Лекция №1-3 Кіріспе. Мультимедиа және ақпараттық мәдениет ұғымдары. Интернеттегі білім беру платформалары. Білім берудің мультимедиа білім ресурстарына және оларды қолдану әдістемелері және әдіснамасы


Электронды оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар



бет8/16
Дата08.04.2023
өлшемі0.62 Mb.
#471957
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Электронды оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар
Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үдерісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс.
Педагогикалық үдерісте электронды оқулықтарды қолдану оны ұйымдастырудың дидактикалық қағидаларының іске асырылуына қалайша ықпал ететінін қарастырайық.
- мақсаттылық қағидасы. Мұғалімнің оқушылармен өзара әрекеттесі педагогикалық үдерісі тек екі тараппен нақты ұғынған мақсат болған жағдайда ғана бола алады. Электронды оқулықтардың олардың мазмұнымен, сипатымен және материалдың күрделілігімен анықталатын нысаналы мақсаты бар. Дәл сондай оларды қолданудың жас ерекшеліктері де, оқыту немесе тәрбиелеу үдерісіндегі орны (жаңа материалды қабылдауға дайындау; жаңа ақпаратты беру, оны суреттермен сипаттау; жалпы түсініктердің немесе ұғымдар мен ой-пікірдің қалыптасуына ықпал ету; алынған білімді игеру деңгейін немесе қалыптастырылатын біліктілік пен дағдыларды бекіту, жалпылау, тексеру) анықталады;
- оқу–тәрбие үдерісін ізгілендіру және демократияландыру – педагогикалық өзара әрекеттестік субъектілерінің тұлғасына жүгіну, олардың қатысуы мен ынтымақтастығын кеңейту. Заманауи ақпараттық технологиялар және техникалық құралдар балалардың жас ерекшелігін, даму деңгейі мен дайындығын ескере отырып, олармен жұмыс барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оқытудың заманауи электронды құрал-жабдықтары мұғалімді де, оқушыларды да ортақ әрекеттің белсенді қатысушылары етеді, себебі оқытудың көптеген заманауи құралдары жаңа дидактикалық материалдарды әзірлеу, орындалатын жұмыстар мен жобаларды өтеу және жетілдіру барысында тәуелсіздікті және шығармашылық белсенділікті танытуға мүмкіндік береді;
- мәденилік. Оқыту және тәрбиелеу үдерісі барысында жас жеткіншектерді олар өсіп, тәрбиеленіп жатқан қоғамның және халық мәдениетінің байлығымен және өзіндік ерекшелігімен, әлем мәдениетімен және оның сарқылмас әлеуетімен таныстыру қажеттілігінде. Электронды оқулықтарды пайдалана отырып аталған қағиданы іске асыру өте қарапайым. Кез келген елдің мәдениеті туралы бір оқу фильмі, немесе интернетпен жұмыс жасау барысында алынатын ақпараттың көптігі соншалықты, алынатын түсініктердің айқындылығын, көркемдігін, нақтылығын және толықтығын айтпағанда, оны мұғалім көптеген сабақтар барысында да бере алмайды;
- табиғилық. Оқу мен тәрбие табиғатпен үйлесімдікте және адамның дамуының әрбір жас ерекшелік кезеңінің өзгешелігін ескере отырып және табиғатқа и әрбір оқушының жеке мүмкіншіліктеріне сәйкес құрылу қажет. Бұл қағиданы іске асыру үшін оқытудың ақпараттық технологияларының күрделілік дейгейі бойынша оқу материалын дифференциациялау жолымен нақты оқушының ерекшелігіне икемделетін жеке бағдарламаларды және зияткерлің бағдарламаларды құруға дейін сарқылмас мүмкіндіктері бар;
- ғылымилық, қол жетімділік, жүйелілік және бірізділік. Ғылымилық қағидасы ғылымда берік орныққан білім ақпараттық технологиялар көмегімен беріліп, оқушыларға қол жетімді түрде заттардың ең маңызды қасиеттері мен нышандары көрсетілетін жағдайда іске асырылады. Оқытудың қол жетіміділік қағидасы, яғни, материалдың мазмұны мен берілу әдістерінің оқушылардың жас ерекшелік және жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі де оқытудың заманауи ақпараттық технологияларын қолдану негізінде жатыр: оларды сабақта тарту оқу материалын игеруді жеңілдету қажеттілігімен шақырылған. Жүйелілік қағидасына (баяндаудың қатаң логикалық бірізділігіне) сабақтар жүйесінде немесе осы нақты сабақта оның материалымен логикалық байланыста белігілі бір орынға есептелген кез келген оқу құралы, мультимедиялық презентация бағынуы тиіс;
- саналылық, белсенділік және өзіндік әрекеті де оқытудың электронды оқулыққа қатысы бар. Олардың көмегімен оқушылар фактілер мен құбылыстарда жақсырақ түсінеді, олар бастамашылыққа жетелейді, мектепте берілетін білімді қолдануға үйретеді;
- ойлау белсенділігі проблемалық жағдаяттарды құру жолымен электронды оқулықтар көмегімен ынталандырылады: оқушыларды зерттеу жолымен білімді игеруге бағыттайды, мұндай жағдай әдейі жасалғанда, одан шығу жолын оқушылардың өздері іздейді. Оқытуды бенлсендіру тұрақты танымдық қызығушылықты қалыптастырумен тығыз байланысты. Электронды оқулықтар мұндай қызығушылықты өзінің бейнелеу мүмкіндіктерімен шақырады, әдеттен тыс түрде берілген белгілі материал да жаңа қасиеттерге ие болады, көз алдына елестеген көріністен өзгеше түрде беріледі. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығы және фотосуреттердің, суреттердің, қолжазбалардың, көне кітаптардың, фотохрониканың - деректі материалдың оқу-тәрбие үдерісіне қосылуы ынталандырылады, олардың арқасында оқушылардың пәнді оқуға ынтасы артады;
- көрнекілік қағидасы - электронды оқулықтардың бүкіл жүйесін тудырған, олардың бағыттылғын, мазмұнын, тиісті дидактикалық құралдардың әзірлемесін анықтайтын қағида. Бұл қағида компьютердің көмегінсіз көрсетілуі мүмкін емес нақты уақытта алуан түрлі фактілер мен құбылыстарды көрсетудің бағдарламалық және техникалық мүмкіндігі арқасында сабақта ақпараттық технологияларды қолдану көмегімен толық іске асырылады;
- беріктік қағидасы оқушыларға есептерді шығару барысында алынған теориялық білімдерін бекітуге немесе теориялық материалды қайталауға және жалпылауға көмектесетін алуан түрлі тренажерларды, түрлі оқыту бағдарламаларын және оқу кешендерін әзірлеуге түрті болды;
- тәрбиелеу мен оқытудың ұжымдық сипаты қағидасы әрбір бала тұлғасының жеке ерекшеліктерінің дамуымен байланыста. Әрбір оқушы ортақ жұмыстың өзіне тиесілі бөлігін толығымен дербес орындай алған жағдайда, ал сосын осының барлығы бірыңғай нәтижеге алып келгенде, бүкіл сыныптың әрекеті жүйесінде жеке тапсырмаларды жасау және ұсыну мүмкіндіктері бар ақпараттық технологиялар сабақта ұжымдық, фронталды және жеке жұмыстар үйлесімінің негізгі құралы болады;
- шама қағидасы және пайдаланудың кешенді сипаты қағидасы. Оқытудың электронды құрал-жабдықтарың алуан түрлі және сарқылмас мүмкіндіктері бірқатар мұғалімдердің оларға деген қызығушылығын тудырады, сонда осы құралдар өзіндік мақсатқа айналады. Барлығы шамасына қарай жақсы – педагогикаға қатысты тәрбиелеу мен оқытудың екінші «алтын ережесі» деп айтуға болатындай ереже. Мұғалім оларды пайдалануда шаманы сезе алмаған жағдайда, кез келген, ең тамаша құрал немесе әдіс сәтсіздікке ұшырауы мүмкін.
Түсінуді арттырған жағдайда оқу материалын игеру сапасын төмендетуге сөзсіз, соның салдарынан ақпараттың айтарлықтай бөлігі игерілмей қалуға алып келетін түсінудің оңтайлы ақпараттық сыйымдылығы бар. Сондықтан педагогикалық үдерістің ақпараттық толымдылығын шексіз көбейтуге болмайды. Оқыту құралдарының құрамдас бөлігі бола отырып, ақпараттық технологиялар баспа оқу-көрнектілік құралдарымен, макеттермен, табиғи нысандармен, қолданыстағы үлгілермен және басқа да оқытудың дәстүрлі құралдарымен үйлесімділікте пайдаланылуы тиіс [17].
Электронды оқулықтарға қойылатын дидактикалық педагогикалық талаптар: оқу мақсатындағы электронды құралдар мазмұнының жалпы орта мектепте қабылданған оқу бағдарламасымен және физика бойынша оқушылардың бастапқы білім деңгейімен анықталатын мақсаттар мен міндеттерге сәйкестілігі; оқытудың дидактикалық қағидаларына сәйкестігі (мазмұнының ғылымилығы; қол жетімділігі; білім мен біліктілікті қалыптастырудағы жүйелілік пен бірізділік; оқу материалының көрнекілігі және қарапайымдылығы; оқытудағы саналылығы және белсенділігі; өткен материалдың меңгеру орнықтылығы); біліміндегі кемшіліктерін түзету және анықталған олқылықтарын толықтыру арқылы мұғалімге оқушылардың білімі мен біліктілігін диагностикалау үдерістерін автоматтандыру мүмкіндігін қамтамасыз ету, оқу үзінділерін көп мәрте қайталау мүмкіндігі, өткен тапсырмаларға қайта оралу; мұғалім оқушылардың автоматтандырылған бақылауы және өзін-өзі бақылауы үшін тестілердің түрлі нұсқаларын жасау және көбейтуді қамтитын авторлық сабақтарды жасау үшін инструменталды бағдарламалық құралдарды пайдалану.
Қазіргі заман талабына орай, оқытуда интернетті пайдаланып, төмендегі іс-әрекеттерді жүзеге асыра алады:
1. Мультимедиялық түрдегі кітап, лекция, әдістемелік құралдар, ғылыми газет-журналдарды оқу;
2.Педагогикаға қатысты компьютерлік оқытушы бағдарламаларды қолдану;
3.Электрондық кітапхананы қолдану;
4.Берілгендер қорын пайдалану;
5.Ақпараттық-анықтамалық жүйені пайдалану;
6. Электрондық почтаны қолдану;
7.Электрондық телеконференция өткізу;
8.IRC (Internet Relay Chat);
9.Каталог іздеу;
10.Іздеу жүйесін қолдану;
11.Мета іздеу жүйесін пайдалану және т.б.
Жоғарыда айтылғандарды баяндай келе, негізгі мектепте мұғалімдер, электрондық оқулықтармен жұмыс істеуді меңгертуіміз керек. Сонымен бірге, олар сабағында интернетті де тиімді пайдалана алатындай болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет