1959
34.Бердібаев Р. Қазақ эпосы.-А.,1982
№ 5 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Алпамыс батыр жыры.
Жоспары :
-
Жырдың зерттелуі.
-
Алпамыс батыр жырының мазмұны.
-
Жырдағы образдар.
“Алпамыс” деп аталатын жыр өзбекте де, қазақта да, қарақалпақта да бар. Ағайынды үш елдің айтуындағы бұл жыр мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас келеді. әйткенмен өзара айырмашылығы да жоқ емес. Ондай айырмашылық басты-басты екі әңгімеден көрінетін секілді. Бірінші, қазақтар мен қарақалпақтар айтатын жырда Байбөрі мен Байсарының (кейде Сарыбай деп те аталады) араздасып кетуі көкпарға байланысты делінсе, өзбекте олай емес. өзбектердің жырында Байбөрі ел билеген хан болады, ол қарамағындағы халықтыан алым-салық, зектті көп жинайды. Бұған наразылық ретінде Байсары қалмақ еліне көшіп кетеді. Екінші, қазақтар мен қарақалпақтар айтатын жырдың екінші бөлімі Байбөрінің малын Тайшық ханның тартып әкетуі жайын суреттеуден басталады. Ал өзбектің “Алпамысында” Алпамыс Тайшықтың еліне өзінің малын қайыру үшін аттанбайды. Ол Баршынның айтуы бойынша, ханның қысымынан қайын атасы мен кайын енесін құтқару махсатымен аттанған болады.
Ағайынды үш халықтың айтуындағы “Алпамыс” жырының осы секілді өзара аздаған айырмашылығы бола тұрса да, бұл - әр халықтың өз шығармасы, тума жыры. Сондықтан да әр халық бұл жырдың ертеден келе жатқан сюжет желісін сақтай отырып, оны өздерінше жырлаған және бірнеше вариантқа айналдырған. “Алпамысты” зерттеген өзбек ғалымдары И. Т. Зарифов пен М. И. Афзаловтың айтуына қарағанда, жырдың өзбекше он бір варианты бар көрінеді.
Бұлармен қатар татар, башқұрт, алтай елдерінде Алпамыс жайында шығарылған ертегілер де бар. Татарлардың ертегісі “Алпамша”, башқұрттардікі “Алпамаш”, алтайлықтардікі “Алып-Манаш” деп аталады. Бұл ертегілердің кейбір әңгімелері өзбек, қазақ, қарақалпақ айтатын жырдың алғашқы бөліміне ұқсас келеді.
“Алпамысты” жырлаған халықтың қайсы сы болса да, оны өзінің тума шығармасы деп қараған. Сондықтан да біз бұл жырдың әр елдегі нұсқаларына тоқталмай, тек қазақшасын ғана сөз етпекпіз.
“Алпамыс” қазақ еліне, әсіресе оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айтылу арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек хожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 жылы Қазан қаласында бастырап шығады. Содан кейін жырдаң осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылады. Жырдың бұл вариантында айтылатын негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы, Ұлтанды жеңуі жайында болатын.
Жырдың басты кейіпкері – Алпамыс. Ол халықтың ру бірлігін сақтау идеясынан, руға қамқор-қорған болар батырды арман еткен қиялынан туған образ. Сондықтан жыр Алпамыстың іс-әрекетіне батырлық сипат береді.
Алпамыстың батырлық іске бел байлаған сапарыГүлбаршынды іздеп шығуынан басталады. Өзіне жар-жолдас-қалыңдық іхдеп шығу, бұл жолда әр түрлі ерлік істер жасап, батырлық сыннан өту-дүние жүзіндегі эпостық шығармалардың көбінде кездесетін жәйт. Ондағы батырлардан Алпамыстың бір үлкен айырмашылығы бар: Алпамыс батырлық іске тек Гүлбаршын үшін ғана аттанбайды. Ол бір кезде Байбөріге өкпелеп бөліне көшкен, қалмақ еліне кеткен Қоңырат елінің бір бөлігін іздеп те шығады. Өзіне туыс болған рудың бір бөлегі жат жұртқа көшіп кетуі, қалмақ ханына қоңсы болуы, оның зорлық-зомбылығын көруі Алпамысқа қатты бататын сияқты. Сондықтан да халық жыры Алпамысты қалмақ еліне аттандырады, ол өкпемен көшіп кеткен ел-жұртының бір бөлеген қайтару, оны қоңыраттарға қайта табыстыру, татуластыру мақсатын көздейді, ру бірлігін қарастырады. Жыр ру арасында бірлік болса, елдік бар екендігін аңғартады....
“Алпамыс” жырының жағымды кейіпкер етіп суреттеген адамының бірі – Гүлбаршын. Жырдың композициялық жағын алғанда, көптеген әңгімелер Гүлбаршынға байланысты дамып отырады. Байбөрі мен Байсарының құда болысуы, Тайша хан мен Қаражанның таласы секілді күрделі оқиғалардың негізгі түйіні Гүлбаршын болып келеді. Жырдағы сюжет құрылысында осындай айрықша орын алған Гүлбаршынның образын жасауға жыршылар үлкен мән береді.
“Алпамыс” жырын сынап, оның “халықтық сипаты жоқ” деп “дәлелдеген” кейбір әдебиетшілер жырдағы Ұлтан образын мысалға алған болатын. Олар: “Ұлтан езілуші халықтың өкілі еді, өмірін жалшылықпен өткізген құл еді. Ұлтан образын жексұрын түрде, ұнамсыз етіп жасаушылық жырдың халық тілегіне жат екендігін көрсетеді”,-десті. Жырдың негізгі идеясын анықтамай тұрып, оған тек Ұлтан образын ғана мысал етушілік әдебиет зерттеу ғылымында жасалған қатенің бірі еді.
Шынына келгенде, Ұлтан – осы жырдағы ең жағымсыз кейіпкер.
Жырдағы жағымды кейіпкердің бірі – Қаражан. Ол ел-жұртын сүйген, дәреже және адамгершілік жағынан ешкімнен де кем түспейтін батыр. Қазақтағы батырлар жырының көпшілігінде қалмақ батырлары жағымсыз кейіпкер болып суреттелетін. Олар көрші елдерге ойран салушы, соғыс ашып, жорық жасаушы, қан құмар басқыншылар болып келетін. Ал “Алпамыстағы” Қаражан ондай адам емес. Қаражан қалмақ батыры бола тұрса да, ұнамды бейнеде суреттеледі. Өйткені Қаражан – ел қамын ойлаған, жаттан жау тілемеген және жорық жасауды мақсат етпеген батыр. Сонысы үшін халық жыры Қаражанды жағымды кейіпкердің қатарына қосады.
“Алпамыс” қазақтағы батырлар жырының ең ескісі, оған кейбір әңгімелердің ертегі түрінде айтылуы дәлел десек, оны жырдағы мыстан кемпір образынан көруге болады.
Жалпы қазақ әдебиетінде, мыстан кемпір көбінесе жауыздықтың, қиянатшылдық пен қастықтың бейнесін елестетеді. Мыстан кемпірлер қалың көпшілікке немесе сол көпшілік қамы үшін күресетін адамдарға қастық жасап жүреді және олар хандар мен уәзірлердің, халықты езушілердің қызметінде болады, соларға болысады. “Құламерген”, “Аламан мен Жоламан” т. б. сияқты халық ертегілерінде суреттелетін мыстандар еңбек адамына, халықтың сүйікті ұл-қыздарына неше түрлі қастық жасайды, олар бұл жөнінде хандардың жауыздық тілегін орындаушы, соған көмектесуші болады. “Алпамыс” жырында суреттелетін мыстан кемпір де сондай.
Қорыты келгенде, “Алпамыс” жыры да халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұрасының бірі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Негізгі :
-
Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940
-
Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989
-
Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978
-
Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967
-
Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976
-
Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978
-
Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991
-
Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956
-
Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967
-
Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976
Достарыңызбен бөлісу: |