"Диагноз" грек тілінен аударғанда танып білуді білдіреді (бұл ғылымға ортақ термин). Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталды (Б.С. Кобзарь, Л.И. Катаева, Е.А. Берулова, Б.П. Макарова, Б.П. Битас, В.П. Симонов және т.б.). Б.П. Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған көрсеткіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық диагностиканың негізгі міндеттерін анықтап берген.
Педагогикалық диагностика соңғы онжылдықта іс-әрекет нысаны және мұғалімді басқару ұстанымын қарастырылып келеді. Қазіргі педагогика ғылымында мұғалімнің іс-әрекет нысаны педагогикалық (оқу-тәрбие; процесі деп мойындалған. Соған орай мұғалімнің жұмыс тиімділігі оның іс-әрекет нысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты. Сонымен педагогикалық диагностикаға мына төмендегідей анықтама беруге болады: "сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және педагог-оқушы" жүйесі мүмкіндіктерін айқындау" (В.К. Омарова).
Басқару нысаны туралы мәлімет-мектептің (сыныптың) педагогикалық процесінде, отбасында қашанда әрқилы. Сол себепті ақпараттардың педагогикалық мәнін екінші кезекті не оған қатысты жақтардан бөле білу қажет. Педагогикалық ақпараттар - басқару нысаны туралы әрқилы мәліметтерден шектеу. Бұл шектеулердің өз шекаралары бар, олар мына төмендегілер:
-ақпарат ұзақ мерзімді (жылдық, жарты жылдық, ) перспективті жоспарлаудың ніегізің құруы тиіс
- ақпарат мұғалімге жекелеген оқушылармен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізідің міндеттерін реттеуге мүмкіндік тудруы қажет;
- ақпарат әрбір мектеп оқушысын нақты іс-әрекетке үйрктуге, нақтылауға қызмет еруі керек
-ақпарат оқушылармен жүргізілетің жұмыс мазнұнын сұрыптаудың негізін салуға лайық болуы шарт;
-ақпарат мұғалімді іс-әрекеттің қандай түрін оқушылармен ұйымдастыру керектігіне және ол іс-әрекет оқушыларды неге үйрететінін түсінуге жетелеуі тиіс;
-ақпарат әрбір мектеп оқушысын нақты іс-әрекетке үйретуге, нақтылауға қызмет етуі қерек.
Бұл жағдайлар сақталса ғана ақпарат басқару нысаны мен қоршаған әлем туралы дұрыс мағлұмат береді, соның негізінде оңтайлы басқару шешімдерін өңдеуге мүмкіндік туады. Мұғалімге ақпараттың үш түрі аса қажет:
1.Бастапқы ақпарат, ол оқушылар туралы алғашқы мәліметті алуға көмектеседі, Бастапқы ақпарат жеткілікті ұзақ мерзім бөлігінде (1-3 жыл және одан да көп) қалыптасады және жеткілікті ұзақ мерзімді әрекеттегі (сынып оқушының мәртебелік ережесі, оқушылардың білім, білік, дағды сапалары) педагогикалық процестің тенденциясын көрсетеді.
2.Тактикалық ақпарат, ол оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын (жекелеген шаралар өткізу) дұрыс құрастыруға жәрдемдеседі. Тактикалық ақпарат мұғалімнің нақты бір кезеңді өткізу кезіндегі (сабақта жұп және топ құрамы, мектеп спектаклін әзірлеуде рөлдерді бөлу, т.б.) педагогикалық процестің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.
3.Жедел (ағымдағы) ақпарат, ол алдыңғы екі түрді толықтыруға, педагогикалық процесс жағдайы туралы нақтылы мәлімет алуға жол ашады. Ақпараттың бұл түрі қысқа мерзім бөлігінде (күн, апта) толығып отырады. Дегенмен оның мәні тез жойылады (оқушының сабақтан қалу себебін жою, материалды түсінбей қалған жағдайда көмек көрсету, т.б.)
Мынаны түсінген абзал: ақпараттар сипаттамасы көбейген сайын педагогикалық процестің жағдайы нақтылана түседі. Сондықтан ақпаратты сұрыптауға іс-әрекеттердің барлық түрлері мен оның көрсеткіштерін талдау негізге алынады. Сонымен педагогикалық ақпарат дегеніміз-үйренілетін нысан туралы барлық мәліметтер емес, керісінше оның мәнді әрі керекті педагогикалық процесті көрсететін негізгі сипаттамалары.
Достарыңызбен бөлісу: |