Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің объектісі ретінде де, субъектісі ретінде де қарастырылады. Оның объект болу себебі оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие секілді мақсатты әсерлерге тәуелді. Субъект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін-өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субъект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс).
Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейді. Н.И.Дубиннің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін «жөнді универсалды» керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы.
Бала өмірінің алғашқы үш-бес жылын ғалымдар "ұлы бастаулар уақыты" деп атайды. Адам психикасының сырттай көріністерінің қасиеттері өмір барысында қалыптасады, сондықтан оларды ата-ана, педагогтар және баланың өзі қадағалап, реттей алады. Әрбір солдаттың дорбасында — маршалл аса таяғы, тек бір ғана шарт бойынша, егер ол "аса таяқты" "солдаттың" жастық шағында ата-ана, мұғалімдер, көршілер, бір сөзбен айтқанда, баланың, жасөспірімнің, жастардың тәрбиесіне қатысы бар адамдар араласса. (В. Чурбанов).
4. Тәрбие үрдісінің диалектикасы. Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдіс.
Тәрбие үрдісі өзінііі жаратылысы жағыйан диалектикалық болып келеді. Ол жеке тұлғаның үздіксіз дамуда, өзгерісте, қозғалыс болуына байланысты. Тәрбие үрдісінің негізі өмірдеі кездесетін себептерге байланысты дамып, өзгеріп отырады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшеліктеріне де байланыстыі дамуда, өзгерісте, өсуде болады. Тәрбие үрдісінің диалек- тикасы дамудың ішкі және сыртқы қайшылық заңдылық-тарына бағынады. Дамудың ішкі қайшылығының біріі — жеке тұлғаның даму процесінде білуге құмарлығы мен білмейтін жұмбақ істердің арақатынасынан туындайды. Адамның білмегенді білуге деген талпыныс, іс-әрекеті оның белсенділігін туғызады, білмегенді білу үшін тәжірибе жинақтауға сүйене отырып, белгісізді білуге кимыл, әрекет жасауға икемделеді. Ал сыртқы қарама-қайшылықтарды жеңу ісі де тәрбие үрдісінің қозғаушы күші болып саналады. Мысалы, мектеп пен отбасы арасындағы тәрбие ісіндегі түсініспеушілік, ата-аналардың педагогтардың талабын дұрыс түсінбеуі, т. б. теріс әсерін тигізеді.
Бұл заңдылық тәрбиенің тұтастығы мен өзара байланысындағы, тұлғаны оқыту мен дамытудағы диалектика-лық шарттылықтардан көрініс табады. Тұлғаның дамуы тәрбие мен оқытудың сапасына байланысты. Оқыту тұлғаны қалыптастырудың құралы болып табылады. Өз кезегінде тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің жалпы даму дәрежесінің деңгейіне байланысты болады. Тәрбие теориясы тұлғаның дамуына әлеуметтік тәжірибені игеруге, қарапайым, білім, білік және дағдыларды жинақтаута көмегін тигізеді. Жеке тұлғаның дамуы өзінің көрінісін ең алдымен адамның психикалық қызметінің сапалық өзгеруінен, онда жаңа сапалардың, мінез-құлық белгілерінің қалыптасуынан табады. Тәрбие үрдісінде оқушылардың іс-әрекетінің мазмұны олардың қажеттілігінің өзгеріп отыруына байланысты көп вариантты болып келеді жөне қажеттіліктің даму өресімен анықталады (О.Н.Козлова, 1994).
Достарыңызбен бөлісу: |