Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90


Лекцияның тақырыбы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жайлы деректер



бет6/10
Дата23.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
#3584
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Лекцияның тақырыбы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жайлы деректер.


Жоспар:

1.Араб деректері.

2.Қазақ деректері.

Лекцияның мәтіні.

1.Араб халифатының 8 ғасырда ислам дінін тарату мақсатында Орта Азия мен Қазақстан жеріне жасаған әскери қимылдары. 633 жылдан басталып, бір ғасырдан астам үздіксіз жүргізген жорықтарының нәтижесінде арабтар оңтүстікте Солтүстік Африкаға ие болды, батысында Францияның Бурбонне аймағына дейін, шығысында Синд (Үнді) өзеніне дейінгі жерлерді бағындырып алып империяға айналды. Қылыш пен Құранға қатар сүйенген арабтар солтүстікке де ұмтылып, Палестина, Сирия, Ирак, Иран, Ауғанстанды жаулап алып, 705 ж. Мауераннахр жеріне басып кірді. Атақты араб қолбасшысы Құтайба ибн Муслим 710-712 ж. Бұхара мен Самарқанды, 714 ж. Шаш (Ташкент) пен Фарабты алды. 751 ж. Талас аңғарында, Таразға жақын Атлах қаласының түбінде арабтар мен түркештер арасында зор шайқас болып өтті. Арабтар қарлұқтармен одақтасып, түркеш әскерін талқандады. Арабтардың әскери жеңістері Батыс түрік, соңынан Түркеш қағандықтарының ыдырауын тездеткен фактор болды. 770 ж. Қарлұқ қағандығы арабтардан жеңіліс тауып, Мұхаммед пайғамбарға бас иді. Араб жорықтарының солтүстікке қарай одан әрі өрістеуіне жауынгер түркі тайпалары қуатты тосқауыл болды. Арабтар шабуылын тоқтатып, қорғанысқа кешті. Талас шайқасы мен Мұқанна (ақ киімділер) қарсылық қозғалысы (776-780) басылғаңнан кейін арабтардың Орталық Азияға ықпалы, негізінен, бейбіт сипат алды. Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне енгізуі, негізінен, 8-10 ғасырлар аумағында жүргізілсе, Қазақстан жерінің мұсылман дініне ену үрдісі көп уақытқа созылды. Арабтар үстемдігі халифат құрамына енген Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың жекелеген аймақтарында ғана орнады. Сондықтан исламдану оңтүстік аймақтарда айқын қарқын алғанымен, Қазақстанның қалған бөлігінде өте баяу жүрді. 10 ғасырда араб жиһанкезі Ибн Хаукал: «Тараздан әрі қарай бірде-бір мұсылманды көрмегенін» жазды. Көшпелі тайпалар, әсіресе, кейін қазақ жұртын құрағандар, соғыс даласында жеңілгенімен, өздерінің төл діни-нанымдарын, Тәңірге сенімін, күнге, отқа, пұтқа табынушылығын, ғұрып-салттарын сақтап қалды немесе ислам рәсімдерімен қатар қолданды.

Монғол деректері Лубсан Данзан „Алтын тобық” жылнамасы, „Шара Туджи”, Атрибуция және текстология мәселелері.

2.Aкaдeмик B.B.Бapтoльдтың Opтa Aзия өлкecін мeкeндeген тaйпaлapдың тapиxы жөнiңдeгi eңбeктepiнiң ғылыми мaңызы зop. Oл бұл eңбeктepiндe apaб, пapcы жәнe жepгiлiктi тapиxшылapдың aca құнды eңбeктepiн пaйдaлaнғaн. Бapтoльдтың «Moнғoл кeзeңiнe дeйiнгi Tүpкicтaндaғы xpиcтиaндық тypaлы», «Жeтiсy тapиxының oчepктepi», «Moнғoл шaпқыншылығы кeзeңiндeгi Tүpкicтaн» т.б. eңбeктepi күнi бүгiнгe дeйiн мaңызын жoйғaн жoқ. Oның бұл eңбeктepi Opтa Aзия жәнe Қaзaқcтaн xaлықтapының көнe дәyipдeн бacтaп-aқ өзiндiк тapиxи мәдeниeтi бoлғaнын дәлeлдeп бepдi. Opыc шығыcтaнy мeктeбiнiң нeгiзiн қaлayшылapдың бipi бoлғaн , oл Қaзaн төңкepiciнeн кeйiн Aзия мyзeйiнiң жaнынaн құpылғaн шығыc зepттeyшiлepiнiң «Зaпиcки кoллeгии Bocтoкoвeдoв» дeйтiн бacпacөз ұйымын бacқapды. Oның көптeeн мoнoгpaфиялapы aғылшын, нeмic, түpкi, apaб т. б. тiлдepдe жaзылғaн.

Бipaқ oтapшыл Peceй үкiмeтiнiң eң қayiптi, eң қacipeттi қылмыcының бipi — Opтa Aзия мeн Қaзaқcтaн, жaлпы түpкi xaлықтapының ұлтгық caнacын құлдaнyғa күш caлy eдi. 1881 жылы Tүpкicтaн әcкepи oкpyгiнiң кoмeндантының көмeкшici, пaтшa гeнepaлы Maциeвcкий Taшкeнттe жұмыcқa кipice бacтaғaн Шығыcтaнy кoғaмының мүшeлepiнe былaй дeп xaт жoлдaйды: «Шыңыcтaнy қoғaмының мiндeтi Шығыcты зepттey eмec, Шығыc xaлқын opыcтaндыpy». Пaтшaның caяcaткep-ғaлымдapы opыcтaндыpyды тoқтaycыз жүpгiзy үшiн caяcи-ғылыми aйнaлымғa «пaниcлaмизм», «пaнтюpкизм» дeгeн тepминдepдi eнгiзce, Keңec үкiмeтi жылдapындa жepгiлiктi xaлықты aтa тapиxынaн, aтa дәcтүpiнeн, aнa тiлiнeн, ұcтaнғaн дiнiнeн бeзiндipy үшiн нeшe түpлi құйтыpқы тeopияны жaн-жaқты жeтiлдipдi.

Tүpкiлepдiң шығy тeгi тypaлы қaзaқтaн aлғaшқы қaлaм тapтқaн Әлиxaн Бөкeйxaнoв, Mұxaммeджaн Tынышбaeв, Mipжaқып Дyлaтoв, Maғжaн Жұмaбaeв, Caнжap Acфeндияpoв, Әyeлбeк Қoңыpaтбaeвтap, импepиялық зұлмaттың шeңгeлiнe iлiнiп, көпшiлiгi oпaт бoлды. Mұcтaфa Шoқaй eңбeктepi өз Oтaнынa әлi күнгe дeйiн жeткeн жoқ.



Бақылау сұрақтары:

1.Монғол деректері.

2.Лубсан Данзан „Алтын тобық” жылнамасы.

3.Араб деректері.

4.Деректердің пайда болу жағдайы мен пайда болуы.

5.Деректердің нақтылық мәселелері.

6.Текстологиялық мәселелер.

7.Еуропа тіліндегі деректер.

8.Түркі және қазақ деректері.

9.Қазақ деректері.

10.Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері.
10- лекция.

Лекцияның тақырыбы:.Қазақстан жайлы мұрағаттық және картографиялық деректер.Іс қағаздарының құжаттамасы.


жағдайы


Жоспар:

1.Іс қағаздарының құрылымы және оның ерекшеліктері.

2.Россия мен Қазақстан арасындағы байланыстың дипломатиялық қорлары.
Лекцияның мәтіні.

1.Қазақ іс-қағаздары терминдерін жасау, қалыптастыру, жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы даму бағытын белгілеу – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.Қазақ іс-қағаздары терминдерін қалыптастыру үшін термин шығармашылығында іске қосылатын амал-тәсілдер мен пайдаланылатын ішкі мүмкіндіктерді айқындап, өзіндік ерекшеліктерін көрсетудің маңызы ерекше. Араб-парсы тілінен енген сөздердің көпшілігі қазіргі кезде ана тілінің төл тума сөздеріндей болып, негізгі сөздік қордан түпкілікті орын теуіп отыр.Солардың бір қатары ресми-іс қағаздар тілінде қолданылатын , жалпы халыққа түсінікті бола отырып, әлеуметтік өмірдің, шаруашылық пен өндірістің тірегі саласында жұмсалатын терминдер мен терминдік сипаты бар сөздер болып табылады.

Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде ислам діні халық арасына кең таралып, оқу негізінен мұсылманша болғандықтан қазақ іс-қағаздар тілінде араб-парсы элементтері де қолданылған.Іс-қағаздардың бірқатары мәтінінің белгілі бөлігі алдын ала дайындалып, тек қажетті бөлігі ғана толтырылатын сипатта болады.

Іс-қағаздары – бұл басқару қызметіндегі негізгі бір сала.Іс-қағаздарын жүргізу басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады.

2. ХУІІІғ. Қазақ даласында қолданылған ресми іс-қағаздарына қазақ хандарының , сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Олар:

1) Қайып хан елшілігінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі.(1716ж).

2) Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу құралы туралы өтініш жасап, император ІПетрге жазған хаты.( 1718ж).

3) Нұралы ханның Е.Пугачевке хаты.( 1773ж).

4) Старшиналардың ІІ Екатеринаға өтініші.

Революциядан бұрынғы Ресей іс-жүргізу құжаттарының түрлері:

1. Хаттамалар.

2. Ұсыныстар,мәлімдемелер, көшірмелер.

3. Сенат ревизиясының материалдары.

4. Есеп беру ведомствалары.

5. Тергеу қорытындылары.

6. Сот-тергеу құжаттары.

7. Үшінші бөлімнің материалдарымен сотталғандар тағдырына жазалау органдары.

8. Шаруалар арызы мен құлдық ұруы, мойын ұсынуы.



Бақылау сұрақтары:

1. XVIII-XX ғ.ғ. іс қағаздарының құжаттамасының дамуы.

2.Іс қағаздарының құрылымы және оның ерекшелігі.

3.Деректанудың іс қағаздары құжаттамасына жалпы сыни принциптері.

4.Бүтін,нақтылық, комплекстік әдіс.

5.Россия мен Қазақстан арасындағы байланыстың дипломатикалық қорлары.

6.Россияның Қазақстандағы Орынбор облыстық Батыс Сібір шекаралық комиссиясы.

7.XVIII ғ. Академиялық экспедицияның материалдары.

8.Жергілікті қорлар.

9.Паллас, Фальк, Георги.

10.П.И.Рыжковтың «Орынбор тарихы».


11-12-лекция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет