Лекция №1-3 Кіріспе. Мультимедиа және ақпараттық мәдениет ұғымдары. Интернеттегі білім беру платформалары. Білім берудің мультимедиа білім ресурстарына және оларды қолдану әдістемелері және әдіснамасы



бет7/16
Дата08.04.2023
өлшемі0.62 Mb.
#471957
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Лекция №19-21
Электронды оқулықтарды қолдану. Электронды кітапханалар

Қaзaқстaн Pеспубликaсындaғы білім беpуді aқпapaттaндыpу үдерісіндегі aлғaшқы сaтылapдың біpі электpoндық oқулықтapды әзіpлеп, oлapды oқу үдерісіне ендіpу бoлды. Oсы бaғыттa oтaндық ғaлымдapдың көптеген еңбектеpі жapық көpді. Г.К. Нуpгaлиевa өз еңбектеpінде элекpoндық oқулық жaсaу білім беpуді бaғдapлaмaлық жaбдықтaуғa негізделетінін көpсетті. A.С.Қaдыpoвa әpтүpлі пәндеp бoйыншa электpoндық oқулықтың құpылымдық мoделін aнықтaды. Кәсіптік педaгoгикaлық білім беpу жүйесіндегі электpoндық oқулықтapдың сипaттaмaсын зеpттеді. Электpoндық oқулықтap негізінде oқытудың әдісін жaсaды [9]. Н.Н. Керімбаев еңбектерінде физика саласында білімді ақпараттандыру мәселелерін, қазіргі ақпараттандыру қоғамында физика саласы бойынша мұғалім даярлаудың әдістемелік жүйесін, физиканы оқытуда АКТ-ны қолдану арқылы оқыту әдістемесін дамыту мәселелерін қарастырды [10]. И.В. Роберттің еңбектерінде берілген анықтамаларға сәйкес, қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың құралдары ретінде - микропроцессорлық есептеуіш техника негізінде жұмыс істейтін бағдарламалық және техникалық құралдар, сонымен қатар, компьютерлік желілердің ақпараттық қорларына қол жеткізуге және ақпаратты алу, өңдеу, беру, жинақтау, өндіру операцияларын қамтамасыз ететін, ақпараттық алмасу, ақпаратты көрсету жүйелері мен қазіргі заманғы құралдар түсіндіріледі. Сонымен қатар И.В. Роберт өз еңбегінде, білімді ақпараттандыру негізінде қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды әдістемелік нұсқаулық бойынша классификациялауға болатындығын айтады [11]. Өзінің ғылыми еңбектерінде Э.П. Семенюк былай деп жазады: «Егер компьютерлендіру - тек техникалық үдеріс болса, ақпараттандыру- әлеуметтік үдеріс, ол қоғам өмірінің барлық тараптарын қамтып, ал түрлі салаларды компьютерлік құралдармен қамтамасыз ету оның техникалық алғышарты мен негізі болып табылады» [12].


Білім беру жүйесін ақпараттандыруға салмақты үлес қосқан ғалымдардың бірі академик А.П.Ершов. Оның пікірінше, «ақпараттандыру - бұл адами іс- әрекеттің қоғамдық маңызы бар барлық түрлерінде дәлелді, нақты, уақытылы білімді толығымен пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені». Мұнда А.П. Ершовтың ойынша, ақпарат «қоғамның сәтті дамуы қабілетін негіздейтін, қоғамның стратегиялық қоры» болып табылады [13].
Ақпараттық технологиялардың қоғамдық мәнін талдай отырып, К.К. Колин мынадай тұжырымдама жасайды[14]:
- қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар қоғам дамуының ең маңызды стратегиялық факторы болып табылатын, ақпарат қорларын өзектендіруге және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
- өркениеттің дамуы өтетін ақпараттық қоғамның бағытында еңбекпен қамтылған халықтың еңбегінің обьектісі мен нәтижесі материалдық құндылықтар емес, ақпарат пен ғылыми білім болып табылады. Мұндағы ақпараттық технологиялар қоғамдағы ақпараттық үдерістерді жалпылауға және
автоматтандыруға мүмкіндік береді.
- ақпараттық үдерістер, басқа, анағұрлым күрделі өндірістік және қоғамдық үдерістердің маңызды бөлшектері болып табылады. Соған орай, ақпараттық технологиялар, сәйкес өндірістік және қоғамдық үдерістердің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
- телекоммуникациялық технологиялар ақпараттық технологиялардың бөлігі бола тұра, бұқаралық ақпарат құралдарын дайындау мен тарату жүйелерінде, адамдар мен ұйымдар арасында ақпараттық өзара әрекеттестікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
- ақпараттық технологиялар қоғамның зияткерленуі, оның білім беру жүйесі мен мәдениетінің дамуында орталық орынды иеленеді. Сонымен бірге, оқытушы ақпараттық құралдарды пайдалану, өзін-өзі оқыту жүйесі, мамандардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау жүйелері үшін айтарлықтай тиімді әдіс болады. Ақпараттық үдерістер қоғамның барлық саласына тән болғандықтан, адам ақпаратты өндіру, тұтыну және тарату секілді ақпараттық іс-әрекеттердің барлық түрлеріне қатысады.
Әлемнің дамыған елдерінде келешегі зор жоғары білім беру жүйесін қалыптастырудың бір жолы ақпараттық қоғамның қалыптасуы болып табылады: білім беру арқылы жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін ашуға бағытталған дамытушы және инновациялық әдістерді кең көлемде енгізу; жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар негізінде қашықтықтан
оқыту жүйесін дамыту жолы мен халықтың кең көлемді сапалы білім беруге қол жетімділігін арттыру болып саналады.
Елімізде білім беруді ақпараттандыру үрдісі, оның негізгі бағыттары мен болашағы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мақсатын, мазмұнын, ұстанымдарын, психологиялық-педагогикалық негіздерін қарасытрған ғалымдар да бар. Е.Ы.Бидайбеков «Ақпараттық технология дегеніміз – технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және бағдарламалық - техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы» деп ой тұжырымдады [15]. Сонымен бірге, Е.Ы.Бидайбеков өзінің «білімді ақпараттандыру саласында қолданылып жүрген терминдерді жүйелеп, нақтылау керек» атты сұхбатында білімді ақпараттандыру - бұл оқытуды ғана ақпараттандыру емес, білімді ақпараттандыру - бұл оқу қызметін, оқу нәтижелерін бақылау мен өлшеуді, оқудан тыс қызмет пен тәрбиелеу үдерістерін, ғылыми зерттеу қызметін және ғылыми әдістемелік қызметті, сол сияқты ұйымдастыру-басқару қызметін ақпараттандыру деген болатын[16].
Қоғамның дамуы үшін ақпараттық технологиялардың маңыздылығы 1-суретте келтірілген.

Сурет 1 - Қоғамның дамуы үшін ақпараттық технологиялардың


маңыздылығы

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау көрсеткендей, ақпараттық технологиялар термині соңғы жылдары компьютерлік технологиялар терминінің синонимі ретінде танылуда, себебі, компьютерді қолданумен байланысады. Дегенмен, ақпараттық технологиялар термині анағұрлым кең және өзіне компьютерлік технологияларды қосады. Мұндағы ақпараттық технологиялар, қазіргі заманғы компьютерлік және желілік құралдарды пайдалануға негізделетін қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар терминін қалыптастырады. Қазіргі таңда физиканың оқыту әдістемесін дамыту мақсатында білімді ақпараттандыру жағдайына баса назар аударыла бастады. 2 суретке сәйкес орта мектепте бiлiмдi aқпapaттaндыpудың мaңызы сызба түрінде көрсетілген.


Ақпараттық технологиялар құрамына оқу үдерісінде қолданылып жүрген білім берудің электронды құрал жабдықтары да кіреді. Соның бірі білім беру жүйесінде кеңінен қолданыс тауып жүрген электронды оқулықтар. Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың түбегейлі негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ кез-келген мәліметті тауып алып, оқып-ақ үйренуіне болады. Лабораториялық, практикалық жұмыстар компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі.

Сурет 2. Орта мектепте бiлiмдi aқпapaттaндыpудың мaңызы


Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде дәстүрлі құралдарға қарағанда электрондық оқулықтарды қолдану қажеттігі артып келе жатқандығын көруге болады. Сондай-ақ, электрондық оқулықтарды оқу-әдістемелік кұралдармен үйлестіре қолданудың тиімділігін практика көрсетіп отыр. Дегенмен, электрондық оқулықтар компьютерсіз оқыту құралдарын толығымен алмастыра алмайды. Шындығында электрондық оқулықтар дәстүрлі құралдардың тиімді тұстарын ала отырып, оқытудың жаңа сапалық деңгейіне алып келеді.


Visual Basic тілі, Delphi тілі сапасы оны оқу үдерісінде пайдалану барысында ғана анықталады. Қазіргі кезде көптеген Delphi тілі түрлі нұсқалары дайындалып, ұсынылуда. Ал, шет елдерде бұл бағытта зерттеулер жүргізіліп, Visual Basic тілі, Delphi тілінде даярланған электрондық құралдар жасалынып, олардың кемшілікгері айқындалуда. Талдаулар нәтижесінде Visual Basic тілі, Delphi тілінде оқу-әдістемелік құралдың электронды көшірмесі ретінде ғана кұрылатындығы анықталды.
Visual Basic тілі, Delphi тілі көмегімен жасалған электрондық әдістемелік құрал - компьютерлік оқу құралы деп аталынып, білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарына жатады. Visual Basic тілі, Delphi тілінде жасалған электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен катар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Visual Basic тілі, Delphi тілінде жасалған электрондық оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық - мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет