Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Дүниетанымның философиялық негіздері



бет53/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Дүниетанымның философиялық негіздері. "Дүниетаным
- философия, философия сияқты ол да бүтінге, жан-жақтыға, соңғыға, ақырғыға қарай бет алады, ол тек космос туралы білімдерден ғана емес, сонымен қатар бағалаудан, субординацияға ұшыраған құндылықтардан, өмір формаларынан тұрады (Г. Мейер). Философияның өзі де - дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адамның осы дүниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы.
Философия сияқты дүниетанымның баскд да формалары бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның дүниетанымның басқа формаларынан айырмашылығы - оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Ал оның ішінде, натуралистік формадан өзгешелігі, ерекше категориалық аппараты бар, ал ол өз дамуы барысында барлық ғылымдарға, адамзат дамуының бірыңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді. Философияның мәні "дүние-адам" мәселелері туралы ойлар.
Философия екі құбылысқа негізделеді:
1)Философия — бүтін дүние және адамның осы дүниеге қатынасы туралы ақпарат;
2)Философия — таным принциптерінің комплексі, таным іс-әрекетінің жалпы әдісі.
Осыдан барып философияның көптеген қызметі екі топқа бөлінеді: дүниетанымдық, әдіснамалық.
Философияның адам мәселесінің маңыздылығына орай бірінші орында гуманистік қызметі тұр. Гумандылық (лат. humanus - адамгершілігі бар) - адамгершілік деген мағынаны білдіреді, ол - гуманизмнің түрлі бағыттарының арман-мұраты. Оның басты мақсаты: адамға тән құндылық қабілеттілігінің, сезім мен парасаттың үйлесімді дамуы, адами мәдениеттің, өнегелілік пен оған лайық адамдар мен тұтастай жаратылысқа қатысты мінез-құлықтың жоғары деңгейде дамуы. Адамгершілік - адамдармен қарым-қатынас жасағаннан пайда болатын игілік сезімі; бір жағынан, жалпы тілектесік-ниеттестіктің сезімі; ал екінші жағынан — адамдармен іштей және жалпы тұрде қатынас жасау мүмкіндігі, адамзатты жануарлардан ерекшелендіретін, тек адамға ғана қасиеттер жиынтығы (Конт).
В. С. Соловьевтің пайымдауынша: "адам өміріне ақыл-ойдың маңызды мәселелерін, ақиқат шындығы, құбылыстардың мәні мен парасаты туралы мәселелерді шеше алатын, сонымен қатар, қалауға шартсыз мақсат қоя отырып, қызмет-әрекеттің жоғарғы қалпын анықтай отырып, бүтін өмірдің ішкі мазмұнын аша отырып, ерік-жігердің жоғары талап-тілектерін қанағаттандыра алатын жоғары деңгейдегі наным-сенім мен орныққан көзқарастар сөзсіз қажет...". "Қоғам үшін де, жеке индивид үшін де дүниетанымсыз өмір дегеніміз бағыт-бағдардың жоғары сезімінің патологиялық бұзылуын білдіреді" (А. Швейцер). Философияның гуманистік қызметінің мәні, міне, осы.
Философияның келесі бір дүниетанымдық қызметі -әлеуметтік-аксиология. Оның өзі де бірнешеге бөлінеді, олардың ішіндегі ең маңыздылары: құрылымдық-құндылықтық, интерпретаторлық және сыншылдық қызметтері. Біріншісінің мазмұны Жақсылық, Әділеттілік, Шындық, Сұлулық сияқгы құндылықдар туралы түсініктерді талдау болып табылады; бұған, сондай-ақ, әлеуметтік арман-мұрат туралы түсінік те жатады.
Қоғамдық арман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат негізгі адамгершілікке байланысты белгіленеді, ал оған шартсыз мағынасындағы, шексіз қабілеттілігіндегі жеке тұлға ұғымы жатады. қоғамда жеке тұлғаның өмірлік міңдеттері қайталанып қана қоймайды, оның арман-мұратқа ұмтылысындағы күш-жігері де толығады. қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өмірі индивидуалдық өзін-өзі танытуға талпыну мен шартсыздық пен жоғары даралыкқа ұмтылу сияқты тербелісте болады. "Жеке тұлғаны" шартсыздық принципі қажет болған сайын бүкіл адамзаттық, ғаламдық ынтымақтастық арман-мұратына әкеледі... қоғамдық арман-мұратқа еркін универсализм принципі деп анықтама беруге болады" (П. И. Новгородцев).
Жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы білімдер дегенді және оларды құбылыстарды тану мен бағалау үшін және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктері дегенді білдіреді. Ол білімдердің ақиқаттылығына және оларды қызмет-әрекеттің құралы ретінде пайдаланудың нәтижелілігіне деген сенімдерден тұрады.
Жеке тұлғаның дүниетанымы, сондай-ақ, дүниетанымдық білімдер мен сенімдер, дүниетанымдық көзқарастың кеңеюі мен тереңдеуі қажеттігінен түрады. қажеттілік дүниетаным сапасы ретінде: жеке тұлғаның дүниетанымы тек заттық-мазмұндық категория емес, ол, сондай-ақ, психологиялық категория, соның ішінде эмоционалды-жігерлік категория. Білім мен білікке негізделген қажеттілік пен сенімділік дүниетаным табиғатына сай, яғни тиісті, жетілген, сонымен қатар, шынайы мүмкін және қол жетерлік туралы түсінік болатын жалпы әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық арман-мұраттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Сенім мен арман-мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір элементінің негізін салады, ол — қызмет-әрекеттің бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементі — дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұраттарға сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоционалды-жігерлі әзірлік.
Философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен тәрбиелік жүйелердің негізін құрайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет