Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекеттік бытыраңқылық
2. Испан иелігі дәуірі
3. ХҮІІ-ХҮШ ғғ. басындағы экономикалық құлдырау
4. ХҮІІІ ғасырдағы Италияның мемлекеттік құрылымындағы өзгерістер
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918жж. І бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:
1.Историография истории нового времени стран Европы и Амерки /Под ред.И.П.Дементьева М.,1990
2.Канделоро Дж. История современной Италии. М., 1975. Т-6.
3. Кин Ц.И. Италия на рубеже веков. Из историй общественно-политической мысли. М., 1980.
Лекция 6 Халықаралық қатынас және отарлау саясаты
Қарастырылатын мәселелер:
1.ХҮІІ-ХҮІІ ғғ. отарлау саясаты.
2.Еуропалық капитализм генезисі және отарлау.
3.Отарлау империясының қалыптасуы
XV ғ. аяғында Америка мен Үндістанға теңіз жолдарының ашылуынан кейін Европа өмірінде жаңа үлкен тарихи құрылым - еуропалықтардың Еуропалық емес елдерді отарлауы пайда болды. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. аралығында Еуропалык, отарларды Африка жағалаулары, үлкен және кіші Антиль аралдары, Солтүстік, Орталық Америка жоне Азияның оңтүстік түбегі және аралдары қамтыды. XVIII ғ. отарлар саны жер шарының осы бөліктерінде және Австралия мен Океанияға дейін таралды, ал XIX ғ. жүз жылдығында Еуропалық мемлекеттер бүкіл дерлік Африканы өзара бөліске салды.
Отарлық империяның пайда болуы және дамуы - жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесінің қүрылу барысының ажырамас бөлігі. XVI ғ. аяғы-ХІХ ғ. бірінші жартысына дейін Еуропалық елдердің сыртқы саясаты жоне дипломатиясы жаңа территорияларды иемденуге, өзіне тәуелді колонияларды кеңейтуге бағытталды және саяси, сауда жағынан артықшылықтарға ұмтылды. Сол себепті отарлау мәселесі Ұлы державалардың сыртқы саясатында үлкен маңызға ие болды.
XIX ғ. бірінші жартысында отарларды эксплуатациялау түрі және мазмүны өзгерді. Отарларды басқару жөніндегі ірі реформалар жүргізілді (шектеу, сонымен қатар компаниялардың сауда монополияларын ликвидациялау, отарлардың жерін сату жүйесін өзгеріу жоне т.б.). Егер алғаш отарларды экспауатациялау ақсүйектер мен жоғарғы сауда- қаржылық буржуазияның мүдделері болса, ал XIX ғ. ортасында буржуазиянын басым бөлігі оған қатысуға мүмкіндік алды. Англия үкіметі тарапынан 1833 ж. құлдыктың жойылуы оның отарларында ұлттық режим мен нәсілдік қысымның орын алуына әкелді.
XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Азияның шығысында капиталистік мемлекеттердің отарлық экспансиясы басталды. Англия мен Францияның Қытайдағы және Үнді-Қытайдағы соғыстары, сонымен қатар батыс державаларының Тайпин көтерілісіне қарсылығы Шығыс және Оңтүстік Азия халқын капиталистік әлемнің отарлық жүйесіне енуге мәжбүрледі.
Капиталистік державалар өзінің отарлық саясатын жүргізу үшін барлық жағдайды пайдаланды: әскери қимылдар, саудаға ену, қаржыны өмірлік құлдық ету, миссионерлердің қызметі, дипломатия.
Отарлық саясат жүргізілген аудандарда буржуазиялық дипломатия әдісі арқылы шығыс елдерінің ішкі саясатына қол сұғу, «халық теңдігі» атты жамылғы фразаларды пайдалану арқылы үстемдік жүргізу елді қанаудың бір көрінісі ретінде танылды. Мұндай отарлық экспансияның алдыңғы қатарында XIX ғасырдың ортасында Англия тұрды. Англиядан кейін шығыс және оңтүстік шығыста Франция мен АҚШ, ал Солтүстік Шығыс Азияда патшалық Ресей үстемдікке қол созды.
Феодалдық мемлекеттердің ортақ дипломатиялық сипаты өз мемлекетін тұйықталу саясатынан арылту болса, шығыс дипломатиясы оған қарсы тұрмақ болды. Олар капиталистік державалардың талабын элсіретпек немесе бейтарап етіп қалдыру ойымен бір - біріне қарсы қою арқылы өзара қақтығыстырды. Шығыстың құқықсыз халық бұқарасы феодалдық езгіге түсе отырып, отарлық құлдыққа бас ұрды. Олар заңды түрде елдің сыртқы және ішкі саясатына араласа алмады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Азия мен Африканың кең аудандарын басып алу арқылы батыстың капиталистік державалары бүл елдерді экономикалық және саяси бағынышты етті. Мұндай тәуелді мемлекеттер қатарына Түркия, Иран, Ауғанстан жатты.
70-жылдардың басында Осман империясының шетелдік державаларына бағыныштылығы айқын байқалды. Шетел капиталистері эквивалентті емес сауданы, тең емес келісімшарттарды, капитулляция режимін пайдалану арқылы және Оттоман империя банкіне үстемдік ете отырып, өз саясаттарын ашық жүргізді. Олар Түрік феодалдары мен компрадорлық буржуазияға сүйенді.
Берлин конгресінен кейін ұлы державаларға Осман империясының бағыныштылығы артты. 1879 жылы Түркия өзін толығымен банкрот деп жариялады. Шетел несие берушілерімен жүргізілген келіссөздерден кейін, 1881 жылы желтоқсанда Мұхарем декретіне қол қойды. Декрет бойынша сұлтан Оттоман мемлекеттік қарызын басқаруды бекітті. Басқару басында несие беруші мемлекеттер өкілдері: Англия, Франция, Германия, Австро -Венгрия және Италия түрды. Түрік үкімет комиссары тек кеңес беру құқығына ғана ие болды. Франция капиталистеріне Сириядағы, ағылшындарға Измирдегі темір жол капиталы берілді. Бағдат жолын салудағы ірі концессияға неміс капиталы иелік етті.
Осман империясында жаңа шетел банктері пайда бола бастады. Стамбулда Франция банкінің бөлімшесі ашылды. Ал 1888 жылы бірнеше батыс Еуропа банктері бірге отырып, «салоник банкінің» негізін қалады. Сонымен қатар, капиталистік державалар Түркияны саяси жағынан да өздеріне тәуелді етті. 1883 жылы Түркияға герман әскери миссиясы шақырылды. Шетел кеңесшілері флотта, жандармерияда тағы басқа мемлекеттік аппарат бөлімдерінде қызмет етті.
Түркияның тәуелді мемлекет ретінде өзінің ерекшеліктері де болды. Соның бірі Түркия Азиядағы ұйымдасқан және әскери қимылдарды жетік меңгерген армияға иелік етті.
Англияның протекторатының орнауы. Ұлыбританияның қол астына өткен Ауғанстан. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Иранның Англия мен Патшалық Ресейге тәуелділігі арта түсті. Ағылшын және орыс, кейінірек басқа да шетел кәсіпкерлері шах үкіметіне маңызды концессиялар жасау керек екендігіне мәжбүрледі.
1862 - 1872 жылдарда ағылшындар Иранда Лондон мен Үндістанды байланыстыратын телеграф торабын салу туралы келісім жасауға көндірді. Біраз уақыттан кейін солтүстік провинцияларда патшалық Ресейдің басшылығымен жасалған телеграфтар пайда болды. Оңтүстік Иранның тас жолдары ағылшын отарлаушыларының, ал солтүстіктегі тас жолдар орыс патшалығының бақылауына берілді.
1890 жылы Иранда теңіз жол салыну жөніндегі келісімге қол қойылды. Өйткені Англия бұл жол арқылы Ресей екеуінің арасында қайшылықтар туса орыс әскері өз жасағын Үндістан шекарасына апара алар еді. Ал Ресей болса, арзан ағылшын тауарларының Иранның солтүстік бөлігіне енуінен қорықты. 1872 жылы шах ағылшын телеграф агенттігінің бастығы барон Рейттерге 70 жылдық концессияны ұсынды. Ол бойынша ағылшындарга жол құрылысында, минералды және орман байлықтарын игеруде монополистік кұқық берілді. Рейттерге Иран кеден басқару қызметі де өтті. Рейттер концессиясына қарсы елден наразылық туындады. Шах үкіметі қаржылай таршылық көре отырып, шетелдіктермен тағы басқа әр түрлі келісімдер жасауға мәжбүр болды.
Шетелдіктердің отарлық езгісінен Ауғаныстанда қүтыла алмады. Өйткені ол Үндістанға, Иранға, Орталық Азияға өтетін көпір болып саналды. Ағылшындықтардың бүл елді басып алу саясаты 1839 -• 1842 жылдардағы ағылшын - ауған соғысы кезінде - ақ басталған болатын. 70 -жылдары Англия үкіметінің басына Дизраэлидің консервативтік кабинетінің келуі нәтижесінде бүл ел өзінің жаулап алу саясатының кең ауқымды бағдарламасын жасады.
Орта Азиядағы Ресей саясаты. Ағылшын - орыс қарама – қайшылықтары. 1869 жылдың басында Британ сыртқы істер министрі Лорд Кларендон орыс елшісі Брунновпен Англия мен Ресейдің Орта Азиядағы ықпал ету аймағы жөніндегі келіссөздер және екі мемлекет арасында «басқа да қол сұғушылықтан корғайтын белдеуді» сақтау керек екендігі жөніндегі мәселелер талқыланды. Британ үкіметі бұл жақындасу Үндістан халқының Ресей тарапынан қолдау көрсететіндігіне үмітін туғызып, елдің солтүстігіне көтеріліс тудыратынына кәміл сенді. Патшалық үкімет Ауғанстанды бейтарап мемлекет деп санап, оның істеріне қол сұқпауды ұсынды. Бірақ ағылшын министрлігі бүл талаптарды қабыл алмады. Англия Ауғанстанды өзіне тәуелді мемлекет ретінде қарастырып, оның солтүстік бөлігіндегі иеліктерінің шекарасын анықтауда еркіндік танытты.
Достарыңызбен бөлісу: |