Лекция 1 Кіріспе. Жоспар



бет21/83
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451145
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83
Лекция гимнастика

Танымдық белсенділік оқу міндеттерін студенттердің саналы түсінуінен және оларды сапалы шешуге ұмтылысынан, білімді кеңейтуі мен тереңдетуінен, орындайтын қимылдың мәнін танып білуінен көрінеді. Оның сыртқы белгілері: оқу хабарларына жоғары қызығушылық жән берілген қимылды дәл орындау, жаттығу қимылына жоғары деңгейде өзін-өзі дайындау оқу тапсырмасын орындаудағы ұмтылыс болып табылады.

Қозғалыс белсенділігі орындалатын дене жаттығуларының көлемімен, қарқынымен бірге, жаттығу орнын дайындау және тазалау қимылдарымен анықталады. Ол – сабақтың жүйелілігін қамтитын шешуші фактор.

Оқу қызметінде белсенділіктің екі түрі де өзара байланысты. Мысалы, дене жаттығуларын меңгеру, бір жағынан, танымдық белсенділіктің көріністері байқалатын жаттығулардың ағзаға әсері және техникасы туралы білімді меңгеруді, екінші жағынан, осы жаттығудың өзі бірнеше рет қайталауды немесе қозғалыс белсенділігін көрсетуді талап етеді.

Белсенділіктің екі түрі де студенттердің қозғалыс қабілеттілігін саналы болмаса да қанағаттануы немесе заттарды және қоршаған ортадағы құбылыстарды тануы түрінде көрінеді.

Белсенділікті ынталандыру және басқару үшін төмендегідей әдістемелік тәсілдер пайдаланылады.

Сабақтың жалпы міндеттерін ғана емес, сонымен бірге сабақтың әрбір бөліктері үшін жеке міндеттерді де нақтылау.

Іздестіру сипатындағы міндеттердің қойылуы. Мысалы, әр саптың әр түрін пайдалану немесе саптың бір түрін әр түрлі етіп ұйымдастыру арқылы (қатарға тұру – залдың үйреншікті жағына, диагональ бойынша тұру т.б.), қозғалыс түрімен ерекшеленетін қыздырыну жаттығуларын жекелей және толықтай алмастыру, ұйымдастырудың жаңа жағдайында меңгеруге алғышарттар жасайтын жаттығулар жасау. Жаттығуды бір студенттің орындауы барысында оқытушы орындау техникасын түсіндіру, өзге студенттер тыңдап, өздерінің жолдасының қимылын бақылай отырып, сабақтың барлық барысында білу біліктілігін қалыптастырады, қозғалыс қателіктерін және оның себептерін ашады, дене жаттығуларын орындау тәсілдерінің тиімділігін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет