Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Сонымен мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз



бет82/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Сонымен мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз – тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары – оны қабылдауы, түсінуі т.б. Сабақтың осындай алдын-ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогиклық процесте соғұрлым аз болады.
Осындай мұқият талдаудан кейін және сабақтың құрылысын тиянақты ойластырғаннан кейін мұғалім сабақтың жоспарын жасайды. Сабақтың конспектісі, әсіресе жас мұғалімдер үшін, толық және жан-жақты жасалады. Мұндай конспект мұғалімге тек бір сыныптағы ғана емес, сонымен бірге барлық паралель сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет болады.
Алайда, сабақтың ойдағыдай өтуі тек мұғалімнің мұқият дайындығына ғана емес, сонымен қатар оның оқушыларды алдағы сабақтағы жұмысқа әзірленуіне және оқушылардың өзерінің сабаққа деген психологиялық дайындығына байланысты. Ол үшін оқушыларды келер сабақтағы жұмыс жоспарымен таныстырып, оларды оқулықтың немесе әдеби шығарманың жекелеген тараулары мен тақырыптарымен алдын-ала таныстыруға бағыттап, жаңа материалды меңгеруге септігін тигізетін бақылау мен күрделі емес сынақтар өткізу қажет.
Сабақтың жоспарында сабақтың тақырыбы, сабақ өткізілетін сынып бөлмесі және дидактикалық міндеттері нақтыланған сабақтың мақсаты, сабақта өтілетін материалдың қысқаша мазмұны, оның міндеттері көрініс табады. Сондай-ақ сабаққа қатысатын оқушылардың өзара қатынасын ұйымдастыру, оқушылардың оқу-танымдық қызметін дамытатын тапсырмалар, білім беру әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдері анықталады. Тапсырмалар арқылы алға қойылған міндеттерге қарай, ал ол міндеттерді орындау барысында бұған дейінгі алған білімдері толықтырылады, жаңа ғылыми түсініктер және білім жолындағы кездесетін әр түрлі жағдайларға қолданыла алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады., оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен түзету жүзеге асады, олар білімсіздікпен білімге, епсіздіктен біліктілікке қарай қадам жасайды.
Сабақтың сапасы мен нәтижелі өтуі, көбінесе, мұғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен қателерін дұрыс талдай алуына байланысты. Өз жұмысына талдауды сабақ өткізе салысымен және келесі сабақтың алдында, яғни сабақтың конспектісінің негізі дайын болған кезде жүргізу тиімді. Бұндай жағдайда мұғалім өткен сабақтың нәтижелеріне сүйене отырып, келесі сабаққа дайындығы кезінде осының барлығы ескерілуін ойластырады. Өзін-өзі бағалау өткен сабақтың талдауына негізделеді, яғни мұғалім жасаған жоспарын тағы қайтара талдап, сәтсіздіктерінің себебін табуға тырысып, дидактикалық тұрғыдан ұтымды тұстарын қайталауға тырысады.
Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын ұйымдастыру түрінің ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекеттің нәтижесін болжай алуына байланысты.
Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру.
Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның өзі белгілі бір рет пен тәртіп талабынан құрылады. Мынадай бағыттарға бөлінеді: фронтальды- мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өзіндік жұмысын басқаруы, жеке-өздік жұмыс әр оқушының және топтың іс-әрекеті, оқушылардың топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұлтәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын-ала болжауы, оқу ситуациясын туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен тыңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.
Фронтальды оқытуды ұйымдастыру проблемалық ақпараттық және түсіндірмелі иллюстративті мазмұнда және репродуктивті және шығармашылық тапсырмалармен келуі мүмкін. Мұнда шығармашылық негізге құрылған тапсырма бірнеше шағын тапсырмаларға бөлінеді, жұмыстың бұл түрі барлық оқушылардың белсенділікпен іс-әрекетте болуын жағдай туғызады. Бірақ, сабақтың бұл түрінде көптеген кемшіліктер бар, жұмыс барысында оқушылар әр түрлі деңгейде өз мүмкіндігіне қарай білімін арттыра алмайды, бәрінің білімі бір мөлшерде оқшауланбайды, әсіресе, нашар үлгеретін оқушыға мұғалімнің көмегі үнемі қажет болса, ал қабілеті өте жоғары оқушыда уақыт артық қалады.
Сол себепті сабақтың тиімділігін арттыру үшін сабақтан басқа түрлері де пайдалану керек.
Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын-ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу.
Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады: ол оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-қатынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқыны бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі, ол оқушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық оқу іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс қарқынын белгілейді. Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білім дерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өздік іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-қатынасы шектеулі, оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға болады.
Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға мыналар жатады:

  • оқу міндетін анықтау үшін сынып екі топқа бөлінеді;

  • әр топ тапсырма орындайды (не бірдей, не саралап, дарлаап берілген), ол топ ішінен бөлініп шыққан топбасымен немесе мұғалімнің басқаруымен өтеді.

  • топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі;

  • топтың құрамы сабақтың мазмұнына қарай өзгереді, ең жоғары деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады;

  • топтың және құрамның әр түрлі деңгейлікке орай оқушылардың қауымдастық құрамы сұрыпталады және мұның өзі оқушыларға байланысты.

Сабақтың топтық жұмыс түрінде оқушы саны көбейеді және жұмыс барысында оқушыға не топ басшысының, не мұғалімнің көмегі қажет болып отырады (фронтальды және жеке жұмыс кезінде мұғалімнің оқушыға көмек беруі қиындай түседі, сондықтан олар жеке жұмысқа көшкенге дейін кезек күтуге мәжбүр).
Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды, зертханалық және жаратылыстану ғылыми тақырыптардағы практикалық жұмыстарды, сондай-ақ шет тілдерді меңгеруде, ауыз екі сөйлеуде тілді дамыту бағытында және еңбек сабақтарын өткізгенде өте тиімді. Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік параметрлері күрделеніп, өздік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түседі.
Әрбір қарастырылған оқыту қызметін ұйымдастыру түрлері оқушылардың сабақ барысындағы өзіне тән оқу-тәрбиелік міндеттерді жетілдіре түседі. Олар өзара бірін-бірі толықтырып, дұрыс құрылған сабақтың жақсы нәтижесін көрсетеді.
5. Бүгінгі күнгі сабаққа қойылатын талаптар
1. Сабақ – педагогикалық процестің құрамдас бөлігі.
2. Сабақ барысында оқу процесінің барлық функцияларын іске асыру.
3. Сабақ барысында оқу принциптері мен қағидаларының іске асуын қадағалау.
4. Сабақтың дидактикалық және психологиялық бөлігінің үйлесімділігі.
5. Кешенді әдіс.
6. Мұғалімнің оқушының сабақты қалай меңгергені жайлы ақпараттың болуы.
7. Жаңа білім беру технологияларына және жаңа педагогикалық білім беру технологияларына сәйкес мұғалім мен оқушының жұмысын ұйымдастыру.
8. Мұғалім мен оқушының дұрыс педагогикалық қарым-қатынасы.
9. Оқу процесінде инновациялық технологияларды пайдалану.
6 XX ғасырдың 70-жылдарында отандық мектепте оқушылардың сабаққа енжарлығы байқалып, оқуға деген қызығушылық құлшынысы төмендеді. Бұл өзекті де өткір мәселеге тәжірибелі мұғаліәмдер назар аударып, сабақтың стандартты емес түрлерін өткізуді жөн көрді, мұндағы басты мақсат – оқушылардың білімге деген құлшыныстығын тұрақтандыру еді. Стандартты емес сабақ – оқу сабағын шығармашылық дәрежеде құрастыру, яғни, ол дәстүрдегідей емес болып келеді. Бірнеше емес сабақтардың түрлерін атап өтуге болады: іскерлік сабағы, консультация сабағы, экскурсия сабағы және өзара оқыту сабағы, бинарлы сабақ, шығармашылық сабақ, рөлде ойнау сабағы, ақиқат іздеу сабағы, интеграциялық сабақ,
панорамалық сабақ. аукцион сабақ, компьютерлік сабақ дисплей, брейн-ринг, пресс-конференция. .Дәстүрлі емес сабақтар интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Қазіргі мектепте сыныптық-сабақ жүйесімен оқыту сабақтың көп қырлылығы мен әртүрлілігі жағынан ерекшеленеді. Мұғалімнің бұл іс-әрекеттегі еңбегінің қорытындысы – сабақтардың ішінара логикалы жүйесінің ұштастығын дәйектілікпен табу және оқушылардың өздігінен білімін қорландыра білуіне ынталандыру, оның интеллектуалды еңбекке бейімделуіне жағдай туғызу, ғылыми еңбегін жас ерекшелігіне сай етіп ұйымдастыра алуына нұсқау беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет