Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет64/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Лекция № 23


Тақырыбы: Тыныс алудың анаэробты және аэробты фазасы.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Анаэробты және аэробты фазасы.
2.Анаэробтық тыныс алу химзмі. Гликолиз.
3.Аэробтық тыныс алу химизмі. Кребс циклі.
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.
Лекция мақсаты; Анаэробты және Аэробты фазалар мен таныстыру.
Лекция мәтіні; Оттегі үздіксіз келіп тұратын жағдайда өсімдіктер қалыпты тыныс алады. Егер өсімдікті оттегінсіз ортаға орналастырса, оның тыныс алуы тоқтап, осыған байланысты барлық процксткр бұзылады. Алайда ьұл жағдайда өсімдік біраз уақыт оттегінсіз тыныс алады. Су құрамындағы оттегі есебінен тотығатын бұл процесс анаэробтық немесе интрамолекулалық тыныс алу деп аталады. Мұндай тыныс алу кезінде барынша тотыққан зат ретінде СО2 және тотықсызданған зат ретінде спитр бөлініп шығады. Анаэробтық тыныс алудың жалпы көрінісі былай жазылады.
С6Н12О6 2 СО2 + С2Н5ОН + 25 ккал/моль
Аэробтық тыныс алу кейінірек, жер атмосферасында бос оттегі пайда болған соң ғана қалыптасқан. Фотосинтез шыққанға дейін жер бетінде тіршілік ететін организімдердің барлығы өздеріне қажетті энергияны анаэробтық жолмен, яғни бос оттегінсіз қабылдаған. Аэробтық тыныс алу өмірге келген соң анаэробтық тыныс алу мүлде жойылып кеткен жоқ, ол процесс сақталып, өмірге аэробтық тыныс алудың құрамдас бөлігі ретінде енді. Алайда анаэробтық тыыныс алу жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге әдеттегі жағдайда тән құбылыс емес, бірақ кейбір микробтар үшін ол эенргия өндірудің негізгі көзі болып болып табылады. Бұған ашытқы мысал бола алады, олардың анаэробтық тыныс алуы спирттік ашу процесі деп аталады. Өз өмірінің көтеген жылдарын ашу процесін зерттеуге арнаған Л.Пастер бұл процесті « оттегінсіз тіршілік» деп атады.
Құрамындағы көміртегінің 3,6,9 атомдары болатын көмірсулар ашу процесіне ұшырайды.
Сонымен жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге тыныс алудың екі типі болады: аэробтық – қалыпты оттектік, анаэробтық – оттегінсіз тыныс алу. Ашытқыда - спирттік ашу процесі болады. Бұл ашу процесс өзара өте жақын процесс болдғанымен бір-бірінен айырмашылығы бар. Ашу кезінде субстраттар жай ыдырайтын болса аэробтық тыныс алу кезінде – олардың ыдырауы бұдан кейінгі тотығуға ұштасады.
Биологиялық жүйелерде метаболизм процестеріне қажет энерги органикалық заттарды тотықтыру жолымен алынады. Тотықтыру реакциялары барысында бөлініп шыққан энергия АТР(аденозинтрифосфат) құрамында байланымын, одан соң метаболизм реакцияларында пайдаланылады.
Тыныс алу процесі кзінде субстрат оттегімен әректтесіп, тотығатындықтан тыныс алу процесін тотығу процесі ретінде қарастыруға болады. Бұл кезде тотыққан зат есебінен басқа зат тотықсызданады. Химиялық тұрғыдан алып қарағанда оттегін қосып алу, сутегін бөліп алу, суды қосып алу (келесі кезекте одан сутегін бөліп ала отырып), электронды бөліп алу құбылыстары тотығу реакциялары болып табылады. Тотығу реакцияларының бұл барлық түрлері оттегі, сутегі және электронның жәрдемімен өтеді
Барлық тірі организімдерде осындай тотығу процестері, аэробты, анаэробтық тыныс алу, спирттік ашу арқылы өтеді. Осы процестердің алғашқы кезеңдері бірдей немесе өте ұқсас жолмен өтеді. Бұл кезең гликолиз деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет