Лекцияның тақырыбы. Қазақстан тарихы жайлы деректер.
Жоспар:
1.Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан жайлы деректер.
2.Қазақстан тарихындағы ежелгі түркі жазба ескерткіштері.
3.ІХ-ХІІ ғасырлардағы араб деректері.
Лекцияның мәтіні.
1. Тарихи оқиғалардың дәлме-дәл құжаттық бейнеленуі емес, олардың автордың санасындағы көркемдік бейнеленуін баяндаушылық сипатта беретін дерек көзі - әдеби шығармалар.Әдеби шығармалар – қоғам өмірінің мәдени, идеологиялық, саяси әлеуметтік –экономикалық тарихының аса маңызды дерек көзі.
Белгілі қазақ ғалымы Ақселеу Сейдімбек: «Кез келген ұлттың мәдени деңгейі мен рухани өрісі белгілі дәрежеде жазба мұраларының тарихи кезеңдерді қаншалықты терең, мол және кең аяда қамтумен өлшенеді» - дейді.
Өкінішке орай, әдеби шығармалар басқа да деректердің түрлері сияқты Қазақстан тарихының дерегі ретінде жүйелі түрде деректанулық тұрғыдан зерттелмегендіктен, біз осы істе едәуір табыстарға жеткен орыс деректану мектебінің тәжірибесіне сүйенуге мәжбүр боламыз.Ол бізге әдеби шығармаларды деректану тұрғысынан зерттеудің теориясын және тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, сол арқылы қазақ әдебиетінің мол мұрасын меңгеруге мүмкіндік береді.
Өз әдебиетіміздің байырғы жазба мұраларымыздың асыл нұсқалары бүгінгі таңда біздің қолымызда жоққа тән.Ақселеу Сейдімбектің Айтуынша түркінің әйгілі тас қашау жазуларының ең мәнді де мол үлгілері Монғолия жерінде тұр.Орта ғасырдың құнды жәдігерліктері: «Оғызнама» дастаны – Парижде, Хорезмидің «Махаббат -нама» дастаны – Лондонда, Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік » дастаны – Каирде, «Қорқыт ата кітабы» - резден мен Ватиканда, шағатай тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған «Кодекс Куманикус» кітабы – Венеция мен армениядағы Матенедеран мұражайында. Рабғузидің «Қисса сұл Әнбия» кітабы мен Заһир ад-дин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнамасы» - Лондонда.Төл тарихшыларымыз Дулат Мұхаммед Хайдардың «Тарихи Рашиди», Жалайыр Қадырғали Қасымұлының «Жылнамалар жинағы» (Джами ат-тауарих), Әбілғазының «Түрік шежіресі» («Шежіре-и түрік»), Өтеміс Қажының «Шыңғыснама», Орта Азия авторларының тамаша жинағы «Шайбанинама», Құрбанғали Халидулұлының «Тауарих хамса», («Бес тарих») сияқты еңбектерінің түпнұсқасы немесе алғашқы басылымы Республикамыздан тыс жерлерде сақталуда.Әрине бұл тізімді соза түсуге болады.
2. Түркі тарихнамасында түркілердің тарихтағы орны туралы әртүрлі екі қөзқарас қалыптасқан. Бірі бүкіл өркениет түркі әлемінен тараған десе, екіншісі түркілердің тарихын толығымен жоққа шығарады. Біздің ойымызша, Түркі мемлекетінің тарихта болғандығы, олардың басқа мемлекеттермен қарым – қатынастар жүргізгендігі дау туғызатын мәселе емес.
Тарихшылар түркі дипломатиясы, жалпы түркі тарихы жөнінде көптеген еңбектер жазып қалдырған. Түркі кезеңін зерттеуде Гумилевтің, Громыконың, Поповтың, Большаковтың, Сахаровтың, Закировтың, Баласағұнның, Дулатидың т.б. тарихшылардың еңбектерінің маңызы өте зор. Түркі дипломатиясына қатысты Л.Н.Гумилевтің «Көне түркілер», громыконың « Дипломатия тарихы», Поповтың «Қазіргі дипломатия», Сахаровтың «Ежелгі Русь дипломатиясы», Закировтың «Алтын Орданың Египетпен дипломатиялық қарым – қатынастары », Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік», Хайдар Дилатидің «Тарих – и – Рашиди » т.б. еңбектерді атауға болады.
3. Араб тіліндегі Қазақстан туралы жазбалар — 8-15 ғасырлардағы Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихын, әсіресе, Шыңғыс хан шапқыншылығы кезеңін зерттеуге қажетті деректемелері мол араб тіліндегі тарихи-географиялық әдебиет. Араб халифаты заманында арабтардың шығысты жаулап алып, мұсылман синкретик, мәдениеті мен ислам дінін таратып, мұсылман дүниесінен шалғайдағы кейбір аймақтармен сауда қатынасын дамытуының нәтижесінде көрші және алыс елдерден жан-жақты мәліметтер жиналды. Орта ғасырлардағы араб тарихнамасында Қазақстан аймағының ерекше орын алуын, біріншіден, арабтардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлеріне билігін нығайтуға, екіншіден, қазақ даласын мекендеген көшпелі жауынгер тайпалардың шабуылынан сақтануға тырысқан әрекеттерімен түсіндіруге болады.
Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер араб тіліндегі классикалық тарихи шығармалардан белгілі. 9 ғасырда өмір сүрген әл-Белазуридің «Китаб футух әл-бұлдан» («Жорық кітабы»), әт-Табаридің «Тарих әр-русул уә-л-мулук» («Пайғамбарлар мен патшалар тарихы») атты шығармаларында 7-8 ғасырлардағы арабтардың Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның кейбір аймақтарына жасаған жорықтары айтылады. әт-Табаридің замандасы, бағдаттық әл-Жаһиздың (9 ғ.) «Манақиб әл-атрак» («Түркілердің лайықты қасиеттері») кітабында Қазақстандағы көшпелі түркі тайпаларының этнологиясы жөнінде тұңғыш мәліметтер берілген, Аббас әулеті халифтары ұландарының қатарындағы түрік сарбаздары жайлы, араб қалалары тұрғындарын таңдаңдыратын түркілердің жауынгерлігі, олардың әдет-ғұрпы туралы баяндалған. Тамим ибн Бахр 9 ғасырдың 1-жартысында Ертіс бойындағы (Солтүстік Шығыс Қазақстан) қимақтар елі арқылы тоғыз-оғыз қағанының астанасын басып өтіп, Шығыс Түркістанға саяхат жасады. Тамим ибн Бахр қимақтардың мекен-жайы, шаруашылығы жайында мәлімет бере отырып, Тараз қаласынан қимақ патшасының сарайына дейінгі көрген-білгені жайлы әңгімелейді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы деректер 9 ғасырдағы араб тілінде жазылған географиялық шығармаларда да ұшырасады. Мұндай ерте кезден сақталған еңбекке почта мен тыңшы қызметінің бастығы Ибн Хордадбектің «Китаб әл-масалик уә-л-мамалик» («Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап») атты әкімшілік-географиялық анықтама еңбегі жатады. Онда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды басып өтетін Ұлы Жібек жолы, оның бойындағы қалалар мен қоныстар жайлы айтылып, түрлі елді мекендердің ара қашықтығы көрсетілген. Ибн Хордадбек, көбінесе, халифаттың ерте кездегі байланыс қызметі архивіне сүйенген. Тарихшы-географ әл-Йақубидің (9 ғ.) «Китаб әл-бұлдан» («Елдер кітабы») атты географиялық шығармасында Қазақстан түркілері жайындағы тарихи этнографиялық кең ауқымды материал қамтылған. Бұл еңбекте түркілер туралы деректер анағұрлым нақты берілген. Әсіресе, оғыз, қарлұқ, қимақ, қырғыз, тоғыз-оғыз тайпаларының бірлестіктері туралы мәліметтері аса маңызды ІХ-ХІ ғ.ғ. араб деректері Аль-Хорезми (Хорезми) (Книга картины земли), Ибн Хордадбек (Книга путей и стран), аль-Джахиза (послание Фату бен хакану о достойнствах тюрок и всех войск халифата), Гардизи (Украшение известий), Махмұд Қашқари (Түркі сөздерінің жинағы), аль-Гарнати (Аль-Муриб) және т.б.
Бақылау сұрақтары:
1.Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жайлы деректер.
2.Халық ауыз әдебиеті – тарихи дерек.
3.Халық ауыз әдебиетінің тарихи дерек ретіндегі ерекшеліктері.
4.Фольклордың тууы мен дамуы.
5.Шежіре – тарихи дерек.
6.Қазақстан тарихындағы ежелгі түркі жазба ескерткіштері.
7.Орхон-Енисей, руникалық жазба ескерткіштері.
8.Деректемелік талдаудың мәселелері.
9.Рим және Византия авторларының шығармалары.
10.ІХ-ХІІ ғ.ғ. араб деректері.
9-лекция.
Достарыңызбен бөлісу: |