Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет102/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Танымдық — (таным әрекеті, танырлық, танылатын, танып білерлік) танылатын үрдіс; танымдық қызығушылық — ғылым жаңалықтарын; қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге деген қызығушылық. 
Таным теориясы (гносеология немесе эпистемиология) - айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің жанасуын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үдерісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - «таным теориясы» деп аталады .
Педагогикада таным - бұл қоршаған болмыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ой және көңіл-күй іс-әрекеттері мен олардың нәтижесі, яғни білім, жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі .
Танымның мақсаты - жеке тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың бейнелеу .
Таным әрекеті қажеттілік арқылы жүзеге асады. Өзінің тіршілік және рухани қажеттігін өтеу үшін оқушы дүниені танып, білгісі келеді. Алайда ол өзі қажетті нәрсеге, мәселен, оқу пәніне қызығады. Кейіннен бұл нәрсе оқушы іс-әрекетінің мақсатына, қозғаушы күші - мотивіне айналуы мүмкін. Осыдан келіп кейбір ғалымдар қызығуды тек танымдық ғана емес, басқа да қажеттіліктердің көрініс беруіне апарып саяды.
Итак, виды учебно-познавательной деятельности - наблюдение, эксперимент, работа с книгой, систематизация знаний и другие виды. Составной частью каждого вида деятельности психологи и педагоги считают действия и операции.
В структуре учебно-познавательной деятельности выделяют элементы:

  • отдельные виды учебно-познавательной деятельности, связанные между собой;

  • действия, выполнение определенной совокупности которых обеспечивает выполнение деятельности в целом;

  • операции как способы выполнения действий.

Процесс формирования обобщенных учебно-познавательных уменийосуществляется по следующим этапам:

  1. Формирование частных умений и навыков.

  2. Ознакомление учащихся с научными основами деятельности.

  3. Ознакомление учащихся со структурой деятельности.

  4. Формирование умения самостоятельно определять рациональную последовательность выполнения действий и операций.

  5. Формирование умения анализировать свою деятельность.

Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру үшін С.Жақыпов өз еңбегінде " сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, логикалық сызбаларды, шартты – графикалық құралдарды қолдану керек. Бұл оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін жандандырып, өз бетімен жұмыс жасауға және оны меңгеруге төзімділігін арттырудың бірден – бір тәсілі болып табылады" деп көрсетті.
Танымдық іс-әрекетке тәуелді, қызығумен мәндес, туындауы жағынан астарлас ұғымдар бар, олар: стимул, түрткі, қажеттілік және мотив.
Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

  • Білімді өз бетінше алу және оны түрлі нақты жағдайда қолдана білуі.

  • Іргелі білімдерге қол жеткізуі.

  • Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері.

  • Өзбетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі.

  • Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара әрекеті.

  • Әрекетке бейімделуі мен өзін-өзі бақылау.

Қызығушылық (латынша interest-мәні бар, маңызды)- адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығушылықты жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқушының танымдық қызығушылығы - танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.С. Выготский былай деген: "Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін, салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқушылардың танымдық қызығушылығы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты, ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді".
Ынта-ықылас (интерес)-(лат. interest — мағынасы болу, маңызды) -әрекеттің адам аса маңызды деп түсінетін шынайы себебі. Ынта-ықыласқа субъектінің өз іс-әрекетіне дұрыс баға беру қатынасы деген анықтама беруге болады. Танымдық ынта-ықылас оқушының таным объектісіне деген эмоционалды қатынасында көрінеді. Оқуға деген ынта-ықыластың танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. "Баланы қандай да бір іс-әрекетке шақырғың келсе, ең алдымен, оны қызықтыру керек, оның осы іс-әрекетке әзір екенін; осы іс-әрекет үшін қажетті барлық күш-жігерінің жиналғанын; баланың өз бетінше әрекет ететінін, мұғалім тек оның іс-әрекетін басқарып, бағыттайтын болады, осының бәрін анықтап алу керек" (Л.С. Выготский).
Оқушылардың танымдық ынта-ықыластары олардың білімінің деңгейі мен сапасына, ойлау іс-әрекеті әдіс-тәсілдерінің қалыптасуына байланысты. Оқушылардың ынта-ықыласы олардың мұғалімге деген қатынасына да байланысты. Жақсы көрген және сыйлайтын мұғалімдерде оқушылар ынта-ықыласымен оқиды. Танымдық ынта-ықылас балалық әуесқойлықтан басталады, алайда ол тез арада жарқ етеді де, солайша кенеттен сөніп қалады. Терең білім беруді бұндай әуесқойлық негізінде ұйымдастыруға болмайды. Баланың әуестігін ояту үшін тартымды бастау, әсерлі сюжет, оқиғаның күтпеген арнаға түсуі, мәселелік жағдай сияқты тәсілдер қолдану ұсынылады.
Оқушыда танымдық қызығушылықтың пайда болуы оның мінез-құлқынан және іс-әрекетінің сыртқы белгілерінен айқын аңғарылады. Ең алдымен оқушының пәнге көзқарасы айқындалып, сабаққа қатысы, сабақ үстіндегі таным белсенділігі артады. Оқушының сабақтан тыс уақытта өздігінен істейтін жұмысы жаңаша сипат алады. Ол оқулықтан білгеніне қанағаттанбай, ғылыми-көпшілік әдебиеттерге, мерзімді басылым, ақпарат құрал материалдырына зер салады. Қызығу күшейіп, шарықтау шегіне жеткенде оқушының тіршілік болмысы, мінез-құлқы, құндылық өлшемі жаңарып, айқын бағытқа ие болады. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды - алдына мақсат қойып, қызығумен ғана шектелмей, оны іс-әрекетінде жүзеге асыра білетін оқушыда ғана танымдық қызығушылық дамиды.
Зерттеушілер оқушылардың 20 %-дан 50 %-ға дейін мүлде танымдық қызығушылығы болмайтынын немесе танымдық қызығушылықтары болса да, олар кездейсоқ және көмескі болып келетінін айтады. Бірақ әр түрлі қызығушылықтың ішінде танымдық қызығушылық бар. Дұрыс дамып келе жатқан оқушыңың қызығушылығы әр түрлі болады: ол барлығын танып, сезініп, барлығын өзіне тексеруге тырысады. Бұл қызығушылықты оқушыны оқытып, тәрбиелеудің мықты стимулына айналдырып қолдану керек. Оқушылардың ашық нысандарға, заттың әдемі тартымдылығына әуестігін пайдалану керек. Формадан - мазмұнға, эмоциядан - логикаға жүрсе, оқушыны қызықтыруға мүмкіндік туады .
Танымдық іс-әрекетке қызығушылықты оятуда келесі қызметтердің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; «қауіп-қатер балаларының» диагностикасы; үлгермеушілікті болдырмау; оқу материалының мазмұны (тарихи саралау, өмір тәжірибесінен мысалдар, мемлекет стандарт шегінен асу т.б.); білім берудің әр түрлі формалары мен әдістері, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану; мұғалімнің оқушыларға қатынасы, балалар қауымының қоғамдық пікірі, ақыл-ой қабілеті мен жалпы оқу білігін дамыту .
Танымдық қызығушылықты қалыптастыру мен дамытуға бағытталған әр түрлі пікірлер мен модельдер бар. Оқу жұмысының жемісті болуы, ең алдымен, балада білімге деген қызығушылықтың нәтижесі болып табылады. Бала өзі оқуға талпынбаса, күшпен зорлап оқыту мүмкін емес. К.Д. Ушинский: «тек қана еріксіз көндіру күшімен алынған, барлыққызығушылықтан айрылған оқу... оқушыда оқуға деген ынтасын жояды, ал онсыз ол алысқа кете алмайды» деп жазған . Яғни оқуға қызығушылықтың төмендеуі бастауыш сынып оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Оқуға қызығушылықтың төмендеу себептерінің бірі - оқу себебінің жеткіліктісіз қалыптасуында. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты оқу міндеттерін үйрету керек.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың обьективтік негізі - бұл оқытудың жоғары деңгейі, оның ғылыми мазмұны және педагогикалық мақсатты бағытталған танымның белсенді және өзбетімен жұмысын ұйымдастыру болып табылады.
Танымдық қызығушылық әрекеттің пәндік мазмұны мен оқу үдерісінде оқушылардың арасында туындайтын қатынастар арқылы қалыптасады. Бұған білім жаңалығының факторын, оқуда проблемалық элементтерді қолдану, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріндегі мәлеметтерді пайдалану, білім, білік және дағдының қоғамдық және жекелік маңыздылығын көрсету, шығармашылық сипаттағы өзіндік жұмыстарды, оқушылардың өзара оқытуын, өзара бақылауын ұйымдастыру және т.б. ықпал етеді .
Танымдық қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасып дамиды. Оқушылардың таным қызығушылығы олардың білімінің деңгейі мен сапасына, ойлау іс-әрекеті мен әдіс-тәсілдерінің қалыптасуына байланысты. Педагогикалық әдебиеттерде танымдық қызығушылықты қалыптастырудың үш жағдайы жиі қарастырылады.
Біріншісі - оқытудың мазмұны, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.
Екіншісі - оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру түрлерін, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың инновациялық түрлерін өткізу, оларда қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру; танымдық ойындар ұйымдастыру; проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру; пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру; ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып көрсету; оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуын тиімді ұйымдастыру; шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру; білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Үшіншісі - мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында сыйластық, ізеттілік қарым-қатынасын орнатып, олардың біріне-бірінің жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Оқушы өзі ұнатпайтын мұғалімнің пәніне ешқашан қызықпайды. Оқушылардың өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтарға ынтасы төмен болады.
Қ. Қабділрашид танымдық қызығушылықтың үш сатысын көрнекі сызбанұсқалық үлгімен көрсетеді. Онда таным қызығушылықтың бірінші деңгейі стимул (әлсіз, орташа, күшті), екінші деңгейі - бірінші деңгейдегі сыртқы себеп әсерінен жеке бас белсенділігінің ішкі себебі - қажеттік (биологиялық, әлеуметтік) пайда болады. Қажеттілік аталған қажеттілітердің әрқайсысының туындауына түрткі болып табылады. Қажеттіліктің затиялығы субъектінің іс-әрекеті одан әрі дамыған сайын айқындала түсіп, түсінуге тиісті затия түрткі болады да бағыттау қызметін атқарады, яғни мотивке айналады. Стимуляция мотивацияға өтеді, мотивациядан тұрақты мотивацияға өтеді, тұрақты мотивациядан күшті мотивацияға өтеді. Ол өз кезегінде таным қызығушылығының үшінші деңгейі нағыз қызығуға айналады . Оның көрсеткен бұл моделі танымдық қызығушылықтың қалыптасуының үш деңгейін ғана көрсетеді.
Ю.Н. Тюфанов өзінің зерттеу жұмысында қызығушылықтың даму моделін цикл түрінде көрсетті: проблемма өзбетімен жұмыс жеңіске жету қызығушылық. Қызығушылық өзінің танымдық негізіне байланысты жаңа проблеммамен кездеседі және т.б. Даму эпизодтық қызығушылықтан басталуы мүмкін. Бірнеше қайталанудан цикл тұрақтырақ қызығушылықпен аяқталады. Сонымен қызығушылықтың дамуы оның тұрақты формасына спираль бойынша жақындауы туралы айтуға болады. Бұл модельден танымдық қызығушылықтың дамуына негізінен оқушылардың өзбетімен жұмысы әсер ететінін байқау қиын емес.
Оқушылардың танымдық қызығушылығының нысанына оқу пәндерінің мазмұнына енетін ғылым негіздері, осы мазмұнды тануға бағытталған оқушылардың оқу әрекеті жатады. Г.И. Щукина оқушылардың танымдық белсенділігін, қызығушылықтың бағыттылығын және т.б. көрсеткіштерді ескере отырып, танымдық қызығушылықтың 3 деңгейін (қарапайым, орта, жоғары) бөліп көрсетеді.
Танымдық қызығушылықтың қарапайым деңгейі нақты фактілерге, білімдерге, суреттеуге, нысан бойынша әрекеттерге зейін қоюдан көрінеді.
Танымдық қызығушылықтың орта деңгейі тәуелділіктерге, себеп- салдар байланыстарына, оларды өзбетімен қарастыруға қызығушылығымен сипатталады.
Танымдық қызығушылықтың жоғары деңгей терең теориялық проблемаларға, білімді меңгеруде шығармашылық әрекетке қызығушылықтан көрінеді.
Оқытудың әдістемелік белсенді негізі болып. танымдық ілімі болып табылады. Танымдықтың мақсаты - жеке тұлғаның санасындағы белгілі нақтылығында. Тәжірибелік және рухани әрекетте жеке тұлға өзін қоршаған әлемге әсерін тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды. Бұл танымдық процестің ең жалпы үлгісі. Алайда, белсенді-танымдықтың ерекшелігінің мәні неде екенін түсіну үшін, субъектінің санасында танымдық нақты әлемнің көрінісінің екі деңгейінің барын (репродуктивті және продуктивті) бірінен-бірі танымдық процестің жүріп отыру айырмашылығы бар екенін атап кету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет