Әдебиеттер:
1.Берикханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Кәсіби құзіретті педагогтарды даярлау негіздері. Оқу құралы. –Алматы, 2009ж 240 бет.
2.Введение в педагогическую профессию: Учебное пособие для студентов пед.спициальностей./ Хан.Н.Н., Қалиев С.И., Жексенбаева У.Б., Колумбаева Ш.Ж., Қалиева Г.И., Берикханова А.Е./-Алматы,2010-243стр
2.Зимняя И.А. Ключевые комнетении новая парадигма результатов образования // Высшее образование сегодня. 2003. №57 (34-42)
4-тақырып. Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторы
№5 лекция
Жоспар:
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы ретінде, оның ерекшеліктері.
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру, оның құралдары, формалары, әдістері.
Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайындағы өздігінен білім алудың рөлі.
Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеужеке тұлғаны қалыптастыру процесінің ажырамас екі жағы деуге болады. Тәрбие барысында ықпал адамға басқа адамдар тарапынан келетін болса, өзін-өзі тәрбиелеуде адамға әсер ететін ықпал ішкі күштерге байланысты туындайды. Яғни, адамның тұлға ретінде дамып қалыптасуында сыртқы тәрбиелік ықпалдармен қатар ішкі түрткілердің де маңызы зор.
Өзін-өзі тәрбиелеу- бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы, адамның өзін дамытудағы маңызды күштердің бірі. Ол тәрбие процесімен тығыз байланыса отырып жеке тұлғаның қалыптасуын нығайта түседі.
Кептеген психолог-педагогтардың зерттеулері бойынша жеке тұлға қоршаған ортаны өзгертудегі белсенді күштердің бірі ғана емес,
сонымен қатар ол өз тұлғасын өзгертуде де үлкен рөль атқарады. Бүл мәселемен тікелей айналысқан А.Г.Ковалев, А.И.Кочетов, Л.И. Рувинский т.б. болтан.
Өзін-өзі тәрбиелеу процесінде адам тәрбиелік процестің белсенді субъектісі ретінде қарастырылады. Әр адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашағына үңіліп көрген сәттері болған шығар. Өміріндегі кейбір сәтсіздіктердің себебін анықтауға байланысты ойларға терең бойлап, өз мінез-құлқьін, көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде кездесетін жайттар. Бірақ бұндай құлшыныстар кейбіреулердің іс-әрекеттерінде жалғасын таппай жоғалып, ал басқаларын зор жетістіктерге жеткізіп жатады.
Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі адам баласында әуелі бастауыш сынып жасынан-ақ байқалады, бірақ бұл процесс жасөспірімдік кезеңде өте жиі кездеседі. Бұл қажеттілік бірдей жастағы балалардың бәрінде біркелкі кездесе қоймайды, ол адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың жалпы талаптарды орындауға деген даярлықтарының деңгейіне байланысты.
Педагогикалық тәжірибеде оқушылардың өзін-өзі зерттеулері әсіресе жеткіншек жаста көп байқалады. Оны осы жастаты балалардың түрлі үйірмелерге қатысып, өз күштерін, қабілеттерін сынауларынан, өзара сауалнамалық сұрақтар құрастырып соған жауап жазуларынан, жеке күнделіктерін бастауларынан және тағы басқа өзгеше іс-әрекеттерінен аңғарамыз. Жеткіншек жастағы балалар өздерінің жеке «Менін» қалыптастыруға, көпшілік ішінде өзінің алатын орнын анықтауға тырысады және көптетен танымал тұлғаларға (артист, әнші, ақын, боксер, футболист, т.с.с.) еліктегіш келеді.
Әр адам көпшілік ортада өзінің беделінің жоғары болуын қалайды, басқаларға тек жаксы жақтарын ғана танытқысы келеді. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу процесінде ұжымның атқаратын ролі жоғары. Педагогикалық әдебиеттерде тұлғаньң өзін-өзі тәрбиелеуіне қатысты ұжымның атқаратын екі қызметі аныкталған:
Біріншісі, ұжымның өзі балалардың өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызады (ұжым балалар бойында жағымды әлеуметтік іс-әрекеттерге деген оң көзқарастарын)
Ұжымдық іс-әрекетке қатысуға деген қызығушылықтарын қоғамдық борыш, белсенділік т.б.қасиеттерді дамытады).
Екіншісі, ұжым осы процесті тікелей ұйымдастырады {балалардың санасын қалыптастырады, өз-өзімен жұмыс істеуге ынталандырады, өз талаптарының нәтижелерін жоспарлап багалауда көмек көрсетедІ).
Жеке тұлғаның дамуындағы ұжымның, әлеуметтік ортаның әсерін атақты педагогтар К.А.Гельвеций, Д.Дидро, Р.Оуэн жоғары бағалап, адамды өзгерту үшін оны қоршаған ортаны өзгерту керек деген идеяны негіздеп кеткен. Педагогика ғылымында жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеудің жуйелі теориясы құрастырылып, оның даму заңдары тереңінен теория және практика тұрғысынан зерттелген. Осы ұжымда тәрбиелеу теориясының авторы белгілі педагог А.С.Макаренко болған. Қазіргі кезде педагогика ғылымында ұжым мүшелері арасындағы қарым-катынастар, ұжымды басқару ерекшеліктері, ұжымдағы шағын топтардың пайда болуы, ұжымдагы шиеленістік жағдайлар және оны шешу жолдары сияқты мәселелер жан-жақты зерттелуде.
Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеуде сыртқы педагогикалық талаптардың адамньң өзіне қоятын ішкі талаптарға айналуы қажет екен, себебі өзін-өзі тәрбиелеу адам дамуының ішкі факторына жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі - жеке тұлға дамуының негізгі формасы болып табылады.
Адам өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, өзінің зор мәнін жете түсінгенде ғана оның өзін-өзі тәрбиелеуге деген талпынысы күшейе түседі. Әрбір адам өз бойына өзі үңіліп, «Мен кіммін?», «Мен қогамға қандай пайда әкеле аламын?», «Менің өмірлік мақсатым қандай?» деген сұрактарға жауап іздестіруге тырысуы керек. Бұл мәселе қазіргі көптеген ғылымдардың ең маңызды, көкейкесті сұрақтарының бірі. Ежелгі математиктердің бірі Фалес айтқандай: «Бәрінен де өзіңнің кім екеніңді білу қиын». Әрине, басқаларга жөн сілтеп, ақыл айтып, кеңес берген оңай, ал бірақ адамның бір нәрсені орындауға өзін-өзі көндіруі қиынырақ. Мысалы, көптеген адамдар темекінің басқалардың да, өзінің де денсаулыгына зиянды екенін біле тұра сол жағымсыз әдеттерінен құтыла алмай қиналып жүреді. Ондай адамдар өз ерік-жігерін өз ырқына көндіре алмайды, өздерін өздері билей алмайды.
Әрине, өзін-өзі басқару, билеу оңай іс деп айтуға болмайды, десек те мынандай қанатты создерді есте сақтау көптеген жағдайларда адамның өз ерігін шыңдауға негіз бола алады:
«.Өзіңді-өзің билеу - ең жоғарғы билік, құштарлықтың құлына айналу — ең қорқынышты құлдық»
Сенека.
«Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,
Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең»
Абай.
Адам өз бойында қандай қасиеттерді қальштастырып, қандай жағымсыз жақтарынан арылғысы келетінін накты біліп, сол бағытта табанды түрде өзімен жұмыс істеуі керек. Мысалы, кейбір адамдар өздерімен көп жұмыстар жүргізіп, әр түрлі жағдайларда өздерін сынап ұялшақтық, тұйықтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттерінен арылып, жетістіктерге қол жеткізіп жатады.
Б.Б. Айсмонтастың пайымдауынша өзін-өзі тәрбиелеу - дамуды қамтамасыз ететін ішкі рухани факторлар арқылы бізге дейінгі ұрпақтардың асыл тэжірибесін меңгеру процесі.
Адамның ішкі қабілеттерінің, күш-жігерінің мүмкіндігі өте зор. Кейбір адамдарда мектепті нашар бітірген балалар жоғары оқу орындарында да орташа студенттер қатарынан аса алмайды деген теріс көзқарас қалыптасқан. Болашағын алдын ала болжап жастарға мұндай тұжырымды айту, әрине, орынсыз, себебі ең нашар оқыған балалар да жеке басын жан-жақты өрістете алады.
Мысалы, аты әлсмге әйгілі ғалым Альберт Эйнштейн мектепте үлгермеушілер - қатарында болған. Көрнекті ғалым-физик Исаак Нъютон физика сабағынан үлгермейтін болатын. Гоголь бала кезінде шығарманы тек орташа ғана жаза алған, Щедриннің өз қызына жазьш берген шығармасына «2» бағасы қойылып, «орыс тілін білмейсіз» деп жазылған екен, Шаляпинді консерваторияға қабылдамай тастаған.
Бұл мысалдарға қарап біз адамның қабілеттілігі жас кезінде де, едәуір ересек кезінде де қалыптасуы мүмкін екенін аңғарамыз. Сондықтан да «менің қолымнан ештеңе келмейді, мен ешнәрсеге жарамсызбын» деп өз қабілетіңіздің дамуына шек қоюға асықпаған жөн. Осы жайлы жаңашыл-педагогШ.А.Амонашвилидің «балалардан ештеңе шықпайды» дегеніміз оның жарқын болашағын«тірідей жерлегеніміз» деген сөздерін еске сала кетуіміз орынды.
Адамның ішкі әлеуетінің, мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең, өмірде өзіне лайықты жұмыс таппайтын адам бар дегенге сенудің өзі қиын. Қоғамда қаншама кәсіп түрлері, қаншама өнер түрлері, қаншама еңбек пен іс-әрекет түрлері бар болғанымен солардың ішінен өзіне лайықты, жарасымды орныңды таба білу тіпті де оңай іс емес. Сондықтан - «талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар» деген дұрысырақ болар.
Адам өзінің табиғи күш-қуатын, ерік-жігерін, ой-өрісін, зор мүмкіндіктерін барынша дамытып жақсы игі істерге қол жеткізуі үшін асқан төзімділік, шыдамдылық, ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеуге машықтануы қажет. Адам санасында өз өміріне басқалардың емес, өзінің жауапты екенін түсінуі, ар-ұлт, намыс, адамгершілік сезімдерінің басым болуы, өмірлік мақсатына жетудегі табандылығы мен құлшынысы оның өзін-өзі тәрбиелеуіне демеу болатын негізгі тетіктер.
2. Өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері. Психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі тәрбиелеу әдістері әр түрлі топтастырылып келеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілгі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны мектеп қабырғасынан шыққан әрбір оқушыға таныс.
Өзін-өзі меңгеру
Өзін-өзі сендіру
Өзін-өзі қадағалау
Өзіне-өзі бұйырык беру Өзін-озі илаидыру
Өзін-өзі кұптау
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі бақылау
Өзіне-өзі талдау жасау
Өзін басқалармен салыстыру
Өзін-өзі бағалау
Педагогика ғылымында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері. 1 -
Өзін-өзі ынталандыру
Өзін-өзі көрсету
Өзін-өзі мақұлдау
Өзін-өзі мадақтау
Өзін-озі жазалау
Ал өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдеріне адамның өз тұлғасын жетілдіру мақсатында өз алдына нақты міндеттер қоюын, ол міндеттердің орындалуы бойынша өткенді ой таразысына тартьп өзіне есеп беруін, олардың орындалмауының себептерін анықтауын, өзін арнайы қадағалау негізінде айқындалған өз бойындағы өзгерістерді жүйелі түрде тіркеп жазып жүруді жатқызады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің аса көп қолданылатын әдістеріне тоқталып өтейік. Өзін-өзі тәрбиелеудегі бастапқы әдістердің бірі адамның өзін-өзі бағалауы. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыруынан басталады. Өзіне дұрыс берілген баға өзін тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс қоюға көмектеседі. Егер де адам өзін басқалармен салыстыра келе өзін төмен бағаласа, ол көптеген қиындықтарға кездеседі, өзіне деген сенімін жоғалтады, басқалармен қарым- қатынас жасау киынға соғады.
Гете айтқандай:«Өзіңді өз қабілеттеріңнен жоғары бағалаудың керегі жоқ және өзіңді кемсітудің де керегі жоқ». Мысалы, жас мұғалім өзіне төмен баға бергенболса, ол балалар алдында қобалжып немесе балаларды басына шығарып аламын ба деген оймен оларға айқайлап, басқарудың авторитарлық әдісіне жүгінеді. Тым жоғары берілген баға да адамды басқалардан алыстатьп жібереді, ұжым ішінде жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға бөгет жасайды. Ондай адам мақтаншақ, кеудемсоқтық, т.с.с жағымсыз қасиеттерімен көпшіліктің көңіліне жақпай қалады.
Ал өзін-өзі бағалау нақтыдан сәл ғана жоғарырақ болса ол адамның жаңа деңгейге көтеріліп отыруына көмектеседі. Өзін-өзі бағалау сол сәттен жағдайларға тікелей байланысты болады. Мысалы, аудиторияға өте жақсы киініп келген адам кірсе, студенттер өздерінің киім киюдегі эстетикалық талғамдарын төмен бағалаған, ал керісінше киімдері үтіктелмеген, қарапайым киінген кісі кіргенде, студенттер өздерінің сыртқы пішіндерін жоғары бағалаған.
Достарыңызбен бөлісу: |