Оқулықтар
13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964
14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974
15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977
Қосымша
16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964
17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988
18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993
Анықтамалар, көрсеткіштер, библиография.
19.Рефолюцияға дейінгі қазақ тілінде шыққан әдеби кітаптар./1807-
1917/
20./Аннотацияланған библиогр. Көрсеткіш/-А., 1978
21.Субханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді
баспасөзіндегі материалдар. – А., 1979
22.Ақын-жыраулар. Өмірбаяндық анықтамалар. – А., 1979
Фольклор практикасы
23.Смирнова Н. С., Нұрмағамбетова О. Ә Қазақ халқының ауыз
әдебиетін жинаушыға өмек. – А., 1960
24.Круглов Ю. Г. Фольклорная практика. – М., 1986
Эпостық жанрлар.
25.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985
26.Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы
өкілдері. – А., 1976
27. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – А., 1985
28.Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркология. – А.,1987
№ 4 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Қамбар батыр жыры.
Жоспары :
1.Жырдың зерттелуі.
-
Жырдың қысқаша мазмұны.
-
Жэырдағы образдар.
-
Эпостың құрылысы және тілі.
Қазақ елінде көп уақыт бойына шабуыл жасағандар қалмақ басқыншылары болғандығы баршаға итарихтан белгілі. Шетелдік шапқыншылардың қанды жорқытарына қарсы асқан ерлікпен күресіп, одан ел- жұртын қорғаған, халқына айбар болған батырлар жайында ел арасында талай әдемі әңгіме-жырлар туған. Халық бұл алуандас шығармаларында өзінің батыр ұлдарын, олардың ерлік істерін ардақтап көрсеткен.
Осындай ел қорғау, халыққа қамқор болу жолында жасалған ерлік істерді жырлау негізінде шығарылған және халықтық сипаты мол көркем жырдың бірі – “Қамбар батыр”. Бұл жырдың басты идеясы-халыққа қызмет еткен батырды, оның ерлік істерін ардақтаудан туған. Сондықтан да жырда әңгіменің осы жағы баса айтылады, соған көп көңіл аударылады. Батырдың ең негізгі міндеті: шетелдік шапқыншылар шабуыл жасай қалған кезде жауға қарсы аттану, оны талқандап жеңу, ел-жұртын қорғап алу екендігі көрсетіледі. Екіншіден, бейбітшілік кезде батырдың міндеті: халқына дал еңбегін қызмет ету, халықты асырап-сақтау, жәрдем-көмегін беру екендігін суреттейді.
“Қамбар батыр” – қазақ еліне ерте кездің өзінде-ақ тараған жыр. Оның негізгі бір нұсқасын Бектемір деген жырау айтқан. Біздің пайдаланып жүргеніміз де жырдың осы варианты.
“Қамбар батыр” жыры алғаш рет 1888 жылы Қазан қаласында басылып шықты. Оны Ш. Хұсайнов деген кісі бастырған. 1903 жылы бұл жыр “Тоқсан үйлі тобыр” деген атпен Қазанда, ағайынды Каримовтардың баспасында, қайта басылып шықты. Бұдан кейін Ә. Диваев 1922 жылы Ташкентте бастырды. Содан бері “Қамбар батыр” жыры бірнеше рет (1932, 1939) баспа жүзінде жарияланды және оқу хрестоматияларына еніп отырды. “Қамбар батыр” жыры нағыз халықтық, көркем жырдың бірі деп бағаланды.
Жырдың халықтығы, ең алдымен, жырдағы оқиғалардың еңбекші шаруаның тұрғысынан баяндалатындығынан, басты кейіпкерлердің іс-әрекетінен көрінеді. Егер басқа жырларда батыр образы көбінесе бірден оның күреске, аттанысқа қатысуын суреттеу арқылы жасалса, батыр жырдың өне бойына көк сауытты киініп, көк сүңгіні ұстап жүрсе, олардан Қамбар образының елеулі бір айырмашылығы бар. Жырда Қамбар ең алдымен шаруа адамы, еңбек ері бейнесінде алынады. Қамбардың еңбекші халық ортасынан шыққан ер-азамат, патриот ұл екендігі аңғартылады. Ол мыңды айдаған байдың мырзасы емес, өзінің еңбегімен кәсіп еткен шаруаның өкілі. Адал еңбегімен ер атанған, “ерлікті елден асырған, еңбекке белді байлаған” адам. Сондықтан да оны халық жыры еңбекші халыққа қызмет еткен еңбек ері етіп көрсетеді. Бұдан еңбекші халықтың ел қорғаған батырды ғана емес, еңбек адамдарын да, халықты асырап-сақтайтын еңбек ерлерін де ардақтайтындығы, олар жайында да батырлық жырлар тудырғандығы байқалады.
Халық жырының алғашқы бөлімінде Қамбар “алпыс үйлі арғынды, тоқсан үйлі тобырды” асырап сақтаған еңбек ері бейнесінде алынады.
Жырда Қамбар образы өте әсерлі болып жасалған. Қамбардың ерлік еңбегін, ел қорғаудағы батырлық істерін сүйсіне жырлаған халық бейбітшілік кезінде кезінде де, басқыншы жау шабуылдаған кезде де жұрт үшңн аянбай күресетін ер-азаматы Қамбардай болуын арман еткендігін білдіреді.
Әзімбай балаларының ішінен бөліп алып, жырдың жағымды кейіпкер бейнесінде суреттегені – Назым мен Алшыораз. Бұлардың жағымды кейіпкер болуы-тоқсан үйлі тобыр арасынан шыққан Қамбардың адамгершілігін, ел үшін жасаған ерлік істерін дұрыс бағалай білуінде.
Жырдағы жағымсыз кейіпкердің бірі - Әзімбай. Ол – кісі еңбегімен мал жинаған, соған масаттанған, бірақ қиыншылық іс түскен кезде қолынан еш нәрсе келмейтін қорқақ адам.
Әзімбай образы халық жырында екі түрлі мәселенің бетін ашу үшін алынған. Біріншіден, Әзімбай арқылы халық жыры езуші мен езілушінің арасындағы таптық жайларды елестетуді, оның ерте заманнан келе жатқандығын аңғартуды көздейтіндігі байқалады.
“Қамбар батыр” жырында негізгі жағымсыз кейіпкер ретінде алынғандар –Қараман мен Келмембет. Бұлар ноғайлы-қазақ еліне талай рет шабуыл жасап, жорық ашқан, халыққа қан жұтқызған қалмақ басқыншыларының өкілі ретінде суреттеледі.
Қараман мен Келмембет образын жасауда да жыршы ақын асқан шеберлік көрсетеді. Бұларды жыр жау адамдары ретінде ала отырып, әрқайсынының өзіне тән іс-әрекетін, мінез-құлқын даралап сипаттайды, бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктері барлығын айқындайды.
Қараман-әрі батыр, әрі ел билеген хан. Ол көрші елдерге күш көрсетуді, ығыстырып ұстауды, зорлықпен бағындырып алуды мақсат етеді. Бұл ретте Қараман өзінің күшіне сенеді; қарсыласқан дұшпанын “жүндей түтемін” деп асқақтап жүреді. Әзімбайдың ауылына құда болып, Назымды Қараманға айттыру үшін барған Келмембет соққы көріп қайтады. Бұған Қараман қатты ашуланады да:
Ерегіскен кісінің...
Етін итке жегізіп,
Сүйегін өртеп, жағайын...
Қазықтай жерге қағайын,-
деп қаһарланады. Ол бұл мінезі Қамбарға да көрсетеді. Қамбарды да қорқытып, қорғалатпақ болады. Қамбарға айтқан сөзінде:
Өлтірейін деп едім,
Кешіксең, келмей осыдан,-
дейді. Бірақ жекпе-жек ұрысқа келгенде, күшіне, күштілігіне сенген Қараман Қамбардан жеңіліп қалады....
Қорыта келгенде “Қамбар батырды” халқымыздың сүйсіне тыңдап, сүйе жырлаған көркем шығармасының бірі деп білеміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Негізгі :
1.Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991
-
Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940
-
Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989
-
Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978
-
Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967
-
Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976
-
Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978
-
Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991
-
Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956
-
Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967
-
Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976
Достарыңызбен бөлісу: |