Бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Педагогикалық процесс», «тәрбие», «білім беру», «оқыту» деген ұғымдар арасындағы байланыстарды қарастырыңыз.
2. Педагогикалық процестің құрамдас бөліктеріне сиппаттама беріңіз.
3. Педагогикалық процесс «мұғалімдер-оқушылар» жүйесіндегі жағдайының уақыт кеңістігінде алмасуы екенін дәлелдеңіз.
4. Не себепті педагогикалық процесті екі жақты процесс дейді?
5. Педагогикалық, процестің заңдылықтарының мазмұнын ашып көрсетіңіз.
6. Қарама-қайшылықтардың процестің қозғаушы күштері ретіндегі ролінің мәні неде?
Әдебиеттер:
1. Әбенбаев С., Әбиев Ж. Педагогика. Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2009. – 336 б.
2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы: «Nurpress», 2011. – 228с.
3.Педагогика: Учебник. Алматы,2009 – С.341
4.Подласый И.П.Педагогика Учебник для бакалавров Гриф УМО: Юрайт, 2012. -574 с
5.Ахметова Г.К., т.б Педагогика: Оқулық – Алматы: Қазақ университеті., 2006,-217б.
9-тақырып. Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
12 дәріс.
1. Тәрбиенің мақсаты - нақты тарихи құбылыс және тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторлары.
2. Тәрбие мақсатының жалпыадамзаттық құндылықтар
3. Әлемдік және ұлттық мәдениет – тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі.
Педагогика тарихындағы ой-тұжырымдардағы тәрбие мақсатының мәселесі. Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, "рақым" туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар — философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.
Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты (азаматты қалыптастыру).
-"өз істерін ақылмен және байыппен жүргізетін адам". Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының бағыт-ұстанымынан айныған емес.
Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесімді болуының биігінен көрінуі қажеттілігіне тоқталса, ал И. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А.Дистерверг "ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет" ету деп анықтаған.
Ерте заманнан бері тәрбие мақсаты жайлы пікір жалғасып келеді. К.Д. Ушинский жазғандай: "Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сіздің дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші "бақыт" дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық" .- деп те түсінеді.
Осыған орай сұрақ туады, балаға әрқашан бақытты болу пайдалы ма, бұл әлеуметтік мәселелерді шешуде дәрменсіздікке, қайратсыздыққа әкелмей ме? Сөз тек осы күнгі тәрбие мәселесі жөнінде емес: педагогтар жастардың бүгіні мен болашағын ескере отырып, өмірдің күрделі де қиын мәселесін шешуге дайындауға ынталану деп ұққан жөн.
Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақгы үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған түлға ретінде түсінді. Әрине, бүл позиция-тәрбиенің негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.
Ресейде, социал-демократтар тәрбие мақсаттары туралы ой көзқарастарын әлемге ұсынды. XIX ғ. 40-жылдарында Н.Г. Белинский крепостнойлық право мен патшалық саясатқа қарсы күрескерді тәрбиелеу деп жазды. А.И. Герцен тәрбие мақсаты - қоғамдағы әділетсіздікпен күресетін еркін ойлы, адамгершілігі мол, қайраткер, жан-жақгы дамыған тұлғаны дайындау деп санады. "Біз ақыл-ойдың дамуына таныммен қатар адамгершілік тәрбиенің міндеті анағұрлым маңызды"- деп, К.Д. Ушинский жазды.
Сол себепті, бүгінгі тәрбиенің мақсатын әлеуметтендіру мәселелерімен бірлікте қарастыру өзекті мәселелердің бірі екеніне ерекше мән берген орынды.
Тәрбие мақсаты - ол педагогикалық процссс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздьтң кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындайды.
Тәрбие мақсаты-бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қолжеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты — педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оны" компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиенің мақсаты нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі (И.П. . Подласый).
Тәрбие мақсаты жалпы және жекеленіп келеді. Тәрбиенің -мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Мәдениет деңгейі, тәрбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты-тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді. Қоғамның төрбие мақсатын өз бетінше ойдан шығаруына болмайды.
Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның объективті даму заңдылығына сүйену қажет.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар, мақсатты кұрастыру, оны белгілі заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс күші және өндіріс түрі қатынасының даму деңгейімен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нақтылау үшін, тәрбие мақсатының қоғамдық-экономикалық қатынас түріне байланысты екенін атап өтеміз.
Негізгі мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін окушылардың тәрбиеге бой ұсынуынан, кұлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін бөліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қалыптастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақыл-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты (Э. Фромм).
Екінші негізі, адам мен қоғамның қарым-қатынасына тәуелді. Ұзақ уақыт бойы педагогикалық мақсаттарды талдау мен негіздеу қоғам мен өкімет қажеттілігіне сай келетін мақсаттар жоғары дәрежеде болып есептеледі. Мұндай жағдайда баланың қызығушылығы екінші орынға шегеріліп отырды.
Бірақта, гуманистік педагогика баланың қызығушылығын ояту мәселесін ең басты деп есептеді. Бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда.
Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуге болады: үлгілі (идеал) және өзекті (актуальді) соңғысы тұлғаның дамуымен даралығын қалыптастыру және оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.
Тәрбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы оқушылардың өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қарап иедагогикалық басшылық жасау. Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады (К.Д. Хмель).
Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игеруі саналы-ұтымды іс-әрекетіне, онда шешуші рөл білім жүйесі мен эмпирикалық дәстүрлі қалыптағы қоғамдық психологияға байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен позицияларға, құнды бағыттарға, дүниетанымға қоғамдық психология басым ықпал етеді. Тәрбие мақсатының негізгі бөліктерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив-қажеттілік-қызығушылық-мақсат.
Қарым-қатынастың мақсаты қоғамдағы іргелі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында оқушылардың санасының белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады (Б.Ы. Мұқанова).
Мақсат- іс-әрекет нәтижесін күні бұрын идеалды ой-тұжырым арқылы болжау.
Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметгік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау. Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру. Әлеуметтік ұғым, психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады.
"Әлеуметтендіру" ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтық қауымдастыру.
Әлеуметтендіру — мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен қүндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Сөз жоқ, әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.
Ғылымға адамды "Әлеуметтендіру" термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын "қоғамдастырудан" басталды. "Әлеуметтендіруді" адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г. Гиддин, (1887 ж.) өзінің "Әлеуметтендіру теориясы" кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.
Тұлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Әлеуметтендіру - тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. "Адамның адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен пірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтаруынан" (Наторп П.).
"Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуге тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оың жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек".
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, "барлығымен бірге болу" және "өзімен өзі болу" мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.
Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.
Әлеуметтендірудің көптеген тұжырымдамаларын талдау, олардың барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі. Біріншісі, адамның әлеуметтендіру жүйесінде марғаулық позициясын ұстанады, ал әлеуметендірудің өзін адамның қоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект - объект деп қарауға болады (қоғам объективтік әсер, ал адам —оның объектісі). Бұл ұғым — пікірдің басында Э. Дюркгейм және Т. Парсонс тұрды.
Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып қоймай, қоғамға да бейімделеді, өзі өзіне, өмірдегі жағдайларға да әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты "субъект-субъект" деп атауға болады. Бұл екінші позицияны Ч.Кули және Д.Г. Мид ұстанды.
Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді.
Бірінші - мегафакторлар (мега-өте үлкен) — космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.
Екінші — макрофакторлар (макро-үлкен): -ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекеңде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру. Үшінші - мезофакторлар (мезо-орташа): -тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобын әлеуметтендіру жағдайы.
Микрофакторлар - белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - әйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум. Тәрбиелік кеңістіктегі қоғамдық мәдениет. Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э.С.Маркарянның ойынша, бүл тұста философияда дәлелденген мәдениеттің үш түрін, яғни әр адамның меңгеруі қажет — материалдық, рухани және социо-нормативті немесе адамгершілік мәдениеті. "Мәдениет" латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы-рухты дәріптеп көтеру. Рим ораторы М.Р. Цицерон өзінің "Тускуланские диспуты" еңбегінде ең алғаш рет "мәдениет" сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған (45 жыл ж.д.д.). Э. Тайлер мәдениетке барлық білімнің жиынтығы ретінде, яғни адамның табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем өнер, әдет-ғұрып, діншілдік деңгейінде зерделеген.
С.Б. Малиновский мәдениет теориясы адам табиғатының: биологиялық (адам өз тұқымымен жалғастыру үшін) және әлеуметтендіру жағын да ескеру қажет деп түсіндірген.
Оның ойынша, мәдениет тұтас қажеттілік құңдылықтары, құқықтар, конституциядағы әлеуметтік баптарда бекітілген идея кәсіп, нанымдар мен дәстүрлерден тұратын тұтастық. "Мәдениет" ұғымының тарихына арналған арнаулы еңбекте, Кребер мен Клакхон мәдениет табиғатын талдайды, оны құрап тұрған элементтер мен қасиеттерді психология, тіл, қоғаммен қарым-қатынасын көрсете келе, мәдениетті үш қырынан қарастырады: адамның табиғатпен қарым-қатынасы аясында, құндылықтарымен және басқа адамдармен пікірлесу. Кювильге мәдениетке бұдан көрі кеңірек анықгама береді. Ол мәдениетке материалдық әлем заттарын жатқызады, оның ішінде өндіріс өнімдерін, сонымен қатар, мінез-құлық пен психология құбылыстары: білім, қатынас, құндылықтар. А.К. Уледов "мәдениетті қоғамның рухани қазынасы" деп бағалайды. Бұл жағдайда қоғам мен мәдениет ұғымының ара қатынасы бүтін мен бөлшектің ара қатынасындағы сапасы ретінде түсінеміз. Әрқашанда мәдениет шығармашылық еңбекпен байланысты. Мәдениетті материалдық және рухани кұндылықтың жиынтығы ретінде қараған абзал. Мәдениетті биологиялық тұрғыдан тек адамға тән іс-әрекеттің тәсілі ретінде түсініп қана қоймай, "оның техника-логикалық және заттық-өнімдік" шектерін, сонымен қатар материалдық, рухани және көркем мәдениет сияқты үш мәнін М.С. Каган болжады. Ол материалдық мәдениеттің тәжірибеде қайта жаңартуға және оның практикалық коммуникативтік мәнінің адам қызметіне тигізер ықпалына тоқтайды.
Материалдық мәдениет адам қолымен жасалған материалдық құндылық заттардың жиынтығы материал (машина, құрал-жабдық, техника, әртүрлі бағыттағы объектілер т.б.). Мәдениеттің бұл саласы адамдардың тума қасиет шеберлігінде еместігі ескеріледі. Рухани мәдениетті кейде интеллектуалды деп те атайды, адамдардың табиғат пен әлеуметтік ортаны қабылдау мен бейнелеудің белгілі бір ғылым мен искусствода айқындалған болмысы ретінде қабылданады. Социо-нормативті мәдениет, қоғамдық өмірді ұйымдастыру (экономика, құқық, саясат т.б.) тума қасиет мінез-құлыққа тәуелді еместігімен оқшауланады.
Жалпы адамдық мәдениеттің өзіне тән .ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, мәдениеттің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, мәдениет мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз сапасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрекет үстінде адамшылық мәдениетке үйренеді.
Тәрбиенің әсері дегеніміз-қалыптасып келе жатқан тұлғаның ортамен (әлеуметтік қана емес, сонымен бірге табиғат, матриалдық, рухани) мақсаттарға сай өзара қарым-қатынасы болып табылады. Мәдениет - өзіне тән әдістер арқылы тек эстетикалық емес, сонымен қатар саяси, құқықтық идеалды қалыптастыратын тәрбие кеңістігі екенін бүгінгі педагогтық қауым мойындауда.
Достарыңызбен бөлісу: |