Лекция №1-3 Кіріспе. Мультимедиа және ақпараттық мәдениет ұғымдары. Интернеттегі білім беру платформалары. Білім берудің мультимедиа білім ресурстарына және оларды қолдану әдістемелері және әдіснамасы



бет5/16
Дата08.04.2023
өлшемі0.62 Mb.
#471957
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Лекция №13-15
Интернет желісін қолдану. Оқытудағы интернет желісін қолдану тиімділігі. Интернет желісіндегі компьютерлік бағдарламалар

Көптеген педагогтар сабақтарға жаңа материалдар енгізу, иллюстративтік және анықтамалық материалдар дайындалу үшін, Интернет мүмкіншіліктерін пайдаланады. Қазіргі заман педагогтары Глобалды желідегі ақпараттық ресурстарды өздерінің мамандық қызметі үшін төменгіше қолдана алады:


• Қажетті дидактикалық, әдістемелік материалдарды және басқа да материалдарды дайындап off-line режимінде сабақ өту ұшін;
• Компьютерлі оқытушы бағдарламалар мен демонстрациялық, моделдеуші бағдарламаларды көшіріп сабақта пайдалану үшін;
• желі ресурстарын пайдаланып on-line режимінде сабақ өту үшін, мысалы, анимациялар, апплеттер мен виртуалды лабораториялар;
• алыстан оқытуды және тестерді пайдаланып оқыту мен бақылауды ұйымдастыру үшін;
• үй тапсырмаларын орындауына оқушыларға ақпараттық ресурстар адресін беру үшін;
• сыныптан тыс жұмыстарға Интернет-ресурстарын пайдалану, мысалы жобалау қызметтері үшін;
• Оқушылардың дистанциялық олимпиадалар мен викториналарға қатысуын ұйымдастыру үшін;
• әртүрлі телеконференциялар мен виртуалды педагогикалық кеңестерге қатысу, әріптестермен электронды пошта арқылы хабарласу және әдістемелік материалдарды игеру арқылы өзінің мамандық шеберлігін арттыру үшін.
7.1. «Интернет — физика мұғаліміне» —ең бағалы ресурстарға шолу.
«Физика в картинках» курсына бар кейбір сәтті моделдер кірмегенін айта кету керек. Мысалы: «Конструктор резисторов», «Конструктор конденсаторов», «Линза как оптический прибор», «Скорость света. Опыт Майкельсона» және тағы да бірнеше моделдер. Соңғы курстарды да желілік вариантта қолдануға болады. Бірақ ол үшін арнайы жілілік бағдарлама алу қажет. Бұл бағдарлама қосымша қаржыға сатылады. «ФИЗИКОН» компаниясы сонымен қатар «Открытая Астрономия 2.5» және «Открытая Химия 2.5» компакт-дискілерін шығарады. Олардың ішіндегі көптеген материалдарды физика сабақтарында пайдалануға болады.
Интернет желісіндегі компьютерлік бағдарламалар
Компьютерлік бағдарламаларды кез келген ақпараттық ресурстар секІлді Интернет желісінен көшіріп алуға болады. Кейбір сайт беттерінде толыққанды компьютерлік бағдарламалар орналасқан, олардың авторлары ресурстарды тегін таратады. Бағдарламалардың ең қызықтыларының аннотациялары мен адрестерін келтірейік.
«Сборка» тұрақты ток тізбектерінің виртуалды конструкторы
«Сборка» инструменталды бағдарламалық орта немесе виртуалдық конструктор орта мектепте тұрақты ток заңдарын оқып игеруге арналған. Бұл бағдарламаны қолданып оқушылар компьютер экранында электр тізбектерін құрастырып оны зерттей алады. Яғни токтар мен кернеулерді өлшей алады. Конструктор оқушылардың ізденіс және зерттешілік тапсырмаларды орындауына мүмкіншілік береді. Конструктормен жұмыс атқару өмірдегі нақты шарттарға мейлінше жақын. Электр шамдары жанады немесе шам есептелмеген токтан шамадан тыс ток жіберсе күйеді, өлшеуіш приборлар да қарайып күйіп кетеді. Бірақ нақты приборларға қарағанда виртуал приборларды лезде ауыстырып алуға болады. Баса артықшылығы виртуал лабораториядағы барлық приборлардың көрінісі мектеп лабораториясындағы нақты приборлардың көрінісіндей. Виртуал коструктормен жұмыс атқару оқушылар үшін натурал лабораториялық жұиыстарды атқаруда пайдалы. Бағдарлама авторы Шадринск мемлекеттік педагогикалық институның информатика оқытушысы Д. А. Слинкин. Сайтта автордың әдістемелік материалдары мен 8 сыныпқа арнап құрастырған виртуалды лабораторияның әдістемелік ұсыныстары келтірілген.
Виртуалды конструктор «Начала электроники»
Бұл виртуал коструктор техникалық ЖОО –ң төменгі курс студенттеріне арналған. Конструкторда әртүрлі элементтік база: резисторлар, конденсаторлар, индуктивті катушкалар, тұрақты және айнымалы ток көздері бар. Ток пен кернеу өшеуге арналған виртуал мультиметрлер мен виртуал осциллограф арқылы өлшеулер жүргізіп тұрақты және айнымалы ток тізбектерін зерттеуге болады. Электрондық конструкторды қолданып оқушылар әртүрлі электр тізбектерін «құрастырып» орныққан режим жұмысын бақылай алады. Конструктор көмегімен оқушылар өткізгіштердің материал табиғатына, ұзындығына және көлденең қимасына тәуелдігін; өткізгіштер, конденсаторлар мен индуктивтілік катушкалардың тізбектеліп және параллель жалғану заңдылықтарын, сыйымдылық және индуктивтік кедергілердің айнымалы ток жиілігіне тәуелдігін және т.т. зерттей алады. Бағдарлама Алматы қ. Аль Фараби атындағы Қаз. ҰУ профессоры В.В. Кашкаров жетекшілігімен жасалған.
Анимациялар. «Физика в анимациях» — [72]. Осы сайтта механика, толқындар, термодинамика, оптика бөлімдеріне арналған анимациялар берілген. Анимациялар теориялық түсініктемелермен қатар жүргізіледі. Сайттан қысылмаған анимациялар мен басқа материалдарды қосып алуға болады. Форум жұмыс істейді. The New York Times газеті жүргізген сұраунамалар нәтижесінде бүткіл физика тәжірибелерінің тарихындағы ең тамаша оны деп америка ғалымдары таныған анимациялар жақында пайда болды. Сонымен қатар найзағайлардың құрылуы туралы, екі қара тесіктік бірігуі мен бірнеше кинематика есептері туралы анимациялар пайда болды.
Өкінішке орай сайттан барлық анимацияларды қосуға болмайды, бірақ олардың барлығы компакт-дискілерде бар. Бұл дискілерді пошьа арқылы қаржыға сатып алуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет