Тақырыбы: Өсімдіктердің өсуі мен дамуы.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Өсімдіктердің өсуі мен дамуы.
2.Өсімдіктің және оның жеке органдарының өсуі.
3.Өсімдіктің жеке мүшелерінің өсу ерекшеліктері.
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.
Лекция мақсаты: Өсімдіктердің өсуі және дамуы мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Өсімдіктердің жалпы тіршілік дәуірі өсу және даму деген ұғымдармен сипатталады. Өсу процесі - өсімдік органдарының ұзарып, енденіп, жуандап, көлемінің, салмағының ұлғаюы мен және жеке мүшелерінің (жапырақ, бұтақ, өркен, тамыр т.б.) жаңадан қалыптасып, сандарының көбеюі мен бейнеленеді. Өсімдіктің және оның жеке мүшелерінің өсуі клеткалардың өсуіне байланысты. Жалпы айтқанда өсу жеке мүшелердің және тұтас өсімдік организмінің тіршілік әрекетінің нәтижесі болып есептеледі. Өсімдіктің тіршілік мерзімі өсу және көбею деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші - өсу кезеңіндегі жапырақтары, сабақтары, тамырлары қарқынды қалыптасып, көбейіп, бұтақтанады, түптенеді, гүл мүшедері қалыптасады. Екінші кезеңде өсімдік гүлденіп жемістенеді. Өсімдік гүлденгеннен кейін ондағы физиологиялық және биохимиялық процестер өзгеріп, жеке өсу мүшелерінің (вегетативтік) ылғалдылығы төмендеп, жапырақтағы азотты қосындыларының мөлшері күрт азаяды да, органикалық заттар сақтағыш (қор) орындарға шоғырланып, сабақтың ұзарып өсуі тоқтайды.Өсымдіктің дамуы деген ұғым сапалы физиологиялық және морфологияляқ, биохимиялық өзгерістерді бейнелейді. Бұндай өзгерістер организде жаңа құрылымдарды пайда болуына байланысты өсімдіктің тіршілік өмірінің – онтогенезінің белгілі сатыларін – жастық шағын, жыныстық жетілуін, көбею, қартаю және тіршілігінің тоқтау кезеңдерін сипаттайді. Өсімдіктің өсуі қарқынді жұріп, дамуы баяу, немесе керісінше, дамуы қарқынды болып, өсуі бәсеңдеуі мүмкін. Мысалы, көптеген біржылдық өсімдіктер гүлдеген кезде олардың өркендерінің өсуі баяулап, кейде мүлде тоқтап қалады. Көп жылдық өсімдіктердің жапырақтары мен өркендерінің қарқынды қалыптасуы гүлденуінің кешігуіне себепші болады. Өсу көрсеткіштері төмен болып, даму процестері қалыпты, немесе өте қарқынды болған жағдайда өсімдіктің бойы қысқа, жапырақтарі майдаланып, жемістілігі төмендейді. Өсу процестері қарқынды болып, дамуы баяу өсімдіктердің буыдарымен буын аралықтары, жпырақсандары көбейіп, жақсы гүлдегені мен нашар жемістенеді. Қорытып айтқанда, өсу мен даму процестері өзара тығыз байланыстылықта.
Өсу мен даму құбылыстарының жалпы сипаты, ең алды мен өсімдіктердің тұқым құалаушылық белгілеріне, яғни генетикалық факторларға тығыз байланысты. Организмның барлық гендерінің жиынтығы генотип деп аталады. Онда тұқымқұалаушылық белгілер шоғырланған. Генотипке, алғашқы тектерде болмаған, мутациялық жолмен пайда болған гендер де енеді. Организмнің жеке тіршілік дәуірінде (онтогенезінде) байқалатын барлық ішкі және сыртқы белгілерімен қасиеттерінің жиынтығы фенотип деп аталады.
Өсу өсімдіктің тіршілік әрекетінің ең айқын көрінісінің бірі. Ол өсімдіктегі зат алмасу процесінің жиынтығына байланысты. Өсу процестеті төмендегі көрсеткіштермен бейнеленеді:
Өсімдіктің және оның жеке мүшелерінің өлшемдерінің ұлғаюы;
Мүше сандарының көбеюі (жаңа жапырақтардың, тамырлардың, өркендердің, т.б. пайда болуы);
Клеткалар санының көбеюі;
Клеткалардың көлемінің улғаюі;
Протоплазма мөлшерінің көбеюі:
Өсімдіктің құрғақ салмағының артуы;
Клетканың жаңа құрылымдарының пайда болуы
Өсімдіктің өсуі үш кезеңге бөлінеді: а) ұрықтық (эмбриондық), б) созылып өсу, в) жіктелу (дифференциалдану).
Өсудің эмбриондық кезеңінде клеткалардың барлығы цитоплазмаға толған, вакуольсіз күйде болады; келесі кезеңде вакуоль қалыптасып, клетка қабығы созылып,клетка қабығы ұлғаяды. Эмбриондық (бөлінетін) клеткалар сабақтың, немесе тамырдың өсу төбешігі (конусы) қалыптастырады. Сабақтың өсу төбешігі сырт жағынан жапырақшалармен, бүршікшелермен қоршалған. Өсу төбешігіндегі клеткалар біртіндеп зозылып өсетін клеткаларға айналады. Одан кейінгі аймақта клеткалардың жіктелуі басталады. Эмбриондық кезеңде цитоплазма және ядро ұлғаяды. Көлемі белгілі шамаға жеткен алғашқы клетканың бөлінуінен екі жас клетка пайда болады. Олардың біреуі эмбриондық (меристемалық) күйінде қалады да, екіншісі тікелей немесе біраз уақыт өткенсін жаңадан бөлініп, белгілі ұлпа клеткасына айналады. Меристема алғашқы және қайталама болып бөлінеді. Алғашқы меристема ұрық ұлпаларынан тікелей қалыптасып, өркеннің және тамырдың, прокамбидің өсу төбешігіне (аймағына) айналады.
Клетканың созылып өсу кезеңінде оның көлемі ұлғайып, вакуольдер толық қалыптасады. Алғашында клеткада көптеген көпіршіктер күйіндегі майда вакуольшелер өзара тұтасып, үлкен көлемді бір вакуольге айналады. Вакуольге біраз мөлшерде судың жиналуына байланысты клетка қабығы керіліп, көлемі ұлғаяды. Мұндай клеткалардың көлемдері алғашқы меристемалық клеткаларға қарағанда бірнеше жүз есе ұлғаяды.
Эмбриондық клеткалардың қызметтік жағынан белгілі бір бағыттарда дамуы - жіктелуі (дифференциалдану) деп аталады. Бұнда меристемалық клеткалардан тұрақты ұлпалардан – палисадтық , паренхима, өткізгіш шоқтар, склеренхима, талшықтар клеткалары қалыптасады.
Тұқымның өнуі. Көптеген өсімдіктердің өсіп- даму дәуірі тұқымның өнуінен басталады. Тұқым үш негізгі бөліктен тұрады:
1.Жабын ұлпалар- тұқымның ішкі бөліктерін механикалық зақымданудан,ұрықты сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғайды, газ және судың алмасуын реттейді;
2. Ұрық ұлпалары (сабақ, тамыр, жапырақ бастамалары);
3.Қорлық заттар сақталатын орын - эндосперм
Тұқымның өнуі суды сіңіріп бөртуінен ұрықтың көлемі ұлғайып, қабығының шытынауынан басталады. Тұқымның өнімнің алғашқы кезеңінен бастап – оның құрамындағы органикалық заттар ферменттердің әсерінен ыдырап белоктардан – амин қышқылдары, полисахаридтерден – моносахаридтер, майлардан - май қышқылдары мен оксиқышқылдар , альдегидтер пайда болады да оларды ұрық пайдаланады.Осының нәтижесінде эндосперм босап, жиырылып, соңында қурап қалады да, тұқым жарнақ топырақ бетіне шығып,ұлғайып өседі. Кейінірек, ұрық өскінге жетілген өсімдікке айналғанда тұқым жарнақтары алғашқы жапырақтың қызметін жоғалтып сарғайып қурап қалады. Тұқым ұрығының өсуі ұрықтық мүшелердің тамыршалардың жапырақшалардың клеткалардың бөлінуіне және меристима ұлпаларының ұлғаюына байланысты қалыптасуыиен өлшемдерінің ұлғаюымен сипатталады.
Өркеннің негізгі бөліктері – сабағы, жапырақтары, бүршіктері, гүлшелері эмбриондық ұлпаның туындысы болып есептелетін өркеннің төбелік меристемасынан қалыптасады.
Өркен төбешігінің қарқынды дамуға қабілетті болғанымен, қоректік заттармен қатар фитогормондарды қажет етеді.
Жапырақтың өсіп –дамуы.
Жапырақ қалыптасуы төрт сатыдан тұрады :
1.Бастапқы пішінің қалыптасуы;
2.Жапырақ білігінің(сабағының) қалыптасуы;
3.Бүйір меристемадан жапырақ алақанының қалыптасуы;
4.Алақанның созылып өсуі ;
Жапырақтың алғашқы бастамасы кішкене төмпешік сияқты болады. Ол бүршіктен соңында жапырақты немесе гүлді өркендер дамуы мүмкін .
Алғашқы қалыптасқан бүршіктер көбінесе жапырақты өркендерге айналады. Кейбір өсімдік түрлерінде сабақ буынында бір бүршік , басқаларында – екі, үш және онанда көп бүршіктер қалыптасады.
Жапырақ алақанының қалыптасуы астыңғы жағынан басталып, жоғары қарай (акропеталдық) немесе жоғарыдан төмен қарай (базипеталдық), немесе жапырақтың ортасынан қарама – қарсы (дивергенттік ) бағытта жүзеге асуы мүмкін .
Жапырақтың пішініне сыртқы жағдайлар елеулі ықпал тигізеді, клеткалардың бөлінуі күндіз қарқынды , түнде баяуланады. Жапырақтың өсуіне жарық мерзімі ,сапасы және қарқындылығы (деңгейі) үлкен ықпал жасайды.
Жапырақтардың қалыптасуына өсу гормондарының да ықпалы күшті. Гибберилиндердің әсерінен жапырақ алақаны ұзарады. Ауксиндер жапырақтың түсуін жылдамдатады.
Сабақтың өсуі. Жеке сабақтардың өсуі өркеннің өсіп дамуына ұқсас деуге болады. Сабақтың өсу аймағындағы клеткалар төбелік ұштық меристеманы құрайды. Оның клеткалары өте тез бөлінеді. Осы аймақтан созылып өсу аймағы, оған жалғаса клеткалардың жіктелу аймағы орналасқан .
Сабақта камбий қабаты ксилема мен флоэма арасында орналасқан; клеткалары екі бағытта да қарқынды бөлінеді.
Тамырдың өсіп қалыптасуы. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырының өсу төмпешігі құрылысы жағынан күрделі емес, оның ұзындығы 1-2мм ,онда бүйір бөліктер пайда болады. Өсіп тұрған тамыр 4 аймаққа (зонаға) бөлінеді. Тамырдың ұшында эмбриондық меристема тамыр қынымен қоршалады. Одан соң созылып өсу, тамыр түкшелері және бұтақтану аймақтары орналасады. Негізгі тамыр онша ұзақ өспейді де , кейінірек өте қарқынды бұтақтанып, жанама тамырлар пайда болады. Ағаш тектес өсімдіктердің тамыры көктемде және күзде қарқынды өседі . Олардың біразынан тамыры жапырақтанудан бұрын өсе бастайды да , көктемде нәр шырынның бөлінуіне себепкер болады.
Тамырдың жуандап өсуі қыста да байқалады, бірақ ерте көктемде баяулайды. Мамыр ,шілде айларында қайтадан өсе бастайды. Тамыр жүйесін негізгі және сабақ тамырлар деп бөледі. Сабақ тамырлар гипокотиль, буын, буын аралық, бүршік тамырлары деп бөлінеді.Тамырдың өсуіне қажетті ауксиндердің концентрациясы сабаққа қарағанда төменірек болады.
Тыныштық құбылысы. Өсімдік онтегенізінің кез келген сатысында өсу процесі тоқтайтын, тыныштық күй байқалады.Бұл құбылыс ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты.Күзге қарай жапырақтары түсіп қалатын өсімдіктердің жапырақ сабағының сабаққа бекіген жерінде меристималық клеткалардан бөлуші қабат пайда болады. Қандағаш ,емен, үйеңкі, орман жаңғағының жапырақтары түскен бойда кесіліп алынған бұтақтарын жылы жайға әкеліп ,өсуіне қолайлы жағдай жасағанымен бүршіктері жарылмайды. Ал сондай бұтақтарды қыс айларында желтоқсан, қантарда кесіп алып келіп қажетті жағдай жасалса бүршіктері жарылып жапырақтары қалыпиасып өсе бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |