- 2 -
Тыныс алу қарқындылығы. Осы тараудың бас жағында келтірілген теңдеуден, тыныс алудың қарқындылығын сіңген оттегінің немесе бөлінген көмірқышқыл газының мөлшерімен анықтауға болатындығы айтылды. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде тыныс алу қарқындылығының тұрақты емес екендігі оның өсімдіктің түрлеріне, органдарына, ұлпаларына және сыртқы жағдайларға байланысты өзгергіштігі дәлелденді.
Өсімдіктің жас ұлпалары мен органдары қарқынды тыныс алады. Мысалы, бидай жапырағының тыныс алуы, бұршақ тұқымдастар жапырағына қарағанда 3-5 сес жылдам. өсімдіктің көбею органдарындағы тыныс алу басқаларына қарағанда едәуір жоғары болады.
Сыртқы ұлпаларда тыныс алу деңгейі ішкілерге қарағанда жоғарырақ. Көлеңкеде өсетін өсімдіктер жарық сүйгіштерге қарағанда бәсеңдеу тыныс алады. Тыныс алуы төмен өсімдіктерге жасаңшөптер (секкуленттер) жатады.өсімдіктердің солтүстік түрлерінің тыныс алуы оңтүстік тектілерден қарқындылау келеді (әсіресе температура төмендегенде). Таулы аймақтарда өсетін өсімдіктердің де тыныс алуы тегістікте өсетіндердікінен қарқындылау келеді.
Тыныс алуға оттегінің әсері. Тыныс алу процесі қалыптағыдай жүзеге асуы үшін өсімдік клеткалары мен ұлпалары оттегімен үздіксіз қамтамасыз етілуі қажет. Дегенмен, тыныс алуға пайдаланылатын заттардың тотығу процестері анаэробтық жағдайда да іске асатындығы туралы бұдан бұрын айтылды.
Қоршаған ортада оттегінің мөлшері 21-ден 9%-ке дейін төмендегенде өсімдік ұлпаларының тыныс алу деңгейі онша өзгере қоймайды. Оттегінің мөлшері 5% шамасындай болғанда ғана оның жас өсімдіктерге сіңуі төмендей бастайды, көмірқышқыл газының бөлінуі шамалы ғана өзгереді. Тыныс алудың аэробтық сатысындағынегізгі оксидазалардың бірі – цитохромоксидаза ферменті оттегінің мөлшері өте мардымсыз жағдайда да өзінің ырықтығын сақтайды.
Тыныс алуға ауадағы СО2 мөлшерінің әсері. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері көбейгенде тыныс алу қарқындылығы төмендейді. Ауада СО2 мөлшерінің көбеюі өнген тұқымдардан көмірқышқыл газының бөлінуін көбірек тежейтіндіктен тыныс алу коэффициентінің шамасы төмендейді. Көмірқышқыл газының мөлшері көбейген жағдайда жапырақтағы тыныс алудың бәсеңдеуі устицалардың жабылуына байланысты болуы мүмкін. Қалың қабықты тұқымдар ұлпаларында СО2 мөлшерінің көбеюі олардың тыныштық күйінің бір белгісі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |