Лекция №34-36
Интернеттегі ББ онлайн платформаларын қолданып, оқушылардың креативтілігінің дамытудың маңызы. Креативтілік ұғымы және оны дамытудың тәсілдері
Заманауи білім берудің басты міндеті – білім мен дағдыларды мұғалімнен оқушыға репродуктивті түрде беру емес, оқушының оқу мәселесін өз бетінше белгілеу, оны шешу алгоритмін қалыптастыру, үдерісті бақылау және нәтижені бағалай білуге үйрену. Еліміздің білім беру жүйесі алдында күрделі міндет тұр: өмір бойы оқуға қабілетті, өзін-өзі орындай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту. Бұл өз кезегінде оқушының жеке басын дамыту идеяларына негізделген оқу үдерісінің міндеттері мен шарттарын түзетеді. Балалардың қызығушылығының барлығы табиғатқа, адамдарға, әлеуметтік құбылыстарға бағытталғандығы белгілі. Егер мұғалім даму аймағында жұмыс жасайтын болса, онда оқушылардың шығармашылықпен ойлауға қызығушылық артады. Бұл мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауын және танымдық белсенділігін дамытудың қажетті шарты.
Шығармашылық дегеніміз не? Бұл тұжырымдаманың қарапайым анықтамасы мынада: шығармашылық дегеніміз - бұл материалдық немесе идеалды сипаттағы жаңа өнімді жасау үдерісі. Шығармашылығы ерекше деп аталатын шығармашылық қабілеттерді қажет етеді деп саналады. Педагогикалық, психологиялық, философиялық және әдістемелік әдебиеттер «шығармашылық», «шығармашылық қабілеттер», «шығармашылық ойлау» терминдерімен толықтырылған. Креативтілік - дәстүрлі немесе қабылданған ойлау үлгілерінен ауытқып, тәуелсіз фактор ретінде дарындылық құрылымына енетін түбегейлі жаңа идеяларды жасауға дайын жеке адамның шығармашылық қабілеттері.
Оқушылардың креативтілігін дамыту үшін келесі шарттарды орындау қажет деп санаймын:
- дәстүрліліктің, күнделікті өмірдің монотондылығынан, баланың жеке тәжірибесінен алшақтатудың оқыту стиліне жол бермеу;
- артық жұмыс және оқудың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу;
- ақпараттық коммуникативтік технологияларды, соның ішінде виртуальді зертханаларды қолдана отырып, әр түрлі әдістермен танымдық қызығушылықтарын ояту;
- ақыл-ой әрекеті мен оқу жұмысының әдістерін арнайы үйрету, оқытудың проблемалық әдістерін қолдану.
Креативті белсенділік баланың жеке басын дамытады, моральдық-этикалық нормаларды меңгеруге көмектеседі. Шығармашылық жұмыс жасай отырып, оқушыларда өмірлік құндылықтарды, оның жеке қасиеттерін түсінуін көрсетеді. Көптеген ғалымдардың еіберктерінен креативтілік мәселелерін зерттей отырып, зерттеулерге ортақ сипаттары бойынша - әрбір жеке тұлғаның шығармашылық шабытқа ие болуына, жаңа, қандай да бір дүниені жасауға қабілеттілігі болу керек деген қорытындыға келеміз.
Білім беруде эвристикалық әдістерді қолдану, оқушылардың өзіндік және шығармашылық қабілеттері мен ізденістерін жүйелі түрде қалыптастыруға зор мүмкіндік береді. Эвристикалық оқыту мазмұнының дәстүрлі технологияларды қолдана отырып оқыту үдерісімен салыстырғанда
Уақыттық шығындары айтарлықтай артпайды. Эвристикалық оқытудың даму кезеңінде көптеген тәсілдер мен ол әдіс-тәсілдердің модификациялары да жасалды. Тәжірибеде көрсетілгендей, бірқатар әдістердің тиімділігі жоғары екендігі байқалады. Оқыту үдерісінде кеңінен таралған әдістердің бірі «миға шабуыл» - белгіленген тапсырманы шешу идеяларының ұжымдық шоғырландырылу әдісі болып табылады. Миға шабуыл әдісі (А.Осборн) барлық эвристикалық әдістердің арасында анағұрлым дамыған. Бұл көптеген идеяларды мәселенің шешімін табу процесінде жіктеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс идеяны жан-жақты құру үшін жылдам ойлау, икемділік, өзіндік ерекшелік сияқты шығармашылық қасиеттерді дамыту үшін өте тиімді.
Когнитивтік әдістер – ғылымдағы зерттеу әдістері болып табылады. Оларға: жаттығу, анализ жасау, болжам жасау, салыстыру, бақылау әдістері
жатады.
Креативтік әдістер – оқытуда соқушылардың өзіндік оқу ресурстарын
жасауына мүмкіндік туғызатын әдістер. Оларға: «миға шабуыл», «егер де»,
«инверсия», «әсірелеу», «жалғамалылық» әдістері жатады. Бұл әдістер физиканы оқытуда оқушылардың алған білімдерін өз бетінше тәжірибеде қолдана алуына, есептерді, мәселелерді өз бетінше шешуіне, және шешімдердің бірнеше жолын таба алуға мүмкіндік береді.
Ерекше іс-әрекеттік әдістер – білім беруді басқарушылардың, оқытушылардың және студенттердің әдістері болып бөлінеді. Оларға оқыту
субъектісін жоспарлау және мақсатты белгілеу әдісі, оқушылардың білім беру бағдарламаларын жасау әдісі, қалыпты шығармашылық әдісі, оқытуды өздігінен ұйымдастыру әдісі, өзара оқыту әдісі, рецензия әдісі, эвристикалық іс- әрекетті бақылау әдісі, өзін-өзі бағалау және рефлекция әдісі.
Жалпы креативтілік ұғымы шығармашылық ойлау ұғымына жақын келеді. Креативтілік ұғымы мен оның жалпы сипаттамаларын көптеген зерттеулер бойынша, нақты кәсіби іс-әрекеттерде көрініс табатын тұлғаның негізгі қасиеттерінің топтастырылуымен байланысты. Педагогика ғылымында креативтілік ұғымы ретінде қиял, тапқырлық, түйсік, мәселелерді өз бетінше шешу сияқты қабілеттер түсіндіріледі. Бұл қабілеттердің санқырлылығы да атап көрсетілген.Креативтілік – оқушылардың шығармашылық білімдерін игеру әрекеттерінің негізі, бурақ та
тектілік қабілет болып саналмайды. Ғылымда аталған «креативтілік» ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Оларды 1 кестеге сәйкес жіктемеден байқауға болады:
«Креативтілік» ұғымына түрлі ғалымдардың берген анықтамалары
Ғалымдар Креативтілік - дегеніміз
Lubart, T. «белгілі бір бағытта жаңа нәтижелерге қолжеткізу, бұл нәтиже-бар нәрсені көшіріп алудан тыс болуы қажет»
D. Leonardand W. Swap «креативтілік бұл – таланттылық емес, сондықтан оны мақсатқа бағытталған үдеріс ретінде қарастыруға болады»
Lee&Kim «креативтілік қасиеттер тұлғаның жеке факторларына байланысты қалыптасады»
Е. Торренс «білімдердегі кемшіліктерді шұғыл қабылдау қабілеті және т.б.»
Кюби «жаңа байланыстарды табу қабілеті»
Мерей «жаңа шығармалардың қалыптасуы»
Жерар «жаңа идеяларға жетелейтін ақыл-ой іс-әрекеті»
Тейлор «жаңа салаға тәжірибенің тасымалдануы»
А.В. Хуторской «жаңа өнімді алудың басты нәтижесі болып табылатын, өзіндік шығармашылық іс-әрекет»
Кесте-1 Әртүрлі ғалымдардың креативтілік ұғымына берген анықтамалары.
Шығармашылық ойлар мен қабілеттерді зерттеуде қомақты үлес қосқан американдық ғалым Е.Торренс [16], келесі факторларды қоса отырып, креативтіліктің жаңа үлгісін ұсынды:
- ойлардың ұшқырлығы;
- жаңа икемділік;
- өзіндік, ерекшелік.
Бұл ретте креативтілік көрсеткіші алынған нәтижелердің сапасы емес, шығармашылық ой өнімділігімен белсендендіретін нақты үдерістер мен сипаттамалар болып табылады.
Қазіргі кезде креативтілік ұғымын сипаттауда А. Штерн ұсынған, сонымен қатар көптеген зерттеу саласында қолданыста жүрген тұғырлар дақолданылады. Кейінгі жылдары ғалымдар арасында қызығушылық молайып жатқан креативтілік ұғымын зерттеу негізгі төрт көзқарас бойынша қарастырылады:
- креативті үрдіс.
- креативті өнім.
- креативті тұлға.
- креативті орта (шығармашылық өнім талаптарын қалыптастыратын орта, әлеуметтік контекст, құрылым). Бұл тұғырлар жиі бірге қолданылады.
«Креативтілік» ұғымына отандық ғалымдар да зерттеулер жасаған, атап айтқанда Қ.М.Нағымжанова өзінің зерттеулерінде «креативті ойлау полюстерді тепе-теңдікте ұстайды және қарама-қарсы кӛрінетін бірліктерді қосады. Білім алушыларды бақылай отырып, біздің аңғаратынымыз, олар көбінесе біз олардан күтетін жауаптарды береді. Олар тек өздерінің толық сенімділіктегілерін ғана айтады. Бірақ, барлық жаңа креативтік анықталмаған, «ақылды және тапқыр» мәртебесіндегі бала, креативті болудан қашады, себебі өз беделін жоғалтып алудан қорқады. Ал мұндай жағдай механикалық ойлауға әкеледі. Бұл тұрақтылық, сонымен қатар жалықтыруды туғызады. Механикалық ойлау креативті ойлаудың ең үлкен қатері, яғни ол жаңаны сезініп, ашу мүмкіншілігін жояды. Келесі қатер алдын-ала айтылган сын болуы мүмкін. Көбінесе ерекше, дұрыс келмейтін байланыстыру шығармашылық ойлауға негіз болады, ал ерте айтылған сын жаңа дамуды тұншықтырады» - деген тұжырымдама береді [17].
Ал, Б.А.Оспанованың тұжырымдауынша креативтілікті қалыптастыруда тұлғаның белсенділігі, тұлға аралық, әлеуметтік-психологиялық құндылықтары мен мақсатын қалыптастыруға негіз болады. Сонымен бірге тұлғаның белсенділік іс-әрекетін, мінез-құлық стратегиясын және қатынасын жобалайды деген пікірді ұстана отырып, кретивтілікте белсенділіктің рөлін ерекше атап өткен [18].
Көптеген ғалымдардың еңбектерінен креативтілік мәселелерін зерттей отырып, зерттеулерге ортақ сипаттары бойынша - әрбір жеке тұлғаның шығармашылық шабытқа ие болуына, жаңа, қандай да бір дүниені жасауға қабілеттілігі болу керек деген қорытындыға келеміз.
Физиканы оқытуда эвристикалық әдістерді қолдану, оқушылардың өзіндік және шығармашылық қабілеттері мен ізденістерін жүйелі түрде қалыптастыруға зор мүмкіндік береді. Эвристикалық оқыту мазмұнының дәстүрлі технологияларды қолдана отырып оқыту үдерісімен салыстырғанда
Уақыттық шығындары айтарлықтай артпайды. Эвристикалық оқытудың даму кезеңінде көптеген тәсілдер мен ол әдіс-тәсілдердің модификациялары да жасалды. Тәжірибеде көрсетілгендей, бірқатар әдістердің тиімділігі жоғары екендігі байқалады. Оқыту үдерісінде кеңінен таралған әдістердің бірі «миға шабуыл» - белгіленген тапсырманы шешу идеяларының ұжымдық шоғырландырылу әдісі болып табылады. Миға шабуыл әдісі (А.Осборн) барлық эвристикалық әдістердің арасында анағұрлым дамыған. Бұл көптеген идеяларды мәселенің шешімін табу процесінде жіктеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс идеяны жан-жақты құру үшін жылдам ойлау, икемділік, өзіндік ерекшелік сияқты шығармашылық қасиеттерді дамыту үшін өте тиімді. Виртуалды зертханалардың білім берудегі орнын, қазіргі заманғы ерекшеліктерін ескеретін болсақ, әр түрлі білім беру жүйесіндегі оқыту формалары үшін, мысалы қашықтықтан оқытуда, бұл өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар оқушылардың өз бетінше өзіндік жұмысты орындауда, виртуалды зертханаларды пайдалану кезінде балалардың жас ерекшеліктерін де ескеру қажет. Виртуалды зертханаларды қолданып өз бетімен жұмыс жасаудың маңыздысы – оқушылардың тәжірибелерді өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Физикалық шығармашылық еңбекте оқушылардың іскерлік қабілеті, білім деңгейі, білім жоғарылығынан туатын толық дербестігі айқын көрінуі қажет. Шығармашылық жұмыстар оқушылардың дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасайды. Сонымен бірге өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға көмектеседі.
Білім сaпaсын apттыpу және нәтижеге бaғыттaлғaн үлгіге бет aлуы бapысындa мұғaлімдеp мемлекеттік стaндapт беpілген нәтижелеpге жетуде кәсіби шебеpлікпен меңгеpген зеттеу біліктеpі мен дaғдылapы нәтижесінде пpoблемaның шешімін тaбa aлaтын, aқпapaттық-кoммуникaтивті, мәдениеті жoғapы тұлғaлық-дaмытушылық функцияны aтқapaды. Қaзіpгі зaмaн aдaмының oсы құзыpеттілікті меңгеpе oтыpып, тек «кәсіби икемділігін oңтaйлaндыpуды қaмтaмaсыз ету ғaнa емес, іске aсыpылу мүмкіндігін» үнемі oқып-үйpену және өзін-өзі жaсaу, өздігінен білім aлу тaлaбын қaлыптaстыpa aлaды.
Достарыңызбен бөлісу: |