Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар



бет31/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
а)Әңгіме- сұқбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Әңгіме-сұқбат алдын-ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып, өзіне қажет мәселелерді бөліп алады, әңгіме-сұқбатты тіркейтін құралдарды дайындайды (бейне таспа, аудио таспа, стенография), бұлар көбінесе -әңгімелесушіні ашық әңгімеге тартуға кедергі жасауы мүмкін. Зерттеушінің кәсіби білімі және үлкен сыпайылық сезімі болуы қажет, сол арқылы ғана ол әңгімелесушіні ашық әңгімеге тарта алады.
Әңгіме-сұқбаттар әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде жүргізіледі (мектеп директоры, оның орынбасарлары, ата-аналар, окушылар, білім берудің әртүрлі деңгейдегі басшылары). Олардың білім беру саласының жағдайы мен ондағы өзгерістерге кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы алынған ақпараттарға маңызды косымша болып табылады. Алдын-ала дайындалған әңгіме-сұқбаттармен қоса экспромт әңгіме-сұқбаттарды жүргізуге болады.
ә)Сұқбат-әңгіме-сұқбаттың бір түрі. Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу объектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірімен қоса психологиялық-педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады. Сұрақ-жауаптың бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ- жауап мәтінінде белгіленген іс-әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер етеді. Зерттеушінің міндеті зерттеу объектісінің әңгімесін қолдау. Сұқбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және тәжірибесін қажет етеді. Сұқбаттың мақсаты — зерттеу педагогикалық жағдайға деген көзқарасын қайта құру, зерттеушінің сұрақ-жауап алынғандардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеуші күрдслі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің жалпы құндылықтарын түсіну сұрақ-жауап объектісімен терең карым-қатынас жасай отырып, оның жекелік-мотивтік, когнитивтік және операционалды компоненттерін түсіну арқылы ғана мүмкін екенін ескеруі қажет. Көптеген мамандарға сұрақ-жауап жүргізу арқылы тенденциялар мен құбылыстар дамуының заңдылықтарын қортындылап түсіну мен анықтау мүмкіндігі туындайды.
Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сапалық және сандық тұрғыдан талдау жасау қажет. Талдау барысында сұрақ-жауап алынған адамның іс-әрекеті объектісінің шынайы сипаттамасын, жұмысындағы білім беру міндеттерін шешуде пайда болған қиындықтарды, оларды жеңудіц тәсілдерін анықтау қажет. Сұқбат нәтижелерінің талдауы мен олардың түсіндірмесі зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.
б)Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының қатал логикалық құрылысы. Анкета құрастырушы ұсыныған алдын-ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиынырақ. Анкета әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс -әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.
4.Мұғалімдердің, жаңашыл-педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты. Тәжірибе дегеніміз педагогтің ұзақ жылдар бойындағы практикалық-педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі. "Тәжірибе" және "практика" ұғымдар ұқсас ұғымдар емес. Практика ұғымының мәні кең, өйткені онда мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін. Басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес. Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зерттеудің көзі бола алады. Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу керек, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға болмайды. Оған тек мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыратын зерттеушінің жеке дара қасиеттерін есепке ала отырып сүйенуге болады.
5.Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-педагогикалық тексеру медикалық-педагогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты. Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әртүрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді.Тексеру барысында оқушылардың өмір-баяны, психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуының генезисі, ауырған ауруларының сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері, оқушылардың, олардың ата- аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшеліктері (ақыл-есі, ойлауы, қиялы) зерттеледі.
Зерттеушінің кестелер мен оқушыларды тексерудің мазмұндық-мағыналық талдауы негізінде оқушылардың оқу іс-әрекетін орындауының және оқу-тәрбие процесіне бейімделуінің даралық ерекше тәсілдері айқындалады. Тексерудің медикалық-педагогикалық кестелерге талдау жасау оқушылардың ішкі даралық және аралық даралық айырмашылықтарын айқындау үшін жүргізеді. Оларға қорытынды жасай отырып, нақты бір оқушыларды оқыудың, тәрбиелеу мен дамытудың жолдары мен тілдерін ойластыруға көшуге болады. Медикалық-педагогикалық кестедегі белгілі бір концептуалды- әдістемелік үлгі бойынша педагогика мен психология жетістіктеріне сүйеніп жеке тұлғаның әлеуметтену мәселесінің жеке дара және ұжымдық шешімін табуға болады. Бұл оқушылардың ресми және бейресми қарым-қатынасы кезіндегі конструктивті және іс-жүзінде пайдалы іс-әрекетін ұйымдастырудың интеллектуалды-танымдық және коммуникативті-жекелік аспектілерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеушінің міндеті талдаудың сандық және сапалық тәртіптерін құрастыру.
6) Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі. Оқушылардың жеке дара іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу,олардың жазбаша, графикалық және басқа да жұмыстарына талдау жасау зерттеушіге оқушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі мен оларды орындаудағы жетістіктер туралы, сондай-ақ сол іс-өрекеттің сыныпта, сыныптан тыс және бос уақытта әр түрлі көрініс табуы туралы жан-жақты мәлімет береді.
Оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктерне, ынта- талаптарына, мақсат-мүдделеріне, бейімділігі мен кабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді. Оқушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемелерімен, жеке құжаттарымен, оқушылардың медикалық-педагогикалық тексерулерінің, педагогикалық кеңес мәжілісінің, әдістемелік кеңес хаттамаларымен танысу, сынып журналдары мен есеп беру құжаттарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың оқу-танымдық қызметінің даму деңгейі мен ақыл-ой іс-әрекетінің ерекшеліктері, олардың жұмысқа шыдамдылығы туралы пайдалы объективті мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәреже деңгейі мен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.
7.Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, окулықтар, оқу-әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компонентері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тестердің, емтихандардың, бақылау жұмыстарының, шығармалардың, эсселердің, жобалардың, суреттердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі сі- әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.
Мәліметтер мен зерттеудің басқа да әдістері парадигмалық түсініктер мен зерттеудің концептуалды сорабын құрастырудың әдістемелік ерекшеліктері жүйесінде талдау жасалуы тиіс алғашқы эмпирикалық ақпаратты алуға бағытталған. Зерттеу — белгілі бір мәселені шешудің ақыл-ой, концептуалды-жекелік және практикалық процесі. Алайда бұл мәселені тек эмпирикалық деңгей әдістерін қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты ғылыми деректерден олардың теориялық қорытындыларына көшуі қажет. Сонда ғана оларды негіз деп санап, зерттеу мәселесінің теориясын құрастырудағы дәлел ретінде педагогикалық ғылымға енгізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет