Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары


Лекция №19 Лекцияның тақырыбы



бет32/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

Лекция №19
Лекцияның тақырыбы: Грамматикалық категория және оның түрлерi


Лекцияның мақсаты: Грамматикалық форма мен грамматикалық мағынаның берілу жолдары, грамматикалық категорияның түрлері жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары:
1. Сан-мөлшер категориясы
2. Септік катеогриясы
3. Жақ категориясы.
4. Шақ категориясы
5.Рай категориясы
6. Грамматикалық категория түрлерiнiң сөз таптарына қатысы.
Лекцияның мазмұны
Грамматикалық категория грамматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғыммен тығыз байланысты қарастырылады. Қандай грамматикалық категория болма-сын, бiр мағынаны бiлдiрiп, кемiнде 2 формада көрiнуi шарт. Мұнсыз категория болуы мүмкiн емес. Мысалы, жалғыз атау септiгi немесе жалғыз I жақтың жеке өзi басқа септiктерсiз немесе II,III жақсыз категория бола алмайды. Грамматик-лық категория бiртектес грамматикалық мағыналарды бiлдi-ретiн, кемiнде екi немесе үш грамматикалық формалардың жиынтығынан құралады. Жақ категориясының бiртектес мағынасы бар. Ол – l,II,III жақтық мағына. Олардың ортақ белгiсi – жақты бiлдiруi. Сол сияқты шырай категориясы-ның мазмұны – күшейтпелi, салыстырмалы, жай шырай болуы. Мұның ортақ белгiсi - сындық, сапаны бiлдiредi, айырмашылығы - дәрежесiнiң бiркелкi болмауы.
Тiл-тiлде грамматикалық категорияның бiрнеше түрлерi бар.

  1. Сан-мөлшер категориясы. Бұл тiлдердiң барлығына дерлiк тән категория. Жеке мен көптi ажырату негiзiнде сан-мөлшер категориясы жекелiк және көптiк ұғымда көптеген тiлдерде кездессе, оның екiлiк деген түрi көне грек, көне орыс, санскрит және араб тiлдерiнде де кездеседi. Орыс тiлiнде кей сөздер тек жекеше түрде, кей сөздер тек көпше түрде ғана қолданылады. Мысалы: стдуденчентво, крестьянство, учительство, бензин, золото дегендер жекеше түрде ғана қолданылса, очки, брюки, ножницы, шахматы дегендер тек көпше түрде ғана қолданылады. Мұндай ерекшелiк түркi тiлдерiнде сирек кездеседi. Ор. т. зат есiммен тiркескен сын есiм де көпше түрде қолданылады. Мысалы: высокая гора – высокие горы. Ал егер қазақ тiлiндегi сын есiмге көптiк жалғауы жалғанса, ол субстантивтенедi. Мысалы: бөрiктi – бөрiк-тiлер. Ал сан есiмдерге жалғанғанда болжамдық мағынаны бередi. Мысалы, бестер шамасы.

Сан мөлшер категориясы есiмдiкке де тән. Соның iшiнде, әсiресе, жiктеу есiмдiгiне тән. Зат есiм орнына қолданылатын есiмдiктер жекеше, көпше түрде қолданыла алады.
Бұл категория етiстiкке де тән. Олар жiктiк жалғауы арқылы берiледi. Мысалы, Мен бардым, сен бардың, бiз бардық, сендер бардыңдар.
Септiк категориясы. Атау септiк басқа септiктердiң негiзi болып табылады. Олардың бiрi тәуелдiлiктi, екiншiсi бағытты, үшiншiсi обьектiнi т.б. бiлдiредi. Жанама септiктер-де атау септiгiндегiдей дербестiлiк жоқ, яғни жеке өзi қолданыла алмайды.
Септiк дегенiмiз – жалғау мен граматикалық мағына-лардың бiрлiгiнен тұратын және бiр есiм сөздiң екiншi есiмге немесе етiстiкке қатысын бiлдiретiн грамматикалық катего-рия. Септiк саны тiлдердiң құрылысына байланысты әр түрлi болады. Мысалы, аналитикалық тiл қатарына жататын ағылшын тiлiнде екi септiк, ал алглюнативтi тiл болып есептелетiн қазақ тiлiнде жетi, венгер тiлiнде 22 септiк бар.

  1. Жақ категориясы iс-әрекеттiң қай жаққа қатысты екенiн бiлдiредi. Бұл етiстiкке тән категория. Жақтық мағына жiктiк жалғаулары арқылы берiледi. Орыс тiлiнде тек етiстiктер ғана жiктеледi. Ал түрлi тiлдерде баяндауыш қызметiнде жұмсалатын зат есiм, сын есiм, есiмдiктер де жiктеледi. Жақтық форма жекелiк, көптiк мағынаны да бередi. Мысалы, барамын-барамыз.

  2. Шақ категориясы. Бұл да етiстiкке тән категория. Шақ категориясы iс-әрекет қимылдың орын-далу мерзiмiн бiлдiредi. Өткен шақтың ағылшын, француз, немiс тiлдерiнде бiрнеше формасы бар. Қазақ тiлiнде де солай. Мысалы, оқыдым, оқығанмын.

  3. Рай категориясы да етiстiкке тән категория. Рай категориясы iс-әрекеттiң шындыққа қатынасын, iс-әрекеттiң iске асу мүмкiндiгiне сөйлеушiнiң қалай қарайтындығын бiлдiредi. Мысалы, оқыдым, бiлдiм дегендер шынайы ақиқатты бiлдiрсе, оқы, бiл, оқыса игi едi, оқығысы келедi деген формалар әлi де iске аспағандықты бiлдiредi.

Рай формалары 2 топқа бөлiнедi:
а) Ашық рай формалары;
б) Бұйрық, шартты, қалау рай формалары. Бұлардың барлығы бұйрық рай негiзiнде жасалады.
5. Етiс категориясы – етiстiкке тән категория. Ортақ етiс субьектiнiң кемiнде екеу екендiгiн бiлдiредi. Ол Асанмен хат жазысып тұрады.
Өзгелiк етiс субьектiге басқа бiр субьектiнiң қатысы барлығын бiлдiредi. Мысалы, Мұны Жандос жаздырды. Өзгелiк етiс – тыр, -ғыз, -қыз аффикстерi арқылы жасалады. Етiстер салт етiстiктi сабақты етiстiкке, немесе, керiсiнше сабақты етiстiктi салт етiстiкке айналдыра алады. Мысалы, күл-күлдiр немесе жаз-жазыл.
Өздiк етiс, ырықсыз етiс –ын, -iн, -н аффикстерi арқылы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет