Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет72/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

СН3СН2ОН + О2 = СН3СООН +Н2О +117 кал
этил спирті сірке қышқылы
Сірке қышқылы бактериялары табиғатта жиі кездеседі. Көбінесе олар пісіп тұрған жеміс-жидектер сыртында, шарапта, сырада, кваста, ашыған овощтарда, сүрлемде кездеседі. Сірке қышқылы бактерияларының ерекше қасиеті – олар органикалық заттарды ақырғы өнімдер емес, тек органикалық қышқылдарға ғана тотықтырады.
Сонымен қатар ашудың бұлардан басқа да түрлері табиғатта кездеседі. Оларға: пропион қышқылының, клетчатканың, пектин заттарының және т.б. ашу түрлерін атауға болады.

Тыныс алу мен ашу арасындағы байланыс


Тыныс алу субстраты осы анаэробты жағдайда пайда болатын спирт. Академик С.П.Костычев өзінің зерттеулерінде спирттің өсімдік ұлпаларында қанттан гөрі қиынырақ тотығатындығын анықтады.С.П.Костычев дәлелдеуі бойынша тыныс алу процесі мына нобай бойынша жүреді.


қант /С6Н12О6/


ашудың аралық өнімдері /СН3СО СООН/

ашу тыныс алу


2СО2 + 2С2Н5ОН + Q ккал 6СО2 + 6Н2О + Q1 ккал


Демек, тыныс алу ашу процесінің жалғасы емес, бірақ бұл екі процестің бастапқы фазалары бірдей болып өтеді.


Бұл теорияның дұрыс екндігін мына факторлар айқын дәлелдейді.
1. Өсімдікті біраз уақыт анаэробты жағдайға қойса, онда тыныс алудың алғашқы фазасы өте береді де, көп аралық өнімдер пайда болады. Егер осындай өсімдікті аэробты жағдайға қойса тыныс алу қаврқаындалығы өте күшейеді.
2. С.П.Костычев тәжірибесінде алдын-ала ашытқыш әсер еткен қантпен өсімдікті қоректендіргенде өсімдіктің тыныс алу қарқындылағы 4-6 есе артқан. Демек, ашу процесінің алғашқы фазаларында пайда болған аралық өнім тыныс алу процесіне өте жақсы әсер етеді.
Ашудың аралық өнімі – пирожүзім қышқылымен өсімдікті қоректендіргенде де оның тыныс алу қарқандалығы өскен.
3. Барлық өсімдіктер оттегі жоқ жағдайда да көмірқышқыл газын бөліп шығарады.
Бұл процесс ашуға өте ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет