Педагогикалық, процестің құрылымдық бөліктері оның
мақсаты мазмұны, формалары және жұмыс атқару әдістері, педагогикалық продесті материалдық-техникалық, ұйымдастыру болып есептеледі. Ұстаздар мен оқушылар педагогикалық, процесстің құрамдас бөліктеріне жатады.
Педагогикалық процестің мәнін терең және жан-жақты түсіну үшін оның тек бөліктерін ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінің ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процестің бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну олардың арасында объективті өмір сүретін нақтылы бір ішкі байланыстарын айқындауға мүмкіншілік береді.
Педагогикалық процестің боліктері өз-ара әрекетер барысында өзін көрсетеді. Бөлшектердің ерекшеліктері педагогикалық процестің заңдылықтарын тану барысында түсінікті бола түседі. Басқаша айтқанда, педагогикалық процесс туралы ұғымды жүйелі қалыптастыру оның заңдылықтарын білумен тығыз байланысты.
Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтарына мыналарды жатқызуға болады;
- педагогикалық процестің қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігімен келістілігі;
- педагогикалық процестің нақтылы бір мақсатқа бағыттылығы;
- ұстаздар мен оқушылардың, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өз-ара әрекеттерімен байланысты педагогикалық процестің екі жақтылық ерекшелігі міндетті түрдегі екі жақтың да іс - әрекеттері арқылы сиппаталады;
- оқушылардың белсенділігі мұғалімдердің іс-әрекеттерді мұқият ойластыру мен ұйымдастыру нәтижесі;
- оқушылардың мүқият ұйымдастырылған өз-ара әрекеттері
педагогикалық процесстің тиімділігін арыттырады;
- оның мазмұны мен ұйымдастырудың жас ерекшеліктері мен коллективтің және кейбір жеке оқушылардың даму деңгейіне сәйкестілігі;
- оқушылардың педагогикалық процестегі өз-ара әрекеттерін ұйымдастыру қажеттілігі;
- педагогикалық процестің бөліктерінің өз-ара әсер етушілігі мен қатар бағыныштылығы;
- педагогикалық процестің уақыт бірлігінің ұзақтылығы;
- педагогикалық процестің ішіндегі мен ортасындағы өз-ара қиылысқан қосымша жүйелерінің ықпалы (әртүрлі реттегі жүйелер) көптеген факторларды тудырады, соның әсерінен негізгі нәтиже қалыптасады.
Бұл заңдылықтарды білу, біріншіден, практикалық іс-әрекеттер барысында ең жақсы нәтижелерге жетуге, екіншіден педагогикалық процестің ең жалпы моделін сауатты жасауға жағдай тудырады, бұл нақтылы педагогикалық процесті талдау жасап оның жақсы да жаман жақтарын, және сонымен бірге жақсы тәжірбиенің дамуына қамтамасыз ететін модельдер жасалынып мүмкіншіліктер береді. Қандайда болмасын моделдің нақтылы құрылымы болады. Сондықтанда педагогикалық процесті жүйелі түрде елестету, оның құрылымына әсер ететін заңдылықтарының ерекшеліктерін білумен тығыз байланысты.
Педагогикалық процестің заңдылықтарын оқып білу оның кейбір бөліктері педагогикалық процестің әлеуметтік-сәйкестілік ерекшелігін ашып көрсетеді, басты бір бөлігі оны ұйымдастыру мен басшылық етудің ерекшелігіне назар аудартады, ал үшінші бөлшегі педагогикалық процестің нәтижелерінің қалыптасуын анықтайды. Егерде педагогикалық процесс ерікті немесе еріксіз, кездейсоқ немесе әдейі жеке заңдылықтардың әрекеттерін бұзып, немесе ескерілмей ұйымдастырылса, онда бұл ең соңында саналылықты жоғалтуға және мақсат пен нәтижелер арасындағы өте үлкен айырмашылықтарға әкеледі.
Барлық заңдылықтар және оның ролі туралы айтылғандарды ескере отырып, педагогикалық процестің графикалық моделін жасауға көмектесетін негізгі алғашқы анықтамалар жасауға болады;
1. Педагогикалық процесс өзінше әралуан бөліктердің өз-ара әрекеттері болып көрінеді.
2. «Адамзат факторы» болып есептелмейтін педагогикалық, процестің жеке бір бөлшегі ұстаздармен сұрыпталып «ыңғайластырылады», ал оқушылармен «меңгеріледі», ұстаздардың оқушыларға әрекеттері соңғылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жанамастырылады.
3. Ұстаз оқушыларды педагогикалық процеске қатыстыру ұмтылысын, оларды белсенді танымдық, еңбек және қоғамдық іс-әрекеттер жұмысына қажетті тәсілдермен әдістерді оқыту арқылы қамтамасыз етеді.
4. Педагогикалық процестің «еңбек затына» негізделген жұмысы барысында оқушылар «еңбек құралдарын» меңгереді.
5. Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесіндегі бір ғана ұстаздың күші мұғалімдер коллективі мен класс, мектеп оқушылар коллективінің өз-ара әрекеттері есебінен не әлсірейді, не күшейеді.
6. Жалпы білім беретін мектептердегі ұйымдастырылатын педагогикалық процес семьядағы педагогикалық процестің негізінде жүзеге асады.
7. Педагогикалық, процесс ішкі байланыстылықтағы элементтер жүйесі ретінде, олардың өз арасында пайда болатын жағдайлары мен шиеленістерге тәуелді.
Педагогикалық процестің заңдылықтарының бірі — оның уақыт жағынан ұзақтығын — үстаз бен оқушыдан мақсатқа багытталған түзу сызық ретінде елестетуге болады.
Мақсатқа байланысты бағытталған тағы да екі заңдылық бар: процесс әрқашанда белгілі бір іс-әрекетті сипаттайды, бұл нақтылы жағдайда сөз етіп отырғанымыз тұрақты іс-әрекет, дәлірек айтқанда ұстаз бен оқушылардың өз-ара әрекеттері туралы. Екінші заңдылық мақсатқа бағыттылық, біртұтастық және педагогикалық процестің құрылымдық элементерінің өз-ара байланыстылығы ерекшеліктерін айқындайды.
Сонымен бірге педагогикалық процесс бөліктерінің белгілі бір өз-ара сатылы бағыныштылығын белгілеп қоюға болады. Мақсат педагогикалық процестің оның ең басты негізгі өзегі, ол қоғамның мүддесі мен талабына сай педагогикалық процестің ол немесе басқа өңін анықтайды. Мақсаттан қозғалыс басталып мазмұн меп барлық басқа бөліктердің бағытты айқындалады.
Мұғалімнің басшылық ролін анықтайтын заңдылықты тәрбиеленушілердің саналы белсенділігі мен коллектившілдік және жеке творчествалық іс-әрекеттерін ұстаз жасайды. Бұл дегеніміз, педагогикалық процестің мақсаты, міндеттері және тағы басқа бөліктерін мұғалімдерден гөрі оқушылар мағанасын терең түсінуі керек деген сөз, олай болмаса қандайда болмасын саналы белсенділіктің болуы мүмкін емес. Екінші жағдай; қандай да болмасын іс-әрекеттің нақтылы жолы белгілі бір тапсырманы моделдерді нақтылы әдіс, тәсілдер арқылы орындаумен жүзеге асады. Бір тапсырма моделдері, тәсілдері арқылы жүзеге асады.
Демек, мұғалімнің басшылық ролін іс-әрекет мағанасында, оқушылардың алдағы жұмыстың мақсаты мен міндеттерін және оны жүзеге асыру тәсілдерін саналы түрде меңгеру арқылы педагогикалық процеске қатынасуымен байланысты түсінуге болады. Әрине, мұғалім көрсетілген мақсаттарда алдағы істелінетін жұмыстың мазмұнын мұқият түрде ойластыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |