Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Репродуктивті танымдық деңгейінде



бет103/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Репродуктивті танымдық деңгейінде (оқыту материалы) сырт қабылдауға берліген -күйінше қабылданады. Кейбір зерттеушілер реподукцияны бір енжар нәрсе сияқты қарайды, әрине ол шындыққа ұласпайды. Білім мен әрекеттің әдістерін меңгеруде оқушылардың мақсатты бағытталған әрекеті, оқушылар жағынан әр уақытта белсенді болып келеді, тек бұл белсенділіктің деңгейі әртүрлі болады. Сонымен бірге әрекеттің басқа элеменітері болуы мүмкін ( Т И. Шамова). Дидактикалық көзқараста бұл әрекет бұрынғы өтілген материалдың бірнеше рет қайталануы, әртүрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы іске асады. Танымдықтың жоғары деңгейі - бұл продуктивті, белсенді танымдық. Бұған тән ең алдымен, оқушының оқыту материалына деген өзгешілік қатынасы. Осының барысында, тек қана оқыту ықпалы өзгермейді, сонымен бірге, оқыту мақсатына субъект-оқушы да өзгереді. Белсенді танымдық кезіңде оқушы оқып-үйреніп жатқан материалдың мазмұнына жаңа сұрақтар қояды, оның мәселесін қалыптастырады, оны шешуге жаңа әдістер іздейді. Таным оқушылардың құбылыстар туралы терең білуге ғана емес, оны ерекше ұғынуға, меңгеріп жатқан білімге және танымдық процеске қатынасына бағытталған. Белсенді танымдық әрекетке, яғни, тек білімді, білік пен дағдыны меңгеру қалыптаспайды, сонымен бірге танымның нәтижесі мен құнды қатынастар пайда болады.
Танымдық белсенділік жеке тұлғаның әрекетінде қалыптасады. Бұл ұғымдардың арасындағы қарым-қатынасты шамалы тура келгендік қатынас деп білуге болады. Бұл танымдық белсенділік оқытудың интенсивтендіруі мен мәнін белгілейді. Бұл танымдық әрекетте қалыптасып анықталады, бірақ бұл құбылыстар (ұғымдар) ұқсас деген нәрсе емес. Танымдық белсенділіктің құрылымында жеке тұлғаның сапасы ретінде келесі компоненттер ерекшеленеді: оқу тапсырмаларын дайындауға әзірлік; өзіндік әрекетке ұмтылыс; тапсырма орындаудағы саналылық; оқытудың жүйелілігі; жекелік деңгейді көтеруге ұмтылыс т.б.
Оқушыларды оқыту мотивациясының тағы бір маңызды жағы белсенділікпен байланыста болады-бұл дербестік, оқыту анықтамасымен байланысқан, әрекет құралдары, үлкендердің және мұғалімнің көмегінсіз оқушылардың өздерінің іске араласуы. Танымдық белсенділік пен оқушылардың дербестігі ажырамайтын зат: белсенді оқушылар, әдеттегідей көбіне дербес; оқушының жеткіліксіз жекелік белсенділігі оны басқалардан бірте-бірте дербестіктен айыралы.
Жоғарыда аталып өткеннің бәрі ТМД-ның жаңашыл педагогтарының, шебер мұғалімдердің тәжірибесінде көрініс тапқан (Ш.А. Амонашвили, С.Н. Лысенкова, И.П. Волков, б.Ф. Шаталов, Қ. Битибаева, К. Нургалиев, Р.Б. Нуртазина, А. Искаков, т.б.) . Олардың жаңашыл ізденістері Кеңес Үкіметі кезінде-ақ басталған. Қазіргі уақытта мұғалімнің таңдау мүмкіндігі бар кезде педагогтар шығармашылығы кең өріс алуда. Бірақ, өткен жылдардың жаңашыл педагогтарының идеялары мен технологиялары әлі де өз күшін жойған жоқ.
Әрбір жаңашыл педагогтің тәжірибесі бірегей болса да, олардың ортақ идеялары да бар, олар:
-балаларға деген адамгершілікті қатынас, әрбір оқушыны жеке тұлға деп санау;
-оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат-мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін, жанұя өмірінің жағдайларын тани білу;
-оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу, оларды оқу-тәрбиелеу процесінің әріптесі қылу, баланың, тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып танымдық іс-әрекетке араластыру;
-оқушыларға қиынырақ мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;
-балалар ұжымына сүйену: сабақ-ұжымдық еңбек, мұғалім мен балалардың ұжымдық шығармашылығы;
-оқушыларға, мүмкін болған кезде, тапсырмаларды еркін таңдау қүқығын бере алу;
-бағдарламалық материалды ірі блоктарға біріктіру және тірек-сүйеніштерді пайдалану (тірек шаралар, сызбалар, кестелер, т.б.);
-оқушыларға ұжымдық және даралық өзін өзі тани білу;
-оқушыларды ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету.
Жаңашыл педагогтардың осы идеяларын ынтымақгастық педагогикасында бірікгіруге болады. Алайда, ынтымақтастық идеясы жай сөз ретінде қалмас үшін оған әдісті қосу керек. Балалармен ынтымақтастықты жаңа тоқсанннан бастап жариялауға немесе енгізуге болмайды, оған жылдарлап жету керек. Ынтымақтастық педагогикасы балалармен қарым-қатынас кезінде оларға деген қатынастың өзгеруінен пайда болады.
Жаңашыл педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқытудың негізгі формасы-сабаққа ерекше көңіл бөлінеді. Ол айтарлықтай өзгерген және мектептің балалардың дербестігін, шығармашылық белсенділігін дамытуға деген бағыттылығына негізделген жаңа формалармен толықтырылған. Сабақтың орнын сақтай отырып, қазіргі мектеп оған жаңа бағыт береді, оны басқа формалармен толықгырады, ол формаларда оқушы білімнің өз бетінше, дербес "табыскері" ретінде көрінеді.
Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз жағдайдың белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғаліміне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы.
Жаңашыл педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқыту әдістері өзгеріп отырады. Ұзақ уақыт бойында мектеп әдістерінің алуан түрін жинақтаған, олар оқыту процесінің елеулі бөлігі болып табылады. Алайда олардың ара қатынасы, артықшылығы, нақты толысуы мектептің мақсаттық бағыттарына қарай өзгеріп отырады. Балалардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытудың міндеттерін бірінші орынға қою дәстүрлі әдістерге елеулі өзгерістер енгізіп, жаңаларының пайда болуына жағдай жасайды.
Ауызша әдістер мектепте, бұрыннан-ақ, басты орын алып келеді. Мұғалім сөзі, оқулықтар - оқыту процесінің бұрыннан келе жатқан құралдары. Алайда, соңғы он жылда олар мәселелік сипатқа ие болып келеді. Мәселелік әдіс ақырындап оқулықтар мазмұнын өзгертіп келеді. Фактілерді эпикалық түрде баян етудің орнына оқу материалы көкейкесті ғылыми және әлеуметтік мәселелер төңірегінде топтастырылады, оларды шешудің әртүрлі теориялық әдістері ұсынылып, оқушылар үшін мәселелік міндеттер мен сұрақтар тұжырымдалады. Оқулықтар құрылымындағы, мұғалімнің оқу материалын түсіндіруіндегі жүйелі мәселе қою әдісі оқыту процесінде басты орынға ие болып келеді.
Мәселелік әдіс дәстүрлі көрнекілік және техникалық құралдарда да қолданылады. Теле және бейнежазулар, кино және диафильмдер жағдайлар мен құбылыстардың жай ғана бейнеленуі емес. Олар оқушылардың жануарлар мен өсімдік әлемінің динамикасын, физикалық құбылыстардың пайда болуы мен барысын көріп, басқа елдердегі халықтардың өмірімен таныса алатындай етіп жасалған. Фильмдердегі текстер, мәселелік және пікірталас сұрақтары оқушылардың көңілін қарама-қайшылыққа, қоғамдық және табиғи феномендерді ғалымдардың әртүрлі талқылауларына аударады.
Оқу процесінің жаңаруы мектеп лабораторияларындағы оқушылар іс-әрекетінің орны мен мазмұнының өзгеруімен байланысты. 40-шы Дүниежүзілік коференция 1980 жылдары-ақ өзінің ұсыныстарында "оқушылардың ғылыми зерттеулер мен технологиялық даму процестеріне қатысу белсенділігін арттыратын лабораториялық, эксперименталды және тәжірибелік сабақтарды кеңінен өткізудің" қажеттілігін атап өткен. Көптеген батыс елдердің мектептерінде лабораториялық сабақтарға арналған уақыт екі есе көбейтілген, лабораториялық тапсырмалардың мазмұны эвристикалық сипатқа ие болуда. Қатал ережеге негізделген тапсырмалар, көбінесе, оқушыдан шығармашылық әдіс пен өзіндік ойлауды керек ететін ізденіс міндеттерімен алмастырылады.
Оқушылардың өздік жұмысының, оқыту тәсілі ретінде, оқушылардың өздігінен білім алуға, жұмысты жоспарлаудың маңызды дағдыларын қалыптастыруға, оны ұйымдастыру мен өзін өзі бақылауға, ақпаратты талдау мен сараптауға, жалпы қорытынды жасауға, жұмысқа тиісті түзетулер енгізуге дайындығы үшін маңызы өте зор. Өздік жұмыстың дәстүрлі түрі-үй жұмысы, оны оқушы мұғалімнің көмегінсіз жасайды. Кейде тапсырма ерекше материал жинастырумен, сұрақ-жауап, бақылау жүргізумен байланысты болып келеді. Мұндай өздік жұмысты проект - жоба дейді. Оқушылар тобы немесе жеке оқушы жобаның тақырыбы мен міндеттерін анықтап, тек мектеп қабырғасында ғана емес, сондай-ақ мектептен тыс та жұмыс істей алады (мұрағаттарда, мұражайларда, қалалық кітапханада, мекемелерде т.б.). Жоба әдісі оқушыны оқу субъектісі етіп қана қоймай, оның қазіргі ақпараттар заманындағы өте маңызды әртүрлі каналдан келіп түскен ақпаратты жинастыру мен талдау дағдыларын қалыптастырады.
Танымдық және шығармашылық белсенділікті арттыру міндеті дидактикалық рөлдік ойындардың пайда болуына себеп болды. Эмоционалдық өріске бағытталған олар оқушылардың танымдық ынта-ықыласына, қиялына дем беріп, оқу процесінде аз қамтылатын жеке тұлғалық компоненттердің қызметін арттырады. Бүгінде батыс елдердің коммерциялық фирмалары әр жастағы оқушыларға арналған көптеген дидактикалық ойындар шығарады. Оларды барлық пән мұғалімдері қолданады, әсіресе тарих, қоғамтану, биология пәндері бойынша. Суреттермен, портреттермен, сызбалармен, текстермеп жұмыс істей отырып, оқушылар тарихи оқиғада қазіргі әлеуметтік құбылыста мектептің аса маңызды мәселесін шешуде "жеңіліске ұшырап қалуы" мүмкін. Рөлдік ойындар мен драматизация ынта-ықыласты оятатын мықты педагогикалық тәсіл ретінде қарастырылады. Ол мұғалім оқушыларға мәселені шешу, қарама-қайшылықтан шығу жолын табу міндетін қойған кезде ерекше нәтижелі аяқталады.
Соңғы жылдары мектептерге жаңа техникалық құралдар кеңінен енгізілуде. Микроэлектроникаға негізделген бір беткей жаңа ақпарат тасушылардың пайда болуымен байланысты ақпарат революциясы соңғы он жыл ішінде мектептің дәстүрін айтарлықтай өзгертті. Болашақ білім беру көбінесе теледидар, аудио және бейне аппаратура, микрокомпьютер сияқты техникалық құралдар сияқты қазіргі заманғы ақпарат құралдарын ары қарай пайдаланумен байланысты.
Алайда қандай да керемет техника болмасын, ол мектептегі мұғалім орнын баса алмайды, бұл жағдай ең басты, ең маңызды болып қала береді. Оқушылардың танымдық белсенділігі, еңбірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына, оның әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне деген сеніміне, оқушылардың жетістіктерін әрдайым демеп отыруына байланысты. Нағыз мұғалімге мына қасиеттер тән: балаға деген сый мен сүйіспеншілік, оның мүмкіндігіне сенім, оқушының өрлеу, жетістік, өз күшіне сену сияқты сезімдері пайда болатын жағдайлар жасау. Микроэлектрлік техникамен органикалық байланыстағы адамгершілігі мол мұғалім оқу процесі мен мектептің бүкіл кейпін түбегейлі өзгерте алады. Мұндай жағдайдағы оқу бала үшін қиын емес, жаңаны тану, зерттелмегенді өз бетінше ашу, танымдық іс-әрекетінің жетістіктеріне жету қуанышына айналады.
Осылайша, жинақтау әдісі ғана оқушылардың танымдық іс әрекетін белсендірудің практикалық шешімі туралы айтуға мүмкіндік береді.
XX ғасырдың 70-80 жылдарында оқыту процесін белсендіруге бағытталған, оның балаға арналғаны, оқушының оқытудың белсенді субъектісіне айналуына бағытталған әдістемелік зерттеулердің көлемі көбейді. Оқыту процесіндегі радикалды өзгерістердің қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына Ж. Пиаже (Швейцария), Б.Блюм, Д.Ж. Бруннер, Ж. Ганье, С. Эриксонның (АҚШ) еңбектері куә. Ж. Пиаженің айтуынша, мектептер "жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамау керек, шығармашылық және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек". Белсенділік деген (интенсивтендіру, шығымдық) оқушының іс-әрекеті мен пәнімен "қосылғандағы" дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділіктің дағды-біліктерін меңгеруі.
Белсенділік-бұл оқытушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін арттыратын, шығармашылықты арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған. Бұл ой еңбегінің құлдырау және тоқтап қалудан сақтайтын, жігерлі, мақсатты бағытталған жүйе.
Белсенділіктің негізгі мақсаты-оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің саласын көтеру. Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін ұғындыратын екі әдіс анық белгілі болып отыр. Бір зерттеушілер танымдық белсенділікті әрекет ретінде қарайды, ал біреулер - сапа, жекелік білім деп ұғады. Берілген мәселеге "танымдық әрекет" және "танымдық белсенділік" ұғымдарының енуі тек әрекетті бірлікте қарайтын болсақ онда бұл жағдайда мәселе өзінен өзі шешілетін сияқты, себебі оқушылардың кез-келген әрекеті ойламды шешімді болуы керек.
Оқушылардың оқыту белсенділж мәселесі - терең педагогикалық зерттеулердің пәні. Бұны өңдеуге М.А. Данилов, Р.Г. Лемберг, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов. Т.И. Шамова, Г.И. Щукина, А.Х. Аренова үлестерін қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет