Студенттің білімін бақылауға арналған сұрақтар.
1.Кәсіби іс-әрекет пен педагогикалық іс әрекеттің айырмашылығы неде?
2.Кәсіп және мамандық ұғымдарының айырмашылығы қандай?
3..Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне кандай қасиеттер жатады?
4. Мұғалім мамандығның әлеуметтік маңызы неде?
5.Неліктен қоғам дамуына байланысты мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады?
Әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-Ш ҚРЗ.
2.Қазақстан Республикасында 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005. 31 бет.
3.Таубаева Ш.Т. Государственные образовательные стандарты
высшего профессионального образования: методология, теория и
технология проектирования в компетентностном формате /Білім
элемінде. В мире образования. №1-3, 2006.с 19-28.
Лекция № 3
Тақырып: Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзіреттілігі
Жоспар:
1. Жеке тұлға ғылыми категория ретінде
2. Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар
3. Тұтас педагогикалық үдерістегі тұлғалық қатынас мәселесі
4. Педагогикалық білім беруді жаңғыртудың әлемдік тенденциялары
5. «Құзіреттілік», «құзірет», «құзіреттілік тәсіл», «мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзіреттілігі» ұғымдарының мәні.
1.Психологияда "жеке тұлға" деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға катысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға-бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық, Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың "өзегі" бар деп мойындайды,
олар оны "Мен-жүйе" немесе жай ғана "Мен" деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |