Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекеттік бытыраңқылық
2. Испан иелігі дәуірі
3. ХҮІІ-ХҮШ ғғ. басындағы экономикалық құлдырау
4. ХҮІІІ ғасырдағы Италияның мемлекеттік құрылымындағы өзгерістер
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918жж. І бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:
1.Историография истории нового времени стран Европы и Амерки /Под ред.И.П.Дементьева М.,1990
2.Канделоро Дж. История современной Италии. М., 1975. Т-6.
3. Кин Ц.И. Италия на рубеже веков. Из историй общественно-политической мысли. М., 1980.
Лекция 5 Герман мемлекеттері. Пруссия
Қарастырылатын мәселелер:
1.Отыз жылдық соғыстан кейінгі Германияның экономикалық, саяси және мәдени құлдырауы, оның себептері.
2.Қасиетті Рим империясы герман ұлтының қалыптасуы.
2.Брандербург - Прусс мемлекетінің өркендеуі. (Ағартушылық абсолютизм).
1618-1648 ж.ж. отызжылдық соғыс Германия үшін ұлттық апатпен сай болды. Ол халық күшін сарқып және оның дамуын тежеді. Бұл, ХVI ғасырда, яғни 1525 жылы крестяндықтық жеңіліс тауып, сауда жолдарының батысқа ауысуының нәтижесінде басталған Германияның саяси, экономикалық және мәдени құлдырауын тереңдетіп, жылдамдата түсті. отызжылдық соғыстың салдары ХVIІІ ғасырдың соңына дейін жойылған жоқ.
Қарастырылып отырған кезеңде Германия әлі де болса ұлттық-саяси бірлігі қалыптаспаған ел болатын. Ол баяғыша ортағасырлық «Герман ұйымының Қасиетті Рим империясы» болып қала берді, өзара нашар байланысқан жүздеген тәуелсіз княздықтардан құралды. Бұл жағдай олардың Орталық Еуропада тұтас территорияны алып жатқанына қарамастан орын алды. Бұл княздықтардың кейбіреулері өзге немістік княздықтарға қарағанда немістік емес көрші княздықтармен саяси және экономикалық тығыз байланыста болды. Бұд жағдай әсіресе Австрияға қатысты. ХV – ХVIғасырдың өзінде бұл мемлекеттің құрамына көптеген славян (чех, хорваттық, сербтік) Ле венгерлік жерлер тіп кеткен еді. негізінде олар тұтастай алғанда Габсбургтер үйінің мұрагерлік жер иеліктерін құрайтын еді. бір жағынан, Австрия герман княздары сайлайтын император ретінде Габсургтер басқаратын қасиетті Рим империясының құрамында еді, бі жағынан, тұрғындардың көпшілігі неміс ұлты емес Габсургтердің династиялық жерлері Германияның тарихи тағдырынан ерекше, өзге тарихы бар, өзіндік мәдени, саяси және экономикалық даму жолы бар жеке мемлекетті құрайтын.
Дәл осы уақытта Вестфаль келісім шарты бойынша Германия тұрғындары бар бірнеше территорияларынан айырылып, олар Швеция мен Францияға өтті.
Отызжылдық соғыс герман халқына ең алдымен орасан зор материалдық шығын әкелді. Германияның кейбір аудандары (Пфалық және Вютемберг батыста, Бранденбур, Мекленбург және Померание сай-шығыста) әскери іс – қимылдардың және онымен қатар жүрген аштық, эпидемия мен жаппай эмиграцияланудың нәтижесінде тұрғындарының алтыда бесін жоғалтты. малдың айтарлықтай бөлігі қырымды, сай және Солтүстік – Шығыс Герианияда өңделетін жердің үштен бірі бос қалып, орнына орман өсіп кетті, ауылшаруашылығы өнімдерінің бірқатарын өндіру тоқтатылды.
Әр жердегі шаруашылық кедейленуі мен тақырға отыруы олардың құқықтық жағдайларының да төмендеуіне алып келді. Крестяндық 1525 жылғы шаруылардың жеңілісі нәтижесінде орнаған Батыста және Оңтүстік-Батыста отызжылдық соғыстан кейін феодалдық басқыншылық одан сайын күшейе түсті. ал солтүстік пенн Солтүстік – Шығыста ХVI ғасырда баталған шаруалардың басыбайларға айналдыру процесі аяқталды. ХVIІ ғасырдың екінші жартысы бойы шығыс Германияда нан және тағы басқа ауылшаруашылығы өнімдерін шет ел рыногына шығаратын үлкен дворяндық шаруашылықтардың саны өсті. Өз жерлеріненен ығыстырылған кейбір шаруалар лашықта тұрып болмашы жер бөлігіне батырақ шаруаға айналып отырды. Ал өз иелігіндегі жерді сақтап қалған кейбір шаруалар заңды түрде помещикке өмір бойы тәуелділікке беріліп, онда шексіз борщина мен өзге де төлемдерді төлеу үшін жұмыс жасауға мәжбүр болды. Осылайша Германияның шығысында үлкен рыцарлық иелік – тауарлық шаруашылық негізі қаланды. Ол шаруалардың барщиналық еңбегіне негізделді және прус-помералдық помещиктер кастасы – юнкерлер пайда болды.
Қалалар ауылдарға қарағанда азырақ зардап шекті, дегенмен соғыс қала экономикасына да ауыр зардаптарын тигізді. Ауылшаруашылықтық шикізат өндіру төмендеуі, тау-кен өнеркәсібінің құлдырауы, шет елдік рынокпен сауда-саттық қатынастарының ұзақ уақытқа үзілуі, елдің күйзелуі мен ішкі сұраныстың азайуы, сондай – ақ қалалық жұмыс күшінің біршама азайып, айтар болсақ, осының бәрі біршама уақытқа өндірістік кәсіпорындардың қалпына келуін тежеді. тіпті бұрынырақ германдық мақтанышқа айналған герман қолөнерінң өнімдері – вестфаль және баварлық маталар, шыны, металл және керамикалық бұйымдар рыноктан көрінбей кетті. вестфаль келісімі бойынша Швецияға Везер және Одер жағалауларының өтуі, осы уақытта Рейн жағалауы, Голландықтардың иелігінде болып тұрған еді, осы екі елдің Балтикада иелік етуі Ганзаның саудасын түбегейлі күйретті. оның құрамында тек үш империялық кала қалды – Бримен, Гамбург, Любек мұның соңғысы соғыс уақытында туралап, қайта қалпына келе алмады. дәл осылай Аугсбург және Нюрнберг пен Майндағы Франкфурт өздерінің герман өндірісі мен саудада өздерінің басшылық рөлінен бір жолата айырылды.
Экономикалық құлдырау қалалардың бұрынғы саяси беделінен айырды. Олар бірінен кейін бірі княздық абсолютизмнің құрамына айнала бастады. ХVIІ ғасырдың ортасына дейін өз тәуелсіздігімен өзін - өзі басқаруды сақатап келе жатқан көптеген империялық қалалар түптің – түбінде территориялық княздықтарға бағынуына тура келді. Қалалық басшылық өкілдері (бургоминист және т.б.) қоғам сайлаған өкілдерден княздар тағайындайтын соларға тәуелді шенеуніктерге айнала бастады. Тек санаулы ғана қалалар (Аугсбург т.б.) императорлық қана статусын және авнономиялық қала-республика құқықтарын сақтап қалды. Қалалардың құлдырауымен неміс бюргерлерінің ұлттық сауда-өндірістік буржуазияға айналу процесі тежелді.
1648 жылғы Вестфаль трактатының қол қойылуын неміс халқы салтанатпен қарсы алды. Бірақ бұл тек соғыстың аяқталғаны жөніндегі құжат қана емес, жеңімпаз елдердің Германиядан бейбітшілік үшін төлемді талап етуі туралы құжат еді. Бұл құжат алғашқы герман жазба конститутциясы ретінде қабылданып, сол кездерде оны «Мәңгілік заң», «Империяның прагматикалық санкциясы» деп атаған. Жаңашылдардың пікірінше, 1648 жылғы трактат империяның бұрынғы саяси құрылымын өзгертпей, тек княздың императорға деген қатынасын заңдастырып, қалпына келтіреді және ескі неміс бостандығын бекіте түседі. Бірақ бұл осылай емес еді. Вестфаль трактаты Германияның саяси бытыраңқылығын мығымдай және түсіп, сол баяғынша герман ұйының қасиетті күшейте Рим империясы деп айтала берді, бірақ өзара мүлдем байланыссыз 300-ге тарта княздықтар конглометратын құрады, сондай-ақ император қалалары мен жарты мыңға жуық батыс рыцарларының иеліктері заң бойынша император вассалы болғанымен, ал іс жүзінде оған ене тәуелді болмады.
Айтарлықтай ірі княздықтар Бранденбург, Саксония және Мекленбург сай-шығыс орталықта, Гассен, Ганновер және Брауншвейг – батыста, Вюртембург, Бавария, Австрия – оңтүстік пен оңтүстік-шығыста болды. ал діни княздықтардан Майнцтық, Трирстық, Кельндік архиепископкурфюршесі мен Зальцбург архиепиоскоптығы ең үлкендері болып қала берді.
Герман княздықтарының ұсақ державалық сипатын келесі сандар көрсетеді: саксондық жерлерде 20 жуық тәуелсіз княздықтар болған, Вестфалда – 52, бұрынғы Франконии территориясында – 29. орта есеппен мұндай тәуелсіз «мемлекеттің» біреуіне 20-25 шаршы километрден аспайтын территориялан келетін болған.
Тәуелсіз мемлекет үшін олар ұсақ болғанына қарамастан, Княздар Вестфаль Трактаты бойынша тиесілі бүкіл мүмкіндікті өзге княздықтардан ерекшелену үшін барынша пайдалануға тырысты.
Император өз ықпалының соңғы қалдықтарынанда айырылды. соңында ол өзіне титулдан өзге дворяндықты айыптауды ғана сақтап қалды. шындық ол әлі жоғарғы императорлық соттың басшысы болып қала берді, бірақ мұның шешімімен жүзеге асыруға оның күші жетпеді.
Рейхстаг 1663 жылдан бастап империя тұтастығын қамтамассыз ететін императормен бірге, жоғарыда айтылған 300 мемлекеттің жіберген өкілдерінен тұратын үздіксіз мәжіліс конгресіне айналды. ол баяғынша үш куриға бөлінді. Бірінші книяз – курфюристтер, екінші – ұсақ княздар мен рыцарлық өкілдерінен және төртіншісі курияны қалалар өкілдері құрады. Дәл осы құраммен 1806 жылға дейін, Қасиетті Рим империясы жойылғанға дейін жұмыс жасады. Олигарх княздар рехистагта олардың абсолюттік билігін күшейтетеін бірнеше маңызды шешімдер қабылдады. Жергілікті ландтагтардың бекітуінсіз өз қарамағындағы шаруаларға әскери қажеттіліктерге салық салу құқығы, сондай-ақ ландагтарға княздық рұқсатынсыз өздерінің сессиясына жиналуына тыйым салу және княздың атына рехстагқа арыз беру мүмкіндігінен айырды. бірақ княздар императорлық жарғыларынсыз-ақ өз билігі мүмкіндіктерін кеңейте беретін. Рехстаг империяның фактілін бірлігінің бір көрінісі ретінде ғана қала берді.
Өз иеліктеріне жаңа салық енгізу құқығын иеленген княздар, біртіндеп ортағасырлық территориялық – сословиелік үкімет органы – ландтагтарды жоққа шығарды. Көптеген княздықтарда ландтагтар толық құраммен кеңес шақырмай, билікті өз арасынан шыққан комитеттерге берді, ал оларды княздықтарға тәуелді ету оңай іс еді. бірақ ландтагтар жиі шақырылып тұатын жерлердің өзінде, олардың қызметі княздың шешімдерін тіркеу мен ғана шектелді. Құқықтық мүмкіндіктер толықтай княздықтардың қалпына көшті.
Өз қолдарына құқықтар, заң және саланы біріктірген көптеген княздар өз жерлерінде басшылықты бір орталықтандыру мүмкіндігін алды. олар тармақталған басқару аппаратын, көп санды полиция және тұрақты әскерлер құрды. Кеңейген мемлекеттік аппарат пен сән-салтанатты княз сарайын ұстап тұру негізінде шаруалардың еңбегімен төленіп отырды. 1650 жылдан бастап шаруалардан алынатын салық тоқтаусыз өсуде.
Германияның саяси ұсақталуы абсалютизм үшін қалыпты іс – шара өнеркәсіп пен сауданы қолдау да жүзеге аспады. Ішкі көптеген кедендік кедергілер жағдайындағы меркантилистік саясат және бөтен тауардың өз княздығына еніп есептеуін қадағалаған кедендер өзге үлкен елдердің мерекентализіміне карикатура болып, иелік халқының жағдайын одан әрі қиындата түсті. Жалпы княздық абсолютизм Ресей, Англия, Франция абсолютизмнің белгілі этапына орын алғанымен сәйкес келе прогрессивтік рөлойнамай және оның ХVII ғасырда Германияда орнығуы ұзақ уақытқа созылған экономикалық және мәдени тежелуінің басты себебіне айналды.
Ел үшін ең қауіптілердің бірі княздардың сыртқы саясаты болды. Олар Германияның ұлттық мүддесіне шет ел мемлекеттеріне, бірінші кезекте Францияға ойланбастан сатып отырды. болашақта Фестфаль келісімінің гаранты ретінде Франция Регисбург қаласындағы рейхстаг жанында өзінің тұрақты өкілдері болып, сатып алу, дипломатиялық қысым көрсету арқылы герман княздерінің сыртқы саясатындағы шешуші ықпалға ие болды. Ұсақ және орташа княздықтар айтарлықтай мәні болмай, халықаралық істерде ықпалы болғандықтан Француздық субсидия ала алмады. Мұны түзеті үшін олар аймақтық одақтарға біріге бастады.
Бұлардың ең үлкені Рейн одағы, оның 10 мыңдық әскері (сондай-ақ 2400 француз солдаты) және өзара келіспеушілікті бейбіт шешу үшін «ассамблеясы» болды. Бұл одақ Францияның Габсбургтермен күресіндегі басты құралы болып және оынң Нидерландар мен Голландияға қарсы аргессиясында басты көмекшіге айналды. Рейн княздеріне қарағанда ХVII ғасырдың 70 жылдары француз королы Лодовик ХІV қамтамассыз ету үшін баварлық және бранденбургтық курфюрсттар секілді үлкен иеліктер берілді. Германияда сатып алынған княздар арқылы билік ете отырып, Людовик ХІV – Эльзаста Француз билігін бекітті, «қосылу палатасы» көмегімен 1681 жылы империялық қала Старсбургты басып алды және Рейннің сол жағалауында өзінің толық билігін орнатты.
ХVII ғасырдың екінші жартысында иеліс княздықтарының арасынан Бранденбург – Пруссия ерекшеленіп шықты. бұл княздықтар еуропалық саясатта қолайлы тарихи жағдай тудырды.
ХVII ғасырдың басында Бранданбург Солтүстік Германияның түрлі аумақтарына иеліктері бар, ауқымды княздықты құрады. Мұның орталығы 6 Бранденбург маркграфтығы болды, оның иелері ХІV ғасырдың ортасында ірі германдық княз-курфюрлер отбасына айналып, өздеріне Қасиетті Рим императорын сайлау құқын иеленген еді.
Бранденбургтың астанасы Берлин, 1240 жылға жуық Шпрее өзенінде іргесі қаланған. Княздықта тұрғандары қолөнермен айналысатын өзге де ұсақ қалалар болы. Бірақ ХVI ғасырда да, не болмаса ХVII ғасырда бұл өлкені өндірістік қатынастарда дамыған деп айта алмаймыз. Тұрғындардың көпшілігі жер шаруашылығымен айналысып отырды.
Көршілес солтүстік немістік ұсақ мемлекеттердің көпшілігінің әлсіздігі мен тевтондық орденнің құлауы бранденбургтық курфюрлерге өз иеліктерін батыс мен шығыста айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді. Гевтон рыцарларының иелігі Пруссия 1466 жылы бөлшектенді: оның батыс бөлігі Польшаға өтіп, онда ол ХVII ғасырда «Королевалық Пруссия» деп аталды, шығысы («герцогтық Прусси») орденнің ұлы магистрінің қолында қалды. бұл орында ХVжәне ХVІ ғасырларда көбіне Гогенцоллерндер династиясы өкілдері сайланып отырды, ол ХV ғасырдан бастап Бранденбургта курфюрлыққа тағайындалған болатын (1411 жылы нюрнбергтық бурграф Фридрих тогенцоллерн бұл ізбасарынан 100 мың алтын флоринға сатып алған еді).
1525 жылы Ұлы магистр Альберт Бранденбургский Лютер ілімін қабылдап, орденнің иеліктерін қарауына алып және өзін Польшаға тәуелді вассал ретінде Прусс герцогы деп жариялады. 1618 жылы Прусстық Гогендоллеридің соңғы өкілінің өлімінен кейін шығыс Пруусия Бранденбургпен бірікті. бірақ Бранденбург курфюристі Прусс герцогы ретінде баяғынша Польшаға вассалды тәуелді болды. Бұл вассалдық қатынастар, тек 1657 жылы курфюрист Фридрих Вильгелин Велаудағы Польшамен болған келісімде өзінің пруссиялық иеліктерінің тәуелсіз иесі ретінде мойындағаннан кейін тоқтатылды.
Сондай-ақ 1614 жылы «мұрагерлікті» бранденбургтық курфюрист төменгі Рейнмен Везерде орналсқан Марк, Клеве және Равенсберг графтықтарын иеленді. Олар тау – кен өндірісінің шұға, жібек, мата өндірудегі жетістіктерінің арқасында маңызды экнономикалық мәнге ие болды. 1648 жылы Вестфаль келісімі бойынша Бранденбург жаңа «мұраларға» ие болды. Швецияға өтіп кеткен батыс бөлітерінің төлемі ретінде Памерацияның шығыс бөлігін иеленіп, сондай-ақ Магдебургтық архиепископтығын қосып алыуға құқық алды. осылайша түрлі келісімдер мен ұсақ жаулапалушылықтар арқылы Бранденбургтық-Прусстық мемлекеттің құрылуы іске асты. Ол өзінің иеліктерінің бытыраңқылығына қарамастан Германияда ХVII ғасырдың екінші жартысындағы ең ірі мемлекет болды. «Мұрагерлікке қатысты алаяқтық, арамдық, дінбұзушылық әрекеттер арқылы Гогенцоллерлер есімімен аталатын капралдар жанұясының өсіп-шыққанын кім білмейдә» - деп жазды К.Маркс «Гогенцоллеридердің ерлігі» мақаласында.
Бранденбургтық иеліктердің маңызды немістік өзен маңдарында (Рейн, Эльба, Везер және Одерде) географиялық қолайлы орналасуын көптеген пайда әкелді, әсіресе Шығыс Германия сай теңіз саудасына қарқынмен тартына бастағанда және ауылшаруашылығы, өнімдерінің шет ел рыногына шығарылуы ұлғайған кезде пайда болды. Ұлы курфюрист аталатын Фридрих Вильгельмнің билік құрған жылдарында (1640-1688) елдің ары қарай экономикалық дамуына ықпал еткен бірталай іс шаралар жүргізілді.
Ең бірінші фиксальді мақсатқа салық төлеушілердің санын көбейту мақсатында Фридрих Вильгельм елге иммигранттарды таратты. Олардың арасында діни сенімі үшін қуғындалған 20 мыңға жуық гугеноттар болды. Олар 1685 жылы Нанталық Эдиктті ХІV Людовик күшін жойғаннан кейін Бранденбургке, жер аударылыды. Сондай – ақ Вестфаль келісімнің бір шартына сәйкес олар Герман католиктік княздықтарынан көшірілді. Голондтық қоныстанушылар Бранденбургтың құмды және батпақты жерлерінде алдыңғы қатарлы бірнеше фермалар мен бау-бақша шаруашылығын тұрғызды. Француздар өздерімен бірге, кәсіпорындар мен өндірістегі техникалық жаңа тәсілдер мен капиталдарын енгізді.
Курфурлық оларға жібек, айна, қағаз және т.б. көптеген мануфактуралардың құрылуы үшін міндетті болды.
Қоныстанушылар сондай – ақ сауданың дамуына айтарлықтай ықпал етті. Меркенталисттік іс-шара ретінде өздерінің эдиктерінің өзінде «өнеркәсіп пен сауда мемлекеттің негізгі тірегі» деп жариялауы экономикалық өмірдің жолдауына себеп болды. Осының арқасында , сондай-ақ шаруаларды аяусыз қанау арқылы Фридрих Вильгельм өзінің құзырындағы жартымиллиондық халықтан тікелей және жанама салық түрінде жылына 1,4 млн толер салық жинады. Сондықтан халыққа түскен салықтық масылдық тіпті Людовфик ХІV кезіндегі Франциядағы салықпен салыстырғанда көп болды.
Мұндай нәтижеге басшылықтың шектен тыс орталықтандыруы мен бүкіл мемлекеттік аппараттың бюрократиялануының арқасында қол жетті. 1651 жылдан бастап Құпия мемлекеттік кеңес орталық басқару органына айналды. Құпия кеңесшілердің өкілдігімен Фенастық палата құрылды. Құпия кеңестің өзге мүшелері әділет министрілігін меңгерсе, үшіншісі әскери комиссияны құрады. Ең сенімді деген бір-екі курфюрист Канцеляриясын басқарды.
Бірқатар заңдық актілер қабылдаумен Фридрих Вильгельмнің басшылығы тұсында саны 27-30 мыңға жеткен тұрақты әскерді қамтамассыз ету үшін төтенше салықтар мен акциздар енгізілді. Соңынан жергілікті басқару жүйесіне өзгерістер енгізілді. Бұрынғы жергілікті билік ландтагтарға бағынышты болатын, енді олар тікелей Берлинге бағынышты шенеуліктермен алмастырылды. Ландтагтар әлі де болса жиналыс жасағанымен, басшылықтағы барлық ықпалынан айырылды.
Бранденбург ландтагында үстемдік ететін дворяндар жаңа орнаған билікпен тез келісімге келіп, орнына круфюрлардан өз шаруаларына қатысты толық еркіндік алды. Курфуарлық эдикті шаруалардың басыбайлық жағдайын заңдастырып, помещикке қашқын шаруаларды шексіз уақытта іздестіріп қайта өз иелігіне басыбайлы етуіне құқығы болды. Осы уақытта олардың айтарлықтай бөлігінің батырақ шаруа – коссеттерге айналуына алып келген шаруаларды жаппай жерлерінен қуу орын алды.
Фридрих Фильгельмнің сыртқы саясатының мақсаты әлсіз көршілері есебінен Бранденбург шекараларын біршама қеңейту болды. Мұның басты әдісі – ұлы державалар арасындағы келіспеушілікті пайдалану. Кез келген уақытта басымырақ жзаққа өтіп кетуге дайын курфюрст қолайлы сәтті күтіп, қулық жасап, алдап т.б. іс-әрекеттер жасады. Бұл жағында бір француз дипломаты «Бұл Еуропадағы ең қу түлкі» - деп айтқан. 1655-1660 ж.ж. бірінші Солтүстік соғыс кезінде ол вассал ретінде көмектесуге тиісті Польшаны екі рет жолға тастап, Польшаға қарсы одақ құрған Швецияны да империяның ішкі саясаты еді. Бірде мына германдық княздықтардың тобымен құпия келісім жасап, бірде өзгесімен, бірде императормен одақ құрып, бірде оған қарсы шығып, өзінің әрбір дипломатиялық бұрылысында ол жаңа территориялар мен ақшалай субсидияларға ие болды.
Соңында 1609 жылы Франциямен бірігіп Голландияға қарсы құпия келісім жасады, бұл үшін ол 400 мың талер ен Жоғарғы Гельдернді (Нидерландыдағы испан иеліктерінің бірі) алуға, курфюрт әскерлерінің Голландияға енуінің алдында Голландия жағына шығып кетті. Себебі, ол Людовик ХІV-ға қарағанда жомарттық көрсетіп, Фридрих Вильгельмді қайта сатып алуға жағдайы жететін болып шықты.
1672 – 1679 жылдардағы Людовик ХІV – нің Голландияға қарсы соғысына Бранденбургтың қатысуы масқаралық сипатта болды. бірде – бір шайқас көрсетпей 1673 жылы Фридрих Вильгельм өзін жеңімпаз жариялап, Франциямен келісім жасады. Бұл сатқындығы үшін, бұл жолы Голландияға қатысты, ол Людовик ХІV-ден өзіне 800 мың мвр алды. Жыл өтпей жатып, ол австро-испандық – голландық Францияға қарсы бағытталған колиция құрамына енді, бұл үшін оған 200 мың талер төленді. Енді курфюрист қарқынмен әскери іс-қимылдарға араласты. Алайда бұл жолы Францияға қарсы емес оның одақтасы Швецияға қарсы шықты. 1675 жылы ол Фербелин түбінде шветерді жеңді. Мұнымен ұласқан Батыс Помераниені Штеттин қаласы сен Рюген аралын оккупациялауы оның мәртебесін біршама көтерді. Бірақ одақтастар оның бұрынғы сатқындықтарына жауап ретінде курфюрсттердің сыртынан Франциямен келісімге (1679ж) қол қойды, осынысымен оның қолын олжадан қақты. қаламды бір сүйкеуімен курфюрсттың шведтерге қарсы одақтағы бүкіл жетістіктерін жоқ етіп, қорлаған Людовик ХІV – нің бұл ісі оның сол заматта – ақ Францияның қарамағына өтуіне, «берілген» одақтасы ретінде франциялық «қосып алу палатасы» (1681-1684) кезеңінде маңызды қызметтер көрсетуіне кедергі болмады. 1688 жылы өнім алдында Фридрих Вильгельм өзінің ізбасары Фридрих ІІІ-ке, Бранденбургха шведтік Пономериені өзіне қосып алуға кедергі келтіріп тұрған, Францияменг жасалған «жексұрын келісімді үзуді мұра етті.
Фридрих ІІІ (1688-1713)сол баяғы сатқындық пен бұлтару әдістерін пайдалана отырып, бүкіл Еуропаны қамтыған үлкен екі жанжалдан өзіне пайда келтіре алды. Олар 1700-1721 ж.ж. Солтүстік соғысы мен Испан иеліктері үшін болған соғыс Австряиға оның жауларына қарсы күресте көмек көрсетуге уәде беру арқылы императордан корольдік титулды қол жеткізді де, 1701 жылы өзін Фридрих І есімімен Пруссия королі деп жариялады. Оылайша Бранденбург курфюристі, императордан тәуелсіз, пруссиялық королдікке айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |