Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары


Анаэробтық тыныс алу химзмі. Гликолиз



бет65/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Анаэробтық тыныс алу химзмі. Гликолиз


Ашу және тыныс алу процестерінің генетикалық байланысы жөніндегі идеяны кезінде С.П.Костычев дәлелдеген. Бұл процестердің қайсысында болса да, субстраттың өзгеруі бастапқы кезеңінде бірдей болады. Қанты фосфорлау және оны ыдырыту, міне, осы бастапқы кезең болып табылады, ол гликолиз процесі деп аталады. Бұлшық еттеріндегі, өсімдіктердегі, анаэробтық тыныс алу және спирттік ашу кезіндегі гликолиз процестері болар-болмас ауытқушылығы болмаса бірдей өтеді.
Гликолиз жолымен қанаттардың ыдырауын Мейергоф-Эмбден жолы деп те атайды. Гликолиз кезінде ферменттер арқылы 10 түрлі реакция өтеді. Олреакциялар схемадан көрсетілген.
Анаэробтық тыныс алу кезіндегі пирвут СО2 мен сірке альдегидіне ыдырайды, одан соң этил спиртіне дейін тотықсызданады.
- 3 –
Аэробтық тыныс алу химизмі. Кребс циклі - Бұл гликолиз процесі аэробтық тыныс алудың бірінші кезеңінде өтеді. Аэробты тыныс алу кезінде пируват ең алдымен тотығу – декарбоксилдену процесіне ұшырайды. Бұл процесс бес кезеңде өтеді, оған пируватдегидрогеназа деген аса күрделі мультиферменттік комплекс қатысады. Комплекске бірінен соң бірі әсер ететін пируватдегидрогеназа, дигидролипоил-ацетилтрансфераза, дигидролипоилдегидрогеаза ферменттері кіреді. Оның құрамынан сондай-ақ 5 кофермент: тиаминпирофосфат, ҒАD, НS-KoA, NAD+ және липой қышқылы табылады. Бұл коферменттердің құрамында В1, В2 пантотен қышқылы, РР витаминдері бар. Бұл заттар қосыла келе мультиферменттік комплекс түзеді. Комплекс Е. Coli бактериясынан бөлініп алынып, мұқият зерттелді. Комплекстің ортасында дигидролипоил-ацетилтрансфераза орналасқан. Оның активті тобы-липой қышқылы. Липой қышқылы Н+ - иондарын және ацетил қалдығын (СН3СО) қосып алып, тасымалдауға қабілетті. Дигидролипоил-ацетил-трансферазаның екі жағына пируватдегидрогеназа мен дигидролипоилдегидрогеназа орналасқан. Липой қышқылы Н+ - иондарын пируватдегидрогеназадан қабылдап дигидролипоилдегидрогеназаға өткізеді. Сондай-ақ СН3СО- тобын HS-KoA-ға жеткізеді. Реакцияға қатысатын және өнім ретінде түзілетін заттарды мына теңдеу көрсетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет