Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет12/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
америка европа лекция

Бақылау сұрақтары:

  1. К.Меттерних жүйесі

  2. Ұлттық қозғалыстар

  3. Саяси партиялар Саяси партиялар

  4. Балкандағы экспансиялық саясаты

Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918жж. І бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:
1.Канделоро Дж. История современной Италии. М., 1975. Т-6.
2. Кин Ц.И. Италия на рубеже веков. Из историй общественно-политической мысли. М., 1980.
3.Триторьева И.В. К историй революционного-общественных связей между Россией и Италией в 60-90-егоды XIX в. М., 1968


Лекция 12 Италия
Қарастырылатын мәселелер:
1."Жас Италия" және Дж. Мадзини. 1848 жылғы революция
2.Ұлттық капитализмнің даму ерекшеліктері.


XIX ғ. ортасында Италия ұсақ корольдіктер мен княздықтарға бөлініп жатқан мемлекет болатын. Бұл мемлекеттік едәуір бөлігі австриялықтардың қол астында болды.
Римде ұлттық бірігу мен буржуазиялық жаңа өзгерістер жолындағы басты кедергіге айналған папаның ақсүйектік өкіметі сақталды. Италия австриялық езгіден азат етілмейінше шаруашылық өрлеуін қамтамасыз ету, ұлттық көркеюге жету мүмкін емес еді. Итальян буржуазиясының мақсаты - Сайлау құқын алу үшін мүліктік ценз бар конституция енгізу, өнеркәсіп пен сауданы ұлғайту. 1848 жылдың алғашқы айларында революция Неаполитан корольдығын шарпып Солтүстікке өтті. Дегенмен, 1848 жылғы революциялар нәтижесіз аяқталды. Революция қайраткерлері шет елдерге кетті. Италияның ұлттык бірігу ұйымы Лондон каласында құрылды.
1859 жылы өте күшті дүмпумен Сицилия көтерлісі басталды. Елдің солтүстігінде Дж. Гарибальди бастаған еріктілер көмекке аттанады. Сицилия шаруалары помещиктерден жерлерін тартып алып, көтерлісшілерге қосылды. 1860 жылы Гарибальди армиясының саны 24 мыңға жетті. Сицилияны азат еткеннен соң Осы армиямен Неапольға келді. Ондағы халық Гарибальдиді көсем ретінде қарсы алды.
Гарибальдидің жеңісі оның ержүрек әрі дарынды қол басшы екендігін танытты. Оның армиясының кұрамы шет елдерден келген еріктілер санымен де өсті. Гарибальдидің оңтүстік Италияға жорығы елдің ұлттық бірігуін "төменнен - халық революциясын жасау жолымен" жүзеге асыруға болатындығын көрсетті. Алайда Италияны революциялық жолмен біріктіру аяғына дейін жеткізілмеді. Бұған көптеген факторлармен қоса жұмысшы табынын қалыптасуы шаруалардың революция жаппай қатыспауы сондай-ақ либерал помещиктер мен буржуазияның ықпалды күштерінің елді "жоғарылан" Сардиния королы өкіметі басшылығымен біріктіргісі келген саясаты кедергі жасады. Сардиния үкіметінің басшысы Капур мен король Виктор Эммангуиль II Пьемонт армиясын Неаполитан иеліктерінің шекарасы аркылы оңтүстікке қарай жылжытты. Басты мақсат Гарибальди жеңістерінің жемісін тартып алу болды. Пьемонт үкіметінің және оның армиясының күшті қысымымен 1860 жылы өткізілген бүкілхалықтық дауыс берумен Неаполитан иеліктері Пьемонтқа қосылды.
1861 жылы кұрамында Пьемонт және оған қосылған облыстары бар Италия корольдығы құрылғаны жарияланды. Король Гарибальди армиясын таратып жіберді.
Ұлттық бірігу ісі әлі аяқталмаған еді. Венция облысы Австрия кол астында қалды, ал Римде папанын вкіметі сақгалды, Италияда жоне баска елдердегі католиктік шіркеулердің басшысын француз әскерлері күзетіп тұрды. 1862 жылы Гарибальди азғана отрядымен Пана облысына жорық жасады. Бірақ гарибальдиліктер жеңіліске ұшырап, Гарибальдидің өзі жараланады.
Италияның бірігуінің аяқталуына Пруссияның Германияны біріктіру жолында жұргізген соғыстары себеп болды. 1866 ж. Австрия - Пруссия соғысында жеңілген Австрия, Италия корольдығына қосылған Венециядан бас тартуға мәжбүр болды. 1870 жылғы Франция мен Пруссия арасындағы соғыс Германияның бірігуінің аяқталуымен қатар Италия бірігуінің соңы болды. Соғыста жеңілген француздар Римнен өз әскерін әкетті. Римдегі папаның өкіметі құлатылды, Папа облысы Италия корольдығына қосылып, 1871 жылы Рим біріккен Италияның астанасына айналды,
XIX ғ. соңындағы Италия
ХІХғ. соңында Италия аграрлы ел болып қала берді. Халықтың 4/3 бөлігі деревняда тұрды. Деревняда жартылай феодалдық қатнастар үстемдік етті. Құнарлы жердің 6/5 бөлігі дворяндардың, шіркеудің буржуазияланған ірі жер иелерінің иелігінде еді. Кей аудандарда қауымдық жер иелену сақталды. Аренданың басым түрі-исполыңина. Итальян шаруасы өте кедей тұрды. Осының салдарынан ішкі рынок дамымады. Солтүстік Италияның ірі буржуазиясы Оңтүстікте феодализм сарқыншақтарының ұзақ сақталуына ынталы болды. Солтүстіктің ірі буржуазиясы Онтүстікті ішкі колонияға айналдырды.
Солтүстік Италияның аграрлық саласы капиталистік жолмен дамыды: техника қолданылды, дегенмен басқа Европа мемлекеттерімен салыстырғанда әлі де артта еді. Италияда ХІХғ. соңғы ширегінде өнеркәсіп революциясы аяқталды. Дегенмен ХІХғ. ХІХғ. 60-70 жылдарында Итальян өнеркәсібінің негізгі формасы кустарлық, мануфактуралық. Италияның Онтүстігінде қарапайым қолөнер, ұсақ кәсіпшілік дамыды. Ол басқа капиталистік елдердің дамуымен салыстырғанда нашар дамыған Италияның солтүстігінің даму қарқынымен тең түсе алмады да, күйреді. Италияның оңтүстігі өнеркәсіпті солтүстіктің аграрлы-шикізат өңіріне айналды. Елдің даму жағдайының әркелкілігі, әрі капиталистік жолмен даму қиындықтары, завод-фабрика жұмысшыларының жағдайын тым ауырлатып жіберді. Өнеркәсібінің дамыған саласы- тоқыма өнеркәсібі болды. Металлургия, машина жасау енді дамып келе жатты.
Осыған қарамастан Италияның ірі өнеркәсіп иелері, банкирлерінін колында ірі акдіа каражаттары жиналды. Үкімет іскер адамдарға кару-жарак шығаруға, әскери кемелер жасау үшін сүраныс түсіріп отырлы. Италия Таяу Шығыс, Онтүстік Америка елдерімен сауда жасады. Солтүстік Италияның ірі жер иелері де ауыл шаруашылық машиналарына сұраныс жасап отырды. Бұл ауыр өнеркәсіптің дамуына әсер етті. Елде металлургиялық машина жасау заводтары дамыды. Италия минералдық отынға кедей. Осы олқылықты толтыру үшін гидроэлектростанциялар көптеп салынды, қуаттылығы
арттырылды. Осылайша, Италия да басқа Европа мемлекеттерінің даму жолынан тыс қала алмады.
Италия 1900-1902, 1909 жылдары Франциямен, Россиямен, Англиямен "Жерорта теңізі жағалауы мемлекеттерін бөліп иемдену жөнінде" келісімге қол қойды. Франция, Россия, Англия Италияның Осман империясының құрамындағы Ливияны басып алуына қарсы шықпайтын болды. Италия біресе Антанта мемлекеттерімен, біресе Үштік Одақ мемлекеттерімен жақындасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет