Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет29/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Зерттеудіңжұмысжоспары- қабылданған, ұсынылыпотырғанболжамдытексеружәнеөрбітумақсатындажасалынғанкешендіжұмыстартізімі.
Зерттеудіңжұмысжоспарыныңбасқаларданөзгешілігі, мұндазерттеужұмыстарыныңбарлықнегізгікезеңдерініңорындалуқұралдары, жолдарыменәдістерікөрсетілінуде.
Кезкелгенғылымиізденістердіңтиімділігі, көбінесезерттеужұмысыныңшынмәніменнәтижесінеалыпкелетінкезеңдерініңдұрыстүзілуіне, яғни, зерттеулогикасынабайланыстыболады.
Зерттеулогикасынтүзу - өтекүрделіжұмыс.
Өйткені, зерттеулогикасыжұмыстыңбірден-бірмаңыздыкезеңдерінқұрайотырыпзерттеупроцесінеүзеңгілестікжасайды. Дегенмен, зерттеулогикасынтүзуүшінсоңғынәтиженіңмоделінжасапалуқажетболады. (Мысалы: кітапмазмұны).
Зерттеулогикасықұрылымынжасаудыңүшкезеңінатауғаболады.
Біріншікезең- зерттеутақырыбынтаңдау, оныңмақсатынанықтауғадейінгі, болжамдықұрукезеңдері, жалпытөмендегілогикалықсхематүріндеберілуімүмкін: проблема-тақырып - нысаны (объект) -пәні -ғылымифактілер-жетекшіидея - жорамал-зерттеумақсатыменміндеттері.
Жұмыстыңекіншікезеңініңлогикасызерттеуәдістерінтаңдаудан, зерттеуқорытындысынтұжырымдауғашейінтөменгісхемадажасалынуымүмкін:
әдістерді таңдау - жорамалды тексеру - алдын-ала қорытындыларды конструкциялау - оларды практикады тексеру - тәжірибе жасау, нақтылау -шешуші қорытыиды жасау.
Үшінші, қорытынды кезең - зерттеу нәтижелерін - практикаға ендіру және жұмысты әдеби көркемдеп баспаға дайындау. (Оқулық, оқу құралы, әдістемелік құрал және т.б.)
Жоғарыдағы педагогикалық зерттеу логикасы зерттеу бағдарламасына сүйенетінін айта кету керек.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінің бірі - ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға, оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмыстағы қарама-қайшылықтарды шешудің тәсілдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарын дамытатын ойлаудың басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.
Тарихи материализм әдісі барлық қоғамдық ғылымдар үшін жарамды және ол әлеуметтік, педагогикалық және басқа да заңдылықтар мен олардың дамуының ерекшеліктерін танудың негізі болып табылады. Ғылыми танымның осы әдістері шешуші мәнге ие, зерттеудің бағыты мен оның тағдырын анықтайды, ал оның таным объектісін зерттеудегі принциптік ыңғайы зерттеу нәтижелері мен олардың әдістемелік құндылықтары бағасының дүниетанымдық критерилері болып табылады.
Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайтын бірнеше компоненттерден тұрады: а) фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теорияның логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Бұл ретте дәріптелінген объектіні құрастыруды кез-келген педагогикалық теорияны, оның байланыстарын, заңдылықтарын, жорамалдарын, дәріптеушілігін, анық білімдерге жету принциптері мен механизмін құрастырудың қажетті шарты ретінде қарастыру қажет.
Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды (физика, математика, химия, тіл білімі) зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, анализ және синтез, дәріптеушілік, өлшеу, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дидукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
Сонымен, зерттеу әдісі дегеніміз күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. Әдісті құрайтын тәсілдер зерттеу тәртібінің феноменологиялық суреттемесін, оның құрамындағы элементтердің эмпирикалық бөлінуін, эмпирияның зерттеу объектісі мен оның психологиялық-педагогикалық сипаттарын жүйелі түрде түсіну мақсатында зерттеу элементтерінің құрылымдық-қызметтік анализін қамтамасыз ететін анализ бірліктеріне әдістемелік бөлінуін қамтамасыз етулері қажет.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпаратарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол-жаңа Білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет