3. Ұлттық психиканың құрылымы
Ұлттық психика мынадай
құрылымдарға ие:
1) Ұлттық психиканың жүйелік-құрылымдық
жақтарына мыналар жатады:
Ұлттық өзіндік сана – адамдардың белгілі ұлттық қауымға
жатуы және қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өз жағдайын ұғыну және жете түсіну;
Ұлттық мінез – этностық бірлік өкілдерінің тұрақты тарихи қалыптасқан
психологиялық басты ерекшеліктерінің жиынтығы;
Ұлттық темперамент – мінез-құлықтың арнайы сипаттамасы;
Ұлттық қызығушылықтары мен бағдарлануы – этностық бірлік өкілдерінің тұтастығы
мен бірлігін сақтауға қызмет ететін, ең алғашқы мотивациялық қоғамдық-психологиялық
құбылыстардың көрінісі;
Ұлттық сезімдер мен көңіл-күйлері - өзінің этностық бірлігіне, олардың қызығушылықтарына,
басқа халықтардың құндылықтарына адамдардың эмоциялық күшке ие қатынасы;
Ұлттық дәстүрлері мен әдеттері – нақты этностық бірлік өкілдерінің аға
буынан жас буындарға беріліп отыратын, күнделікті өмірде мықты тұрақталған
ережелер, нормалар, әрекет таптаурындарі, қарым-қатынастары;
Ұлт психологиясының динамикалық жақтарының
(ұлттық психологиялық ерекшеліктері) жүйелік-құрылымдылық жақтарынан
айырмашылығы ұлттық-психологиялық құбылыстардың қызметтерін саналы түрде меңгеріп
алуға және айқын шығаруға мүмкіндік береді.
2) Ұлттық психологияның динамикалық жақтарының құрамына
мыналар енеді:
1. ұлттық психологиялық ерекшеліктердің
мотивациясы этностық бірлік өкілдерінің іс-әрекетінің қозғаушы күштерін
сипаттайды, олардың мақсаттары мен ерекшеліктерін көрсетеді;
2. интеллектуалдық-танымдық жағы ұлттық
психика өкілдерінің ойлау және қабылдау ерекшеліктерін, олардың арнайы танымдық
қасиеттерінің басқа халық өкілдерінен айырмашылықтарын анықтайды;
3. эмоционалдық-еріктік жағы іс-әрекет нәтижесінің
көбінесе әртүрлі этностық бірлік өкілдерінің эмоциялық және себепші болуын көрсетеді;
4. комуникативті мінез-құлық – нақты халық өкілдері
қатынастарының арнайы ақпараттық және тұлғааралық өзара әрекеттердің өзара
ерекшеліктерін қамтуы.
Достарыңызбен бөлісу: |