Теориялық деңгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі - теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық деңгей әдістері:
1. Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған катысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәд- ениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіне керекті әдебиетті таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру прорцесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.
Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады. Әдебиет көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасы ескеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар.
Талдау мен синтез. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Сондай-ақ ол қатыстық қисынды сипатта болуы мүмкін, мүндай талдауда элементтердің бір-біріне қатынасы көрініс табады. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар пікірлер, жүйелер түрінде жинақтауға болады, бұл ретте аулақтау ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір болған жерде оның құрамды сөйлемдері де болуы керек. Конъюнкция (лат. conjuncton - одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Талдау мен синтез диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, "талдау" термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезінде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады.
3.Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту -көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу — бір затты немесе" құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі.
Дәріптеушілік — дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін немесе жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді, әсіресе, материалдық объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.
4.Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады. 5.Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
6.Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу - зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект түпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастықжәне үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әртүрлі формалары колданылады. Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (түпнұсқаның толық көшірмесі болған модель модель бола алмайды). Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.
Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.
7.Болжау әдісі зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйс немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстрақциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүгінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең талдау жасалуда.
8.Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.
Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар объектіні анықтап алып, оны бұл белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алу қажет. Сондай-ақ, шартты критерилер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жақсы немесе үлгерімі нашар деп айтуға болады.
Тізбектеу әдісі деректердің, құбылыстардың, қасиеттердің, белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады. Өлшеудің бұл әдісі ретке келтіру әрекетіне негізделген, яғни зерттеу объектілері немесе құбылыстары белгілі бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылады. Сандық тізім әдісі сандық көрсеткіштерге сапалық талдау жасауға мүмкіндік береді. Орташа мөлшерді анықтау әдісі орташа сандық көрсеткіштерге, бағаларға талдау жасап, нәтижелері мен оларды дәрежесі бойынша орналастыру, өзара үйлесімдік коэффициенттерді есептеу үшін қолданылады, бұл зерттеушінің математикалық статистика және мүмкіндік теориясы саласында арнайы дайындығын талап етеді.
Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторлады және олардың ішкі мазмұнының факторларын түсіндіруге бағытталған. Эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категория ретінде "құбылыс" деңгейінде зерттесе, теориялық әдістер "мәні" деңгейінде зерттейді. Бұл ретте екі әдіс те объектіні танудың ғылыми сатысы болып табылады, онда құбылыс мәннің көрініс формасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас емес. Құбылыс мәнге қарағанда қозғалмалы болып келеді. Зерттеу объектісінің мәнін теориялық түрде тану оның даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Зерттеудің теориялық. және эмпирикалық әдістері ғылыми таным деңгейлері ретінде бір-бірімен диалектикалық байланысты және бір-бірінсіз өмір сүре алмай әрі дамымайды.
Ғылыми танымның үшінші деңгейі ең жоғары деңгей-әдістемелік деңгей. Танымның әдістемелік деңгейі педагогика категорияларымен, "білмеген туралы білімді" айқындаумен, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі ретінде белгілі теорияларды қолданумен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған, таным іс-әрекетінің негізгі әдістмелік теориясы құрылуда.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің жоғарыда аталып өткен әдістері таным іс-әрекеті құралдарының ішіндегі бірегейлері ғана. Зерттеудің бұл әдістері нақты зерттеу әдісттерін шешуде қолданылатын ең негізгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |