Өзін-өзі бақылауға арналған
сұрақтар:
1. Шетелдегі және
Ресейдегі ғылыми зертеулерде этнопсихологияның дербес сала ретінде пайда
болуы қай кезеңге жатады?
2. Батыс ғылымындағы
этнопсихогияның негізгі мектептерін атаңыз?
3. Отандық қоғамдық
ғылымда қалыптасқан ұлттық психологияны зертеудегі негізгі теориялық
бағыттарды атаңыз?
4. ХVIII-XIX ғ.ғ. этнопсихологиялық
зерттеулер қандай ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты?
5. Халық психологиясының
негізгі қағидалары?
6. Қазақстандағы
этнопсихологиялық ойлардың даму тарихы туралы айтыңыз?
Қарастырылатын
сұрақтар (дәріс жоспары):
Ұлттық психология этнопсихологиялық феномен
ретінде
Жоспары:
1. Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі
2. Психология тұрғысындағы ұлттық психиканы түсіндіру
3. Ұлттық психиканың құрылымы
4. Ұлттық-психологияның
қалыптасу факторлары
5. Ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудың өміршең мәселелері
1. Ұлт психологиясы –
этнопсихологияның негізгі мәселесі
Ұлт психологиясы халқымыздың
ғасыр бойы жинақталған, жүйеге түскен әдет-ғұрып, ұлттық дәстүр, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене т.б. тәрбиеге
байланысты нормалар мен принциптер, яғни ұлтымыздың мінез-құлқы, іс-әрекетінің
ішкі астарларын сөз етеді.
Бүкіл халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік
нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – ғылыми этнопсихологияның ілкі бастауы
болып табылатын халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады.
Мұнда ғасырлар бойы сұрыпталып
жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа
біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене, т.б. тәрбие
түрлеріне қатысты таптаурынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір
этностың, жалпы мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық
психология – психика мен мінез-құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не
жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің
жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі
пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл –
адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән
психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Әйтсе
де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, адам психологиясын
ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның
деректеріне ғана сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін
зерттеу мен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы
шұғылданады. Этнопсихология зерттейтін проблемалар (этностереотип,
этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр,
салт, т.б.) сан алуан. Біз төменде солардың бірі – «ұлттық мінезге» тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |