Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет51/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Бақылауға арналған сұрақтар
1.Тәрбие мақсатының мәнін ашыңыз.
2.Тәрбие мақсатының әдіснамалық қалыптасу негізіне сипаттама беріңіз.
3.Тәрбие, "тәрбие мақсаты", "әлеуметтендіру", "персонализация" түсініктерді айқындау.
Әдебиеттер:
1. Әбенбаев С., Әбиев Ж. Педагогика. Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2009. – 336 б.
2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы: «Nurpress», 2011. – 228с.
3.Педагогика: Учебник. Алматы,2009 – С.341
4.Подласый И.П.Педагогика Учебник для бакалавров Гриф УМО: Юрайт, 2012. -574 с
5.Ахметова Г.К., т.б Педагогика: Оқулық – Алматы: Қазақ университеті., 2006,-217б.


10-тақырып. Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
13 дәріс.
1. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.
2. Дүниетанымның құрлымы және түрлері.
3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары: оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формасы, әдістері.
Әдебиеттер:
1.Әбенбаев С., Әбиев Ж. Педагогика. Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2009. – 336 б.
2.Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы: «Nurpress», 2011.
3.Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы. –Алматы: Print-S, 2005. – 430б.
4.Ахметова Г.К., т.б. Педагогика: Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 217 б.
5.Ғаббасов С.Педагогика мен психология негіздері: оқу құралы. – А.: Таймас, 2008.- 448 б.
6.Дайрабаев Е.Б. Педагогика пәнінің негіздері: оқу құралы. – Алматы, 2005. – 222 б.

Дүниетанымның қалыптасуы - күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда.


Жаңа заманның нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіңдегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықган, қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.
Дүниетанымның қалыптасу процесі көп қырлы, сондықтан педагогикалық ғылымда бұл ұғымға байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Дүниетаным - бүл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына жөне өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Әлеуметтік топ пен жеке тұлға дүниетанымның субъектісі болып есептелінеді. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйытқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және оның партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Дүниетаным - дүниенің, адамның, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсіну және олармен адамның әлеуметтік-саяси, философиялық, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылық. Дүниетаным болмысты тану әдісі бола отырып, адамдардың іс-әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмір принциптерінен тұрады.
Дүниетаным дегеніміз — дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным - қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мөні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, өр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгеру нөтижесінде де қалыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижесінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаңалықгары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақгылай түседі, өзгертеді.
Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным - күрделі де көпаспкетілі құрылым. Оның ұйытқысы - теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамыған қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер. Көзқарастар - адамның идеясы, білімдер, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдауы. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметін атқарады.
Әрбір адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды қызмет-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани мәдениетінің негізін құрап. оның "Мен" деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайды. Сенім - көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың коллективті индивидуалдық тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір "білетін" немесе "түсінетін" емес, ол - жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Білімдер адам үшін қажетті білімдер болуы керек, яғни субъективті, жекелік мағынаға ие болулары керек. Сенімге айналған білімдер мен идеялар дүние мен адамды өзгертіп. материалдық күшке айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет