Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет83/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптардың мәні неде?

  2. Сабақ үстінде педагогикалық үрдістің қандай білімділік-тәрбиелік, дамытушылық және білім беру қызметтері жүзеге асады?

  3. Сабақтың негізгі түрлерін, сондай-ақ оқытудың басқа да түрлері мен олардың құрылысын суреттеп беріңіз.

  4. Білім, білік, дағдыны бақылау мен түзету сабағының құрылысын жасаңыз.

19-тақырып.Оқыту әдістері
19дәріс.
1. Әдіс туралы жалпы түсінік. Оқыту әдістері мен әдістемесі.
2. Оқыту әдістерін атқаратын қызметі мен міндеттері.
3. Оқыту әдістерінің дидактикалық, психологиялық және технологиялық аспектілері.
4.Оқыту әдістерінің ерекшеліктері.
Әдіс (гректің metodos) деген сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методологиялық-теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл.
Оқыту әдісі танымдылықты-оқыту іс-әрекетіне байланысты, диактикалық құбылыстың мәндік өзара байланысы және сөздік байланысы, олардың қозғалысын, өзгертілуін сапалы және бір жүйедегі таным процесі деп қарастыруға болады. Бұл оқыушылардың білім, білік және дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жолы мен ғылыми-практикалық тиімділігі болады.
Әдіс (грек. «methodos» - шындыққа жетудің жолы) ретке келтірілген іс-әрекеттің белгілі бір тұрғыда мақсатқа жету жолын білдіреді [1, 323-бет].
Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты іс-әрекеттерінің оқу үдерісіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекет түрі [2, 196-бет].
Оқыту әдістері – оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылау-түзетушілік қызметтерді атқарады.
2.Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны. Оқыту әдісінің мәндік ерекшелігі оның ішкі мазмұнында, копобраздық біліктіліктің негізінде көрініп, өзара байланысты және танымдық оқу іс-әрекетін іске асыру жолында жағдайда қарама-қайшылықта көрініс беруі мүмкін. Түрлі оқыту әдістерінің мазмүнын талдауда оқушыларға білім беру анықтамасын нақгылап алу керек.
Практикада мектептің танымдықоку іс-әрекетін "білім беру" оқыту процесінің негізгі бөлігін құрап, оқушылардың жеке дара психолгиялық жағдайда пәндік-оқу ақпартын сапада игеруін қарастырады, оны есте сақтау, айту және шығармашылықта игеру, түрлі формада мұғалімнің танымдылық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау іске асырады.
Оқушылардың жеке дара психологиялық қаблеттіліктерінде барлық пәндерді жоғары сапада игеру күрделі мазмұнды және танымдык оқу іс-әрекетті формадағы жалпы және арнайы пәндерге сүйеніп сапалы игеру жағдайларын байқау. Оқу-танымдық процестеріне зейініне, ойлауына, қиялдауына есіне, тіліне сонымен қатар оқу мотивінің ерекшелігіне, өзінің эмоционалды жағдайына, оқушылар арасында және мектептегі әлеуметтік-білім беру процесінің мазмұны мен ұйымдастыру формасына көзқарасына байланысты. Оқу материалдарын сапалы игерту мұғалімнің жеке басы мен оқушымен карым-қатынасына. сонымен қатар эрудициясына, кәсіпке қызығушылығына, педогогикалық тактикасына, оқушылар мен жеке дара қарым-қатынасына, өзін қоршаған құбылыс және пәннің мазмұнын оқу танымдық іс-әрекетке қызығушылық пен жас ерекшеліктерінің игеру деңгейіне байланысты.
Оқушыларды қажеттілікте-оқу күшін жұмылдырып танымдық материалдарды түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық-танымдылық пен практикалық оқудың маңыздылығына, терендігіне, тұрақтылығына байланысты қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістемесінің мазмұны спецификалық интеллектуалды құрал болып табылады.
2. «Оқыту әдісі» деген ұғым «оқыту тәсілдері» деген ұғыммен тығыз байланысты. Анықтамалық әдебиетте «тәсіл» ұғымы «еңбек тәсілі» деген мағынада жиі қолданады. Еңбек тәсілі – талап етілген операцияны жүзеге асыру ерекшелігі.
Әдістемеде оқытудың дидактикалық тәсілі деп әдістің құрамдас бөлігін атайды. Әдістерге қарағанда тәсілдер жекелей бағынушылық сипатқа ие. Олар әдіс жүзеге асыратын дидактикалық міндетке бағынады. Бір әдістемелік тәсілдер бірнеше әдістер құрамында болуы мүмкін. Немесе керісінше, бір әдіс әр оқытушыда әр түрлі тәсілдерден құралуы мүмкін. Мысалы, студенттердің назарын аудартып, ойлау іс-әрекетін белсендендіру үшін мынандай дидактикалық тәсілдерді қолдануға болады: бірлескен мақсат құру, жоспарлауды және қарастыратын сұрақтар тізімін хабарлау және т.б. Білім алушылардың оқу іс-әрекетінде белсенді үлестірмелі материалдар (БҮМ) тәсілі маңызды рөл атқарады.
1. Оқыту əдiстерi туралы түсiнiк
Оқыту əдiсi дидактиканың негiзгi бiр құрамды бөлiгi болып табылады. Себебi, оқыту
процесi оның мақсаты, мазмұны, əдiстерi жəне ұйымдастыру формаларының бiртұтастығы болып
табылады.
Əдiс деген сөз гректiң ''metodos'' деген сөзiнен шыққан. Метод деген ұғым белгiлi
ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудiң жолдары деген мағынаны бiлдiредi. Оқыту əдiстерi
туралы əрбiр автор өз анықтамасын бередi.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздiк ''əдiс'' – мақсатқа қол жеткiзетiн жол, тəсiл,
белгiлi жолмен тəртiпке салынған iс-əрекет''- деген анықтама бередi.
Оқыту əдiсi - оқушыларға бiлiм беру жəне оларды дамыту мақсатында мұғалiм мен
оқушылардың бiрлесiп жасайтын қызметi мен қарым-қатынасының тəсiл-амалдары – деген де пiкiр айтылады.
Оқыту əдiстерi – оқытушы мен оқушылардың жұмыс iстеу əдiсi, оның арқасында бiлiм,
iскерлiк, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабiлеттiлiгi артады.
Оқыту əдiстерi – мұғалiм мен оқушылардың бiрлесе жасайтын əрекетi.
Оқыту əдiстерi – мұғалiм мен оқушылардың өзара əрекетiнiң барысында бiлiм алу жолдары.
Оқыту əдiстерi – мұғалiм мен оқушылардың өзара əрекетiнiң негiзiнде бiлiм, тəрбие жəне
таным процесiн жетiлдiру.
''Əдiске'' қатысты анықтамаларда бəрiне ортақ пiкiр: ''белгiлi бiр мақсатты көздеген мұғалiм
мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас жəне iс-əрекет''.
Олай болса оқыту əдiстерi - оқытудың мақсат-мiндеттерiне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалiм мен оқушылардың қолданатын амал-тəсiлдерi мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалiм оқыту əдiстерiнiң көмегiмен оқушыларға бiлiм берiп, олардың тəжiрибелiк əрекетiн ұйымдастыруда өзiнiң iс-əрекетiн оқушылардың таным əрекетiне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалiм оқытудың нəтижесiн арттыруда оқыту əдiстерiне қатысты амал-тəсiлдерiмен қатар
оның құралдарын да пайдаланады.
Оқу құралдарына оқу кiтаптары, көрнекi жəне техникалық құралдар жатады.
1. Оқу кiтаптары - оқулықтар, оқу-əдiстемелiк кiтаптар, анықтамалар, сөздiктер, есептер
жинағы т.б.
2. Көрнекi құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар,
тарихи, экономика-лық-географиялық карталар т.б.
3. Техникалық құралдар - үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б.
Сабақтар жүйесiнде оқытудың əр алуан əдiстерiн мұғалiмнiң пайдалана бiлуi оқыту
процесiнiң дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында Л. Н. Толстой былай
дейдi: ''Қандай мұғалiм болмасын, əдiстердi неғұрлым көп бiлуге тырысуға, оларды көмекшi шара
ретiнде қабыл алуға тиiстi. Оқушының сабақ түсiнуiндегi қиыншылығының қандайын болса да,оныоқушының кемшiлiгi емес, қайта өзiмнiң сабақ оқытудағы кемшiлiгiм деп қабылдауға тиiстi. Жаңатəсiлдердi ойлап табу жөнiнде өзiнiң қабiлетiн дамыта беруге ұмтылуға тиiстi''. Сондықтан, əрбiр мұғалiм сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемi шығармашылықпен жұмыс iстеуi тиiс. Оқыту процесiнде оқушыларға ғылым негiздерiне сай терең де тиянақты бiлiм беру, оларды адамгершiлiк рухта тəрбиелеу жəне дамыту мiндеттерiн шешудегi мұғалiмнiң басшылық ету тəсiлдерi, амалдары мен құралдарының бiртұтастығын оқыту əдiстерi демекпiз.
2. Оқыту əдiстерiнiң көптүрлiлiгi, оларды топтастыру
Оқыту əдiстерi педагогика саласында талас тудыратын күрделi мəселелердiң бiрi болып
табылады. Соған орай бүгiнгi таңда оқыту əдiстерiнiң анықтамасы жəне оларды топтастыру мəселесiнде ортақ пiкiр қалыптаспаған. Бұл мəселенi зерттеушi авторлар (С. И. Архангель-ский, С. И. Зиновьев, Н. В. Кузьмина, Т. А. Ильина, Н. Д. Никандоров т.б.) оқыту əдiстерiне түрлiше анық-тама берiп, оларды əр түрлi негiзде топтастыруды ұсынады.
Ғылыми педагогикалық əдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрi бар екен.
1. Оқушылардың таным белсендiлiгiне қарай (М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер):
- түсiндiрмелi хабарлау əдiсi;
- репродуктивтiк əдiс;
- проблемалық баяндау əдiсi;
- эвристикалық əдiс.2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М. А. Данилов, Б. П. Есипов,Т. А. Ильина):
- жаңа бiлiм беру əдiсi;
- бiлiктер мен дағдыларды қалыптастыру əдiсi;
- Техникалық құралдармен жұмыс iстеу əдiсi;
- өзiндiк жұмыс iстеу əдiсi;
- бiлiмдi тексеру əдiсi;
- проблемалық, программаланған оқыту əдiсi.
3. Тұтас педагогикалық əрекеттiң тəсiлдерiне қарай (Ю. К. Бабанский):
- оқу-танымдық əрекеттердi ұйымдастыру;
- оқуға ынталандыру;
- оқытудағы бақылау жəне өзiн-өзi бақылау əдiстерi.
4. Əдiстiң логикалық жəне психологиялық сипатына қарай (Р. Г. Лемберг):
- ауызша баяндау əдiсi;
- есеп шығару əдiсi;
- өнер құралдарын пайдалану əдiсi.
5. Мұғалiм мен оқушылардың жасайтын əрекетiнiң ерекшелiктерiне қарай (В. Оконь):
- жаңа бiлiмдi игеру əдiсi;
- өзiндiк бiлiм əдiсi;
- проблемалық əдiс;
- практикалық əдiс;
- көркем əдебиет пен өнер құралдарын пайдалану əдiсi.
Солардың iшiнде ең көп тарағаны – бiлiм берудiң көздерiне сəйкес (И. Т. Огородников,С.
И. Перовский, Е. Я. Голант):
- сөздiк немесе ауызша баяндау əдiсi;
- көрнекiлiк əдiстер;
- тəжiрибелiк əдiстер.
Бұл əдiстiң ерекшелiгi: егер мұғалiм оқу материалын ауызша баяндаса, онда бiлiм алу көзi
мұғалiмнiң сөзi болып табылады немесе мұғалiм оқушыларға бiлiм беруде көрнекiлiктердi
қолданса, онда бiлiм алу көзi көрнекiлiктер болып есептелiнедi т.с.с.

3. Оқыту əдiстерiне жалпы сипаттама


Бiлiмдi меңгерту қандай жолдармен немесе тəсiлдер-мен iске асса да, оқыту əдiстерiн
таңдау негiзiнен, бiлiм берудiң мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары жəне мiндеттерiне
сəйкес анықталады.
Оқу процесiнде бiлiм берудiң көздерiне қарай қолданылатын əдiстер:
Сөздiк əдiстер: түсiндiру, əңгiме, əңгiмелесу, лекция, кiтаппен жұмыс.
Көрнекi əдiстер: иллюстрация жəне демонстрация.
Тəжiрибелiк əдiстер: лабораториялық, практикалық, графикалық, əр түрлi жаттығу жұмыстары.
Оқыту процесiнде ең көп тараған дəстүрлi əдiс - сөздiк немесе мұғалiмнiң ауызша
баяндау əдiсi. Бұл əдiс оқыту процесiнде басқа əдiстерге қарағанда жетекшi роль атқарады. В. А.
Сухомлинский: ''Сөз – ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нəрсемен ауыстыра
алмайсың…''- деп оның маңызына ерекше назар аударады
Мұғалiмнiң сөзi əсерлi, тартымды, сенiмдi, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мəнерлi
жəне бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дəлелдi болу үшiн Ы. Алтынсаринның пiкiрiн
келтiрейiк:''Мұғалiм балалармен iстес болады: егер олар бiр нəрсенi түсiнбесе, онда мұғалiм
шəкiрттердi кiналамай, оларға дұрыс түсiндiре алмағаны үшiн өзiн-өзi кiналауы керек. Мұғалiм
балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер
мен керексiз терминдердi қолданбастан əрбiр затты ықыласпен, қарапайым тiлмен түсiндiру
керек''.
Бұл əдiстi қолданғанда мұғалiм оқушыларға бiлiм берумен қатар олардың таным
белсендiлiгiн арттыруға (зейiн, қабылдау, ойлау т.б. процестерiн) байланысты да əрекет жасайды.
Мұғалiмнiң оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлi көрнекi жəне техникалық
құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.
Ауызша баяндаудың тағы бiр ерекшелiгi, оқытушы-ның түсiндiруi мен оқушылардың ұғыну
процесiнiң қатар жүруiнде. Түсiндiру барысында əңгiме, əңгiмелесу, ауызша-жазба жəне
лабораториялық жұмыстарын қажетiне сай қатар қолдану керек.
Түсiндiру – оқу материалын мұғалiмнiң логикалық тұрғыдан дəйектi де сындарлы
баяндауы. Оның себебi, түрлi заңдылықтар мен ережелердi түсiндiру белгiлi дəрежеде логикалықжүйелiлiктi қажет етедi.
Түсiндiру əдiсiнiң мақсаты: заттардың елеулi белгi-лерiн ашып көрсету, фактiлер мен
құбылыстарды талқы-лау. Сондықтан мұғалiмнiң оқу материалын түсiндiруiнде əрқашанда
пайымдау, қорыту, дəлелдеу көп болады.
Түсiндiру əдiсiнiң ең маңызды мəселелерi – оқушылардың алдына жаңа мəселенi айқын,
ашық етiп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу. Түсiндiру əдiсiнiң табысты болуы
мұғалiмнiң нақтылы деректердi қаншама сəттi қолдана бiлгендiгiне де байланысты.
Түсiндiру əрқашанда заттар мен фактiлердiң, құбылыстардың мəнiн ашу, қағидаларды
түсiндiру, осы-лардың негiзiнде оқушыларға жаңа бiлiмдi баяндауда оны терең жəне түсiнiктi
ұғынуларына мүмкiндiк туғызады. Бiрақ ол оқушылардың жас ерекшелiктерiне, сынып жəне пəн
ерекшелiктерiне қарай өзгерiп отырады.
Əңгiме – мұғалiмнiң сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы
тəсiлi болып табылады. Сөйтiп, оқушыларға жаңа бiлiмдi түсiндiрудiң неғұрлым қарапайым жəне
түсiнiктi түрi.
Əңгiме барысында мұғалiм құбылыстарды бiрiздiлiкпен көркем суреттей отыра, өз сөзiн
əртүрлi көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекi құралдарды қолдану арқылы
жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың фактiлер мен құбылыстарды
жақсы түсiнiп, ұғынуына көмектеседi.
Бұл əдiстi қолдану барысында мұғалiм мен оқушылар арасында диалог пайда болады.
Əңгiме оқытудың түрлi мiндеттерiн орындауға бағытталады: жаңа бiлiмдi хабарлау, оны бекiту
мақсатында қолданылатын əңгiме; өткен материалды жаңамен байланыстыру, өткендi қайталау,
оны тексеру жəне бағалау үшiн қолданылатын əңгiме.
Əңгiме əдiсi көбiнесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңiнен қолданылады.
Мұғалiмнiң сабақта əңгiме əдiсiн қолдану ұзақтығы, берiлетiн оқу материалының сипатына
байланысты болып келедi.
Əңгiмелесу - мұғалiм мен оқушылар арасында жаңа бiлiмдердi хабарлау, пысықтау,
қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тəсiлiнде қолданылады. Сондықтан
əңгiмелесу оқытудың аса күрделi əдiсi болып есептелiнедi. Бұл əдiстi нəтижелi пайдалану
мұғалiмдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етедi.
Əңгiмелесу барысында мұғалiм оқушылардың жеке басының қабiлетiн, зейiнiн (т. б.
психикалық процестерiн), таным ерекшелiктерiн танып бiледi, баяндалып отырған немесе өтiлген
оқу материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды.
Əңгiмелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тəсiлдерi қолданылады. Бұл əдiс,
сонымен қатар, сұрақ-жауап тəсiлi арқылы да iске асады. Ол үшiн мұғалiмнiң сұрақтары дəл,
жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиiс.
Дəрiсбаян - сөзге негiзделген оқыту əдiсi ретiнде ол өзiнiң құрылымы, баяндалатын оқу
материалының дəлдiгi жəне сабақтың өн бойында тыңдаушыларының ойлау қабiлетiн белсендi
етуi жағынан басқа əдiстерге қарағанда өзiндiк ерекшелiктерi бар.
Дəрiсбаян əдетте жоғары сынып оқушылары арасын-да көптеп қолданылатын əдiстiң бiрi.
Дəрiсбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды, қабылдайды, ұғынады, мұғалiм
сөзiне зейiн қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.
Дəрiсбаянның басқа ауызша баяндау əдiстерiнен тағы бiр ерекшелiгi, мұғалiмнен жаңа
бiлiмдi баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажеттi əдебиеттер тiзiмi-мен
таныстыруын қажет етедi. Оқушылардың лекция жоспарымен алдын-ала танысуы, оның
мазмұнын баян-дауда мұғалiмнiң ойын жақсы ұғынуға көмектеседi.
Ол үшiн лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берiлетiн бiлiмнiң
оқушыларға түсiнiктi болуы мұғалiмдер тарапынан үлкен шеберлiктi қажет етедi.
Дəрiсбаян барысында баяндалған оқу материалы-ның мазмұнын оқушылардың қысқаша
жазып отыруы, оны өз беттерiнше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттiлiк болып табылады.
Дəрiсбаян жəне əңгiме əдiстерi оқу материалына жұмсалатын уақытты үнемдеу жағынан
тиiмдi болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пiкiрiн айтып, кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза
алмайды. Бұл турасында əңгiмелесу əдiсiнiң мүмкiндiгi мол.
Мұғалiм дəрiсбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-тəсiлдерiне жəне құрылымына назар аударады. Дəрiсбаянның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық жəне оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бiрақ, бағдарламада көрсетiлген барлық мəселелердiң iшiнен түйiндi мəселелердi айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тəжiрибемен байланыс-тырып, материалдың белгiлi бiр бөлiгiн оқушыларға оқу-лықтан, басқа əдебиеттерден өздiгiнен оқып алуға тапсыр-малар берiп отыруды оқытушы мұқият ойластыруықажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы, оқытушы-ның шеберлiгi лекцияның тиiмдiлiгiн арттырудың кепiлi.
Оқулықпен жəне кiтаппен жұмыс iстеу əдiсi – оқушылардың өздiгiнен жаңа бiлiмдердi
қабылдау, сыныпта алған бiлiмдерiн бекiту, бiлiктiлiк пен дағды қалыптастыруда тиiмдi əдiс болып табылады.
Кiтап - бiлiмнiң сарқылмас қайнар бұлағы. Ол бiлiм мазмұнын кеңiрек ашып, оқушылардың оны терең игеруiне көмегiн тигiзедi. Оқулық жəне кiтаптың көмегiмен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерiнде түрлi жаттығу жұмыстарын орындап, мұғалiмнiң басқаруымен сыныпта алған бiлiмдерiн толықтырып отырады.
Оқушылар оқулықтармен жəне басқа оқу кiтаптары-мен жұмыс iстей отырып, белгiлi бiлiм жүйелерiн меңгередi, өздерiнiң көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрiсiн дамы-тады, өздiгiнен жұмыс iстей бiлуге дағдыланады. Кiтаппен жұмыс iстеу оқушы үшiн оқытуда күрделi тəсiл болып танылады. Қазiргi мектеп тəжiрибесiне жүгiнсек, көптеген жағдайда, оны бiтiрушiлер арасында кiтапты оқи немесе нəтижелi қолдана бiлмейтiндер кездеседi.
Кiтапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негiзгi ойын,
құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекшi идеяларын ашып көрсете немесе өз
сөзiмен тиянақты баяндай алмау мəселе-лерiн ұмытпаған жөн. Ол үшiн оқушы оқу материалының
құрылымымен жалпы танысу, оны көз жүгiрте қарап шығу, содан кейiн барып кейбiр маңызды
бөлiктерiне жете мəн беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есiнде сақтауға күш салуға дағдылануы тиiс. Екiншi мəселе, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейiн тез, iштей оқуға, оқығанды өз сөзiмен айтып беруге дағдыландыру қажет. Мəтiнмен жұмыс iстегенде оқушыларды, оның ең негiзгi мазмұнын айтуға, бөлiктерге бөлiп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тəсiлдердi қолдана бiлсе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.
Кiтаппен жұмыс iстеудiң өзiндiк мəндi психологиялық ерекшелiгi бар. Кiтап оқу мұғалiмнiң
сөзiн тыңдауға қара-ғанда оқушының ақыл-ой күшi мен ерiк-жiгерiн көп керек етедi. Ол оқушының өзiндiк ойлауын, iс-əрекетiн жандан-дырып, оның бiлiм деңгейiн, дүниетанымын арттырады.
Қоғамға, өмiрге, адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға
тəрбиелейдi. Яғни, ол бiлiм беру көзi ғана емес, сонымен қатар тəрбие құралы. Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын кiтап немесе оқулық көмегiмен орындау барысында
қажеттi уақытты тиiмдi пайдалану, өзiне-өзi бақылау немесе есеп беру жұмыстарында
айтарлықтай кемшiлiктер бар. Барлық оқушылар бiрдей бiздiң жоғарыда айтқан кiтаппен жұмыс
жасау тəсiлдерiне мəн бермейдi, оның талаптарын толығы-мен сақтамайды. Соның негiзiнде бiлiм
мазмұны нашар меңгерiледi. Сондықтан оқушының кiтаппен өз бетiнше нəтижелi жұмыс iстеуiн, оның саналы көзқарасын жəне өзiне-өзi бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру мұғалiм тарапынан жауапкершiлiкпен көңiл аударып отыруды қажет етедi.
Көрнекiлiк əдiстер оқу материалын оқушылардың көзiмен көрiп, нақтылы түсiнулерiне мүмкiндiк бередi. Бұған демонстрация, иллюстрация жəне бақылау тəсiлдерi жатады. Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер жəне заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Əдiстiң бұл түрi оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың iшкi құрылысы жəне сыртқы көрiнiсiмен немесе
бiрыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейдi. Табиғи нысананы көрсету негiзiнен сыртқы көрiнiсiнен басталады (көлемi, түсi, формасы,
өзара байланысы т. б). Келесi кезекте оның iшкi құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлiнiп көрсетiледi. Заттың үлгiсi жəне көркем туындылар оқушылар тарапынан бiртұтастық жағдайында қабылданады.
Демонстрациялау көбiнесе оқушылардың практика-лық оқу əрекетiмен ұштаса жүргiзiледi.
Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нəтижесiнiң табысты болуы бiрнеше жағдайға
байланысты болады:
- көрсетiлiп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрiнуi тиiс;
- оқу материалын түсiндiру кезiнде көрсету жұмыс-тары жүргiзiлiп, соңынан нысана алынып
тасталуы керек. Оны оқушыларға алдынала көрсетуге болмайды;
- көрнекi құралдарды бақылау барысында əрбiр оқушы мұғалiмнiң нұсқауы бойынша жұмыс iстеуi
тиiс; - көрсету кезiнде мұғалiмнiң ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға жəне көркем сөйлеуiн орнықтыруға ықпал етуi тиiс;
- оқушыларды бақылау жұмыстары нəтижесiне қорытынды жасай бiлуге дағдыландыру т. б.
Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңiл əрi терең ұғынуына
мүмкiндiк туғызады, олардың ойлау əрекетiн жандандырып, қосымша ақпараттар бередi.
Оқушылардың құбылыстарды, процестердi жəне нысандарды өздерi белсендiлiк танытып
оқып үйренсе, шын мəнiсiнде бұл əдiс нəтижелi болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас
оқытуда проблемалық жəне iзденушiлiк жағдайға итермелейдi.
Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау əдiстерiнен қолдануда оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секiлдi техника құралдары көптеп пайданылады.
Заттар мен құбылыстарды, кейбiр жағдайда қажет-тiгiне сай табиғи ортада көрсетуге болады (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсiмдiктер, ауылшаруашылығы
техникалары, өндiрiс құралдары т.б.).
Иллюстрация - демонстрация əдiсiмен тығыз байланыста болады. Бұл əдiстi иллюстративтi құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.
Иллюстрация əдiсiнiң нəтижелi болуы, негiзiнен оның қолдану тəсiлдерiн мұғалiмнiң қаншалықты меңгер-генiне байланысты болып келедi. Соның негiзiнде оқушы-лар мен мұғалiмге
оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңiл меңгеруге септiгiн тигiзедi.
Мектеп тəжiрибесi көрсеткендей сабақта иллюстра-циялы материалдарын көптеп қолдану,
оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына əкеп соғады. Сондықтан, көрнекi
құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын жəне таным процесiнде олардың рөлiн
алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша мұғалiмдер көрнекi құралдардың
тиiмдi көлемiн де анықтауы қажет. Бұл əдiстердiң iшiнде ең басты рөл атқаратыны – бақылау əдiсi. Ол барлық оқу пəндерiн оқытуда кеңiнен қолданылады. Бақылау əдiсi сабақта нақты заттар мен көрнекi жəне техника құралдарын көрсету кезiнде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалiмнiң басшылығымен сабақ үстiнде жəне сабақтан тыс уақытта
мұғалiмнiң тапсырмасына байланысты немесе оқушылар-дың өздерiнiң қалауы бойынша кеңiнен
iске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау əдiсi оқушылардың байқағыш-тық, логикалық ойлау
қабiлеттерiн дамытады.
Бақылау əдiстерiн қолданудың тиiмдiлiгi мынандай тəсiлдердi қолдана бiлуге байланысты:
- байқаудың мақсатын анықтау;
- қабылдайтын нəрселердiң мөлшерiн белгiлеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгiлерiнiң iшiнен ең негiзгi, бастыларын ажырату;
- оларды топтастырып, қортындылар мен тұжырымдар жасау.
Байқайтын нəрселердiң, бейнелердiң ерекшелiктерiне байланысты бақылау əдiсiнiң негiзгi
түрлерi:
- демонстрациялық бақылау;
- экскурсиялық бақылау;
- лабораториялық бақылау;
- техникалық бақылау;
- оқушылардың өздiгiнен дербес бақылауы.
Оқушылардың ойлау қабiлетiн дамытудың күштi құралы – бақылау. К. Д. Ушинский
''Бақылау-логикалық ойлаудың негiзi'',- деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену
үшiн, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектiгiн де ескертедi.
Бақылау өткiзудiң негiзгi əдiстемелiк талаптары:
1. Мұғалiм оқушыларды белгiлi нəрсенi жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп жəне əртүрлi
қасиеттерiн, ерекшелiктерiн, мүмкiндiгiнше, көру, есту, дəм, иiс т.б. сезiм мүшелерiн қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт беруiнiң маңызы зор. Бақылау тек көру т. б. сезiм мүшелерiнiң жұмысымен ғана емес, ол адамның ойлау əрекетiмен тығыз байланысты болуы керек.
2. Мұғалiм бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы заттардың негiзгi қасиеттерiн
ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерiн қолдануға басшылық етуi қажет.
3. Мұғалiм оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшiн, ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нəрселердiң мөлшерiн немесе көлемiн анықтап, жоспарын жасап беруi керек.
Тəжiрибелiк əдiстер. Оқушылардың сабақта алған теориялық бiлiмдерiн, бiлiктiлiк пен
дағдыларын тереңдету жəне жетiлдiре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының
маңызы ерекше.
Оқытудың негiзгi дəстүрлi əдiстерiмен қатар мұғалiм оқушылармен бiрiгiп сабақта, оқу-
тəжiрибе участогiнде оқу приборлары жəне техника құралдары көмегiне сүйенiп оқу тəжiрибелерiн жүргiзедi.
Оқытудың зертханалық тəсiлi негiзiнен биология, химия, физика пəндерiнде жиi қолданылады. Аталған пəндердiң мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етедi.
Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы
жүредi. Жаппай түрде жүргiзгенде сыныптағы оқушылардың бəрi бiрыңғай тəжiрибе жасайды, ал
жеке оқушылар орындағанда əрқайсысының жасайтын тəжiрибесi əр түрлi болады да, кейiн олжинақталады. Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тəжiрибе учаскесiнде жүргiзiлетiн тəжiрибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткiзу, қорыту кезеңi болып
бөлiнедi. Дайындау кезеңiнде оның мақсаты белгiленедi, жоспары жасалады жəне оқушыларды қажеттi аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс iстеу принциптерiмен таныстырады. өткiзу барысында мұғалiм əр оқушының қойған тəжiрибесiн мұқият бақылайды жəне қажет болған жағдайда оларға көмектеседi.
Қорыту кезеңiн бiрнеше тəсiлмен өткiзуге болады. Бiрiншiден, əр оқушы өзiнiң орындаған
жұмысын хабарлайды, екiншiден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нəтижесi туралы əңгiме өткiзiледi, үүшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалiмнiң өзi жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нəтижесiн қорытып баяндайды
Графикалық жұмыстар барлық пəннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар
құру, сызбалар сызу секiлдi оқушылар əрекеттерi жатады. Графикалық жұмыстар география ментарих, сурет сабақтарында кеңiнен пайдаланылады.
Тəжiрибелiк əдiстердiң iшiнде ең көп қолданылатыны – жаттығу əдiсi. Бұл əдiс оқушыларда
бiлiктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды
қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады. Сондықтан, бұл əдiс барлық
пəндердi оқытуда кеңiнен қолданылады. Жаттығу жұмыстары негiзiнен тiл мен математика, сонымен бiрге, шет тiлдерiн оқу пəндерiнде көбiрек жүргiзiледi. Оқушылар осы пəндердiң мазмұнына қатысты теориялық бiлiмдерiн пысықтау барысында практикалық жұмыстарын атқарады. Мысалы, есеп сабақтарында жазбаша есеп шығару, тiл сабақтарында диктант жазу, грамматика жəне фонетика жұмыстарын орындау т. б.
Жаттығу оқушылардың оқу жұмысын өздiгiнен орындау белсендiлiгiн арттырады. өзiндiк
жұмыстарына оқушылардың шығармашылықпен атқаратын реферат, шығарма жұмыстары да
жатады. Оқушылардың осындай жұмыстары жазбаша жаттығу деп аталады.
Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекi баяндауға дағдылану мақсатын
көздейдi. Бұны негiзiнен үш түрге бөлуге болады. Бiрiншiсi - ғылыми пəндердiң ережелерi мен
қағидаларын жатқа айта бiлу. Екiншiсi – оқу материалының мазмұнын ауызекi баяндау. Үшiншiсi – көркем əдебиеттерден жатқа үзiндiлер оқу, баяндамалар жасау немесе өздерiнiң жазған
шығармаларын ауызша айтып беру.
Оқыту əдiстерi - оқыту процесiнiң барлық кезең-дерiнде оқытудың түрлi мақсат-мiндеттерiн орындау барысында оқушылардың таным əрекетiн арттыруға бағытталуы тиiс. Сондықтан, оқыту процесiнде оқушылар-дың таным əрекетiнiң белсендiлiгiн арттыруға септiгiн тигiзетiн əдiстерге айрықша назар аудару қажет.
4. Оқыту əдiстерiн жетiлдiру жəне мұғалiмнiң сабақтар жүйесiнде оларды таңдай бiлуi
Оқыту əдiстерiн жетiлдiру бүгiнгi күннiң басты мəселесi болып отыр. Оқыту əдiстерiнiң тиiмдiлiгiн арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тəсiлдерiн мең-геру қажеттiгiне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз берiледi.
Алайда, оқыту əдiсiн қайта құру – күрделi процестiң бiрi. Кейбiр əдiстердi қолданудабiржақты асыра сiлтеушiлiкке жол бермеу керек. Тiптi əр тақырыптың өзi де оқытудың ерекше тəсiлдерi мен жолдарын талап етедi. Сондықтан, оқытуда əртүрлi əдiстердi қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалы-ның мазмұны мен көлемiне, оқушылардың дайындық дəрежесiне сəйкес, сабақтың құрылысы мен оқу əдiсiн ұдайы
толықтырып отыруды мұғалiм өзi белгiлеп, өзi таңдап алады.
Олай болса, оқыту əдiсiн мұғалiмнiң таңдап алуы белгiлi шарттарға байланысты болып
келедi.1. Оқыту əдiстерiн оның мақсат-мiндеттерiне, оқушы-лардың жас жəне таным əрекетiнiң
ерекшелiктерiне сай қолдану.
2. Қолда бар нақтылы көрнекi жəне техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескеру.
3. Мектептiң географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытуды қала мектептерiнде
оқушылардың өндiрiс орын-дарына экскурсия жасау мүмкiндiгiмен, ал ауыл мектеп-терiнде мектеп жанындағы участкелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндiрiсiне бару жағдайымен байланыстыру.
4. Мұғалiмнiң iс-тəжiрибесiнiң шығармашылық сипатына, оның шеберлiгiне тiкелей байланысты
шараларды iске асыру.
Оқытудың нəтижелi өтуiне негiз болатын түп қазық - мақсаттың жүзеге асуы. Мұғалiм
қандай тақырып өтсе де, ен алдымен, оның мақсатын анықтауы тиiс. Бұл мұғалiмнiң өзiне қажет.
Себебi оқылатын оқу материалын баяндауда оның негiзгi идеясын немесе оқушылардың назар
аударатын басты мəселесiн есте сақтауға тиiс жəне оқушының ойында бекiтiлуге қажеттi қосымша
материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгiлей алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет