Тыңайтқыштардың топтары және қасиеттері.
Қазіргі кезде ауылшаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар органикалық, жасанды (азотты, фосфорлы, калийлі, микроэлемент-ті) және жергілікті ( көң, шымтезек, күл), жәй, күрделіқұрамды деген топтпрға бөлінеді.
Азотты тыңайтқыштар. Азотты тыңайтқыштар төрт түрде шығаоылады. Нитратты тыңайтқыштар- NaNO3, Ca(NO3)2 – физиологиялық сілтілі, қышқыл топырақтарда тиімді тұздар .
Аммонийлі және амиакты тыңайтқыштарға аммоний сульфаты (NH4)2SO4, сұйық сусыз аммиак (82,2% азоты бар), аммиакты су (NH4OH – аммиактың 25% судағы ерітіндісі). Физиологиялық қышқыл болғандықтан бейтарапты және шамалы сілтілі, топырақтарға қолдануға қолайлы. Реакциясы қышқыл топырақтарға ізбестеп бірге қоса қолданылады.
Аммонийлі- нитратты тыңайтқыштар. Негізгі азоттың мөлшері 34%, физиологиялық қышқыл, бірақ аммоний сульфатына қарағанда топырақты қышқылдандыруы нашарлау.
Несеп нәрі (мочевина) CO(NH2)2- құрамында азоттың мөлшері 46%, топырақты аздап сілтілендіретін тыңайтқыш.
Фосфорлы тыңайтқыштар. Бір гектар жерге егілген дақыл бір вегетациялық кезеңде 60кг Р2 О5 игереді. Оның көп мөлшері топыраққа қайтпайды. Сондықтан топыраққа белгілі мөлшерде фосфорлы тыңайтқыштар енгізіліп отыруы қажет.
Фосфорлы тыңайтқыштар үш түрде шығарылады.Суда ерйтін – жәй суперфосфат- Ca(P2 O4)2 және екі еселенген суперфосфат- Ca(P2 O4)2 H2O, құрамында аздаған бос фосфор қышқылы бар тыңайтқыш. Суперфосфаттар құрамындағы фосфор нашар жылжыитындықтан түскен жерде шоғырланып қалады.
Суда ерімейтін, әлсіз қышқылдарда нашар ерйтін фосфорлы тыңайтқыштарға- фосфорит және сүйек ұнтағы жатады.
Калийлі тыңайтқыштар. Өсімдіктердің көпшілігі калийді басқа элементтерге қарағанда хлорлы калий (KCI) құрамынан оңай сіңіреді. Оны топырақтың барлық түріне және барлық өсімдіктерге қолдануға болады. Хлорға сезімтал өсімдіктер үшін қолайлы тыңайтқыш- калий сульфаты (K2SO4). Калиймагнезия (K2SO4 MgSO4 6H2O) құрамында калийі мен магнийі аз құм және құмдас топырақтар үшін тиімді болып есептеледі.
Калийлі тыңайтқыштардың физиологиялық қышқылдығы оларды көп жыл қатарынан қолданғанда ғана байқалады. Өсімдіктер азот пен фосфор жеткілікті болған жағдайда калийдің әсерәнен өнімді әжептеуір береді.
Күрделі тыңайтқыштар. Құрамында екі, немесе үш элемент бірдей болатын күрделі тыңайтқыштарға аммофос- NH2H2PO4, магний- аммонийфосфат- MgNH4PO4 H2O, нитрофос және нитрофоскалар жатады.
Органикалық тыңайтқыштар – көң, шым тезек, құс саңғырығы, жасыл тыңайтқыштар минералдық тыңайтқыштармен қосылып қолданғанда өсімдіктердің өсіп дамуы, түсіміне өте пайдалы әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |