Регулятивті қызмет атқара отырып сенім жеке тұлғаның тұтас рухани, құндылық бағыттарын, мақсат-мүдделерін, тілек-қажеттілігін, сезім мен қылықтарын анықтайды. Олар қоғамдық мақсат-мүдделердің объективті талаптарынан, адамның танып білген қажеттілігіне сәйкес әрекет туындайды. Сенім жеке тұлғаның қазіргі уақытта іс-әрекеттінде басшылыққа алып, оның болашақ өмір жолын анықтайды. Сенім — жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет-әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі — оның дүниетаным көрінісі. Сезім - сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу таным қуанышы мен ақиқат шындығының, сұлулыққа эстетикалық сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметтік оптимиз мен мақсаттылық сияқты интеллектуалды сезімдермен байланысты.
Қажымас ерік-жігер - дүниетанымның маңызды элементі. Сенім адамды іс-әрекетке итермелейді. ғылыми дүниетаным теориялық санамен шектеліп қана қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниетаным элементі ретінде теориялық ойлау дегеніміз -адамның білімдерді, болмыстың құбылыстарын шығармашылық түрде түсініп-ұғыну, дүниетанымды мейлінше жетілдіру, ерік-жігерді сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілетті.
Арман-мұрат өмірлік мақсаттар ретінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Сананың мазмұны сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады.
Адамның дүниетанымы көбінесе оның тікелей өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Оның мазмұны елеулі түрде адам өмірінің жағдайларына байланысты өзгереді. Әлеуметтік орта — адамды әлеуметтік өміріндегі қоршаған қоғамдық қатынастардың дамуының белгілі бір сатысындағы нақты көрінісі. Әлеуметтік орта қоғамдық-экономикалық формация түрінде, қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі бір топтардың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмыстық және кәсібіне тәуелді.
Қоғамдық-экономикалық формация өзіндік тарихи, демографиялық, географиялық және ұлттық нақтылығында, өмір салтының белгілі бір түрін, ойлау мен мінез-құлық амалдарын тудыратын әлеуметтік ортаны қалыптастырады. Сонымен, қоғамдық-экономикалық формация — әлеуметтік орта — өмір салты - жеке тұлға - дүниетаным ұйытқысы, жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі жолы.
Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.
Ғылыми педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі, дүниетанымдық сана, сезім мен ерік-жігердің түтас қалыптасу идеясынан бастау алады.
Достарыңызбен бөлісу: |