Лекцияның тақырыбы: Заң және заңдық деректер.
Жоспар:
1.70-80 жылдардағы заңдық мәселелердің кейбір ерекшеліктері.
2.Саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың бағдарламалық, жарғылық директивалық құжаттары.
Лекцияның мәтіні.
1. Ресейдің құқықтық жүйелерінде озаттық, прогрессивті бағыттары болған, олар Ресей мемлекетінің шығыстық-феодалдық әміршілік бағытымен белгілі дәрежеде қайшылықта болып келді.Құқықтық мемлекеттің идеялары орыс саяси-құқықтық ойшылдарында, феодализмнің заңсыздығын негізінен сынауға алғандығы Д.И.Писаревтің, А.И.Герценнің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.Н.Радищевтің, П.И.Пестельдің, Н.М.Муравьевтің және басқа да ойшылдардың ұсынылған еңбектерінде кеңінен көрсетілген.
Кеңес билігі кезінде көптеген заңдар, декреттер басқа заңды құжаттар және төрт конституция (1918, 1924, 1936,1977) қабылданды.Заңдар, басқа заңды құжаттар «халық ерлігі», «еңбекшілердің мүдделері» сияқты идеологиялық формулалармен және ұрандармен әшекейленіп қоймай, сонымен қоса көптеген жағдайларда жалпы декларация ретінде прогрессивті заңды конструкциялар мен терминдерді, мысалы «құқықтық кепілдемелер», «жеке тұлғаныңі құқықтары» ресми енгізілген.
Заңдық дерек көздерімен жұмыс істеудегі маңызды кезеңдердің бірі – зерттеудің деректанулық базасының құрылымын анықтау.Орыс деректанушыларының ойынша олар төмендегідей құжаттар тобынан тұрады:
-
Заңшығарушылық бастамашылдық құжаттары.
-
Жобаның барлық редакциялары.
-
Партия және мемлекет басшыларының мүдделі ведомствалар мен мекемелердің сын ескертпелері көретілген жобалардың мәтіндері.
-
Мәтіннің соңғы нұсқасы.
-
Талқылау материалдары.
-
Талқылау және өңдеу барысында енгізілген өзгерістер.
-
Заң жобасының өту барысы туралы ақпараттар.
-
Хат алмасулар.
-
Заң жобасының өтуінің барлық сатысына қатысты кейде аса маңызды мәліметтер беретін, кейбір сәттерін анықтауға көмектесетін естеліктер.
-
Заң жобасының негізін құрайтын заңдық құқықтық құжаттар.
-
Заңды жариялау.
2. Деректанулық талдаудың барлық кезеңдерінде де көрсетілген құжаттар тобының қайсысы болса да деректанулық сынның барлық кешенді тәсілдерін қолдануды қажет етеді.
ХХ ғасырдың басында Қазақстан тарихында деректердің типологиялық өзгерістері болды. Олар:
-
Кеңес Одағы Комунистік партиясының құжаттары.
-
Кеңес мемлекетінің заңды атқару заңды актілері.
-
Мемлекеттік мекемелер кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдардың іс-жүргізу құжаттары.
-
Халық шаруашылығының жоспарлау материалдары.
-
Саяси қуғын-сүргін құжаттары.
-
Кеңестік стстастика
-
Кеңестік мерзімді баспасөз
-
Жеке адамдық құжаттар.
-
Халықаралық келісімдер, дипломатиялық хат-хабар.
-
Бұрын тәжірибеде кездеспеген деректердің пайда болуы.
Бақылау сұрақтары:
1.Деректердің анализ методикасы.
2.70-80 ж. заңдық мәселелердің кейбір ерекшеліктері.
3.Саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың бағдарламалық құжаттары.
4.Жарғылық құжаттар.
5.Директивалық құжаттар.
6.Қоғамдық ұйымдардың құжаттары – тарихи деректер.
7.Саяси партиялардың құжаттары.
8.Заң дегеніміз не.
9.Заңдық деректердің түрлері.
10.Заңдық деректердің қоғамдағы орны.
10. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
№
|
Сабақтың тақырыбы мен жоспары
|
Кредит,
сағат саны
|
Бақылау түрі
|
Әдебиеттер
(әдебиет №, реті, тарауы, беті)
|
1
|
Тарихи деректердің анықтамасы.
1. Деректану нақты өмірді тануда ерекше әдіс.
2. Тарихи дерек теорія жүзіндегі байланыс.
3. Дерек пен тарихшы дерек пен тарихи нақтылықтың диаклектикалық механизмі.
|
1
|
Ауызша сауалнама
|
1,2,3,5,9
|
2.
|
Зерттеушінің деректермен жұмыс тәртібі.
1. Тарихи деректерді зерттеудегі жалпы методика.
2. Деректің пайда болуының тарихи жағдайлары.
3. Деректерді іздеу және табу.
|
1
|
Бақылау сұрақтары
|
2,6,13
|
3.
|
Тарихи повестер.
1.Жүсіп Баласағұн „Игілік білімі”, Махмуд Қашқари „Дивани лұғат ат-түрік” және т.б.
2.Марко Поло, Вильгелм Рубрук, венгер монахы Юлианның жазбалары.
3.Қазақстан тарихы жайындағы орыс жазбалары.
|
1
|
Үй тапсырмасы
|
1,2,3,5,9
|
4.
|
Статистика – тарихи дерек.
1.Статистиканың ғылым ретіндегі рөлі.
2.Статистикалық зерттеудің ұйымдастырылуым ен әдістері.
3.Кеңес дәуірінің демографиялық статистикасы.
|
1
|
Бақылау сұрақтары
|
2,6,13
|
5.
|
Мерзімді басылым-тарихи дерек.
1.Революцияға дейінгі кезеңдегі мерзімді басылымның тарихи дамуы.
2.Әр түрлі тарихи дәуірдегі мерзімді басылымдар.
3.Заңсыз мерзімді басылымдар,басылымға деректемелік сын тарихи дерек.
|
1
|
Ауызша сауалнама
|
1,6,7,8,10
|
6
|
Жеке адамның құжаттары – тарихи дерек.
1.Жеке адамның жазбалары.
2.Мемуарлық деректердің табиғаты,орны,маңызы.
3.Саяси процес тер материалы тарихи дерек.
|
1
|
Үй тапсырмасы
|
5,6,11,16
|
|
Барлығы:
|
6
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |