. Этнопсихология дамуының
тарихи жолына қысқаша шолу.
Жоспары:
1. Этнопсихологиялық ой-пікірлердің
ежелдегі дәуірде дамуына шолу
2. Этнопсихологияның шетелдік
ғылымда дамуы
3. Этнопсихологиялық ой-пікірлердің
Ресейде қалыптасуы
4. Қазақстандағы этнопсихология
ғылымы.
Этнопсихологиялық ерекшеліктерді зерттеу мәселелері
адамдардың тәжірибелік қажеттелікітерінің және олардың саяси-экономикалық,
мәдени байланыс жасайтын мемлекет халқының дәстүрлері мен мінез-құлық
ерекшеліктерін білуге талпынудың нәтижесі ретінде пайда болды. Рухани
психологиялық салада этностық айырмашылықтарды зертеп-білу, оның халық
тұрмыс-салтына, мәдениетіне әсер етуі және жалпы осы халықтардың
іс-әрекеттерін білу ғалым-ойшылдарды әлдеқашаннан-ақ қызықтырды.
Еуропалық өркениет дамуында көне Рим және Грек тарихшылары,
философтары, саясатшылары адамдар арасында айырмашылықтың бар екенін, сонымен
қатар «Ойкуменді» мекендеген әр түрлі халықтардың өкілдері арасында
алшақтықтар болатынын анықтаған.
Көне зерттеушілер этностық айырмашылықтың себебін белгілі
географиялық-аймақтық, климаттық жағдайларынан болады деген.
Гиппократ озінің «Ауа, су, жер» атты еңбегінде әр халықтың
бойындағы ерекшеліктері олардың географиялық орналасуы мен климаттың әсерінен
деп көрсетті.
Геродот әр түрлі халықтардың мінез-құлық және өмір сүру
ерекшеліктері олардың қоршаған табиғи ортасына байланысты деп түсіндірді.
Осыған сәйкес, Геродот басқа жердегіден гөрі, Египеттегі аспан ерекше, сол
сияқты Ніл өзені дс басқа өзендерге қарағанда өзінің табиғи өзгешіліктерімен
ерекшеленеді дей келе, египеттіктердің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында
басқа халықтардікінен айырмашылығы бар деп көрсеткен.
ХІV-ХVІ ғасырларда алтын кендерін іздеуге деген
қызығушылықтың пайда болуы еуропалықтарды ұлы географиялық ашылуларға әкелді.
Тек халықтар арасында ғана емес, сонымен қатар нәсілдер арасындағы этностық
айырмашылықтарды жаңаша меңгеру мен жаңаша ойлау заманы туды. Сөйтіп,
этностық айырмашылықтың түсіндірмелі принципі ретінде географиялық немесе аймақтық детерминизм
принципі халық жаны тұрғылықты мекен-жайға климаттың, топырақтың, рельефтің
әсер ету нәтижесіне банланыстылығын көрсетті. Табиғат жағдайларына
тәуелділігіне байланысты халықтарда әлеуметтік қарым-қатынастың ерекше
нысандары өз өмірі мен тарихына әсер ететін әдет-ғұрыптар мен
салт-дәстүрлерге үйлесімді қалыптасатындығы байқалды.
Оңтүстік жәнс Солтүстік климаттарының өзгерістері адам
азғасына әсер етеді. Ендеше
адам психикасының дамуына да ықпалы бар деп есептеді Демокрит.
Этнопсихологияның
жаңа терең мүмкіндігі XVIII ғ. басынан басталды,
онда экономикалық даму саяси және ұлттық
дербестікті тереңдетіп, ол өз
кезегінде ішкі ұлттық байланыстар мен қатынастарды дамытуға үлес қосты. Осы жағдайлар үрдісінде ұлттық өмір салты, ұлттық
мәдениет, психология өмірлік іс-әрекет аумағында өзіндік орын алып, функционалды мүмкіндіктерге ие
болды. Халық мәдениетінің бірлігі оның
рухани- психологиялық жалпылығы төңірегіндегі мәселелер
сол кездің мәдениетінде белгілі бір
орынға ие болды. Осы мәселелер
Г.Гердердің, Г.Гегельдің, И.Канттың, Ш.Монтескьенің,
И. Фихтенің, Д.Юмның және тағы басқалардың еңбектерінде көрініс тауып, жарыққа шықты.
Ш. С.Сигеле мен Г.Лебон
(1689-1755) сол халықтың жалпы
әдіснамалық шекарасын
және рух бойынша этностық айырмашылықтардың мәнін толыққанды түрде көрсетті. Ол да географиялық детерминизм принципін ұстанған. Дегенмен, ол климаттың әсерімен қалыптасатын сипатта халықтың, оның
тарихына қалайша әсер ететіндігін нақты анықтады.
«Рух заңы» деген еңбегінде ол былай
деп жазған: «Солтүстік климатта
сіздер күнәлары аз, жақсы ниетті,
шыншыл, ақкөңіл адамдарды көресіздер, ал
қоңыржай климатты елде сіздер өз іс-әрекетінде
тұрақсыз,
тіптен жақсылық пен жамандықта да тұрақсыз адамдарды байқайсыздар, өйткені ол жақтың белгілі бір климаттық ерекшеліктердің жетіспеуі оларға тұрақтылық көрсетуге мүмкіндік бермейді. Шектен тыс
ыстық климатта тән күштен мүлдем айырылады. Ондай кезде тәннің
рахаттануы жанға ауысады. Халықтың «жалпы рухына» географиялық жағдайлар әсер ететінін, ұлттық мінездің қалыптасу
негізін көрсетуге тырысты.
Француз ағартушыларының
бірі К.А. Гельвеций өзінің «Адам
туралы» еңбегінде «халық сипатында
болған өзгерістер мен оларды тудырған себептер» жөніндегі бөлімінде халықтың
сипаттық белгілеріне, олардың қалыптасу
себептері мен факторларына тоқталады. Ол былай
деп жазды: «Кез келген халықтың қоғамдық тәрбиеде, өзінің мінез-құлқын қалыптастыратын әлемді көру және сезінуде ерекше қабілеттіліктері бар».
Ағылшын
философы Д.Юмның «Ұлттық мінез-құлық туралы»
еңбегінде зерттелген көзқарастар
анағұрлым қызықты болып табылады. Д.Юм қоғамдық өмірдің табиғи (ауа климат)
шарттарын тұрмыс және еңбек дәстүрлерін темпераментті, мінез-құлықты
анықтайтын факторлар деп есептеді. Бірақ Юмның пікірі бойынша, ұлттық ерекшеліктерді қалыптастыруда ең бастысы әлеуметтік, моральдық факторлар болып табылады. Ол
бұл қатарға қоғамдағы әлеуметтік-саяси қатынастар мен байланыстардың барлығын жатқызады. Юмның
түсінігі бойынша, әлеуметтік-кәсіптік топтардың өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар немесе
біртексіз жағдайда өмір сүреді
және олардың іс-әрекеттері әр түрлі дей отырып, осы тұрғыдан
қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтарының мінез-құлқын қарастырды. Жалпы
ерекшеліктер кәсіби іс-әрекеттегі
қарым-қатынас негізінде қалыптасады да, нәтижесінде бейімділіктер, дәстүр, дағды аффектілері
жалпылана түседі және әлеуметтік-кәсіптік
топтардың руханилығын құрайды. Мінез-құлықтың топтық өзгешеліктері әр түрлі
топтардың жақындауын тудыратын өзара әсерлерге толы болады. Бұл құбылыстар саяси-экономикалық қызығушылықтарымен, сауда-саттық, басқару қызығушылықтарымен
терендей түседі.
Оның
идеяларын немістің философ-ғалымдары
И.Гердер. И.Кант, Г.Гегель және тағы басқалар жалғастырды.
Барлық неміс
ағарту ісі, сондай-ақ И.Гердер үшін «ұлттық мінез-құлық» мәселелеріне деген қызығушылық екі жағдаймен ерекшеленеді:
1 интернационалистік экономикалық-саяси қатынастардың
дамуымен, яғни олар — ұлтаралық қатынастар:
2 ұлттық
ерекшелік мәселелерінің өзектенуі.
Осыған орай ұлттық мінезі-құлық
ерекшеліктері туралы Гердер ішкі және сыртқы екі факторды қарастыруды ұсынады.
Ішкі
факторлар - Бұл ұлттық мәдениет және қоғам дамуында көрінетін табиғаттағы
органикалық генетикалық күштер. Онын пікірі бойынша.
органикалық күштер дамудың ішкі кезі бола отырып, барлық табиғи
және әлеуметтік көпмәнділікті анықтайды. Адамзат
қоғамының тарихы, табиғаттың даму нәтижесі, қорытындысы болып табылады. Сондықган да Гердердің идеяларынан себепті
факторлардың орын алғанын көреміз.
Этностық
мінез-құлықты
қалыптастыруға әсер ететін екінші фактор сыртқы, яғни табиғи жағдай, болып табылады. Ол адамдардың психикасын
дамытуда климаттық, табиғи шарттардың рөлін тұтастай және
толығымсн мойындайды. Гердер климат
адамзаттық қысымға бағынуы мүмкін және өз мінез-құлқын өзгертеді—деп жазды. Ол тұңғыш рет халықтардың өмір
салтын, олардың әдет-ғұрыптары мен салттарын зерттей келіп, ауа райына
(климатқа) деген халықтардың көзқарастары туралы, яғни, тұтас өмір салтындағы
сезімдерді, әдет-ғұрыптарды, адамгершілікті, дәстүр ерекшелігін анықтайтын экологиялык үйлесім туралы, халықтардың белгілі бір
шарттарға бейімделуі жөнінде айтты.
Г.Гегель
«Рух философиясы» атты еңбегі арқылы ұлттардың мінез-құлқы туралы
білімді дамытуға маңызды үлес қосты. Бұл еңбегінде ұлттар мінез-құлқының мәселелерін қарастырды. Ол өзінің зерттеулері нәтижесінде кейбір әдіснамалык
мәселелердің шешімін тапты. Осылайша,
«темперамент» Және «мінез-құлық» ұғымдары
мәні жағынан әр түрлі екендігін дәлелдеп, оларды жариялауға қарсы шықты да,
егер де ұлттық мінез-құлық ұлттық қоғамның ерекшелігі
болса, темперамент жеке тұлғаның ерекшелігі екендігін баса керсетті.
XIX ғасырдың
екінші жартысында жаңа кезең туындап, этностық психология дербес пән ретінде қалыптасты.
Ол В.Вундт, М.Лацарус, ГЛебон, Г.Штейнталь есімдерімен байланысты.
1859 жылы
неміс ғалымдары философ Г.Штейнтальдың және филолог М.Лацарустың «Халықтық психология туралы ойлар» атты кітабы шықты.
Авторлар ғылымды екі топқа бөлді:
бірі - табиғатты, екіншісі
рухты зерттейді деп, олардың міндеттерін
де екіге бөлді. Рухты зерттейтін ғылымдардың бірін этностык немесе халықтық,
психология деп атады, Оның
міндеті түрлі халықтардың
рух іс-әрекетінің формаларын және өмір сүру ерекшеліктерін
зерттеу. Ендеше, бұл ерекшеліктер
мен формалар халықтардың рухани табиғатын құрайды. Г.Штейнталь
мен М.Лацарус тұжырымдамасында халық
рух (халықтық психология) белгінің абстрактілі өзін-өзі ұстайтын
жартылай түсініксіз
сипатта болады. Бұл екеуінің
айтуынша, халықтық психология
екі бөлімнен тұрады: абстрактілі - халықтық рухтың
не екенін, оның элементтерінің қандай болатындығын және
екіншісі жекелеген
халықты іс-әрекеттің жалпы заңының көрінуі
ретінде зерттейді.
Біріншісі -
халықтық тарихи
психология: екіншісі - психологиялық этнология.
Ендеше, танымның қайнар көзі - тіл, миф, дін, өнер, дәстүр және
халықтың толық тарихы, халық рухының
жемісі болып табылады.
Сонымен
қатар Г.Штейнталь мен М.Лацарус «халықтық психология»
жүйесін ғылым ретінде бірінші болып
көрсетті.
Этностық психологияның қалыптасуында В.Вундттың есімі ерекше аталады. Вундттың теориясынан жекелеген қызметтердегі әлеуметтік - психологиялық заңдылықтар туындады. Ол адамзат коғамының жалпы дамуы және барлық кұндылықтардың
рухани жемісінің туындау негізінде жатқан
психологиялық процестерді
көрсетті. Сонымен қатар жаңа ғылымның пәндік саласын құрайтын ұлттық рух
негізінде жоғарғы психикалық процестерді түсіндірді. В.Вундт ұлт жаны мен психологиялық
құбылыстар арасындағы байланысты, әсерлену мазмұнының бірлігін, сезім
мен талпынысты ашып көрсетеді. Оның пікірінше,
психологиялық процестер жанның белсенділігімен түсіндіріледі. Бұны ол апперцепциялық, немссе
ұжымның шығармашылық, әрекеті деп атады.
Вундт өзінің
«Халықтық психологияның мәселелері»
(1912) еңбегінде, халықтық психологияның
үш кұрамдас бөлігін атап көрсетті: тіл, аңыз, дәстүр. Оның ойынша, тіл - поэзия
мен ғылымның бастамасы және негізгі қозғаушы күші, халықта бар түсініктерді, заңдарды және олардың
байланыстарының жалпы қалпын сақтайды; аңыз (миф) - діни негізделген халық
түсініктерінің алғашқы
мағынасы, сезімдер мен құмартулар
арқылы әсер етеді: дәстүр - әдет-ғұрып, ерік бағытын
және мақсатын анықтайтын өнегелі қағидалар. Ол этнопсихологиялық
зерттеулердің дамуына үлкен үлес қосты.
Осы
бастамадан кейін В.Вундт идеяларын Ресейде Н.Н. Ланге және Г.И. Челпанов т.б.
дамытты.
Халықтық
психологияны зерттейтін авторлардан
француз ғалымы Т.Лебонды аттап кетуге болмайды. Ол жасаған жүйе басқа
авторлардың идеяларына қарағанда өзгеше және ХІХ-ХХ
ғ.ғ. екі фактормен байланысты: көпшілік жұмыскерлік қозғалыстардын дамуы және Еуропаның
буржуазиялық колониалдық ұмтылыстарымен тығыз байланысты. Этнопсихологиялық зерттеулердің
мақсаты Лебон бойынша, тарихи көпшіліктің рухани құрылымын сипаттау жане тарих өркениетінің оған
тәуелділігін анықтау болып табылады.
Осындай
қарама-қарсы пікірлерге қарамастан, XIX
ғасыр жаңа этнопсихология ғылымының пайда
болуы мен аяқталу кезеңі болып саналады. Бірақ, орыс ғылымында этно ұлттық
мәселелерге деген қызығушылық бәсеңдемеді. Бұл Ресейдің көпұлттылығымен, яғни Оңтүстік Азия, Кавказ және тағы басқа елдермен қарым-қатынаста болатындығымен
анықталады. Ресейдің қоғамдық ойының әртүрлі
бағыттарынан этностық психология мәселесін ерекше сипаттауды В.Г.
Белинскийдің, Н.А. Добролюбовтың, Н.Г.
Чернышевскийдың т.б. жұмыстарынан табамыз.
Н.Г.
Чернышевский: «әрбір тарихи маңыздылығы бар халық ақыл-ой және адамгершілік
жағынан даму дәрежесі бойынша өзара әр түрлі адамдардың бірігуі», - деп атап көрсетті [Шығ.жин.2Т., 1987, 10б.]. Осыған орай ұлттық сананың құрылымы тұтас элементтер кешенін және жалпы жүйелі дамыған
бейнені құрайды.
«Славянофил»
және т.б. шығармаларында ұсынылған ұлттық мінезді зерттеудегі ерекше бағыт орыстың қоғамдық ойларының
діни идеологиялық бағытын белгілейді. Олар орыс халқының тұрмыс-тіршілігі, өзіндік санасына аса көп кеңіл бөліп, әлеуметтік
теорияны жарыққа шығарды. Олар: Н.А. Бердяев,
П.Я. Данилевский. И.В. Киревский, Ю.Ф. Самарин,
И.В. Соловьсв, А.С. Хомяков, және т.б. Олардың негізгі мақсаты: орыс халқының
маңызын және мәдениетінің орнын оларды
қоршағандардың мәдениетінің жүйесінде анықтау
болды.
Славянофилдердін
ұлттық бағдарламасы:
- ұлттың
және халықтың адамзатқа, жеке тұлғаға қатысты формальды анықтамасын белгілеуге;
- әр түрлі ұлттың тарихи тұрмыс-тіршілігінің
ұлттық мәнін, оның салыстырмалы бағалары және әртүрлі ұлттық идеялардың мазмұнының сапасы туралы сұрақтарды анықтауға;
- әр түрлі
халықтардың өзара қарым-қатынасы мен ұлттық идеялары және олардың өзара қарама-қайшылығын көрсетуге бағытталды.
В. Соловьев
орыс халқының рухын пейзажға теңейді
жөне кең, шегі жоқ. болашаққа ұмтылған деп суреттейді.
Н.А. Бердяев бүған қоса, орыс рухының
қалыптасуына христиандықтың тигізетін әсерінің мол екенін айтады.
Сондықтан да киелі Русь туралы,
оның элементтерінің әумелілігі
туралы көп сөз қозғады.
Ресейдегі
этнопсихологиялық зерттеудің тарихы туралы
айтсақ, Г.Г. Шпетті
атап өткен жөн. Этностық психология проблемаларына белсене қызығушылық танытқан, феноменологиялық мектептің көрнекті философы - Г.Г.Шпет. Бұл оның тіл, семиотика салаларындағы ғылыми қызығушылықтарымен
байланысты. Г. Шпеттің негізгі
этнопсихологиялық көзқарастары оның
«Этностық психологияға кіріспе» атты еңбегінде (М.1927) көрсетілді.
Ол рухты субстанционалды тануға қарсы шығады (Штейнталь. Лацарус).
Шпеттің козқарасы бойынша: этностық психология пәні - ұжымдық
типтің белгісі ретіндегі халық рухы. «Этностық психология» басқа пәндер үшін
түсіндірмелі ғылым ретінде емес, әдеттегі ұжымдық әсерленуді зерттейтін сипаттаушы психология ретінде танымал.
Сана-сезімнің
психологиялық механизмі жан-жақты сабақтастық табиғатқа
ие. Себебі оның мазмұнына тек психикалық процестердің қызметі
ғана енбей, тұлғаның тұтастық жүйелері,
мотивациясы, эмоционалдық жай-күйі,
өмірлік тәжірибе нәтижелері де кіреді. Сана-сезім адамның саналық құрылымын,
мазмұн-мағынасын анықтауға мүмкіндік
береді. Осы тұрғыдан сана-сезімнің
қалыптасуына түрткі салатын
бастапқы саналық көзін белгілеп зерттеудің маңызы
зор.
Кейінгі
жылдары сана-сезім мәселелері ғылымдар
жүйесінде елеулі орын алуда. Қазіргі ТМД
кеңістігінде өзбек, қырғыз, грузин және басқа
елдердің
ғалымдары осы төңіректе өз зерттеулерінен
туындаған пікірлерін ортаға салуда. Мәселен, еңбек ғалымдары:
Э.А. Агзамходжаева, Г.С. Арипова, А.Р.
Вильданова, Э.Г. Газиев, Б.Р. Кадыров, Р.И. Суннатова, Н.С. Сафаев М.Д. Шарипова т.б. өз еңбектерінде өзіндік сана құрылымына, механизмдеріне
жан-жақты талдау жасайды.
Р.И. Суннатова сана-сезімге
психологиялық талдауында, оның өте күрделі процесс екендігін, тұлғаның өзі әртүрлі жағдайларда «қабылдаудан
туындайтын бейне» екендігін, сөйте отырып басқа адамдармен өзара әрекетке түсуіндегі өзінің
«Мен» субъектісін анықтауы дей келіп: «Өзіндік сана-сезім құрылымдық түрғыдан үш-танымдық (өзін-өзі тануы), эмоционалдық-бағалау (өзіндік қатынас) және еріктік-әрекеттік, реттеушілік
(өзін-өзі реттеу) жақтарының бірлігімен көрінеді», - дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |