Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Әрбір сабақ тұтас педагогтік процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу



бет79/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Әрбір сабақ тұтас педагогтік процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ көпжоспарлы, құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін.
Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидактикалық міндеттерді шешуге:

  • білімді енгізу,

  • жаңа материалды зерделеу,

  • өткен материалды бекіту,

  • бақылау,

  • оқушылардың білімін бағалау,

  • үйге тапсырма берумен байланысты.

Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды, ол оқыту үрдісінің заңдылықтарын жүзегеасырады, жаңа сабақты меңгеру логикасын ішкі психологиялық құбылыс ретінде, оқушының өзіндік ойлау іс-әрекетінің заңын, жеке таным қабілеті сапасында алып, мұғалім қызметінің түрін және оқушыны педагогтік үрдістің субъектісі ретінде алады. Сабақ элементтері, ішінара бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады, өзектілігі анықталып, оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады, сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді. Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың кезеңдері сияқты, негізгісі өзгеруге болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі міндеттерді жинақтап, сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті сапасында келеді. Міне, осы компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен бағдарламалық материалдарды меңгеруге жеткілікті біліктілік пен ике, қабілеттерді және оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру, олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту – оқушыларды өмірге бейімделуге және еңбек етуге жаттықтыруға тиісті қадам.
Сабақтардың жіктемесі. Сабақты жіктеудің бір-біріне ұқсамайтын бірнеше жолдары бар. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеу (Огородников И.Т, Казанцев И.Н)., дидактикалық міндеттеріне, оның сабақта шешілуіне орай, оқытудың әдістері мен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру тәсілдеріне қатысты.
М.И.Махмутов сабақты мақсатына қарай, детерменді жалпы дидактикалық мақсатына қатысты , меңгеруге тиісті материал мазмұнына байланысты және оқушының қабылдауына орай жіктейді. Ол сабақтың төмендегідей бес түріне тоқталады:

  1. Жаңа оқу материалын өту сабағы.

  2. Білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы.

  3. Жинақтау және жүйелеу сабағы.

  4. Аралас сабақ.

  5. Бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы.

Сабақ жіктемесінің әртүрлілігі: дидактика пайым мен тұжырымдардың болуы, тәжірибеде тұрақталған сабақ түрлерінің негізгі дидактикалық міндеттері мен оның кешендеріне байланысты.
Атап айтқанда:

  1. Кіріспе сабақ;

  2. Жаңа сабақты өту;

  3. Білімді бекіту сабағы;

  4. Жинақтау сабағы;

  5. Есепті-бақылау, аралас сабақ;

  6. Диспут, КВН сабақтары.

Кіріспе сабақ оқушыларды тақырып, тарауларды оқуға дайындау міндетін атқарады. Бұл сабақтың міндеті оқушылардың алдағы материалды меңгеруіне қажетті жағдай жасап, тақырып бойынша сұрақтарға жауап табуға және олардың танымдық қызметінің тәсілдеріне көңіл бөлу. Жаңа сабақты меңгерудің мақсаты оқушылардың жаңа материалды меңгеруі. Ол үшін оқушылар мынадай дидактикалық міндеттерді шешуге тиісті: жаңа ұғымдарды білу, әреке тәсілін іріктеу, өздігінен ізденіс әрекетін табу, құндылықты жүйе ретінде қалыптастыру. Оқытудың мұндай түрлері әрқырлы болып келеді: дәріс, мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбат, ережелер, эвристикалық әңгіме, оқулықпен өзіндік жұмыс, эксперимент және оны өткізу, тәжірибелері және т.б. Сол себепті сабақтың түрлері, осы бағыттың көлемінде әрқилы болып келеді: дәріс сабағы, семинар сабағы, кино сабағы, теориялық және тәжірибелік сабақтар, өзіндік сабақтар. Бұл сабақтардың бәріне тән құбылыс – жаңа сабақ өтуге уақыттың бөлінуі, онда негізгі мақсат оқушының танымдық белсенділігін арттыруға қозғаушы күш беріп материалға маңызды деректер енгізу, мұғалімнің ашық мысалдар келтіруі, фактілерді, ой-пікірін қосу, көрнекті бейнелік материалдарды пайдалануы, техникалық құралдарды қолдануы. Мұның бәрі мұғалімнің жаңа материалды мазмұнды да терең түсіндіруіне, әзірленуіне бағытталып, сабақта оқушылардың көңіл қою қабілеті мен ойлау белсенділігін арттыруға септігін тигізу көзделеді. Жаңа сабақты меңгеру үрдісінде қоса бұрынғы игерілген білімдерін тәртіптеу мен бекіту жұмысы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет