Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет37/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Мемлекет- саяси-құқықтық түсінік. Мемлекет - билік қызметтеріне ие болған қоғамның саяси буынының жүйесі. Ол қоғамды басқаруды жүзеге асыратын өзара байланысты мекемелер мен ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Мемлекетті де әлеуметтендірудің бір факторы деп қарастыруға болады. Өйткені, оған халықтың, әр бір азаматтың дамуына және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасайтын саясат, идеялогия, экономикалық және әлеуметтік тәжірибе тән. Мемлекет өз халқымен мақсатты бағытталған әлеуметтендіру процесін жүзеге асырады.
Мемлекет тікелей тәрбие беру мәселесін де жүзеге асырады. Өйткені "тәлім-тәрбие тұжырымдамалары", мен "білім беру заңдары" және т.б. тәрбие мәселесіне қатысты құжаттар мемлекет тарапынан қолдау тауып қаражатпен қамтамасыз етіліп, жүзеге асырылып жатады. Мемлекеттік тәрбие жүйесі өзінің құрамына көптеген тәрбиелік ұйымдарды қамтыған. Олар:

  1. Әр түрлі типтегі оқу-тәорбие мекемелері (бала-бақша, жалпы білім беретін және кәсіби мектептер,лицей, гимназия, ПТУ, колледж, курстар т.б.);

  2. Денсаулығы нашар балалар мен жасөспірімдер мекемелері;

  3. Дарынды балалар мекемелері;

  4. Әлеуметтік-мәдени және басқа да микроортадағы сауықтыру жұмыстарымен айналысатын ұйымдар (жеке, топтық жұмыстар, т.б.);

  5. Бойында кемістігі бар балалар яғни әлеуметтік және психикалық ауытқулар бойынан кездесетін балалар мен жасөспірімдерге арнлған мекемелер;

  6. Балаларды қайта тәрбиелеу мәселесімен айналысатын мекемелер.

Мезофактор (мезо-орта, аралық деген мағынаны бiлдiредi),- бұлар үлкен адамдар тобының әлеуметтенуге тигiзетiн әсерi. Мысалы, ауылдан келген студентке қала адамдарының яғни көпшiлiктiң әсерiнен қала өмiрi мен өмiр сүру салтына бiртiндеп бейiмделiп кетуi жатады. Мезофакторлар жекелеген адамдарға әсер ету арқылы төртiншi топ факторын анықтайды. Оны микрофактор деп атаймыз. (микро - кiшi деген мағынаны бiлдiредi) яғни жекелеген адамдар бойындағы нақтылы бiр қасиетi немесе ерекшелiгi екiншi бiр адамға әсер етедi. Оның өзгеруiне, басқаша бейiмделуiне түрткi болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет