Лекция 1 Кіріспе. Жоспар


Лекция 9. Студенттің оқу-зерттеу жұмысы



бет24/83
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451145
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83
Лекция гимнастика

Лекция 9. Студенттің оқу-зерттеу жұмысы

Жоспар:

1. Маман дайындау үшін СӨЗЖ мағынасы. СӨЗЖ сипаты мен түрлері

2. Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы.
1. Маман дайындау үшін СӨЗЖ мағынасы. СӨЗЖ сипаты мен түрлері

Студенттерді ҒЗЖ айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз етуге міндетті. СҒЗЖ негізгі маңызды қағидасы айналысу тәсілі мен түрінің курстан курсқа, кафедрадан кафедраға, бір оқу саласынан келесі біріне, бір оқу түрі мен тапсырмасынан екінші бір түріне негізделеді. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде зерттеу қиындықтарын біртіндеп жоғарылатып отыру. Мысалы, студент бірінші және екінші курстарда бүтін және негізгі жұмыстардың жиынтығы мен жалпы ғылыми дайындық жасаудағы жаңашылдықпен, ғылыми жұмысты орындау қабілеті мен қарапайымдылығымен, өз қабілеті мен ғылыми жұмысты орындалуға негізделуі тиіс. Мұнда рефераттық жұмыстармен лабораториялық жұмыстар шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеу жұмыстары. Ал үшінші курста жалпы техникалық және арнайы дайындықтар, көлемі үлкен емес өзіндік ғылыми жұмыстардың орындалуы және шығармашылық негіздегі тапсырмалар, жаңашыл ғылыми зерттеулерді негіздеу, зерттеу әдістерін тереңдету, техникалық құрал жабдықтар негізінде ғылыми зерттеулер жасау  және нәтижесін шығару. Бұл деңгейде міндетті түрде оқу орнының ішінде өткізілетін конференциялар, ғылыми жұмыстар негізінде өткізілетін жарыстар, ғылыми зерттеу жұмыстарының тапсырмалары мен түрлерінің қиындауы, ауқымының кеңейуі секілді жұмыстармен қамтамасыз етілуі тиіс.  Мұнда жұмыс айқындала түседі. Мазмұнды шығармашылық сипат алады. Жоғарғы курстарда білімді, дағдыны ары қарай қалыптастыру, жетілдіру, бекіту, шығармашылық ойлауды дамыту және нақты міндеттерді шешуге, өз бетінше шешім қабылдауға, жүзеге асыруға үйрену, алынған  білімді тәрбиеде пайдалану, жеке тапсырмалар бойынша студенттердің өз бетінше ғылыми зерттеу жұмысы үдерісінде жүргізіледі. Сондықтан олар барлық деңгейдегі конференцияларға, байқауларға қатысу, институт қызметкерлерінің жетекшілігімен  ҒЗЖ жүргізу, диплом жұмыстарының байқауына қатысуы керек.

Бұдан басқа ғылыммен айналысатын студенттердің сонғы курстарда оқытушылар мен қызметкерлердің жетекшілігімен студенттердің шығармашылық ұжымы жоғары оқу орынындарының лабораториялары мен өндірістерде зерттеумен, жобалау-конструторлық талдамалармен айналысатын, оның ішінде кешенді дипломдық және курстық жобаларды орындаумен, кейін нәтижесі қызығушылық танытқан өндірістерге енгізетін ғылыми-техникалық отрядтарға қатысуы міндетті болып саналады.Бұл студенттерге нақты міндеттер мен олардың шешімін, жобасын жасауға және өздерінің ұсыныстарын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Студенттер жоғарғы оқу орындарының ұжымдық шығармашылық және ұйымдасқан жұмыстардың дағдыларын үйрену мақсатында жоғары оқу орындарының лабораториялары мен кафедраларына, өзінің қызмет саласының ұйымдар мен мекемелеріне тәжірибелік көмек көрсететін ғылыми, техникалық, жобалау, экономикалық  және басқа да ұйымдардың құрамында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе алады.



СҒЗЖ орындалуының  негізгі  формасы – жетекші  жинақтап  бір қалыпқа  түсірген  тапсырмаларды  жеке-жеке орындау болып табылады. СҒЗЖ орындаудың  алғашқы  кезеңінде  студенттерді  зерттеудің  әдістері  мен  тәсілдеріне  үйрету  үшін  топтасып орындау  әдісін қолданады.

ҒЗЖ-ына арналған тапсырмаларды келешегі бар тақырыптар бойынша алған жөн. Берілетін тапсырмалардың көлемі мен мәнін студенттердің жеткен жетістіктері мен бейімділіктеріне қарай бөлу керек.

Тапсырмаларда  алға қойған мәселерді шешу үшін қажетті барлық жұмыстар көрінуі қажет.

Кәсіби іс-тәжірибе барысында студенттер кафедра тарапынан бекітілген негізгі ғылыми-зерттеу жұмысы және жеке тапсырма тақырыптар төңірегінде жұмыс атқарады.

ҒЗЖ және ЖТ жұмыстарын орындау барысында олардың жүйелі түрде атқарылуын қадағалау топ жетекшілеріне тапсырылды. Мұнда атқарылатын жеке жұмыстар мазмұны жоспарланып, бекітілді және студент жұмыс мазмұны бойынша жасалған кестеге сәйкес кафедрада есеп беріп отырды. ҒЗЖ және ЖТ жұмыстарды орындаған студенттер кафедрада жұмыстарын баяндама жасап, қорғау, тіркеу іс-шараларын өткізді. Жалпы жеке тапсырма мазмұны тақырыптың теориялық және тәжірибелік мазмұнын ашу мен кіріспеге сай зерттеудің өзектілігі, зерттеудің мақсаты, зерттеудің міндеті, зерттеудің пәні, зерттеудің объектісі нақты көрсетілуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет