Пируват+ NAD+ + HS-KoA →ацетил- S-KoA+ NADН+СО2
Пируваттан көмірқышқыл газы бөлінген соң, оның қалдығы ацетил HS-KoA мен комплекс түзіп, Кребс цикліне қатысады.
Қоскарбон және үшкарбон қышқылдары Кребс циклінің негізгі заттары болып табылады, сондықтан ол лимонды қышқыл циклі деп те атайды. Кребс циклінде өтетін негізгі реакциялар схемада келтірілген. Ганс Кребс көп жылдар бойы Отто Варбургпен Германияда зерттеулер жүргізді. Одан соң Кембридж, Шеффилд, Оксфорд университеттерінде ғылыми зерттеулер жүргізді, лекциялар оқыды. 1954 жылы Ганс Кребс лимон қышқылды циклді ашқаны үшін Нобель сыйлығына ие болды.
Кребс циклінде өтетін сегіз түрлі реакцияда үш және қоскарбонды қышқылдар бір-біріне айналып, ең ақырында оксалоацетат түзіледі. Ол реакцияның қайта басталуына негіз болады, сөйтіп реакциялар циклді түрде өтеді. Осы өзгерулердің барысында СО2 үш рет бөлініп шығады, бұл пируват молекуласындағы үшкөміртекті тізбекке сай келеді. Циклдің барысында 4 рет бөлінген 2Н+ нуклеотидтерге беріледі, ҒАD-тың бір молекуласы тотықсызданады. Біз бұдан бұрын айтып өткеніміздей, тотықсызданған бұл нуклеотидтер тотығу кезінде энергия бөліп шығарады, ол энергия арнаулы ферменттердің жәрдемімен АТР синтезіне пайдаланылады. Кребс циклінің өзінде GTP бір-ақ рет түзіледі, кейін оның есебінен АТР түзіледі.
Лекция № 24
Тақырыбы: Тыныс алу процесіне әр түрлі жағдайлардың әсері.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Тыныс алу процесіне әр түрлі жағдайлардың әсері.
2.Тыныс алу процесіне сыртқы және кейбір ішкі жағдайлардың әсері.
3.Тыныс алу химизмінің өзге жолдары.
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.
Достарыңызбен бөлісу: |