Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Педагогикалық зерттеу бағдарламасы



бет33/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Педагогикалық зерттеу бағдарламасы
Зерттеу бағдарламасы зерттелінетін процесті білудің жан-жақты методологиялық ыңғайы мен әдістемелік тәсілдерін теориялық тұрғыдан дэйектеу боп саналады.
Тек қана терең ойластырылған зерттеу бағдарламасы педагогикалық зерттеулерді жоғары деңгейде жүргізуге кепіл бола алады.
Бағдарламаның, стратегиялық құжт - деп, саналатындығы да осыдан, өйткені бұл құжатқа қарап кез-келген уақытта зерттеу тұжырымдамасын, зсрттеушінің, проблеманың шешіміне байланысты, алға қойған міндеттерін аңғаратын болуы керек.
Зерттеу бағдарламасы, салыстырмалы түрде, нақтылы, аяқталған, төмендегі сұрақтарды қамтуы тиіс:
Методологиялық бөлігі - проблеманың көкейкестігін тұжырымдау; мақсатын көрсету; зерттеу нысаны мен пәнін анықтау; зерттеу болжамы мен міндеттерін тұжырымдау.
Әдістемелік бөлігі - тексеруге қажетті жиынтықтарды анықтау; ақпараттар жинауға байланысты пайдаланылатын әдістерді сипаттау; ақпараттарды жинақтау логикасы, құрылымын түзу; ақпаратарға талдау жасау т.б.
Көрініп тұрғандай, зерттеу бағдарламасында зерттеу логикасы құрылымының жоғарыда аталған үш кезеңі сипат алады.
Зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңі сипаты мен зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізілетін жұмыс зерттеу проблемасын айқындау мен тақырыпты таңдаудан басталады.
Проблема және зерттеу тақырыбын анықтау .
Шын мәнісінде, зерттеу тақырыбы - проблема (шешілмеген мәселе) мазмұнын құрау керек. Сол себепті де, тақырыпты таңдау оны тұжырымдау, зерттеу проблемасын анықтау болып саиалады.
Ғылыми проблема, өз бетінше алдыға тартыла бермейді.
Ол, практика мен ғылыми әдебиеттерге, олардың жай күйіне терең талдау жасау нәтижесі, таным процестері, қарама-қайшылықтардың тарихи кезеңдеріндегі күйлері болып саналады.
Проблема көзі - болып, көбінесе, практикада туындайтын қиындықтар, конфликттер т.с.с, табылады.
Осы себепті, оларды шешу қажеттілігі, практика алдына қойылған міндет. Олар: оқушылар жүктемесін азайту; білімділік пен тәрбиелелік арасындағы айырмашылықты жою; және т.с.с, болуы мүмкін. Сондықтан, практикалық міндеттерден ғылыми проблемаға көшу үшін кем дегенде, екі жағдайды ескеру:
а) алға қойылған практикалық міндеттерді шешу үшін - қандай ғылыми білім қажет екенін анықтау;
э) ғылымда ондай білім бар, жоғын анықтау - қажет. Егер мұндай білім бар болса, онда оларды іріктеу, жүйелеу, қолдану қажет, ягни, ғылыми проблема теориялық негізде пайда бола қоймайды.
Ғылыми, техникалық танымдағы және оқыту процесіндегі пайда болатын проблеманы айыру үшін танымдағы проблеманың объективті маңызы мен оқытудағы оның объективті мәнін айыруқажет.
Проблема маңызы - дүниенің даму заңдылықтарын ашуға көмектессе, мәні - ғылыми білімді түзуге көмектеседі. Сондықтан, проблеманың мәні - ғылыми фактілермен олардың теориялық танылуындағы қарама-қайшылықтар және бір-біріне таласқа түскенғылыми теориялар.
Мысалы: политехникалық білімнің мобильдігі жөніндегі пікір. Бұл білім негізінде меңгерілген мамандықта мобильді сипат алады деген тұжырымға алып келді. Десекте, әрбір мамандық өзінің сипаты мен мазмұнына байланысты функционалдық сауаттылықты қажетететіні мәлім.
Проблеманың әрмен қарай дамуы мен шешілуі, зерттеу нысанымен пәнін анықтау болып табылады.
Таным нысаны және пәні бірдей нәрсее деп түсіну дұрыс болмаған болар еді, өйткені, бұл екі ұғым көп жағдайда бірін-бірі алмастырады.
Зерттеу нысаны - алдын-ала берілген, ал пәні іздеуді, нақтылауды қажет етеді.
Зерттеу нысаны - оқу бағдарламасында, оқу процесінде тұжырымдалған, зерттеу мен пәннің мақсаттарына сәйкес зерттелінетін белгілі бір шындық. Мұндай объективті облыстар қатарына оқытушының, оқушыныд практикалық іс-әрекеті немесе олардың ғылыми сферадағы проблемасы болып саналады.
"Зерттеу нысаны" ұғымын объективті шындық ұғымы - деп қарастыруға болмайды. Таным нысаны ретінде - ''таным процесіне", қатысты, өзара байланысы, қатынасы, қасиеттері анықталған нақтылы - объектіні түсіну керек.
"Таным пәні" - ұғымы, "таным нысаны" - ұғымына қарағанда нақтырақ, өйткені, бір ғылымның зерттеу нысаны, әртурлі ғылымның зерттеу пәні болуы мүмкін.
Жеке зерттеу пәні ретінде зерттелініп отырған жұмыстағы, зерттеу пәнінің элементтері, байланыстары, зерттеу нысанының қатынастары қаперге алынады.
Зерттеу пәнін анықтау - зерттеу шекарасын белгілеу, зерттеу перспективасын анықтау және алға тартылып отырған проблемадағы, мейлінше, негізгі деп саналатын байланыстарды алдын-ала жоспарлау, оларды уақытша даралап және бір жүйеге біріктіру мүмкіндіктерін қарастыру - деп түсіну қажет.
Таным пәнінде, таным құралдары мен методологиясына негізделген, қорытынды түрінде шоғырланған мәселені шешу бағыттары, маңызды міндеттері, оларды шешудің мүмкіндіктері қарастырылады.
Зерттеу пәнінен - ғылыми зерттеудің негізгі міндеттері келіп шығады.
Көбінесе, зерттеу міндеттері ретінде шешімін табуға қатысты жеке міндеттердің үш немесе төрт бағыты көрсетіледі. Осы себепті, міндеттер мазмұнына енетін сұрақтардың стандарты болуы мүмкін емес. Десекте, зерттеу міндеттерінің алғашқысы болып: зерттелініп жатқаи объекттің дамуы, орын алу заңдылықтары, құрылымы, табиғаты және мәнін ашу; екіншісі - объекттің жалпы өзгеріс тәсілдерін ашу, оның моделін жасау; үшіншісі - нақтылы әдістемелік құралдарға, педагогикалық ықпал, практикалық нұсқаулар - табылады.
Зерттеуші, алға қойған міндеттерге байланысты, зерттелінбеген облысқа, "шабуыл" жасауы қажет. Ол үшін, нәтижені алдын-ала біліп отыруы, біршама, жұмыстың қорытындысын одан шығатын зерттеу логикасы кезеңдерін көз алдына келтіре алуы қажет. Мұндай, алдын ала ойластыру формасы болып гипотеза (болжау, жорамал) табылады.
Болжау - мақұлдауды немесе теріске шығаруды қажет ететін қандай да бір процестерге, құбылыстар мен фактілерге түсінік беретін-ғылыми жорамал.
Болжам формасы ішінде танымның талқыланбаған заңдар мен принциптер маңындағы тереңдеп қорытындылауға, анықтауға бағытталған нақтылы қозғалыс жүзеге асады. Яғни, болжам зерттеу байланыстары механизмі туралы, олардың ішкі заңдылықтары жөніндегі алдын-ала пікір болып табылады.
Зерттеудің келесі кезеңі - ғылыми жорамалды тексеру, яғни, шындыққа жетудің амалдары мен әдістерін белгілеу.
Зерттеу тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы зерттеу әдістемесін түзеді.
Алынған нәтижелерге баға беру, жіберілген қателіктердің себептерін анықтау, т.с.с. алдын-ала теориялық және практикалық тұрғыдан тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Аталған тұжырым өз кезегінде зерттеу міндеттеріне жауап берерлік қағида, пікір және нақтылы жауаптарды түзеді.
Практика - кез-келген зерттеу жұмыстарының соңғы мақсаты мен шындық критерийі болып табылады.
Айқындалған қағида мен әдістерді ендіру - ғылыми зерттеудін қажетті элементі болады, онсыз зерттеу жұмысы аяқталынбаған сипат алады.
Ғылыми - педагогикалық зерттеу нәтижесі әдістемелік құрал, әдістемелік нұсқауларды оқу процесіне ендіру болып саналады.
Жоғарыдағы мәселе, орындалған жұмыстың әдеби тұрғыдан дайындалуын талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет