Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет13/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
америка европа лекция

Бақылау сұрақтары:
1. Папаның ықпалы
2. "Жас Италия" және Дж. Мадзини
3. Гарибальди жорықтары
4. Ұлттық капитализмнің даму ерекшеліктері
5. Ұлтшылдар қозғалысының туындауы
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918жж. І бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:
1. Жогов П.В. Дипломатия Германии и Австро-Венгрии и первая Балканская война М., 1993
2.Сказкин С.Д. конец австро-русско-германского союза. Исследования по истории русско -германских и русско-австрийских отношении в связи с восточным вопросом в 80-е годы ХІХ столетия М., 1974


Лекция 13 АҚШ
Қарастырылатын мәселелер:
1.Азамат соғысы жылдарындағы әлеуметтік күштердің қақтығысы. Оңтүстікті реконструкциялау
2.АҚШ-тың әлемдегі жетекші каржы орталығына айнала бастауы

1860 жылы президенттік сайлауда Америка халкы Республикалық партия ұсынған Авраам Линкольнге дауыс берді. А.Линкольн 1809 жылы 12 акпанда Кентукки штатындағы фермердің отбасында дүниеге келді. Линкольн дарынды адам еді. Ол сегіз қырлы, бір сырлы, ойшыл әрі парасатты, батыр тұлғалы жігіт еді. 16 жасының өзінде оның бойы 193 см-ге жеткен. Жас кезінде фермерлер арасындағы сайыстарда күші мен қайраты жағынан оған тең түсетін ешкім болмады. Балтаны түбірге одан терең ешкім де бойлата алмайтын еді. Жасөспірім кезінен бастап, ол ауыр жұмыстармен шұғылданды, отын кесті, сал жүргізді. Өз бетімен оқып, замандастарының ішінде асқан білімділігімен көзге түсті және тамаша әңгімешілдігімен әрі шешендігімен жұртты аузында қарата білетін еді. Оның бет қимылын, ыммен жеткізуді керемет меңгергені сонша, саяси қайраткерлерді айнытпай салып, тыңдаушылардың ішек-сілесін қатыратьш еді. Линкольннің қарапайым фермер тегінен шыққандығы, тартымды мысқыл мен қалжыңдары, демократтық көзқарастары халыққа өте ұнайтын. 1836 жылы емтихан тапсырып, адвокат, мамандығын алған ол саясатпен белсене айналысуы арқасында Республикалық партияның көрнекті көсеміне айналды.


Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы жанжал оты Солтүстік-Шығыс пен Батыстың ерекше дамуы барысында күшейе түсті. Орасан зор фермерлік шаруашылықтың дамуы және өнеркәсіп төңкерісі елдегі экономикальгқ катынастарды өзгертті. Темір жолдар енді бұрынғыдай Солтүстіктен оңтүстікке қарай емес, шығыстан батысқа және керісінше жүк тасымалдап, одан әрі теңіз аркылы дүниежүзілік рынокпен жалғасты. Оңтүстік осы қуатты ағыннан тыс калды. Плантация иесі құлға жылына 20 доллар ғана жұмсады. Бұл өнеркәсіп үшін ішкі рынокты тарылтты. 50-жылдары Солтүстікте техника көбейе түсті. Ал Оңтүстіктегі плантацияларда құлдар жұмыс істегендіктен техника қолданылмады. Радикалдардың бірі, сенатор Чарльз Сомнер: "Мұнда еңбек абыройынан айырылуда, өнеркәсіп тұралап, білім адасып жүр, ал жер тозып бітті", — деп сипаттады.
Көптеген фермерлер құлдық батыс жерлерде гомстед (ферма) құру жолындағы күресте кедергі деп санайды. Арзан құл еңбегі жұмысшылардың да жағдайын жақсартуға кедергі болды. Плантациялық құлдық елдің өндіргіш күштерінің дамуына кедергі жасады. Саны 1860 жылға қарай 4 млн.-ға жеткен құлдар хайуандық қарым-қатынасқа қарсы үнемі көтеріліс жасаумен болды. 10 мьщ құл қатысқан ең ірі көтерілістер 1822 жылы Оңтүстік Каролина штатында және 1831 жылы баптист дін қызметішісі Нат Тернердің басшылығымен Виргиния штатында болды. Екі көтеріліс те қатал басып-жаншылды.
Құлдар наразылығының белсенді түрі олардың Солтүстікке және Канадаға қашып кетуі кетуі болды.АҚШ-та аболиционшылар қозғалысы дүниеге келді.(ағылшын. abolition — жою) Аболиционшылар — құлдықты жоюды жақтаушылар. Бұл қозғалысты прогресшіл журналист У. Гарриеон бастады. Ол құрған "Құлдыққа қарсы күрестің америкалық қоғамы" және ол 1831 жылдан шығарып тұрған апталық "Либрейтер" ("Азат етуші") газеті зорлыққа қарсы шықты, еркін штаттардың құл иеленуші штаттардан бөлінуін талап етті. Аболиционшылар құлдарды еркін штаттар мен Канадаға қашыру арқылы азат ету қозғалысын ұлғайтты. Олар "жер асты темір жолы" деп аталған, фермерлерден құпия агенттер жасау және қашқын құлдар тығылатын орындар даярлау жүйесін құрды. Осы істе "жер асты темір жолының кондукторы" атанған негр әйелі Гарриет Табмен 19 рет Оңтүстікке өтіп, 300-дей құлдарды Канадаға жеткізу арқылы даңққа бөленді. Плантация иелері оны ұстап бергенге 40 мың доллар бәйге тікті, бірақ ұстай алмады.
50-жылдардағы саяси дағдарыс. Қүлиеленушілер көтерілісі. XIX ғасырдың 50-жылдарында америкалық қоғам іс жүзінде екі лагерьге — құлдықты жақтаушыларға және қарсыластарына бөлінді. 1850 жылы құл иеленушілер Миссури келісімін жоюға қол жеткізді. Енді құлдық туралы мәселені жаңа штаттардың халқы өздері шешетін болды. Оңтүстікшілер сенатта еркін штаттармен бірдей дауысқа ие болын, бүкіл өкіметті билеп алды. Плантациялық шаруашылықтардың сақталып қалуына солтүстік буржуазиясының бір тобы, атап айткаңда, тоқыма фабрикаларыньщ иелері мен банкі иелері мүдделі бодды. Банк иелері плантациядан түсетін пайданың әрбір долларының 40 центін алатын еді.
1854 жылы одаққа Канзас пен Небраска штаттарын қабылдар кезде оларда нағыз азамат соғысы басталды: мұнда оңтүстіктен әскери отрядтарымен құл иеленушілер ұмтылса, Солтүстіктен қарулы фермерлер басып кірді. Құл иеленушілерге қарсы аболиционшылар көтерілді. 1854 жылы өз қатарына бүкіл Құлдыққа қарсыларды қамтыған Республикалық партия құрылды. Осы жылдары жазушы әйел Бичер-Стоудың құлдардың тағдырына жанашырлықпен жазылған "Том ағайдың лашығы" романы коғамдық пікірге орасан зор әсер етті.
1857 жылы басталған экономикалық дағдарыс пен жұмыссыздық елдегі ахуалды одан әрі шиеленістірді. Жоғарғы соттың еркін штатта өмір сүретініне қарамастан негр Фред Скотты құл деп жариялауы және құл қай штатта болса да құл болып қалады және құл иеленушінің оған иелік құқы бар деген үкімі бүкіл халықтың ашу-ызасын тудырды.
Осындай шиеленіс жағдайында белсенді аболиционшы ақ фермер Джон Браун құлдыққа қарсы көтеріліс бастады. 1859 жылы казанда өзінің отбасы мүшелерінен, достарынан және 5 негрден — барлығы 23 адамнан тұратын жасақпен АҚШ әскерінің қоймасы орналасқан Виргиния штатының Харперс-Ферри фортын басып алды. Олар фермерлер мен құлдардың бүқаралық көтерілісін тұтату мақсатын көздеген еді. Бірак мақсатын орындай алмады. Жасақтың көпшілігі үкімет әскерімен атыс кезінде қаза тапты, ауыр жарақттанған Д.Браун қолға түсіп, жазаға тартылды. Құлдыққа қарсы көтерілістер көп болды, бірақ олар тек құлдар еді. Браунның ерекшелігі — ол ақ нәсілден бірінші болып құлдыққа қарсы қарулы көтеріліс бастады. Сот және жазалау күндері Оңтүстікте құлдардың толқуы болып өтті, көптеген калаларда оның өлімін аза тұту жарияланды.
Линкольнді президент етіл сайлау президент тартысында жеңіліп қалған оңтүстік штаттарда бүлік туғызды. 1860 жылдың желтоқсанында Оңтүстік Каролина, одан соң Алабама, Джорджия, Луизиана, Миссисипи, Техас, Теннесси, Флорида, кейінірек Арканзас, Виргиния және Солтүстіқ Каролина — барлығы 11 штат АҚШ құрамынан бөлініп шықты./1861 жылдың 4 ақпан күні құл иеленуші штаттар конфедерациясы құрылды, Конституциясы қабылданды, президенті сайланды (Д. Дэвис), Ричмонд астана болып жарияланды. 1861 жылы 14 сәуірде АҚШ армиясының бекінісі Самтерді (Оңт. Каролина) басып алу аркылы құл иеленушілер Солтұстіктен бөлініп шығу, құлдықты мәңгілік сақтап қалу мақсатында соғыс бастады. Экономикалық қуаты мен халықтың саны жағынан да Солтүстік Онтүстіктен әлдеқайда басым еді. Солтүстіктегі 23 штатта 22 млн. адам тұрса, Оңтүстіктегі 11 штатта 9 млн, халык, оньщ 4 миллионы құлдар болды. Өнеркөсіп негізінен Солтүстікте шоғырланған, сол сияқты астықтьщ қоры да осы жақта еді, ал фермерлер құлдықты жоюға ынталы болды.
Америка халқы соғысты құл иеленушілер бүлігіне қарсы революция деп қабылдады. Линкольннід үндеуіне жауап ретінде 75 мыңның орнына 310 мың еріктілер жазылды. Бірақ Оңтүстік соғысқа алдын ала дайындалып, 112 мыңдық әскер жасақтаған еді. Осындай артықшылығы Вашингтоннан 40 км жердегі Будл-Ран' өзенінің бойындағы шайқаста оларды жеңіске жеткізді. Бұл сәтсіздік Линкольнді төтенше шаралар қабылдауға мәжбүр етті; 500 мыңдық армия құрылып, бүлікшілердің мүлкін төркілеу жөне астыртын әрекетшілерді жазалау жөнщде үкім шығарды. Алайда бұлардың; күзгі шабуылы тағы сәтсіз аяқталды.
1862 жылы қаңтарда Линкольн бас қолбасшылықты өзі алып, барлық майданда бірдей шабуылға шығуға бұйрық берді. Құл иеленушілер Солтүстіктің күші басым екенін білді. Бірақ олар капиталистері өздерінен мақта алатын Англия мен Франция бұларды қолдайды деп үміттенді. Ағылшын үкіметі құл иеленушілерге көмекке дайын тұрды. Бірақ Англияның демократиялық күштері, мақтаның жоқтығынан тоқыма кәсіпорындарының тоқтап қалғандығы мен жұмыссыздыққа қарамастан, наразылық митингілерін өткізіп, үкіметтің бұл жоспарын іске асыртпады. Англия, одан кейін Франция АҚШ-тың Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы соғысқа бей-тараптығын жариялады. Құл иеленушілердід еуропалық, державаларға артқан үміті күйреді, олар оқшауланып қалды.
Президент А. Линкольннің революциялық актілері. 1862 жылдың көктемі мен жазында Солтүстікте халық наразылығы күшейді. Олар батыл шабуыл жасауды, құлдарды азат етуді, плантацияларды төркілеуді талап етті. Республикалық партия мен үкіметте соғыс және саяси бағдарламалар ұсынған буржуазиялық қайраткерлердің батыл қанаты құрылды. Осы күштерге сүйеніп, Линкольн. біраз революцияшыл актілерді жүзеге асыруға кірісті.
'"1862 жылы мамырда президент гомстедтер туралы заңды бекітті, 160 акр (62,2 га) жер бөлігі тегін таратылды. Осы соғыс ісіне еш қатысы жоқ акт бүкіл азамат соғысы барысында бетбұрыс мәнге ие болды. Фермерлер мен жұмысшылардың — бүкіл жер иесі болуды армандаушылардың рухы көтерілді.
1863 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық бүлікші штаттардағы құлдарға азаттық беру туралы президенттің прокламациясы да аса маңызды шара болды. АҚШ-тың озық ойлы бұқарасы, бүкіл халық бұл құжатты қуана қабылдады.' "Егер менің атым бір кезде тарихта жазылар болса, бүкіл жан дүниеммен қабылдаған осы актінің арқасында қалады", — деді А.Линкольн. Негрлерге өздерін азат ету үшін соғысуға, Солтүстік әскерінде қызмет етуге рұқсат берілді; Бұған қуанған 186 мың негр әскер қатарында ерлікпен соғысты. Соғыс жылдары плантациялардан 500 мың құл қашып кетті.;Ал олардың көтерілістері, құл иеленушілерді 100 мың әскерді негрлер үшін бөлек ұстауға мәжбүр етті. Сөйтіп, олар өздерінің азаттығы үшін күреске лайықты үлес қосты. Құлдарды босату және гомстедтер туралы заң революциялық шаралар болды. Бұлар бүкіл елде құлдыққа қарсы азаттық күресті күшейтті. Соғыстың сипаты өзгерді — ол енді революциялық, азаттық сипат алды.
Азамат соғысының басынан-ақ жұмысшылар белсене соғысты. Олар өз кәсіптері бойынша: тоқымашылар, ағаш шеберлері, кеншілер, металлургтер, т.б. полктарын құрды. Жұмысшы эмигранттар да, әсіресе немістер өз полктарын ұйымдастырды 1848—1849 жылғы революция ардагерлері, итальян жұмысшылары "Гарибальди гвардиясы" қатарында соғысты. Поляк жұмысшылары "Поляк легионын" құрды. Ирландиялық "Феникс" полкі үлкен абыройға бөленді.
Азамат соғысының екінші кезеңі (1863—1865). Солтүстіктің жеңісі. 1863 жылы жазда согыс қимылдарында бетбұрыс байқалды. Шілдеде Пенсильваниядағы Гёттисберг түбінде үш күндік кескілескен шайқаста Солтүстіктің әскері құл иеленушілерді жеңді. Осымен бір уақытта генерал Гранттың өскері Миссисипи өзенінің бойындағы Виксберг қаласын алды да, қыскд мерзімде бүкіл ұлы өзеннің аңғары Солтүстіктің қолына көшті, ал конфедерация екіге бөліңді. Осы кезеңде фабрикалық өнеркәсібі, темір жол жүйесі жөне азық-түліктің бай қоры бар Солтүстіктің экономикалық және техникалық артықшылығы көріне бастады.;
1864 жылы мамырда атакты теңіз жорығы басталды.Осы жорықта генерал Шерман Оңтүстіктің басты темір жолдарын кесіп, жолай плантацияларды талқандап өтті. Шерман әскеріне негрлер топ-тобымен қосылды. 1864 жылдың қыркүйегінде жеңімпаз Шерман әскері Оңтүстіктің соғыс өнеркәсібінің орталығы — Атланта қаласын, желтоқсаңда Атлант жағалауындағы Саваннаны алды. Шерман әскері Джорджиядан өткенше, Грант өз әскерімен Солтүстіктен құл иеленушілер астанасы Ричмондқа ұмтылды. Ричмонд тек 1865 жылы 3 сәуірде, Шерманның әскері келіп жеткен соң ғана алынды. Генерал Ли басқарран Оңтүстік әскері 9 сәуірде қарсылыкты тоқтатып, жеңілгенін мойындады. Соғыс аяқталды.
Бағындырылған Ричмонд көшелерімен бірінші болып негр полкі жүріп өтті; Шерманның "теңізге жорығы" кезінде (1864 ж.) Америка халқы А.Динкольнді екінші мерзімге президент етіп сайлап, өз елінің революциялық талаптарына сай болған осы ұлы адамға үлкен сенім, құрмет көрсетті,! Алайда салтанат күндерінде, 14 сәуірде президент Авраам Линкольнді құл иеленушілердің жақтасы актер Буттеатрда отырған жерінде өлтірді.
Авраам Линколвн Америка халқының және басқалардың есінде ұлы адам және көреген мемлекет қайраткері, бұқара халыққа жақын және содан қуат пен даналық нәрін алып, халық революциясын басқара білген саясаткер ретінде сақталып қалды. Халық бұқарасының буржуазиялық –демократиялық демократиялық революцийны жалғастыру үшін күресі, оның нәтижелері. Линкольнді өлтірген плантация иелері негрлерді толық азат етуге және Оңтүстікте демократиялық өзгерістер жүргізуге қарсы жанталаса күресті Линкольннен кейін президент болған вице-президент Эндрю Джонсон келісімге даяр тұрды. 1865 жылы мамыр айында бұрынғы бүлікшілерге кешірім (амнистия) жарияланды., Оның босаңдығын пайдаланған бірқатар оңтүстік штаттарында құлдықты өзгертілген түрінде: негрлердің саяси еркіндігіне, мәдениеті калпына келтірілуіне, өнеркәсіптік және жер иелену құқықтарына қысым жасау арқылы сақтап қалуға ұмтылған "қара кодекстер" қабылдана бастады.
Бұрынғы құл иеленушілер негрлерге қарсы ақ террорды күшейтті. Олар 1866 жылы Ку-хлукс-клан деп аталатын нәсілдік террорлық, ұйым құрды. Оның мүшелері қорқынышты құбыжық түрге еніп, көз үшін тесік жасалған қоқиған кебін тәрізді ақ киім киіп, негрлерге және оларды қорғаушыларға шабуыл жасады, үйлеріне ойран салып, дарға асты, атты яки кескілеп өлтірді, өртеді.
Осы террорға наразы АҚШ-тың фермерлерін, жұмысшыларын, 3 млн-дай азат негрлерін қамтыған бұқаралық қозғалыс америкалық буржуазияның батыл бөлігінің жаңадан топтасуына ықпал жасады. А.Линкольннің тірі кезінде, 1865 жылдың ақпанында конгресс Конституцияға АҚШ-тың барлық жерінде құлдыққа тыйым салған 13 түзету енгізгенді.;, Алайда азат негрлердің тірлік етуіне еш мүмкіндік ойластырылмаған, оларды тек жер ғана асырай алатын еді. Плантация жерін және құрал-саймандарды бөліп беру, әркімге «40 акр жер мен өгіз берілсін» деген талап койды негрлер.
1866 жылдың ортасына таман АҚІП конгресі Конституцияға негрлерге азаматтық құқық берген 14 түзетулер енгізді. 1867 жылы Оңтүстік штаттарға тағы да әскер жіберіліп, Оңтүстік бес әскери округке белінді. Үкімет мекемелері және ақтар мен негрлердің комитеттері құрылды. Бұрынғы құлдар белсенді саяси жүмысқа тартылды, тілті конгреске де сайланды. Негрлер үшін мектептер ашылды. Байларға үлкен салық салынды. Бірақ негрлерге жер берілмеді. Жерді ақ фермерлер алды. Негрлердің көпшілігі жерді жалға алушыларға айналды. 1862 жылғы гомстедтер туралы заң оцтүстікке де таратылды. Осыған қарамастан Оңтүстікті қайта құру — құл иеленушілік жүйені жою және оның экономикасын капиталистік негізде қайта құру дәйекті жүргізілді. Бастысы—ірі плантациялар жойылды, жер тәркіленіп, ұсақ бөлістермен сатылдьв Оңтүстікте еркін капиталистік қатынастар орнады.
Бақылау сұрақтары:
1. Батыстағы фермерлік шаруашылық
2. Сауда, өнеркәсіп, қаржы буржуазиясы
3. Мемлекеттік-монополистік капитализмнін дамуы
4. Американ еңбек федерациясы (1886)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет