Лекция № 22-24
Білім берудегі ақпараттық технологияларды қолданудың даму кезеңдері. Компьютерлік моделдермен және виртуальді зертханалармен жұмыс жасаудың кейбір ерекшеліктері
Оқытудағы электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың даму кезеңдері:
Диафильмдер туралы жазу
1 – кезең: ХХ ғасырдың 60 жылдарының басына дейінгі уақыт. Бұл кезде қолданыста ЭЕМ-нің І және ІІ буын өкілдері болды. Ақпараттық технологияларды құрастырудың негізгі критерийі ретінде машиналық ресурстарды үнемдеу жағы қарастырылды. Мақсат ретінде құрылғыларды максималды түрде жұмыс істету алынды. Бұл кезеңнің ерекшеліктері блок-схеманың пайда болуы, машиналық кодта программалау, стандартты программалар кітапханасы, автокодтар, машинаға бағытталған тілдер және Ассемблер тілінің құрастырылуы. Программалау технологиясындағы жетістікте тиімді жұмыс жасайтын трансляторды құрастыру нақты уақыт режимінде және пакеттік режимде жұмыс жасайтын алғашқы басқарушы программалардың құрастырылуы.
2 – кезең: 80 жылдардың басына дейінгі аралық. Бұл кезде мини ЭЕМ және үлкен интегралды схемаға негізделген ІІІ буын ЭЕМ-дері шығарыла бастаған. Бұл кезеңде негізгі критерий ретінде ақпараттық технологияларды құрастыруды программист еңбегін үнемдеу алынды. Мақсат – программалаудың инструментальды ортасын құрастыру. Операциялық жүйелердің ІІ-ші буыны пайда болды. Олар үш режимде жұмыс жасады:
1. Нақты уақыт режимі.
2. Уақытпен бөлінген режим.
3. Пакеттік режим.
Жоғары деңгейлі программалау тілдері құрастырылды. Қолданбалы программалар пакеттері пайда болды. Берілгендер базасын басқару жүйесі, жобалауды автоматтандыру жүйесі ЭЕМ-мен қарым-қатынастарының диалогтық құралдары, программалаудың құрылымдық және модульдік технологиялары құрастырылып ауқымды (глобальды) желі пайда болды.
3 – кезең: 90 жылдардың басына дейін жалғасты. 1970 жылдың соңында Дербес компьютер жасақталды. Бұл кезеңде ақпарат ресурс ретінде материалмен, энергиямен, капиталмен қатар қойылды. Жаңа экономикалық категория – ұлттық ақпараттық ресурстар пайда болды. Табиғи ресурстың азаюы, ескіруі ғылыми білімнің қолданылуына негізделген ресурстарды қайта өңдеу мәселесіне алып келді. Кәсіби білім ғылыми өнімді сату арқылы экспортталды. Өндірістік мәдениетке ойын компоненттері енгізілді. Жоғары өнімді еңбектің жылдам өсуі және өндірілетін өнімдердің номенклатураларының көбеюі өндірісті қалпына келтірді (интернет, вебсайт, программалар, оқыту процесіне қатысты программалар).
4 – кезең: 90 жылдардан бергі уақыт. Білімді автоматтандыруға қатысты ақпараттық технологиялар құрастырылған кезең. Мақсат – қоғамның ақпараттандырылуы. Заң бойынша құпияланған ақпараттардан басқаның барлығы саяси, әлеуметтік – экономикалық, ғылыми, т.б. өзара байланысып, жиынтықта қарастырылды және қоғамның әрбір мүшесіне еркін ену қамтамасыз етілді. Бұл қоғамның ақпараттандырылуы. Еліміздегі электронды үкіметтің енгізілуі қоғамның ақпараттандырылуының көрінісі.
Берілгендерді параллель өңдеу машиналары пайда болды:
– транспьютерлер;
– портативті ЭЕМ;
– графикалық операциялық жүйелер;
– жаңа технологиялар: мультимедиа жүйесі, гипермәтін, объектіге бағытталған технологиялар ( VB, Delphi).
Оқу процесiне компьютерлік технология, оның ішінде телекоммуникациялық технологиялардың енгiзiлуi, интерактивті тақтамен жұмыс жасаудан оқыту функцияларының бiр бөлiгi осы құралдарға жүктелуде. Е.Ы.Бидайбеков пәнді оқытуға компьютерлік технологияны қолдануда ақпараттық-рецептивтік, репродуктивті, эвристикалық әдістерді, модельдеу құралдарын пайдалануды ұсынады. Оқу ақпараттық модельдерді қолданып оқыту технологиясында келесі тапсырма түрлері қамтылуы қажет :
- оқыту мазмұнын ашатын теориялық мәліметтердің қысқаша сызбасы және кестесі; олардың гипермәтіндік байланысы;
- оқытуға қолданылатын тапсырмалар кешені;
- оқушының оқып-үйренуіне арналған тапсырмалар кешені.
Бұл жұмыста оқу ақпараттық модельдер ретінде демонстрацияланатын ақпараттар, дайын бағдарламалық модульдер қолданылады.
Енді математикаға қатысты қазiргi кезде ұсынылып жатқан компьютерлiк технология негiзiнде оқыту әдістемелері мен қолданыстағы бағдарламалық өнiмдерге талдау келтiрейiк.
Ф.В.Ерошевский көп жылдан берi математиканы жаратылыстану бағыты мектептерiнде оқытуға компьютерлiк технологияны енгiзу мәселесiмен айналысып келеді. Ол математиканы компьютермен жабдықталған сыныптарда өткiзiп, кейбiр тақырыптарға: тригонометриялық функциялар, көрсеткiштiк және логарифмдiк функциялар, теңдеулер мен теңсiздiктерге арналған оқытушы және бақылаушы бағдарламалар құрастырған. Ф.В.Ерошевский математика сабақтарында информатикамен пәнаралық байланысты қолданған және мұнда негізінен математикалық есептерді шығару алгоритмдерін және бағдарламаларын құру мәселесімен айналысқан.
Электронды дидактикалық құрал-жабдықтарды көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенсек оқушылардың өз бетімен жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызады екен. Сонымен білім беруді ақпараттандыру оқу үдерісіне компьютерлік технологияны қолданудың біртұтас жүйесін құру арқылы қазіргі педагогикалық ғылымның және оқудың тиімділігін арттыруда өзекті мәселе болып табылады. Өйткені, математиканы оқытуда компьютерлік технология құралдарын қолданып көрнекілік принципті жүзеге асыру олардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырды, өз бетімен оқу қызметінің мәдениетін арттырады.
Компьютерлік оқытуға қойылатын дидактикалық талаптарды айқындасақ, біздің ойымызша олар әрекет амалы және оқушылардың таным қызметі белсенділігі бағытында қарастырылуы қажет. «Оқыту үдерістері – дидактиканың талас туғызатын мәселелерінің бірі… Сондықтан да дидактикалық принциптерді әр әдіскер-ғалым өзінше қарастырады» деп жазды В.Оконь.
Г.Г.Левитас математика сабақтарында компьютердi қолдануды екi сабақтық цикл түрiнде өткізудi ұсынады. Бiрiншi сабақ жаңа тақырыпты баяндау және оны бастапқы бекiтуден тұрса, екiншiсi екі кезеңнен тұратын өзiндiк жұмысқа арналған сабақ [6]. Екiншi сабақта мiндеттi түрде өзiндiк жұмысқа даярлық болуы шарт, сосын теориялық материалдың игерiлуi және оны бақылау делiнген. Компьютерлiк оқыту бағдарламасы дыбыстап сөйлеу және кескiндi экранға шығару, яғни компьютерлік технологияның мультимедиялық мүмкіндіктерін қолдану арқылы орындалатындай тұрғыда даярланады. Мұндай әрбір сабақтың мультимедиялық бағдарламасын құру өте көп еңбекті, әдіскерлік шеберлікті, әрі бірнеше мамандардың бірлесе жұмыс жасауын талап ететіндіктен қымбатқа түсетіні белгілі.
Дыбыстық құрылғылар көмегiмен оқыту бiздiң елiмiзде де қолданыста, алайда ондай оқыту оң нәтиже берген емес, сондықтан да математика пәнiнiң мұғалiмдерi мұндай мүмкіндіктерді көбіне тек демонстрациялық сабақтарда ғана қолданады.
Электрондық дискiге тиелген математика пәнiнiң көптеген компьютерлiк бағдарламалары шығарылған. Атап айтсақ, “1С:Репетитор.Математика” –бағдарламалар пакеті; “Семейный наставник” және “Школьный наставник” сериялы білімдегі ақауды диагностикалау және түзету бағдарламалары, КУДИЦ фирмасының “Математика 7-11” бағдарламалар кешені, “ММТ и ДО” фирмасының TeachPro Математика (7-11 класс), 5-11 сыныптарға арналған білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологоиялар орталығы шығарған "Математика" және т.б. Оқыту процесiндегi компьютердiң рөлi көбiне оқыту бағдарламаларының түрiне қарай айқындалады. Олардың бiрқатары бiлiктiлiк пен дағдыны тиянақтау үшiн, қажет жағдайда тез шешiм қабылдау дағдысы мен бiлiктiлiгiн қалыптастыруға қолдау көрсетедi. Жалпы қолданыстағы компьютерлік бағдарламаларды талдау нәтижесінде оларды негiзiнен 3 топқа бөлуге болатынын байқадық. Бiрiншiсi – математикадан шығарылған есептер және бақылау жұмыстары жинағы. Бақылау жұмыстары тек тестік жүйеде ұйымдастырылады. Бұл бағдарламалар оқушы өздігінен оқып, өзiн-өзi бақылауы үшiн қажет. 2006 жылы шыққан “1С:Репетитор. Сдаем единый тест” бағдарламалық өнімінде бақылауға талдау ұйымдастыру бар, бірақ ол тек дұрыс емес жауапты қызыл түспен белгілеу, дұрысын жасыл түспен көрсетумен шектелген. Екiншi топтағы бағдарламалар компьютердiң мультимедиялық мүмкiндiктерiн қолданған, яғни дыбыстық эффектiлер мен қимыл анимациялары арқылы оқыту бағдарламалары. Үшiншi топтағы бағдарламаларға – математикалық есептерді шығаруды автоматтандырудың дайын бағдарламалық орталарын жатқызуға болады. Мысалы, MathCade, MathLab, Maple және т.б.
Қазiргi уақытта компьютерлiк технологияның даму деңгейi оны мектеп пәндерiн оқытуға пайдалануды ақпараттық және ақпараттық-логикалық моделдеу негiзiнде бiлiмдi формальдандыру әдiстемесiн В.П. Линькова ұсынады.
Жалпы білім беретін орта мектептерде алгебра және анализ бастамаларын оқытуға компьютерлік технологияны қолдану арқылы оның тиімділігін арттыру мәселесін Т.Ж.Байдильдинов өз еңбегінде зерттеген. Жұмыста оқыту процесіне компьютерді қолдану ұғымдарды оқушы санасында интуитивті түрде қалыптастыруға мүмкіндік беретіні айтылған.
Жүргiзiлген психологиялық-педагогикалық зерттеулерде (Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернер, П.И.Пидкасистый, М.Н.Скаткин және т.б.), тұлғаның шығармашылық қасиеттерiн дамыту шарты – оқушының оқып-үйрену iс-әрекеттерiн қалыптастыру екендiгi тағайындалған. Педагогика ғылымында бұл мәселе бойынша бiраз тәжiрибелер жинақталған. Іс-әрекеттер құрылымын анықтау және ақыл-ой iс-әрекеттерiн қалыптастыруды зерттеу В.С.Выготскийдiң, П.Я.Гальпериннiң, В.А.Крутецкийдiң, Н.Ф.Талызинаның және т.б. жұмыстарында келтiрiлген.
Оқып-үйрену бағдарламалары электронды оқулық түрiнде даярланады және ол мұғалiмдi оның кейбір жаңа материалды түсiндiруде не пысықтауда, өткендi тиянақтауда, бiлiмдi тексеруде және тағы басқа әрекет түрлерiнде алмастыру үшiн пайдаланылады. Оқыту бағдарламасын қолдану мұғалiмнiң қатысуымен және мұғалiмнiң басшылығымен жүзеге асырылады. Оқыту бағдарламасының түрлi операцияларды орындауға, оқыту қызметiн талдауға, түрлi құбылыстар мен процестердiң математикалық үлгiлерiн құруға мүмкiндiгi, әсiресе көрнекiлiктi жүзеге асыруда қызметi зор болып отыр.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында, Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беру дамуының Мемлекеттік бағдарламасында, 12 жылдық білім беру бойынша құжаттарда білім беру саясатының басым бағыттарының бірі ретінде мектептің жоғары сыныптарына бағдарлы оқытудың енгізілуі және ол оқушыларды әлеуметтендіруге, оқытуды даралауға, оқушылардың бейiмдiлiктерi мен қабiлеттiлiктерiн толығырақ ескеруге, оқуларын әрі қарай жалғастыруы үшiн жағдайлар туғызуға бағытталған саралап оқыту жүйесі екендігі көрсетілген. Қазіргі заманғы өндірістік қоғам жағдайында мектеп алдында түлекті мектеп табалдырығының сыртындағы практикалық іс-әрекетте өзін-өзі іске-асыруға дайындау мәселесі тұр. Осы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында оқушыға, түлекке кейбір ерекше талаптар қойылады. Жеке тұлғаның табандылық пен қабылдаудың тұрақтылығы, ойлаудың ұшқырлығы мен икемділігі, қоршаған ортаны қабылдаудың барабарлығы, экономика мен қоғамның дамуына белсенді үлес қосу ынтасы сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің ролі артады.
Қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін барынша технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр. Мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «e - Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді. e - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.[1]
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Білімді игерудің нәтижелігі таным процесіне адамның әр түрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда білім беруде электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін қолданудың маңызы зор. Электронды дидактикалық құрал-жабдықтар көмегімен сабақтарда және сабақтан тыс кезде оқушылардың есеп шығару дағдысын, шығармашалақ қабілетін дамытуға болады.
Мектепте желілік технологияны пайдаланып электронды оқыту мәселесі, электрондық кітапханалар АҚШ-та білім беруді дамыту стратегиясында басты орын алады. Сонымен қатар Азия елдерінің ішінде Араб Әмірлігі «e-learning industry» жүйесін, Шығыста Доха, Қытайда және Сингапурда да электронды оқыту жүйесі қолдануда. Австралияның 2004-2006жж. ақпараттық экономиканың стратегиялық негізі жоспарында «e-learning оқытудың ядросы» деп көрсетілген. Оңтүстік Корея білім беру ошақтарына ауқымды инвестиция бөліп отырады, бұл ел электронды білім берудің әлемдік лидері атанды.
Оқыту әдістемесін компьютердi қолданып жетілдіру мүмкіндіктері 1997 жылы қабылданған “Қазақстан Республикасы орта бiлiм беру жүйесiн информатикаландыру” Мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асуынан бастау алды. Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Ақпараттық технологиялар ғылыми-зерттеу лабораториясы, Бiлiм берудегi ақпараттық технологиялардың аймақтық орталықтары және т.б. ұжымдардың ғылыми-зерттеу лаборатория қызметкерлерi бiрлесе отырып орта мектептерге арналған бiрнеше мультимедиялық оқыту бағдарламаларын құрастырып, таратты. Ол өз кезегінде мектеп мұғалiмдерi мен оқушылары үшiн электронды ақпараттарды алуға, қажеттiсiн пайдалануға, өңдеуге, тасымалдауға, жинақтауға болатындай ақпараттар ағымы кеңiстiгiн құруға негіз болып табылды.
Американдық ғалым Х.Ж. Бекер өзінің ғылыми мақалаларында физиканы оқыту барысында компьютерді қолданудың тәртібін, ерекшелігін қарастырады. Ол физиканы оқытуда ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданудың мазмұнын талапқа сай өзгертіп отыруды ұсынады. Виртуалды эксперимент сабаққа өте оңай енеді және оқу іс-әрекетінің жаңа түрлерін ұйымдастыру мүмкіндігін береді [15]. Эксперименттің бұл түрін қолдану оқытудың белсенді формаларын қолдану және сол арқылы рөлдерді өзгертуге жаңа перспективалар ашады. Физика курсын оқытуда курсты меңгеруді және меңгеруді ұйымдастырудың мүмкіндіктеріне компьютерлік қолдау түбегейлі жаңа жағдай туғызады, мазмұнды байыту мүмкіндігі бар және шеберліктің белсенді түрлері мен әдістерін қолдануға кепілдік береді
Виртуалды зертханалар келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- білім беруді даралау және саралау;
- әр түрлі шығармашылық әрекеттерді ынталандыру;
- өзін-өзі бақылау дағдыларын, рефлексия дағдыларын тәрбиелеу;
- оқушының оқу үрдісіндегі рөлінің пассивті бақылаушыдан белсенді зерттеушіге өзгеруі;
Қазіргі уақытта көптеген виртуалды тәжірибелер үшін пайдаланылатын электронды білім беру ресурстары бар. Мұндай электронды білім беру ресурстары: «Жанды физика», «1C-измеритель», «Macromedia Flash», «конструктор экспериментов», «начала электроники» және т.б. Аталған
компьютерлік бағдарламалар модельдеу және кез-келген қиындықтағы тапсырмалар мен эксперименттер қамтамасыз ету интерактивті мүмкіндік береді. Бағдарламалар тек қана мектеп физика курсында ғана емес, университетте де қолдануға негізгі физикалық ұғымдарды ашып, рефератты көрнекі ету арқылы заттар мен теориялық құрылыстарды сипаттауға мүмкіндік береді
ҚР БҒМ электронды оқулықтар, мультимедиялық білім беру
бағдарламалары түрінде білім беру қорын құру бойынша шаралар қабылдауда. Бұған техникалық құжаттама, зияткерлік меншік, авторлық құқық және басқалар кіреді. Алайда, әзірленген электронды оқулықтар, оқу құралдары мен бағдарламалар CD және DVD дискілерінде таратылады, Интернетке бейімделмеген және Интернетте қайта пайдалануға арналмаған. Елімізде электронды оқыту саласында ҚР СТ 34.016-2004 «Қашықтықтан оқытуға арналған аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыру. Жалпы техникалық талаптар »және ҚР СТ 34.017-2005« Ақпараттық технологиялар. Электрондық басылым » Электронды оқыту курстарын құру кезінде әзірлеушілер электрондық оқыту жүйелерінің іс жүзіндегі стандарты болып табылатын SCORM негізінде олардың үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін қолдау көрсететін халықаралық стандарттардың талаптарын ескеруі керек. Алайда, білім беру стандарттарына сәйкестік Қазақстанда электронды дамыту үшін ұсынылған норма болып қала береді. Электронды оқыту жүйесіне қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері енеді, олар желілік технологияларды жергілікті желі және ғаламтор арқылы белсенді қолданады. Толыққанды жұмыс істейтін модульдік LMS (Learning Management System) ортасы бар ашық Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ веб-сайтында қол жетімді және халықаралық білім беру технологиялар стандарттарына сәйкес келеді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары мен әлеуетті тұтынушылардың Интернетке қол жетімді болмауына байланысты жүйені іске асыру мүмкін болмады.
Виртуалды зертханалардың білім берудегі орнын, қазіргі заманғы ерекшеліктерін ескеретін болсақ, әр түрлі білім беру жүйесіндегі оқыту формалары үшін, мысалы қашықтықтан оқытуда, бұл өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар оқушылардың өз бетінше өзіндік жұмысты орындауда, виртуалды зертханаларды пайдалану кезінде балалардың жас ерекшеліктерін де ескеру қажет. Виртуалды зертханаларды қолданып өз бетімен жұмыс жасаудың маңыздысы – оқушылардың тәжірибелерді өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Физикалық шығармашылық еңбекте оқушылардың іскерлік қабілеті, білім деңгейі, білім жоғарылығынан туатын толық дербестігі айқын көрінуі қажет. Шығармашылық жұмыстар оқушылардың дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасайды. Сонымен бірге өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |