Бақылау сұрақтары:
Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз не?
Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз не?
Грамматикалық мағына жалғаулар арқылы қалай беріледі?
Нольдік қосымша арқылы грамматикалық мағына қалай беріледі?
Грамматикалық мағына жұрнақтар арқылы қалай беріледі?
Грамматикалық мағынаның көмекшілер арқылы берілуі дегеніміз не?
Грамматикалық мағына нені білдіреді?
Тілдегі грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшаларды атаңыз?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Көмекші сөз түрлерінің пайда болу және зерттелу тарихы (кейс).
Қажетті әдебиеттер
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. –А., 1998.
Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі / Морфология. –Алматы: «Ана тілі», 1991.
Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. –А., 1986, 3-7,84-91 б.
К.Аханов. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. А, 1993, 270-303.
А.Ысқақаов. Қазақ тiлiндегi түбiр сөз бен туынды сөз. А, 1963, 32-бет.
Лекция №21
Лекцияның тақырыбы: Грамматикалық мағына берудің өзге түрлері мен тәсілдері
Лекцияның мақсаты: Грамматикалық мағына берудің түрлерімен таныстыру.
Лекцияның жоспары:
1. Сөздердің орын тәртібі
2. Дыбыстардың орын алмасуы
3. Ішкі флекция, екпін, интонация тәсілі
4.Суплетивизм және редупликация.
Лекцияның мазмұны
1. Сөздердің орын тәртібі. Бұл да - грамматикалық тәсілдердің бірі. Сөз түрлендіруші формалар жоқ немесе аз тілдерде сездердің, орын тәртібінің мәні айрықша. Ағылшын тілі мен қытай тіліңде сөздердің орын тәртібі - грамматикалық тәсілдердің ішіндегі басты тәсілдердің бірі. Мысалы: the Fathers loves son - әке сүй бала (әке баласын сүйеді). Мұндағы сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырсақ, сөйлем мүлде басқаша мағынаға ие болады. Мәселен, сөз баяндауыштың алдында тұрса - бастауыш, баяндауыштан соң тұрса — толықтауыш деген сияқты.
Міне, сөздердің орын тәртібі — грамматикалық мағына атқарады дегеніміз осы. Орыс тілінде де дәл осындай: Мать \ (бастауыш) любит (баяндауыш) дочь (толықтауыш). Дочь любит мать.
Сөздердің орын тәртібі түркі тілдерінде кейде анықтауыш пен анықталғыш сөздің жігін ажыратуға көмектеседі. Мысалы: сағат қалта - сағат салатын қалта, ал қалта сағат - қалтаға салатын сағат. Бұдан арыға бармайды, барса (инверсия) тек стильдік қызмет атқарады. Мысалы: Тарт қолыңды Шешенстаннан! Мұндайда сөйлем мүшелерінің табиғаты өзгермейді.
Француз тілінде септеу (склонение) жоқ. Сондықтан онда сөздердің орын тәртібі ең басты грамматикалық тәсіл ретінде қолданылады. Мысалы: Henri apple Alfert — Анри шақыр(ады) Альберт (ті). Болмаса керісінше.
Достарыңызбен бөлісу: |