Ұлттық
мінез-құлық - өмір сүрудің
нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс-тұрыстан, өмір сүру типін,
олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым-қатынасын белгілейтін
тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын
жиынтықтары.
Бұл - өте күрделі, әлде де
толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған
Н. Назарбаев былай дейді: «Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық,
психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние».
Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген
халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті
мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша
талап-тілектерін дүниеге әкелді.
Ұлттық сезімдер
Этнопсихология ғылымының
негізгі элементтерінің бірі болып, ұлттық құндылықтың бейнесі болып табылады.
Этностық танымның эмоциональды ортасын сезімдер, сезімдердің уайым құрылымы,
эмоциялық қалыптары тудырады. Яғни бұл дегенің өзі этностық өзіндік танымдар
тек өз ортасының біліктілігін ғана емес, сонымен қатар әр ұлттың өмірлік жағдай
құбылыстарға байланысты өзіндік қызығушылық сезімдерінің бар екендігін дәлелдейді.Осы
сәтте ұлттық сезімдердің қазіргі таңғы ұлттардан қарағанда ертерек пайда болғандығын
ескеру қажет. Біз ұлттық танымды айту барысында ұлттық сезімдерді де
ескеруіміз қажет. Сонымен ұлттық сезімдер өзге ұлттарға деген қатынастары, қызығушылықтары
мен қажеттіліктерін танытатын эмоционалды қалып болып табылады.
Әр ұлттық жеке тараптары
бойынша қарастыратын болсақ, олардың өзіндік спецификалық табиғаты мен ұлттық
сезімдерін байқаймыз. Сезімде шынайылық спецификасы емес, оның субъективті қатынасы
болуы қажет. Әр адамның өмір ағымына байланысты қалыптарға деген көзқарасы өзіндік
ұлттық қызығушылығына байланысты қарайды. Бұл сезімдер жағымды және жағымсыз
сезімдер де екі жақты қарастыруға болады. Жағымды (отанға, халыққа деген
махаббат), жағымсыз (мәдениетке деген сенімсіздік).
Халық сезімдері ұлттық
мінездермен тікелей байланысты, дегенмен ұлттық мінез өз мазмұнымен
ерекшеленеді. Ұлттық мінездерге қайталанбас ерекше сезімдер жатады. Олар өздерінің
ерекше халық өмірінің бейнесі, қылықтары, ойлау тәсілі, әр түрлі болып
келеді. Кей жағдайда ұлттық салт дәстүрлер адам сезімдеріне кері әсерін
тигізеді. Осы тұрғыда әр ұлт өз салтын берік ұстанып, халықты тәрбиелейді.
Қазақтардың эмоционалды сферасы қазақ
психологиясында ұлттық сезімдер қажетті компонент құрылымдарын құрайды. Бұл
рухани және материалдық құндылықтарға, тарихи құндылықтарға деген қатынасын көрсетеді.
Ежелден көшпенділер үшін негізгі күй өзінің көңіліне деген қатынасы болып
саналатын, ал қазіргі таңда бұл қалып өзіне сезім байлығын енгізіп, өмірдің әр
ағымына, өзінің өзгелермен жүргенін сезінуіне шүкіршілік етуін көздейді. Адам
бойындағы адамгершілік қасиеті жастардың ұлттық тәрбиесімен тікелей байланысты.
Өз халқының тарихын оқу берілген сапаның барына, этностық сапаның біртұтас
болуына негізделеді. Ал бір жағынан қарастыратын болсақ, этностық мінездің құндылығы
этниканың өзара қатынасы нәтижесінде қалыптасады. Өзге де батыс елдері сияқты
қазақ халқының өзіндік сезімдерін көпшілік алдында көрсетуге тыйым салынады.
Балалық шақтан бастап бала бойына өз сезімін жасыру сезімі тәрбиеленеді. Бұл
баланың жастайынан ата-ана, бауырлары мен туыстарының ортасында, олардың
тікелей бақылауымен өмір сүргендігін көрсетеді. Қазақ халқының өзіндік ұстанымы
кей жағдайда өмірлік қиыншылықтарда қиындық болатын көрсетеді.
Ұлттық сезімдердің кей жағдайда
ұлттық талғамдармен көрінеді. Қазақ халқының ұлттық сезімі өзіндік
сенімдермен ерекшеленеді. Мұсылманда шошқа етін жеуге тыйым салынады. Сонымен
ұлттық талғамдар адамдардың өмірлік қажеттіліктерімен, халықтың өміріндегі
рухани және материалдық ортасымен байланыстылығын көрсетеді. Сонымен олар тұлғаның
рухани дамуына өз әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |